278
Үйрету – тəрбиеленушінің қоғамдық мінез-құлықтың əдетті
формасына айналдыру мақсатындағы белгілі бір əрекеттерді жо-
спарлы жəне ұдайы орындалалуын ұйымдастыру əдісі.
Жаттықтыру əдісі – тəрбиеленушілердің белгілі бір іскерліктері
мен дағдыларын қалыптастыру немесе жетілдіру мақсатында жо-
спарлы түрде ұйымдастырылатын көп рет қайталауды шамалайтын
іс-əрекет.
Тəрбиелік жағдай туғыз - тəрбиешінің тəрбиеленушілердің
қажетті психологиялық жай-күйін, ұғым-түсініктерін, сезімдерін,
мотивтерін, қылықтарын туындататын сыртқы жағдай туғызу əдісі.
Іс-
əрекетті жəне мінез-құлықты ынталандыру əдісі –
тəрбиеленушілердің өзінің мінез-құлқын жақсартуға талпындыру,
оларда мінез-құлықтың жағымды мотивацияларын дамыту жолы
(жазалау, мадақтау, талап қою).
Мадақтау – жеке тəрбиеленушінің немесе ұжымның мінез-
құлқы мен іс-əрекетіне қоғамдық жағымды баға беру арқылы ын-
таландыру əдісі. Түрлері: құрметті міндеттер тапсыру, көтермелеу
сыйлықтары, құрмет жəне мақтау грамоталары, ұжымдық жəне жеке
алғыс, түрлі марапаттаулар т.б.
Жазалау - жеке тұлғаның жағымсыз қылықтарын жөнге салып
тежеу салу арқылы кінəсін түсіну, өкіну сезімдерін тудыру əдісі.
Этика тақырыбындағы баяндау – бұл ізгіліктілік мазмұны бар
нақты деректер мен оқиғаларды эмоционалды түрде жеткізу.
Сендіру (внушение) – тəрбиеленушіге белгілі бір шешім
қабылдату жағдайында пайдаланылады. Сендіру басқа тəрбие
əдістерінің əсерін күшейту үшін қолданылады.
Еңбек тəрбиесі - жеке тұлғаның еңбек етуге міндеттілігін, сенімі
мен санасын орнықтыруға, еңбек етуге қажеттіліктері мен талпы-
ныстарын тəрбиелеуге, белгілі бір кəсіби мамандыққа даярлығын
қалыптастыруды көздейтін тəрбие жүйесінің негізгі бір саласы.
Еңбек тəрбиесі үдерісінің ерекшеліктері
- еңбек етуге білім,
іскерлік, дағдылармен қаруландыруға бағытталатын тəрбиенің
мақсатты бағытталғандығы, көп факторлылығы, ұзақтығы,
өзгермелілігі, үзіліссіздігі.
Еңбек тəрбиесінің принциптері - еңбек тəрбиесінің қоғамдық
бағыттылығы, өмірмен байланыстылығы.
Өзін-өзі тəрбиелеу - адамның алға қойған мақсатына, идеалы-
на, сеніміне сəйкес тұлғалық өзгерістерге бағытталған саналы іс-
əрекеті.