Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет5/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105

14
ды  педагогикалық  тұрғыдан  ұйымдастыру  бойынша  практикалық 
дағдыларды меңгерту.
Кəсіби  педагогика  техникалық  ғылымдар  саласымен  тығыз 
байланыста.  Кибернетика  (грек  тілінде kybernetike-басқару  өнері) 
ақпараттарды  қабылдауға,  сақтауға,  қайта  өңдемелеуге  жəне  оны 
басқару үшін пайдалануға қабілетті күрделі динамикалық жүйелерді 
басқару туралы ғылым.
Кибернетика  идеясы  педагогика  саласына,  оқыту  үдерісін 
басқаруды  оңтайландыру  мақсатын  көздейтін  бағдарламалап 
оқытуға байланысты, өткен ғасырдың 60-шы жылдары енген бола-
тын.  Басқарудағы  кибернетикалық  талаптарды  талдау  оқу-тəрбие 
үдерісін  басқаруға  байланысты  педагогикалық  (психологиялық) 
проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді
1
.
Ең  бастысы  Өстеміров,  Н.  Шаметов  жəне  И.  Васильев  атап 
көрсеткендей  кибернетика: «...техниканы  басқару,  автоматты 
құрылғылар  мен  олардың  жұмыс  істеу  принципін  үйренуде,  адам 
еңбегін автоматтандырудың мəнін түсінуде зор рөл  атқарады».
Қорыта  айтқанда,  педагогика  саласында  кибернетиканың 
мəліметтерін  пайдалану  оқу-тəрбие  үдерісінің  заңдылықтарын, 
амалдары мен механизмдерін өңдемелеуде жаңа мүмкіндіктерге қол 
жеткізеді.
1
Педагогический  энциклопедический  словарь / Гл.  Ред.  Б.  М.  Бим-Бад;  Редкол.:  М.  М.  Без-
руких, В. А. Болотов.ю Л. С. Глебов и др. –Большая Российская энциклопедия, 2002.- С.114. 


15
I БӨЛІМ. 
КƏСІБИ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ
Жоспары:
1.1. Кəсіптік білім беру педагогикасының əдіснамалық негіздері.  
1.2. Кəсіби педагогикадағы зерттеу əдістері.
1.3. Кəсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары. 
1.4. Шет елдердегі кəсіптік білім беру.
1.1. Кəсіптік білім беру педагогикасының əдіснамалық негіздері
Педагогика  жəне  оның  бір  саласы  кəсіби  педагогиканың 
əдіснамалық  негіздерін  танып-білмей,  зерттеу  құбылыстарының 
нақты  педагогикалық  шындықтағы  жағдайды  жəне  практикалық 
іс-əрекеттердің  тиімділігін  дəлелдеу  мүмкін  емес. «Əдіснама» 
грек  сөзінен  аударғанда  «əдіс»  туралы  ғылым.  Былайша  айтқанда, 
əдіснама зерттеу үдерісі туралы ілім деген ұғымды білдіреді.
Қазіргі  таңда  кəсіптік  тəрбие  теориясы  мен  практикасындағы 
зерттеліп  отырған  проблемалардың  жағдайына  талдау  жасауды 
«əдіснама»  ұғымына  нақты  түсінік  беруден  бастаған  жөн.  Осы 
орайда,  ғылыми  əдебиеттердегі  «əдіснама»  ұғымы  жөніндегі 
анықтамаларды былайша жүйелеуге болады:
«Əдіснама» дегеніміз:
- «... екі  полюстің  түйісер  тұсында  тұрған  пəн.  Бір  жағынан – 
бұл  ғылыми  зерттеудің  амалдарын,  əдіс-тəсілдерін  зерттеу  техни-
касы. Екінші жағынан – тұтастай алғанда, ғылыми іс-əрекеттердегі 
бастапқы шарт-жағдай болып саналатын ғылым философиясының, 
тұжырымдамаларының логикалық талдануы» (Ф. Франселла, Д. Ба-
нистер);
- «...1) белгілі  бір  ғылымда  қолданылатын  танымдық 
құралдардың,  əдістердің,  тəсілдердің  жиынтығы; 2) танымдық 
жəне  практикалық  жаңғыртылған  іс-əрекетті  ұйымдастырудың 
құралдарын, алғышарттарын, принциптерін зерттейтін білімдер са-
ласы» (Философиялық сөздік. – Москва.: Политиздат, 1982);
- «...ғылымның  жалпыға  бірдей  əдіснамасынан  жəне  қоғам 
дамуының  ағымдарын  зерттеуден  туындайтын  педагогикалық 
теорияның  бастапқы  қағидаларын,  педагогикалық  құбылыстарды 


16
қарастыру  тұрғыларының  принциптерін  жəне  оларды  зерттеу 
əдістерін,  ғылым  жетістіктерін  тəрбие,  оқыту,  білім  беру  практик-
сына ендіру жолдары жөніндегі білімдер жүйесі» (Коджаспирова);
- «... білімдерді алу амалдарын анықтайды» (М. А. Данилов);
- «...белгілі  бір  ғылыми-зерттеу  мақсатына  жетудің  негізгі  жо-
лын белгілеп, бағыттайды» (П. В. Копнин);
- «...зерттелетін үдерістер мен құбылыстар жөнінде ақпарат алу-
ды жан-жақты қамтамасыз етеді» (М. Н. Скаткин);
«...педагогика  теориясының  əдіснамасы – ғылыми  зерттеудің 
жетекші  принциптері,  ғылыми  талдау  жасаудың  талаптарын 
қанағаттандырушы  құралдар  қызметін  атқаратын  теориялық 
білімдер жүйесін анықтайтын ғылым саласы, ғылымтану əдісі тура-
лы ілім (П. Р. Атутов).
«Əдіснаманың ...аспектілерін  жасау  «білетін  туралы  білім» 
береді. Осылайша педагогикалық құбылыстарды тану процесін оқуда 
зерттелетін  мəселелер  анықталады, «білетін  туралв  білім»,  яғни 
педагогиклық құбылыстарды  зерттеудің өзінде оның принциптері, 
əдістері, болашағы туралы білімдер жинақталады» (Н. Д. Хмель);
«...  ғылымның  əдіснамасы,  біріншіден,  жалпы  əдіснама 
ғылымынан туындайды; екіншіден, қоғамдық ғылыми жүйенің даму 
тенденциясын оқып үйренумен жəне зерттеумен байланысты болады; 
үшіншіден,  педагогикалық,  тарихи-педагогикалық  құбылыстардың 
жағдайлары  туралы  теориялық  қағидалармен,  олардың  зерттеу 
əдістерін  қарастырады,  төртіншіден,  жаңадан  алынған  білімдерді 
оқу-тəрбие үрдісінде тəжірибеге ендіру анықталады» (А. А. Бейсем-
баева).
«...  ғылыми  əдіснама  мынадай  функцияларды  атқарады: 
теориялық  танымдық,  əлеуметтік  жəне  аксиологиялық,  дəлелдік 
жəне прогностикалық, тəрбиелік» (Г. М. Храпченков, В. Г. Храпчен-
ков);
«Əскери  педагогиканың  əдіснамасын  шартты  түрде  өзара 
байланыстағы жəне өзара себептелінетін бес деңгейін қарастыруға 
болады:  гнсеологиялық,  дүниетанымдық,  ғылыми-мазмұндық, 
логикалы-гнсеологиялық, əдістемелік» (С. Т. Каргин, С. Х. Дошков).
Қолданбалы  ғылымдардың,  соның  ішінде  кəсіби  педагогика-
ның  əдіснамалық  негізі  философия  болып  табылады.  Себебі,  В. 
П.  Тугаринов  пайымдағандай,  философия – бұған  дейінгі  ізашары 
болған  ғылым  мен  практика  дамуының  қорытындысы,  жинақтап 
қорытушысы
1
1
Тугаринов В. П. Природа, цивилизация, человек. - Л. Спб,1978.- 78 с.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау