Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет290/325
Дата29.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#39897
түріОқулық
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   325
dogalov-makroekonomika

Қорытынды
1. Төлем балансы – белгілі бір уақыт аралығында резиденттер мен 
резидент еместердің арасындағы жасалған сауда-саттық жəне қаржылық 
келімдер туралы статистикалық есеп-қисап. Төлем балансын талдау 
негізінде қандай да бір елдің сыртқы экономикалық тепе-теңдікке жете 
алу мүмкіндігін түсіндіруге болады. 
2. Төлем балансы бабының кредиті бойынша жазу екінші бір 
баптың дебеті бойынша жазумен теңестіріліп отырады. Кредит – 
нəтижесінде елден құндылықтар кететін жəне солар үшін елге ше-
тел валютасындағы ақшалай ағындар келетін келісімдер жиынтығы 
жəне бұлар «плюс» белгісімен жазылады. Дебет – нəтижесінде ел са-
тып алатын құндылықтарға айырбас ретінде валютасы сыртқа кететін 
келісімдер жəне бұлар «минус» белгісімен жазылады. 
3. Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша төлем ба-
лансы құрамына мыналар кіреді: 1) Ағымдық операциялар шоты
 
- тауар 
мен қызметтер экспорты мен импорты, таза инвестициядан таза табыс-
тар жəне таза трансферттік аударымдар; 2) Капитал қозғалысы мен 
қаржы операцияларының шоты
 
– ұзақ мерзімдік инвестициялар (тікелей 
жəне қоржындық); қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы шотына ак-
тивтермен жасалған халықаралық мəмілелер кіреді: акция, облигация, 
жылжымайтын мүліктен түскен табыс жəне шетелден сатып алынған 
активтерге шығындар. 3) Ресми резервтер өзгерісі
 
– мемлекеттің алтын 
қоры, əлемдік баға мен валюта бағамының өзгерісіне байланысты ал-
тын валюта резервін қайт бағалау, елдегі алтынның бір бөлігін алтын 
қорына ауыстыру, қарыз бойынша арнайы құқықтар (СДР – специаль-
ные права заимствования), шетел валютаның резервін пайдалану.


385
4. Валюта нарығы
 – 
валюта мəмілелері жасалатын нарық, яғни 
онда белгілі атаулы валюта бағамы бойынша бір елдің валютасы екінші 
елдің валютасына айырбасталады. Еліміздің коммерциялық банктері 
сыртқы қарыздарын өтегенде рынокқа валютаның айтарлықтай көле-
мін шығарады. Бұл ұлттық валютамызға да əсерін тигізеді.
5. Валютаның айырбас бағамы – екі əр ел валюталарының арақа-
тынасы. Атаулы айырбас бағамы екі ел валюталарының салыстыр-
малы бағасын көрсетеді. Нақты айырбас бағамы екі елде өндірілген 
тауарлардың салыстырмалы бағасын көрсетеді.
6. Ортақ баға заңы еркін бəсекелестік жағдайында бір тауардың əр 
елде əртүрлі бағамен сатылуының мүмкін еместігін көрсетеді. Бұл заң 
халықаралық нарықта сатып алу қабілеттілігінің паритеті деп аталады.
7. Валюталық басқыншылық валюта нарығындағы айырбас ба ға-
мы тіркелген бағамнан ауытқыған кезде өзінің халықаралық резерв те-
рінен Орталық банктің шетел валютасын сататынын жəне сатып ала-
тындығын көрсетеді. 
8. Девальвация – тіркелген айырбас бағамы жүйесіндегі ұлттық 
валюта бағамының ресми түрде төмендеуі. Ревальвация – тіркелген 
айырбас бағамы жүйесіндегі ұлттық валюта бағамының ресми түрде 
жоғарылауы.

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   325




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау