Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Адам капиталына инвестициялар



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет216/325
Дата29.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#39897
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   325
dogalov-makroekonomika

Адам капиталына инвестициялар
– қазіргі заманғы эко-
номикалық өсудің аса маңызды факторы. Осындай инвестициялар 
əлеуметтік-экономикалық құрылымның ҒТП-нің даму ыр ғағына 
үздіксіз ілесіп, əрі бейімделіп отыруына жағдайлар жасайды. Де-
мек, бүгінгі күні сапалы білім алуға, денсаулық сақ тауға, жұмыс 
орнында тəжірибе жинақтауға, инновацияларды енгізуге инвес-
тиция салусыз, яғни адам капиталын дамытусыз экономикалық 
өсудің шынайылығына қол жеткізу мүмкін болмайды.
Алайда экономикалық өсудің теріс факторлары да бола-
ды. Экономикалық өсуді тежейтін факторларды 
экономикадағы 
əлеу меттік өзгерістер
деп атайды. Оларға əлеуметтік саланы 
мемлекеттік реттеу, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау 
саласын шектен тыс мемлекеттік реттеу деген факторлар жата-
ды. Мəселен, қоршаған ортаның ластануын бақылау бойынша 
мемлекеттік реттеуді күшейту қысқа мерзімде экономикалық өсу 
қарқынының бəсеңдеуіне алып келуі мүмкін. 
Соңында, экономикалық өсудің 
институционалдық фактор-
ларын
да атап өткен жөн. Меншік құқығын мемлекеттік қор-
ғау, қоғамдық тəртіпті орнату жəне қолдау, тəуелсіз сот сияқты 
институционалдық факторлар экономикалық өсуге оң əсер беріп 
еңбек өнімділігінің артуында ерекше рөл ойнайды. 
Бүгінгі күнге дейін ұзақ мерзімді тұрақты, əрі теңгерімді 
эко 
номикалық өсудің нəтижелері туралы ортақ пікір жоқ. Сол 
себепті, əртүрлі макроэкономикалық мектеп өкілдерімен түсін-
дірілетін экономикалық өсудің үлгілері əртүрлі алғышарттар мен 
болжамдарға сүйенеді.
Экономикалық өсудің теорияларын көптеген экономистер да-
мытты. Соның ішінде, Дж. Кейнс, Ч. Кобб, П. Дуглас, Э. Денисон, 
С. Кузнец, Й. Шумпетер, Р. Харрод, Е. Домар, Р. Солоу, Э. Фелпс, 
П. Ромер, К. Эрроу, Г. Мэнкью, Д. Уэйл, Д. Ромер, Р. Лукас, 
Х. Юзава сияқты ғалымдар ерекше үлес қосты.
Экономикалық өсудің үлгілерін негізгі үш топқа бөлуге 
болады:
19–533


290
1. Экономикалық өсудің неокейнстік үлгілері.
2. Экономикалық өсудің неоклассикалық үлгілері.
3. Экономикалық өсудің тарихи-əлеуметтік үлгілері.

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   325




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау