Оқулық / К. Б. Байболов, Т. Қ. Құлажанов, Н. Б. Батырбаева


Кемістіктерді  жою  үшін  қолданатын  амалдар



жүктеу 4,28 Mb.
Pdf просмотр
бет97/109
Дата17.01.2022
өлшемі4,28 Mb.
#33177
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   109
Кемістіктерді  жою  үшін  қолданатын  амалдар.
 
Астықтың  қозғалу 
жылдамдығын реттеу:
 
- жартылай коробалар санын азайтады, оларды агентті сыртқа жіберетін 
қатарларға  орналастырады.  Жартылай  коробаларды  толық  алуға  болмайды, 
себебі қабырғаларға жақын орналасқан астық массасы тиімді араласпайды және 
кептіру агентімен үрленбейді, осының әсерінен астық толық қызбайды
-  шетте  орналасқан  астықтың  жылдамдығын  арттыру  үшін  кейбір 
жартылай  коробалардың  ұзындығын  қысқартады.  Астықтың  қозғалу 
жылдамдығының  тежелуі  шөп  -  шалаңның  болуына  байланысты.  Сондықтан, 
кептіру алдында, қоспалардан тазалау қажет; 
-  астық  массасын  ылғалы  және  ластану  көрсеткіштері  бойынша  топтау. 
Сонда, ылғалы 19 % дейін астықтың ылғалының ауытқуы 2 %-тен аспауы керек, 
ал 19 % жоғары болса – 4 % көп болмауы керек. 
Кепкен астықты шахтадан шығару үшін жұмысы икемді, жеңіл реттелетін 
немесе  автоматты  түрде  басқару  мүмкіндігі  бар  түсіру  қондырғыларының 
жетілдірілген  вариантын  қолданады.  Қазіргі  кезде  осы  талаптарға  ВИСХОМ 
орындаған  түсіру  механизмі  жауап  бере  алады  –  кез  келген  кесіндіде  астық 
түсіретін  астауша  рамасын  көтеріп  және  түсіруге  болады  (астықтың  түсу 
мөлшері  реттеледі),  және  осындай  операцияны  әр  астауға  жеке  орындауға 
мүмкіндік  жасалған,  ал,  мысалы,  ВТИ    ұсынған  түсіргіште  қозғалмалы  және 
қозғалмайтын  рамада  орналасқан  түсіру  механизмі  оқта-текте  затворларды 
толық ашып және берілетін масса мөлшерін реттеуге болмайды, ал ол процестің 
тиімді  өтуін  қамтамасыз  ете  алмайды.  Казіргі  кезде,  осы  типті  түсіргіштер,  
жобаға қолданбайды. 
Астықты қыздыру тиімділігі оның ылғалына және қатардағы коробаларға 
агенттің  бірқалыпты  берілуін  мұқият  қадағалайды,  ал  агенттің  камераға  бір 
қалыпты бөлінуі және берілуі ауаның жылдамдығымен диффузордың орналасуы 
елеулі әсерін тигізеді. Шахталы кептіргіштерде (ДСП және ВТИ) агенттің берілу 
жылдамдығын  оның  жіберетін  коробалардағы  жылдамдығы  арқылы  реттейді. 


146 
 
Егер  диффузордың  диаметрі  жеткілікті  болмаса,  камераға  кірердегі 
жылдамдықтың бөлінуі жоғары болса (10 м/сек және одан жоғары), онда қарсы 
қабырғада  динамикалық  қысым  пайда  болады,  осының  әсерінен  диффузорға 
жақын орналасқан коробаларда, алшақ орналасқан корбалармен салыстырғанда, 
агентті  беретін  жылдамдық  айтарлықтай  төмен  болады.  Осыны    реттеу  үшін 
қабырғаға  шағылдырғыш  қалқан  орнатып,  (шағылдырғыш  бағытын  реттеп) 
коробаларға берілетін агенттің жылдамдығын  бір қалыпты етуге болады. 
Астықтың  қызу  температурасын  және  ылғалын  оптимальді  мөлшерге 
жеткізу  үшін,  шахталы  кептіргіштерде,  агентті  беретін  және  шығаратын 
коробаларды толық немесе жартылай жабатын, өлшемдері коробаларға сәйкес, 
бұқтырмаларды қолданады. 
Астық кептіргіштерді пайдалану ережесін дұрыс ұйымдастырып  жүргізу, 
анықталған кемістіктерді дер кезінде жөндеу және дақыл түріне және пайдалану 
бағытын  ескеріп  лайықты  температуралық  режимдерді  ұстау,  процестің  өтуін 
үздіксіз бақылау - астықтың сапасын сақтаудың негізгі талаптары. 
Астықтың  сапасын  жақсарту  мақсатымен  бірге,  кептіргіштің  өнімділігін 
өсіретін  және  кептіру  процесінің  өзіндік  құнын  төмендету  үшін  орындалатын 
шаралар: 
-  кептіргіштердің  жеке  түйіндерін  жаңарту,  астықты  беруді,  шығаруды 
толық механикаландыру және автоматтандыру;  
-  жұмыс  орнын  дұрыс  ұйымдастыру,  кептіргішті,  ошақты,  жабдықтарды 
тиімді  пайдалану  әдістерін  қолдану,  жұмыссыз  бос  тұруды  болдырмау, 
дақылдың  ерекшеліктеріне  және  пайдалану  бағытына  байланысты  тиімді 
режимдерді қолдану. 
Кептіргіштердің  қуатын  өсіруге  ықпалын  тигізетін  шаралардың  бірі  – 
әрекет  еткен  агентті  сыртқа  беретін  коробалардан  шығардағы  ауаның 
жылдамдығы 5,5 – 6 м/сек ұстау. Ол үшін желдеткіштердің қуаты жоғары болуы 
керек  немесе  желдеткіштің  айналу  қалағының  жылдамдығының  (техникалық 
құжаты бойынша) шекті көрсеткішін қолдану.  
Қызмет ететін мамандардың жұмыс жағдайын жақсарту шаралары: 
-
 
кептіру және ошақ орындары байланысын жақсарту; 
-
 
жұмыс орнын жарықтандыру; 
-
 
кептіру  агентінің  температурасын  көрсететін  құрылғыларды  ыңғайлы 
орнату  және  астықтың  қызу  температурасын  орталықтан  бақылауды 
ұйымдастыру, ашып-жапқыштарды (заслонкаларды) басқаруды ыңғайландыру
-
 
ғылым  мен  техниканың,  және  алдыңғы  қатардағы  өндірістердің  
жетістіктерін пайдалану.  
 

жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау