Собықты жүгеріні кептіргіштер.
Собықты жүгеріні үйінді түрінде
арнайы алаңдарда, қоймаларда, сапеткаларда ауа арқылы кептіреді. Ол үшін алаң
және қоймаларға арнайы жасалған жылжымалы төсенділер (решетка)
орнатылып, төсенділерде қарастырылған каналдар арқылы желдеткішпен жылы
ауаны береді немесе үйіндідегі ауаны сорады, ол қоршаған ауа жағдайына
байланысты. Төсенді үстіндегі массаның биіктігі 2–3 м аспауы керек.
Өткен ғасырдың 70 жылдары ұшақтардан алынған, ресурсы біткен,
турбореактивті двигательдерді кеңінен қолдана бастады. Азық-түлік және жем
бағытында қолданатын жүгеріні собығымен кептіру үшін турбореактивті
двигательді қолданудың техникасы мен технологиясын УкрҒЗИ зерттеп, кептіру
режимдерін ұсынды (сурет 62).
113
Сурет 62. Турбореактивті қозғалтқышпен жүгеріні собығымен кептіру
құрылғысы
Құрылыстың қаңқасы ағаш, металл немесе темір бетон, ені 6-8 және
ұзындығы 60-тан 100 м. Екі құлама тор төсенішке 1,4 – 1,7 м биіктікке собықты
жүгеріні үйеді. Каркастың төсенішіне бір мезгілде берілетін массаның салмағы
800-1000 т. Турбореактивті двигательден газ екі төсеніштің астындағы кеңістікке
эжектор (конус типті беретін және шығаратын құбыршалар орнатылған) арқылы
үрленеді. Конус типті құбыршаның мақсаты – атмосфералық салқын ауаны
сорып, двигательден алынатын ыстық (температурасын 400
0
) газбен
араластырып қажетті деңгейге келтіру. Эжектор өсі арқылы берілетін газдың
жылдамдығы өте жоғары, құбырша арқылы берілетін сыртқы ауа осы
жылдамдықты тежеп, қажетті деңгейге тұрақтандырады. Турбореактивті
двигательді қолдануда ошақтың және кептіру агентін, суық ауаны беретін
желдеткіштердің қажеттілігі болмайды.
Турбореактивті двигатель ВК-1-дің схемасы сурет 63 көрсетілген.
Қозғалтқыштың білігі (1) электрлі стартерден айналады (сурет 63), бұл
жағдайда, білікке орнатылған турбокомпрессор ауаны жану камерасына (3)
айдайды. Турбо компрессордың жану камерасына керосинді (сұйық отын) насос
қысыммен береді. Жану камерасындағы ыстық газды турбинаның қалақшалары,
білікке орнатылған, төсеніш каналдарына айдайды. Газды турбина іске
қосылғаннан кейін стартер автоматты түрде істен шығады, ал газды (агентті)
өндіру процесі автоматты түрде орындалады. Агентті өндіру үшін турбинаның
жылдамдығын минутына 4000 - 8000 айналымға келтіріп, қажетті
температураны алуға болады.
114
Сурет 63. ВК-1 турбореактивті қозғалтқыштың схемасы
Бірақ осынша жылдамдықты алуда отынның шығыны артады – отынды көп
жаққанда температура көтеріледі және керосинді аз беріп температураны
төмендетуге болады. Турбореактивті двигательді қолдануда алынатын жылу
жүгеріні кептіруге, двигательдің механизмдерін қозғауға жұмсалады, сондай-ақ
одан шығатын газды айдауға қажетті қысым үшін жұмсалады, сонымен қатар
үйінді астық тығыз болмауына байланысты (кеуектілігі жоғары) кептіру агенті
қоршаған ортаға ысырапсыз ұшып кетеді. Нәтижесінде қондырғыны пайдалану
коэффициенті төмендейді. Есеп бойынша, 1 кг ылғалдың ұшуына, шахталы
кептіргіштермен салыстырғанда, 35-40 % артықшығын жұмсалады.
Осы әдістің негізгі кемшілігі – қозғалмайтын қабатта және бір бағытта газды
ауамен кептіруде, собықты жүгерінің биіктігі бойынша, ылғалының бір деңгейде
болмауы, сондай-ақ үйіндінің ұзындығы және ені бойынша ылғал бірқалыпты
болмайды, өзіндік пайдалану құны жоғары.
Осы кемшіліктерді болдырмау үшін қабаттың қалыңдығы бірдей болуы
қажет және беті тегіс, торлы төсенішті, мүмкіндігінше типі, сорты және ылғалы
бір шамадағы жүгерімен толтыру. Алғашқы 8 сағат бойы кептіруде агенттің
температурасын 60-70
0
аралықта ұстап, одан әрі кептіруде 80
0
С - тан жоғары
болмауы керек. Температураны керосин шығынымен реттейді. Отынның
шығынын реттеу үшін двигательді қозғалмалы рамаға орнатып, эжектор мен
двигательдің ара қашықтығын реттеп, отынды үнемдеуге болады. Желідегі
температураны орталықтағы термодатчикпен бақылайды, термодатчикті
үйіндінің алдыңғы бөлігінің төбе ортасына орналастырады. Үйіндінің жоғарғы,
орта және төменгі қабаттарынан алынған сынамалардың ылғалын анықтап,
процесті бақылайды. Кептіруді 10 сағ жүргізіп, әр 3 сағаттан кейін орта белі
сынамаларының ылғалын анықтайды. Сынама аларда двигательді 15-20 мин.
тоқтатады.
115
Достарыңызбен бөлісу: |