Оқулық / К. Б. Байболов, Т. Қ. Құлажанов, Н. Б. Батырбаева



жүктеу 4,28 Mb.
Pdf просмотр
бет33/109
Дата17.01.2022
өлшемі4,28 Mb.
#33177
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   109
2.Конвективті кептіру 
 
Қыздырылған  ауаны  оттық  газбен  (ошақта  жағылған  отыннан  алынған 
газды  ауа)  немесе  суық  ауамен  араластырылған  материалмен  астық  массасын 
кептіру 
конвективті
  амалға жатады. 
Оттық  газбен  суық  немесе  қыздырылған  ауаны  араластырып  алынған 
материалды  
кептіру агенті  
деп атайды. 
Конвективті  кептірудің  негізі:  кептіргіш  агентіндегі  парциалды  қысым 
кептірілетін  материалдың  бетіндегі  қысымнан  төмен;  парциалды  қысымның 
қыздыру  температурасы  Ө
2
  қаныққан  будың  температурасына  жақын.  Осы 
көрсеткіштердің  айырмашылығы  көп  болса  соншалықты  кептіру  потенциалы 
жоғары болады және процесс қарқынды өтеді. Осы жағдайда кептіру агентінің 
температурасы  t
1
  қажетті  деңгейде  болуы  қажет,  кері  жағдайда,  температура 
төмендеген  сайын,  оның  салыстырмалы  ылғалы  өседі,  ылғал  сиымдылығы 
төмендейді - температура жоғары болып, ылғалды болса, яғни орта  қаныққан, 
онда ылғал сіңіру тиімділігі байқалмайды.  
Төменгі  көрсеткіштер:  кептіру  агентінің  жылдамдығы,  дәннің  қызу 
температурасы,  астық  қабатының  қалыңдығы  процестің  өту  ұзақтығымен  
бірлесіп  конвективті  процеске  елеулі  әсерін  тигізеді,  яғни  жылу  тез  өтеді, 
энергия  мен  еңбек  шығындары  азаяды  және  астықтың  сапасы  төмен  демейді, 
көбінесе жақсарады. Мысалы, ұн зауыттарында, ылғал капиллярлар арқылы ішке 
сіңуде  кернеу  пайда  болып,  ол  ұлғайып,  шекті  деңгейге  жеткенде,  дән 
шытынайды,  нәтижесінде,  әсіресе  ұнтақтауда,  энергия  шығыны  азаяды,  ол 
жарма  дақылдары  үшін  пайдалы  емес,  себебі,  қауыздауда  ядро  майдаланады, 
бүтін жарма шығымы азаяды.  
Температурасы  жоғары  оттық  газды  қатты,  сұйық  отынды  немесе  газды 
жағып алады. Газды  жағып ыстық оттық газды алу пайдалы, себебі газ толық 
жанады, консорогенттік заттар жоқтың қасы (сурет 21). 
Астықты кептірудің қарқындылығы оның физико-химиялық, биохимиялық, 
технологиялық,  наубайханалық  қасиеттеріне  және  процесті  жүргізетін  күшке 
байланысты. Осы тәуелділік сызықтық теңдеумен сипатталады: 
 
I = 

·x
1
 
 
мұндағы:  I – ылғал ағымының тығыздығы; 

 – кинетикалық коэффициент, материалдың қасиетіне байланысты
Х  –  процесті  жүргізетін  күш,  ол  температура,  ылғал  ұстағыштық, 
астық қабатының құрылымы және т. б. факторларға тәуелді. 
Астықты кептірудің конвективті әдісі дәннің шекаралы қабатқа жылу және 
масса беруімен тығыз байланысты, ылғалдың дәннің ішкі бөліктерінен сыртқы 
қабатына  жылжуымен  сипатталады.  Процестің  жалпы  қарқындылығын 
сипаттайтын теңдеу: 
𝑞
´
= 𝑎
м
𝜌
з
(∇ ∪   + 𝛿∇𝜃),
 
 


43 
 
мұндағы: 

м
 –
  ылғалдың  ылғал  өткізгіштік  потенциалы,  ол  дән  бетімен 
қоршалған  ортаның  ылғалдық  құламалылығы  мен  дәннің  басқа  бөліктеріндегі 
өзгерістерді сипаттайды; 
ƿ
з 
 

 дәннің тығыздығы; 
𝛿
 

 термодинамикалық коэффициент; 
∇ ∪, ∇𝜃
 – ылғал ұстағыштық және температура градиенті. 
 
Сурет 21. Астықты конвективті әдіспен кептірудің схемасы: а-колориферлік 
қондырғы; в-ошақ қондырғысы. 
 
Дәннің ерекшелігі – ылғалды беруде тез ысуы. 
Қазіргі  кезде,  кептіру  агентін  орындау  үшін,  оттық  газды  салқын  немесе 
ысытылған ауамен араластырып, негізгі параметрлері тұрақты, қоспа жасайды. 
Оттық  газ  алу  үшін  қатты,  сұйық  немесе  табиғи  газ  қолданады,  сондай-ақ 
калориферді  пайдалануға  болады.  Калориферді  пайдалану,  біздің  жағдайда, 
тиімді  емес,  себебі,  дайындау  кезеңінде,  статистика  бойынша,  барлық  түсетін 
астықтың  басым  көпшілігін  (70%  астам)  кептіру  қажет,  ал  калорифер  арқылы 
кептіру  агентін  алу  үшін  қыруар  электроэнергия  қажет,  бұл  экономикалық 
тұрғыда тиімді емес. Табиғи газды пайдаланған өте тиімді: газ толық жанады, 
қосымша заттар мөлшері өте төмен, процесті толық автоматтандыруға болады 
және өзіндік құны, басқа отындармен салыстырғанда өте төмен. 

жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау