Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі. Орындаған:Рамазанова Айнұр Әңгімелесу— пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі - Әңгімелесу — оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі. Әңгімелесу кезінде оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу материалын пысықтап, ой қорытады. Әңгімелесу әдісі — оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты
Лос-Анжелес университетінің профессоры Альберт Меробянның зерттеуі бойынша әңгімелесу хабарының өзінде 7% сөз арқылы, 38% интонация мен дауыс, 55%-ы адамдардың бетінің кескіні мен ишарасына байланысты беріледі екен Лос-Анжелес университетінің профессоры Альберт Меробянның зерттеуі бойынша әңгімелесу хабарының өзінде 7% сөз арқылы, 38% интонация мен дауыс, 55%-ы адамдардың бетінің кескіні мен ишарасына байланысты беріледі екен
Әңгіме - оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында қолданылатын оқыту тәсілдерінің бірі;
әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім қойған және құрдастарында пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі
болып табылады. Ол субъектіге тартылатын әңгімелесудің үш түрін құрайды:
Әңгіме-дебат
Кумулятивтік әңгіме
Зерттеушілік әңгіме
Әңгіме-дебат
1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады
және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2) ресурстарды біріктіруге бағытталған
аздаған талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай»,
«Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге
асады;
4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне
бәсекелестікке бағытталған
Кумулятивтік әңгіме :
1) айтылған пікірлер мен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі;
2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы;
3) идея қайталанады және жасалынады,
бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді
Зерттеушілік әңгіме
1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2) әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде
дәлелдеме «көрінеді»;
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі
де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу)
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |