Оқу пәнінің сипаттамасы 1 Пәннің мақсаты



Pdf просмотр
бет55/76
Дата16.05.2022
өлшемі1 Mb.
#38620
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76
Дәрістер(ЭжӨҰ)

 

 

Еңбек ақыны ұйымдастыру 

 

1  Еңбек  ақыны  ұйымдастырудың  жалпы  қағидалары.  Еңбекке  төлемнің 



формалары 

 

Еңбекті  өндіруге  қолданатын  жұмыс  күшінің  құны  еңбек  ақы  болып  табылады. 

Ұйымда еңбек ақыны төлеуде  белгілі қағидаларды сақтау қажет.      

Жұмыскерлердің  еңбегіне  төлемді  жіктеу  қағидасына  сәйкес  келесідегідей  факторларға: 

еңбек  мөлшері  мен  сапасына,  еңбек  операцияларының  қиындық  дәрежесіне  және 

жұмыскерлердің  біліктілік  деңгейіне  еңбек  шартына,  жұмыскерлердің  өмір  сүру 

жағдайына  байланысты жүргізілуі керек.     

Еңбек  ақының  өсу  деңгейі  еңбек  өнімділігінің  өсу  деңгейінен  озып  кетпеу  керек. 

Өйткені  еңбек  ақы  өнірістік  жұмсалымдардың  құраушысы    болып  табылады,  ал  еңбек 

өнімділігі бір жұмыскерге келетін өнім көлемін анықтайды.   

Кәсіпорында  еңбек  ақыны  ұйымдастыруда  елдегі  төменгі  күн  көру  деңгейімен 

сәйкес  орындалуы  маңызды  орын  алады.  Бұдан  басқа  инфляциялық  факторларға  және 

адамдардың  әл-ауқатын  көтерудің  қажеттілігіне  байланысты  жұмыскерлердің  еңбек 

ақысын өсіру қағидасы сақталып отыру қажет.    

Еңбек  ақыны  кеңінен  тараған  формалары  кесімді  (жасанды)  және  уақыттық  

формалар  болып  табылады. 



Жасанды  форма  - 

  еңбек  ақыны  нақты  жұмыс  көлемінің 

орындалуына    негізделсе,  ал

 

уақыттық  форма  -  өткізген  уақыты  (ай,  күн  немесе  сағат) 

бойынша  төленеді.

 

Еңбек  ақыны  төлеудің  жасанды  формасы  әрбір  жұмыскердің  нақты 

жұмыс немесе өндірген өнім көлемін анықтауға болатын жағдайда қолданады. Бұл форма 

еңбек  өнімділігін  көтеру  қөзкарасынан  қарайтын  болсақ,  үдемелі  болып  саналады  және 

жұмыс  көлемінің  өсуіне  ынталандырады.  Оны  қолдану  тек,  егер  кәсіпорында  өндіріс 

көлемінің  сапасын  төмендегідей  өсуін  қамтамасыз  ететін  өнім  немесе  жұмыс  сапасын 

қадағалау  жақсы  ұйымдастырылған  жағдайда  тиімді  болады.  Еңбек  ақыны  төлеудің 

жасанды формасы төмендегідей анықталады. 

 

ЕА

жасан



 = Р

жасан


 

.

 Q



жұм

                                   

 

мұндағы  Р



жасан

 – жұмыс көлемінің немесе өнім бірлігіне бекітілген жасанды баға;  

Q

жұм 


– орындалған немесе жоспарланған жұмыс немесе өнім көлемі. 

Жасанды баға төмендегідей орнатылады 

 

Р

жасан



 = Т

мөлш


 

Н



уақ

  

 



 

 



 

мұндағы Т

мөлш 

– уақыт бірлігіндегі еңбекті төлеудің тарифтік мөлшерлемесі;   



Н

уақ


 -өндіру нормасы. 

Еңбек  ақыны  төлеудің  уақыттық  формасы  берілген  уақыт  мезетінде  нақты 

орындалған жұмыс көлемін анықтауға болмайтын жұмыскерлерге қолданады.  Бұл төлем 

формасы төмендегідей анықталады   

 

ЕА

уақ



 = Т

сағ.мөлш 

.

 t

жұм



 

 

 



 

 

 



мұндағы Т

сағ.мөлш


 – еңбек ақыны төлеудің сағаттық тарифтік мөлшерлемесі;  

t

жұм



 – жоспарланған немесе нақты істелген уақыт. 

Соңғы  кезде  еңбек  ақыны  төлеудің  келісім-шарттық  формасы  кеңінен  орын  алып 

жүр.  Оның  мәні  жұмыскерлердің  арасында,  жұмысшы  мен  жұмыс  берушінің  арасында 

келсім-шарт жасалады. Онда жұмыс беруші міндетіне алған еңбек ақы мөлшері, қосымша 

еңбек  ақы,  еңбек  ақыны  ұйымдастыру  мен  төлеудің  ерекше  шарттары  қарастырылады. 

Сондай-ақ  жұмыскер  орындауға  міндетті  нақты  жұмысты  орындау  талаптары,  сонымен 

қатар екі жақтан келісім-шартты бұзу шарттары мен себептері көрсетіледі.    



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау