Санамақ
Елжас. Бір дегенім-баспақ,
Бұзауды жүр бастап.
Жангүл. Екі дегенім-ешкі,
Ешкі қойдан есті.
Ақниет. Үш дегенім –үйрек,
Жем бер, қолға үйрет.
Өркен. Төрт дегенім –тайлақ,
Тайлақты қой байлап.
Қуаныш Бес дегенім-бие
Құлынына ие.
Саян Алты дегенім- атан,
Мініп жүрген атам.
Нұрдәулет Жеті дегенім-жорға,
Жорғаны мін жолға.
Ердәулет Сегіз дегенім- сиыр,
Сиыр тұзға үйір.
Айғаным Тоғыз дегенім- тоқты,
Тоқты жемді соқты.
Бекзат Он дегенім- осы,
Төрт түліктің досы.
08.12.14ж
1 «в» сынып Әліппе
Сабақтың тақырыбы: «Ц ц дыбысы мен әрпі»
Мақсаты:Білімділік: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылығы: Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту, сөздік қорын молайту;
Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, тізбектей оқу
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ә) Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын!
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын!
ІІ. Үй тапсырмасы:
ІІ. Жаңа сабақ:
Жұмбақ
Аяғын жерге тірей қалып,
Шеңбер сызды шыр айналып. (Циркуль)
Ц Ц Ц -
Цирк деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
Шарлар, жонглер, көңілді, қызық, су, аю, ит
2. Цирктің суретін көрсету.
Бізге таныс емес дыбыс. Ц дыбысы.
Циркте кімдердің, нелердің ойындарын көруге болады?
Өзіңе қандай цирк ойыны ұнайды?
- Ол жерде аңдардың ойынын көруге болады.
- Онда сайқымазақ пен сиқыршылар өнер көрсетеді.
- Цирк сөзінде неше дыбыс бар?
- Ол қандай дыбыстар?
- Бірінші дыбыс қандай?
Ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Цех, цирк, концерт, цифр, цемент, цистерна
Жазылуы – Цц, баспа түрі – Ц ц
«Ц» дыбысы – дауыссыз, қатаң дыбыс
Біз ц дыбысын қай кезде айтамыз?
«Буын құра»
-----а
-----о
Ц---и
-----у
-----е
----ы
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
1/ цех цирк концерт цифр
Мәтінмен жұмыс:
- Мәтінді мұғалімнің оқуы;
Оқушыларға оқыту
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Дәптермен жұмыс:
Ц әрпінің емлесімен танысу. Ц әрпін жұмыс дәптерлеріне жазу
Соңғы дыбысқа сөз ойлау
Айна, ағаш, шеге, етік
« Кім тапқыр?» ойыны
Түсіп қалған әріптерді орнына қой
... ирк, кон... ерт, ... ех, ... емент
а... ы, тұ... ы, ... етка, бор...
Жоғалған әріпті тап: (Ц, С)
Авиа...ия, ...истерна, ...елиндр, ...итрамон, ...ағат, офи...ер, ...андық, ...ифр.
Сабақты қорытындылау
Шашылған дыбыстардан сөз құра
(х, е, ц) цех
(р, и, ц, к) цирк
- Ц дыбысы қандай дыбыс?
- Ц қатаң дауыссыз дыбыс.
- Ц дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Сөздің басында, ортасында кездеседі.
- Циркке адамдар неге барады?
- Циркте қандай мамандықтар жұмыс істейді?
- Не үйрендің; не білдің?
ҮІ. Үйге тапсырма: Ц ц дыбысы мен әрпін оқу
Бағалау
10.12.14ж
1 «в» сынып Әліппе
Сабақтың тақырыбы: ъ белгісі
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды ъ белгісімен таныстыру, оның дыбысталмайтынын түсіндіру, ъ белгісі бар сөздерді дұрыс оқуға және жазуға, есте сақтауға, дыбыстық талдау жасауға үйрету;
2) Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сауатты сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту
3) Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөздер және әріптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ Өткен әріпті еске түсіру:
1. ь белгісі бар сөздерді оқу:
Лагерь, альбом, фильм, рояль, циркуль, рельс,
2. «Лагерь жыры» өлеңді мәнерлеп оқу
3. Сұрақ - жауап алысу
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе
- Балалар, біздің «Әріптер қаламызда» бір есік ашылмай қалыпты. Сол есікті ашу үшін тапсырмаларды орындауымыз керек. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ, есік ашылып ең соңғы әріппен танысамыз.
а) Қалып қойған әріптерді тап:
лагер..., ал... бом, фил... м
ә) Сөздерге сөйлем құрастыру
2. Жаңа әріп ъ (айырма белгісі)- әріп, дыбысы жоқ. Біздер көреміз, жазамыз, бірақ дыбысталмайды.
а). Оның баспа және жазба түрін көрсету.
ә). Көрнекіліктер арқылы ъ белгісі бар сөздермен таныстыру
б). Сөздерді оқу ( разъезд, подъезд)
в). Сөздерге дыбыстық талдау жасау:
подъ - езд - 2 буыннан тұрады. 7 әріп, 6 дыбыс бар. 2 дауысты дыбыс - о, е, 4 дауыссыз - п, д, з, д дыбыс бар, ъ - айырма белгісі.
разъ - езд - 2 буыннан тұрады. 7 әріп, 6 дыбыс бар. 2 дауысты дыбыс - а, е, 4 дауыссыз - р, з, з, д дыбыс бар, ъ - айырма белгісі.
3. Сергіту сәті
1,2,3 Бойға жинап күш,
Отырамыз,тұрамыз
Алақанды ұрамыз.
Бір тынығып аламыз.
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту.
1. Оқулықпен жұмыс:
а). ъ белгісі бар сөздерді оқу.
ә). «Біздің үй» мәтінін оқып беру, оқушыларға оқыту.
б). «Миға шабуыл» сұрақ - жауап алысу.
в). «Ой қозғау» Біздің үй қандай?
3. Дәптермен жұмыс:
а). Үлгі бойынша ъ белгінің әріп таңбасын жазу (ауада, дәптерге)
ә). Көшіріп жазу
Ү. Қорыту.
- Балалар бүгін біз қай әріппен таныстық?
- Қай мәтінді оқып үйрендік?
- Неше қабатты үйде тұрамыз?
1. Ойын «Кім жылдам?» Көрсетілген сөздерді кім жылдам оқыса жұлдызша беріледі. Көп жұлдызша жинаған оқушы үйдің төртінші қабатына жылдам шығады.( хабар, аю, кофе, вагон,...)
2. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау
10.12.14ж
1 «в» сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: «Кестелік қосу және азайту». 1 саның қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: Он көлеміндегі сандар қатарын пайдалана отырып 1 санын қосу және азайтуды үйрету;Сөйлеу тілін және ақыл – ойды, оқу еңбегі білігі мен дағдыларын дамыту; Ұқыптылықа , сауатты, әрі әдемі жазуға тәрбилеу
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер және карточкалар.
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы
1. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінің сабаққа аудару;
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ:
Оқушылардың 1 санына қосып, 1 санынан азайту жайлы білімдерін жетілдіру. Сандардың 1 санға артып немесе 1 саны кемуі жайлы білімдерін толықтыру.
а) Партаға бір ойыншық қоямын. Оқушылар сонша шеңбер алады. Ойыншықтарға тағы бір ойыншық қосамын. Оқушылар шеңберге тағы бір шеңбер қосады. Сұрақ:
- Ойыншықтар қанша болды? Екі.
- Қайдан білдің? Санау арқылы.
- Оларды санамай, қанша екенін білуге бола ма? Болады.
- Шеңберлерді бір біріне қосу арқылы. Яғни, 1 + 1 = 2. Дұрыс.
- Енді партадағы екі ойыншыққа тағы 1 ойыншық қосамыз. Ал сендер тағы бір шеңбер қосындар.
- Ойыншықтың саны қанша болды? Үш.
- Ал шеңбер нешеу? Үш.
- неге? Себебі, 2 + 1 = 3,
- Қайсысы үлкен? 2 әлде 3? 3
- Қайсысы кіші? 2 әлде 3? 2
- Үш екіден қаншаға артық? Бірге.
- Екі үштен қаншаға кем? Бірге.
Жұмыс осы ретпен 10 санына дейін жалғасады. Партада 10 ойыншық, ал оқушылардағы шеңбердің саны 10-ға жеткенде 1 санын азайту қарастырылады.
Мысалы: 10 – 1 = 9 6 – 1 = 5 2 – 1 = 1
9 – 1 = 8 5 – 1 = 4 1 – 1 = 0
8 – 1 = 7 4 – 1 = 3
7 – 1 = 6 3 – 1 = 2
Сергіту сәті:
4. Кітаппен жұмыс:
1 – тапсырма.
4 + 1 = 5 5 – 1 = 4
5 + 1 = 6 6 – 1 = 5
2 – тапсырма.
1
2
3
4
0
5
6
7
8
9
10
1 + 1 = 2 2 – 1 = 1
3 – тапсырма. Жолдардағы сандарды салыстыр.
0 < 1 < 2 < 3 < 4 < 5 < 6 < 7 < 8 < 9 < 10
10 > 9 > 8 > 7 > 6 > 5 > 4 > 3 > 2 > 1 > 0
4 – тапсырма.
0 2 4 1 3 * 10 8 * 9 7 *
0 3 1 4 * 10 7 * 9 6 *
5 – тапсырма. Өз бетінше орында.
10 = 1 + * 8 = 1 + *
6 = 1 + * 4 = * + 1
9 = * + 1 7 = * + 1
5 = * + 1 3 = 1 + *
6 – тапсырма. Шығырмашылық тапсырманы шешу жолы:
« » орнына «+» таңбасы қойылады.
* + 2 > 4
Енді теңсіздік дұрыс шығытындай етіп сандар қоямыз.
3 + 2 > 4
4 + 2 > 4
5 + 2 > 4
6 + 2 > 4
7 + 2 > 4
8 + 2 > 4
4. Енді « » орнына « - » таңбасы қойылады.
5. * - 2 > 4
6. 7 - 2 > 4
8 - 2 > 4
7. Сабақты қорытындылау:
- Балалар, бүгін біз не үйрендік?
8. Үйге тапсырма беру:
9. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
10.12.14ж
1 «в» сынып Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Қыс
Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі:Мәтінді мәнерлеп оқуға төселдіре отырып,
жыл мезгілдері,қыс туралы түсініктерін кеңейту. Мәтін мазмұнын
өмірмен байланыстыра түсінуге мүмкіндік жасау.
ә\Тәрбиелілігі: Әр жыл мезгілінің кереметін байқау арқылы оны
бағалай білуге,қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу
б\Дамытушылығы: Қыс тақырыбына байланысты сөз тіркестерін
дұрыс қолдана білу дағдыларының дамуына мүмкіндік беру.
Пән аралық байланыс: дүниетану,бейнелеу өнері
Әдісі:сөздікпен жұмыс.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: жыл мезгілдеріне байланысты суреттер.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушыларға құрал-жабдықтарын әзірлету.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
-Балалар бәрімізде орнымыздан тұрамыз.Менің айтқан сөздеріме қарай қимыл жасаймыз.
-Егерде білім алғанды қаласаңыз,басымызды изейміз.
-Егер жануарларды жақсы көрсеңіз басымыздан сипаймыз.
-Егер тәттіні жақсы көрсеңіз ернімізді жалаймыз.
-Егер досыңыз болса,оның қолын алыңыз.
-Егер көңіліңіз көтеріңкі болсын десеңіз,онда жымиыңыз.
-Өте жақсы осы көңіл күйлеріңіздің сабақ соңына дейін сақталуына тілектеспін.
ІІ. Жаңа сабақ.
1.Суретпен жұмыс.
Мына суретте не көріп тұрмыз?
Бұл суреттердің бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
- Мына көріністе жылдың қай мезгілі бейнеленген?
-Қыс мезгілі туралы не білесіңдер?
- Қыста күн қандай болады?
- Суық, аяз, боран.
- Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр?
- Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты.
-Желтоқсан айындағы басты мерекемізді ата.
-16 желтоқсан қандай күн? Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды? Тәуелсіздік дегенді қалай түсінеміз? (бағынышты болмау)Жаңа жыл.
-Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?)Құстар тіршілігінде қандай өзгерістер бар?
-Қыс мезгілінде ойналатын қандай спорттық ойындар бар?
Мәнерлеп сырғанау,хоккей,шаңғы жарысы,коньки.
- Қыста серуен кезінде ағаштың бұталарын сындырмау керек. Ағаштың түбіне қар үйінділерін үю керек
2.Оқулықпен жұмыс.Мағынаны тану.
а) Мәтінді мәнерлеп оқу.
-Мәтінде нені суреттеп тұр?
б) Оқушылардың іштей оқуы.
в)Тізбектей оқуы.
Мұздағы қауіпсіздік туралы айтып өту
*Қысқы ауа-райын құстар болжай алады.
1)Егер торғайлар дыбыс шығармай қонақтап отырса,қар жауады.
2)Қосылып шықылдаса,жылы болады.
3)Сауысқан шатыр астына тығылса,боран болады.
4)Қарғалар топтаса қарқылдаса,аяз болады.Аспанда ұшып жүріп қарқылдаса қар жауады.Суық боларда тұмсығын қанатының астына тығады.
*Қызықты дерек
Тропикалық елдерде қыс болмайды.Ол жақта шырша да өспейді.Қар жаумайды.Олар тек телевизор көріп не басқа елдерге барғанда ғана кездестіреді.мыс.Африка.
«Қыстың көркі-қар» демекші осы қардың өзіндік әдемілігі бар.
«Аққала» ойыны
* шығармашылық тапсырмалар беру.
Өлең шығару.
Қыс туралы сурет сал.
Қыс мезгілінің пайдасы,зияны
(Ауа тазарады,өсімдік,егін жақсы шығады.,жаңа жыл мерекесі,аязды күні зиянды микробтар өледі,шаңғы,шана тебеді
Адамдар салқын тиіп ауырады,жолдарды қар басып жүру қиындайды,үй жануарлары,құстар,аңдарға тамақ табу қиын,қатты аязда машиналар тұтанбайды,)
Ү.Сабақты қорытындылау.
ҮІ.Үйге тапсырма:1. Мәтінді мәнерлеп,түсініп оқу.
Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз,
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне, балаңыз.
Ендігі сендердің досттарын Ана тілін қарсы алайық! ...
Ана тілі (Жансая): Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріне, Ана тілі пәнімін.
Ана тіліне тақпай арнайық.
Сұлтан: Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
Ән: «Анамның тілі- аяулы үні»
Мұғалім: Ал,енді Әліппені ерінбей, жалықпай жанымызда отырып үйреткен жандарға жыр жолдап, сол кісілерге рахметімізді, ризашылығымызды білдіріп, еңбектерін ақтайық.Дымбілмес болмай, Білгішбек болыңдар!
Көрініс: (сахнаға кір-қожалақ Дымбілмес жүгіріп шығады)
Ана тілі: Дымбілмес! Дымбілмес!
Дымбілмес:Мыналар неге жиналған, әй! Менің Дымбілмес деп атымды атаған қайсысың?
Ана тілі:-Сәлеметсіз бе, Дымбілмес! Бүгін «Әліппемен қоштасу» мерекесі. Сен туралы айтқан мен.
Дымбілмес:-Әліппемен қош-та-су! Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой, мен кетейін! Чао! (кетіп бара жатып, бір баланың басындағы әріпті көріп қалады да, жұлып алмақшы болады.)
Бала: Тиіспе, менің басымдағыға! Мұнда әріп жазылған.
Дымбілмес:Әріп дейді ғой. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті ғой. Ал бала, мәссаған рогатканың суретін салып алыпты . Бұлардың бәрін мен «Әліппені» оқымай-ақ білемін.
Ана тілі:Ол не дегенің, Дымбілмес! Бұлар О,Ү әріптері ғой. Дегенмен , балалар, Дымбілместің сөзінің жаны бар.
Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас. Қане, ендеше әріптерге байланысты жұмбақтарын шешіп көрейікші.
Қос бүйірін тіреніп, Тұрады ылғи шіреніп. ( Ф )
2. Үш шырпыдан бір есік, Құрастырып көр шешіп. ( П )
3. Сақинаға қарайық, Ұқсайды оған қай әріп? ( С ) (жұмбақ айтылады, Дымбілмес 1-2 рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді
Ана тілі:-Міне, Дымбілмес, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі?
Дымбілмес:-Ой, мененбасқа білмейтіндер де бар шығар–ау іштеріңде!
Ана тілі:-Жоқ, Дымбілмес, барлық бала жақсы оқиды.
Дымбілмес:-Онда мен кітап оқығым келеді. Мен де мына балалар сияқты әріп танығым келеді. Енді қайтсем екен.........
Ана тілі:-Өте дұрыс. Тек алдымен үсті-басыңды жөнге сал! «Әліппені» таза, әдепті бала ғана ұстайды.
Дымбілмес:- Жарайды онда!(жүгіріп шығып кетеді) Сау болып тұрыңдар!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2014 жылқы жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз! Балалар мен Аяз ата қандай екенін білмеймін, маған түсіндіріңдерші, Менің сұрақтарыма жауап беріңдерші.
Балалар Аяз ата кім? Оның мұрны сәбіз сияқты ма? (балалар йә, жоқ деп жауап береді.)
Оның құлағы үлкен бе?
Ол балаларды жей ме?
Ол сендерге үлкен қаппен келе ме?
Бірге ән айтасыңдар ма?
Бәріне сыйлық бере ме?
Онда Аяз ата кім екені түсінікті болды. Аяз Ата мейірімді, сиқыршы балаларды жақсы көреді, Жылда біз оны асыға күтеміз. Ол бізге бақыт әкеледі. Кәне балалар бәріміз аяз ата
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2014 жылқы жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз! Балалар мен Аяз ата қандай екенін білмеймін, маған түсіндіріңдерші, Менің сұрақтарыма жауап беріңдерші.
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа - жыл
Ата - әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын!
Өлең де әзір ән де әзір
Ойында әзір – бәрі әзір
Кел жаңа жыл біздерге
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Жаңадан тақпақ
Аламыз жаттап
Жаңа жыл келді
Жаңа жыл аппақ
Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жасқа енді
Жаңа Жыл, Жаңа Жыл!
Жаңалық ізде сен,
Жаңа ән, жаңа жыр,
Жазып Бер бізге сен.
Жаңа Жылды қарсы алып,
Жасаймыз біз жылда бір.
Жарқын – жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
***
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Аяз ата келіп тұр,
Бизге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай!!!
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Аяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Балалар Аяз ата кім? Оның мұрны сәбіз сияқты ма? (балалар йә, жоқ деп жауап береді.)
Оның құлағы үлкен бе?
Ол балаларды жей ме?
Ол сендерге үлкен қаппен келе ме?
Бірге ән айтасыңдар ма?
Бәріне сыйлық бере ме?
Онда Аяз ата кім екені түсінікті болды. Аяз Ата мейірімді, сиқыршы балаларды жақсы көреді, Жылда біз оны асыға күтеміз. Ол бізге бақыт әкеледі. Кәне балалар бәріміз аяз ата
: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...
25.12.14ж
1 «в» сынып Әліппе
Достарыңызбен бөлісу: |