Оқу-әдістемелік кешен Қр бжҒМ бекіткен типтік бағдарлама 15. 05



жүктеу 10,37 Mb.
бет3/5
Дата21.11.2018
өлшемі10,37 Mb.
#23155
1   2   3   4   5

Ашық рай (индикатив) деп амал-әрекеттің өткенде, қазірде және келешекте болу я болмауын білдіретін негативті грамматикалық категорияны айтамыз. Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы арқылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады. Мейлі ол өтіп кеткен қимыл, іс-әрекет болсын (өткен шақ), мейлі ол болып жатқан іс-әрекет, қимыл болсын, мейлі ол әлі бола қоймаған, бірақ келешекте болуға тиісті қимыл, іс-әрекет болсын, ашық райдағы етістік әйтеуір ол туралы сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіреді.


Мысалы: Әркім өз ойымен отыр (Ғ. М.). Келемін тау ішінде түнделетіп (С. С). Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ (А). Жер жырттық, қайнады еңбек, егіс салдық (Ж. Ж.). Берілген мысалдағы отыр, келемін, шашпақ, жырттық, қайнады, салдық деген етістіктер белгілі бір шақты білдірумен қатар сөйлеушінің соған байланысты пікірін, шындық деп баяндауын білдіріп тұр: әркімнің өз ойымен отыруы, (нақ осы шақ); сөйлеушінің тау ішінде түнделетіп келе жатуы (ауыспалы осы шақ); сөйлеушінің мақсаты тіл ұстартып, өнер шашпақ болуы (мақсатты келер шақ); сөйлеушінің жер жыртуы, егін салуы және еңбектің қайнауы (жедел өткен шақ). Сөйтіп, етістіктің үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіруді ашық рай дейміз.

.

Бұйрық рай


Бұйрық рай етістігі бұйрықты, насихатты, тыйымды және т.б. білдіреді: «Сіз барыңыз!» «Бала кетсін» «Ол жаққа барма!» «Мүмкін, мен барармын» Хинди тілінде бұйрық рай көпше және жекеше түрде 2-ші жаққа ғана қолданылады. Бұйрық рай бірнеші түрде болады: бұйрық, өтініш, қалау, рұқсат, сақтандыру, т.б. Жекеше түрдің 2-ші жағында етістік түбіріне сәйкес келеді:

айту, -айт!

оқу, - оқы!

қарау, - қара!

Бұл форма балаларға, патшаларға және жақын адамдарға қолданады, сондай-ақ бұл сыпайы түрде де және анайы түрде де қолданыла береді. 2-ші жақта көпше түрде бұйрық рай үшін етістіктіңтүбіріне –о жалғауы жалғану арқылы жасалады.

- айту, - сендер айтыңдар!

- алу, - алыңдар!

- беру, - беріңдер

- егу, - егіңдер

О-жалғауы тікелей етістіктің бірінші әрпіне жалғасады.

үшін бұйрық рай түрі – бұйрық беру үшін, өтініш, әдептілік үшін көп қолданылады және бір адамға, сондай-ақ бірнеше адамға бірдей айтылады.

үшін, көпше түрдің 2-ші жағы, етістіктің түбіріне

жалғану арқылы жасалады. Бұл сыпайы түр бір адамға, сондай-ақ бірнеше адамға бірдей айтылады.

сөйлеу! Сіз сөйлеңізші!

айтыңыз, өтінем!

оқу, оқыңыз, өтінем!

оқыңыз, өтінем!

Бұйрық рай етістіктерімен мынадай болымсыз жалғаулықтар жалғанады:

-жоқ, көбінесе етістіктің алдында қойылады.

- (жоқ), сыпайы қарым-қатынас кезінде айтыладыжәне инфинитивпен бірге бұйрық рай түрінде. Сондай-ақ қалау рай түрінде қолданылады.

- (жоқ )болымсыз жалғау, тек бұйрық рай формаларымен және инфинитивпен бұйрық рай мағынасында қолданылады. Мысалы:

Ол жаққа барма! Үстелге жазбаңдар! Оған ақша бермеңіз!


Қалау рай


Қалау райы сөйлеушінің белгілі бір амалды я әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді. Бұл райдың көрсеткіштері есебінде -ғы (+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен (аналитикалық) форманттары қызмет етеді.[2]

Мысалы:

Менің

бар-ғы-м келеді

Біздің

бар-ғы-мыз келеді




Сенің

бар-ғы-ң келеді

Сендердің

бар-ғы-лары-ң келеді




Сіздің

бар-ғы-ңыз келеді

Сіздердің

бар-ғы-лары-ңыз келеді




Оның

бар-ғы-сы келеді

Олардың

бар-ғы-лар-ы келеді

Бұл форма мазмұны жағынан жүзеге асу я аспауы неғайбыл келер шақ мәнінде жұмсалумен қатар, өткен шақ пен осы шақ түрлеріне де қолданыла береді. Бірақ олар нақтылы амалдың жүзеге асқан я асып жатқан шағын емес, тек өткен шақта я қазіргі шақта сөйлеушінің көкейінде болған арман-ынтаны ғана білдіреді.

Күрделі -ғай еді форманты арқылы сөйлеуші басқа(II, III жақ) субъектінің бегілі бір амалды жасағанын я орындағанын аңсайды, іздейді, бірақ одан амалдың қалай тынғаны көрінбейді де, білінбейді.

Мысалы: сен барғай едің; ол барғай еді т. б.

Күрделі -са игі еді форманты арқылы да сөйлеуші басқа (II, III жақ) субъектінің амалды орындауын тек тілек ретінде атайды. Бірақ амалдың нақтылы орындалатыны я орындалғаны аңғарылмайды.

Мысалы: сендер барсаңдар игі еді; олар барса игі еді т. т.

Бірақ сендер барса игі едіңдер дегеннен тілек я қалаудан гөрі күдік я күмән мағынасы күштірек білінеді.

Күрделі -са еді форманты амалға тек арман мәнін үстейді, бірақ оның орындалуы я орындалмауы жөнінде ешқандай мәлімет білдірмейді.

Мысалы: ол келсе еді; сіз барсаңыз еді т. т.

Күрделі -са екен форманты да болашақта істелінетін амалды тек аңсап тілейді, бірақ оның жүзеге асу я аспауы тіпті ескерілмейді я ілтипатқа алынбайды.

Мысалы: сен ертең жүрсең екен; ол пікірін айтса екен т. т.


Шартты рай


Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне -са (- се) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы мағынасына орай, шартты рай формалары етістік дәйім құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысыныңбаяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді.[3]

Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Оның жіктелу үлгісі өткен шақ формасына ұқсас.




Аудиториялық: Кәсіби іс-әрекетке кіріспе

Сабақтың тақырыбы: Кэш жадысы. Процессор шинасы.Үстеу, оның қызметі мен оны аудару тәсілдері
Процессор өңдейтін мәліметтерді оперативті жадыдан алады. Әдетте процессор өзінде еш нәрсені де сақтамайды. Онда мәліметтер өңделетін ұяшықтар өте аз. Бұл жұмыс ұяшықтары регистр деп аталады. Процессордың жұмысын жеделдету үшін көптен бері кэштеу технологиясы қолданылып жүр. Кэш - бұл шағын ұяшықтық жады. Буфердің қызметін атқарады. Егер бір нәрсе жалпы жадыдан өңделсе, оның көшірмесі кэш жадыға түседі.

Шина дегеніміз - бұл сым-жолдарының жиынтығы, кей кезде цифрлік жүйеде бірнеше компоненттерді біріктіруші өткізгіштер. Бұл сым жолдары 3 типке бөлінеді: адрес, мәліметтер және басқару. Адрестік шинадан процессор орындалуға тиіс командалардың адрестерін оқиды. Қазіргі заманғы процессорда адрестік шина 32-разрядты, яғни ол 32 параллельді өткізгіштерден құралады.

Мәліметтер шинасы арқылы оперативті жадыдан регистрлерге және керісінше мәліметтерді көшіру процесі жүреді. Процессорда орындалған командалар осы басқару шиналары мен оперативтік жадыдан келеді. Командалар байттар түрінде көрсетіледі. Қарапайым командалар 1 байтқа сыяды, бірақ 2 немесе одан да көп байтты сыйымдылықты қажет ететін командалар да болады.

1. ТЫҢДАЙМЫЗ. ОҚИМЫЗ
1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңыздар.
Өңдейтін, жады, сақтамайды, ұяшықтар, жеделдету үшін, қызметін атқарады, көшірмесі, түседі, сым-жолдарының жиынтығы, біріктіруші өткізгіштер, басқару, құралады, орындалған, түрінде, көрсетіледі, сыйады, сыйымдылықты.
1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңыздар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңыздар, оқыңыздар.


Өңдейтін, жады, сақтамайды, ұяшықтар, жеделдету үшін, қызметін атқарады, көшірмесі, түседі, сым-жолдарының жиынтығы, біріктіруші өткізгіштер, басқару, құралады, орындалған, түрінде, көрсетіледі, сыйады, сыйымдылықты.

1.4 Сөз тіркесін құрыңыздар.




Жадыдан

Сым-жолдарының

................................

................................

...............................

алады


жиынтығы


2. ОҚИМЫЗ. СӨЙЛЕЙМІЗ
2.1 Мәтінді оқыңыздар және төмендегі сұраққа жауап беріңіздер.
А. Процессор өңдейтін мәліметтерді қайдан алады?

Ә. Регистр деп нені атаймыз?

Б. Кэш дегеніміз не?

В. Шина дегеніміз не және оның неше түрі бар?

Г. Адрестік шинаның қызметі қандай?

Ғ. Мәліметтер шинасы арқылы қандай үрдістер орындалады?

Д. Басқару шинасының атқаратын қызметі қандай?
2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңыздар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңыздар.


2.4 Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар. Сұхбатты мәтінге айналдырыңыздар.
- Арман, саған компьютердің оперативті жадысы туралы сұрақ қоюға бола ма?

- Әрине, болады.

- Кэш-жад немесе бүркеме-жад компьютерге не үшін қажет?

- Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жылдамдату үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.

- Сонда кэш шағын ұяшықтық жады екен ғой.

- Ол буфердің қызметін атқарады. Егер бір нәрсе жалпы жадыдан өңделсе, оның көшірмесі кэш жадыға түседі.

- Ал сым-жолдарының жиынтығын немесе цифрлік жүйедегі бірнеше компоненттерді біріктіруші өткізгіштерді қалай атауға болады ?

- Олар шина деп аталады. Бұл сым–жолдары 3 типке бөлінеді: адрес, мәліметтер және басқару.

- Адрестік шина деп неге аталған?

- Процессор адрестік шинадан орындалуға тиіс командалар адрестерін оқиды.

- Мәліметтер шинасы қандай қызмет атқарады?

- Мәліметтер шинасы арқылы оперативті жадыдан регистрлерге және керісінше мәліметтерді көшіру процесі жүреді.

- Ал басқару шиналары ше?
- Процессорда орындалған командалар осы басқару шиналары мен оперативтік жадыдан келеді. Қарапайым командалар 1 байтқа сыйады, бірақ 2 немесе одан да көп байтты сыйымдылықты қажет ететін командалар да болады.
2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Процессор _________ мәліметтерді оперативті __________ алады. Әдетте процессор өзінде ___________ де ___________. Онда мәліметтер өңделетін __________ өте аз. Бұл _______ _______ регистр деп аталады. Процессордың жұмысын _________ _____ көптен бері ________ __________ қолданылып жүр. Кэш - бұл шағын ұяшықтық жады. Буфердің ________ ____________. Егер бір нәрсе _______ жадыдан өңделсе, оның _________ кэш жадыға _______. Шина дегеніміз – бұл ____ -_____ ___________, кей кезде цифрлік жүйеде _______ компоненттерді _________ _________.


2.6 Сұрақтардың орнына мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып айтыңыздар.
Үлгі: қандай мәліметтерді? – өңдейтін мәліметтерді
нені сақтамайды, ненің жұмысын, жұмысын не істеу үшін, ненің қызметін атқарады, неден өңделсе, кэш жадыға не істейді, бұл ненің жиынтығы, нені біріктіруші өткізгіштер, нені оқиды, неден құралады, қайда көшіру процесі жүреді, командалар қалай көрсетіледі,нені қажет ететін.
2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыздар.
Процессор өңдейтін мәліметтерді оперативті жадыдан алады. Бұл жұмыс ұяшықтары регистр деп аталады. Кэш - бұл шағын ұяшықтық жады. Буфердің қызметін атқарады. Егер бір нәрсе жалпы жадыдан өңделсе, оның көшірмесі кэш жадыға түседі.

Шина дегеніміз - бұл сым-жолдарының жиынтығы, кей кезде цифрлік жүйеде бірнеше компоненттерді біріктіруші өткізгіштер. Бұл сым–жолдары 3 типке бөлінеді: адрес, мәліметтер және басқару. Қазіргі заманғы процессорда адрестік шина 32-разрядты, яғни ол 32 паралельді өткізгіштерден құралады.

Командалар байттар түрінде көрсетіледі. Қарапайым командалар 1 байтқа сыйады, бірақ 2 немесе одан да көп байтты сыйымдылықты қажет ететін командалар да болады.
2.8 Сөйлеу жағдаяттық ойын.
*Сіз «Информатика» пәнінен сабақ бересіз.

*Студенттерге «Кэш жадысы. Процессор шинасы» тақырыбын қалай түсіндірер едіңіз.

*Жоғарыдағы мәтінді пайдаланыңыздар.
3. ЖАЗАМЫЗ
3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңыздар.
өңдейтін шиналары

жұмыс құралады

қолданылып командалар

қызметін мәліметтерді

біріктіруші процесі

өткізгіштерден ұяшықтары

көшіру өткізгіштер

басқару атқарады

қарапайым жүр
3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңыздар.
А. Процессор, сақтамайды, әдетте, еш нәрсені, өзінде, де.

Ә. Бұл, кэш, жады, ұяшықтық, шағын.

Б. Шина, жиынтығы, сым-жолдарының, дегеніміз, бұл.

В. Процессордың, орнатылады, радиатор, үстіне.

Г. көрсетіледі, командалар, түрінде, байттар.

Ғ. Екі, одан, да, көп, немесе, сыйымдылықты, байтты, командалар, қажет ететін, болады, да.


3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.


Табыс септігі



Ауыспалы осы шақ

Үлгі: Еш нәрсе + ні сақтама +й+ды



Ілік септігі

Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы + табыс септігі

Үлгі: Процессор+дың жұмыс+ы+н


3.4 Сөздердің жасалу жолдарын анықтап жазыңыздар.
Көшірме, жиынтық, біріктіруші, өткізгіштер, бірнеше, қазіргі, заманғы, адрестік, разрядты, паралельді, оперативті, сыйымдылық, цифрлік.

3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңыздар.


Процессор оңдейтін мәліметтердың оперативті жадідан алады. Адетте процессор озінде еш нәрсены де сақтамайді. Процессордың жұмысынін жеделдету үшін көптен беры кэштеу технологиясы қолданіліп жүр. Егер бір нәрсе жалпы жадідан онделсе, оның көшірмесі кэш жадіга тұседі.

Бұл сым–жолдары 3 типке бүлінеді: адрес, мәліметтер және басқару. Қазіргі замангы процессорда адрестік шина 32-разрядты, яғни ол 32 паралельді откізгіштердан қүралады.

Процессорда орындалған командалардың осы баскару шиналары мен оперативтык жадідан келеді. Қарапайым командалар 1 байтқа сыйады, бырақ 2 немесе одан да көп байтты сійімділіқті қажет ететін командалар да болады.
3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңыздар.
1. Процессор өңдейтін мәліметтерді оперативті жадыдан ........................ .

2. Әдетте процессор өзінде еш нәрсені де ................. .

3.Процессордың жұмысын жеделдету үшін көптен бері кэштеу технологиясы ......................... .

4. Адрестік шинадан процессор орындалуға тиіс командалар адрестерін....... .

5. Командалар байттар түрінде ....................... .

6. Қарапайым командалар 1 байтқа .................... .


3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңыздар.

Шина және оның түрлері

Мәліметтер шинасы мен басқару шинасының қызметі

Кэш - бұл шағын ұяшықтық жады

3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған сөйлемдерді жазыңыздар.
3.9 Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңыздар.
Грамматика

Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді.Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді. Үстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгіжәне туынды үстеу жатады.

 

Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.

 

Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы;

2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.

1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

 

-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;



-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т. б.

 

-дайын, -дейін, -тайын, -тейін: бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т. б.

 

-шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.

 

-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т. б;

 

2. Кейбір үстеулер түбірге септік жалғауының сіңісіп, көнеленуінен жасалады:

 

Барыс септіктің көнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті), босқа (отырма),текке (күлме), т. б.

 

Жатыс септіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), қапыда (қалды), т .б.

 

Шығыс септіктің көнеленуінен: төтесінен (айтты), шалқасынан (құлады), т. б.

 

Көмектес септіктің көнеленуінен: кезекпен (сөйлеу), ретімен (айтты).

Күрделі үстеу сөздердің бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан жасалады: Сөздердіңбірігуінен жасалған күрделі үстеулер: қыстыгүні (қыстың+күні), ендігәрі (енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп (бұлай етіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл) т .б.

Сөздердің қосарлануы мен қайталануы арқылы жасалған күрделі үстеулер: ертелі-кеш, алды-артынан, бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-төмен, әрі-бері, оқта-текте, т. б.

 

Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулер: таңертеңнен қара кешке дейін, күні бойы, таң атқанша, ала жаздай, қыс бойы, т. б.



Тілімізде тұрақты тіркестер арқылы жасалатын күрделі үстеулер де кездеседі: қас пен көздің арасында, аяқ астынан, томаға тұйық, құлан таза, т. б.

 

Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:



 

1. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы:таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді,күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

 

2. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?)өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.

 

3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді.Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше?

Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?)отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол(қалай?) хабарласты, т. б.

 

4. Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді.Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқынбілдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір(қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақдегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.

 

5. Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең(биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.

 

6. Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жортабілмегенсіді, әдейілеп шақырды.

 

7. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т.

 


Аудиториялық: Кәсіби іс-әрекетке кіріспе

Сабақтың тақырыбы: Кәсіби іс-эрекет объектісі. Дербес компьютер жайлы ақпарат.

Компьютер (ағылшынша: computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдауға, қайта өңдеуге, сақтауға және нәтиже шығаруға арналған машина. Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар деп атала бастады.

Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі - есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі - басқару болып табылады. Компьютер өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі - дербес компьютер жақсы таныс.

Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты компьютерді пайдалану, біріншіден, жұмыс өнімділігін арттырады. Екіншіден, мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдейді. Үшіншіден, тапсырманы компьютермен орындау нәтижесінде нақтылық пен ұқыптылыққа қол жеткізуге болады.

Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та, олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін орталық процессордан, енгізу құрылғысынан, есте сақтау және шығару құрылғыларынан тұрады.

Орталық процессор барлық есептеу және ақпарат өңдеу істерін орындайды. Енгізу құрылғысы ақпаратты компьютерге енгізу қызметін атқарады. Есте сақтау құрылғысы бағдарламаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған. Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.



1. ТЫҢДАЙМЫЗ. ОҚИМЫЗ
1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңыздар.

Есептеулер, белгіленген, қабылдау, қайта өңдеу, сақтау, нәтиже шығару, дәуір, бастапқы, кезеңдер, қызметі, басқару, бөліктер, орын, ауыстырылуын, бөлшектер, ағыны, зерттелген, әсерлері, таралған, құралдар, қолданғандығы, пайдалану, себебі, өнімділігі, арттыру, мәліметтерді, жылдамдық, өңдеу, компьютерлік жүйелер, нақтылық, ұқыптылық, ұқсас, құрам, орталық, енгізу құрылғысы, есте сақтау құрылғысы, шығару құрылғысы, есептеу, орындайды, жеткізу үшін.

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңыздар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңыздар, оқыңыздар.


Есептеулер, белгіленген, қабылдау, қайта өңдеу, сақтау, нәтиже шығару,

дәуір, бастапқы, кезеңдер, қызметі, басқару, бөліктер, орын, ауыстырылуын, бөлшектер, ағыны, зерттелген, әсерлері, таралған, құралдар, қолданғандығы, пайдалану, себебі, өнімділігі, арттыру, мәліметтерді, жылдамдық, өңдеу, компьютерлік жүйелер, нақтылық, ұқыптылық, ұқсас, құрам, орталық, енгізу құрылғысы, есте сақтау құрылғысы, шығару құрылғысы, есептеу, орындайды, жеткізу үшін.


1.4 Сөз тіркесін құрыңыздар.




Ағынын

Есептеулерді

................................

................................

...............................

қолданады

жүргізуге

2. ОҚИМЫЗ. СӨЙЛЕЙМІЗ
2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңіздер.
А. Электроника табыстары нәтижесінде қандай машиналар жасалды?

Ә. Компьютердің негізгі қызметі қандай?

Б. Компьютер өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін не істейді?

В Біз не себепті компьютерді пайдаланамыз?

Г. Компьютердің құрамы қандай және олар қандай қызмет атқарады?
2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңыздар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңыздар.


2.4 Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар. Мазмұнын өзгертіп сұхбат құрыңыздар.
-Асылтас, компьютер ағылшынша нені білдіреді?

-Компьютер ағылшынша «есептегіш» деген мағынаны білдіреді.

-Бастапқы кезеңдерде компьютердің негізгі қызметі  есептеу болды ма?

-Иә, бастапқы кезеңдерде компьютердің негізгі қызметі - есептеу болса, қазіргі кезде басқару болып табылады.

-Компьютердің ең көп таралған түрі қалай аталады?

-Дербес компьютер деп аталады.

-Адамдар компьютерді не үшін пайдаланады?

-Жұмыс өнімділігін арттыру және мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу үшін пайдаланады.

-Компьютердің құрамына қандай құрылғылар енеді?

-Компьютер орталық процессордан, енгізу құрылғысынан, есте сақтау және шығару құрылғысынан тұрады.


2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Электроника табыстары __________ жасалынған техникалық аспаптар электрондық ____________ машиналар деп атала бастады. Компьютер дәуірінің бастапқы ____________ компьютердің ________ қызметі — ________ деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — ________ болып табылады. Компьютер өзінің _________ _________ тапсырманы орындау үшін механикалық бөліктердің орын ______________, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің _________ немесе басқа да жақсы __________физикалық құбылыс ___________ қолданады. Көбімізге ________________ ең көп таралған түрі — __________компьютер жақсы таныс.


2.6 Сұрақтардың орнына мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып айтыңыздар.
Үлгі: қандай машина? – нәтиже шығаруға арналған машина
ненің негізгі қызметі, қандай тапсырманы, нені орындау үшін, ненің орын ауыстырылуын, ненің ағынын, қандай бөлшектердің, кімге таныс, нені пайдаланудың, нені арттырады, қандай процессор, қайда сақтауға
2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыздар.
1. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі басқару болып табылады. 2. Компьютер өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. 3. Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты компьютерді пайдалану, біріншіден, жұмыс өнімділігін арттырады. 4.Екіншіден, мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдейді. 5.Үшіншіден, тапсырманы компьютермен орындау нәтижесінде нақтылық пен ұқыптылыққа қол жеткізуге болады.
2.8 Сөйлеу жағдаяттық ойын.
* Сіз информатика пәнінің мұғалімісіз.

* Сізге дербес компьютер жөнінде дәріс оқу керек.

* Осы тапсырманы қалай жүзеге асырар едіңіз?

3. ЖАЗАМЫЗ
3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңыздар.
қайта өңдеуге аспаптар

механикалық өңдеу

техникалық арналған машина

физикалық сақтау

мәліметтерді құрылғысы

енгізу бөліктердің

есте құбылыс

3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңыздар.


А. жүргізуге, есептеулерді, ақпаратты, және, алгоритм, алдын ала, белгіленген

бойынша, машина, арналған, қабылдауға

Ә. қазіргі, қызметі, басқару, кезде, болып, негізгі, олардың,табылады

Б. компьютерді, жұмыс, себебі, ең алғашқы, пайдаланудың, өнімділігін, саналады, арттыру, болып

В. орталық, ақпарат, процессор, есептеу, орындайды, барлық, және, істерін өңдеу

Г. енгізу, қызметін, атқарады, құрылғысы, ақпаратты, енгізу, компьютерге

Ғ. шығару, компьютердің, жұмыс, нәтижесін, адамдарға, құрылғысы, үшін, жеткізу, қолданылады
3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.


Есімшелі етістік



Зат есім

Үлгі: белгіле+н+ген алгоритм


Зат есім + табыс септігі

Тұйық етістік + барыс септік

Үлгі: Есептеулер+ді жүргізу+ге
3.4 Сөздердің жасалуын анықтап жазыңыздар.
электрондық, есептеуіш, механикалық, өнімділігік, жылдамдық, компьютерлік, дәлдік, ұқыптылық
3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңыздар.
Басқа күралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты компьютерді пайдалану, біріншіден, жумыс онімділігін арттырады. Екіншіден, маліметтерді үлкен жылдамдыкпен өндейді. Үшіншіден, тапсырманы компьютермен орындау нәтижесінде нактылық пен ұкыптылыкка қол жеткізуге болады.

Орталық процессор барлык есептеу және акпарат өңдеу істерін орындайді. Енгізу қүрылгысы акпаратты компьютерге енгізу қызметін аткарады. Есте сактау қурылгысы бағдарламаларды, мәліметтерді және жүмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауга арналған. Шыгару қурылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарга жеткізу үшін колданылады.


3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңыздар.
1.Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару ........................ .

2.Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі – жұмыс өнімділігін арттыру................. .

3.Орталық процессор барлық есептеу және ақпарат өңдеу істерін ...................... .

4.Енгізу құрылғысы ақпаратты компьютерге енгізу ............... .

5.Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін ...................... .

3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңыздар.

Электрондық есептеуіш машиналардың жасалуы

Компьютердің негізгі қызметі


Компьютердің пайдаланудың себептері

Компьютердің құрамы және олардың атқаратын қызметтері
3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған жаңа сөздерді жазыңыздар.
3.9 Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңыздар.

Орталық процессор барлык есептеу және акпарат өңдеу істерін орындайді. Енгізу қүрылгысы акпаратты компьютерге енгізу қызметін аткарады. Есте сактау қурылгысы бағдарламаларды, мәліметтерді және жүмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауга арналған. Шыгару қурылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарга жеткізу үшін колданылады.


3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңыздар.
1.Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару ........................ .

2.Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі – жұмыс өнімділігін арттыру................. .

3.Орталық процессор барлық есептеу және ақпарат өңдеу істерін ...................... .

4.Енгізу құрылғысы ақпаратты компьютерге енгізу ............... .

5.Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін ...................... .

3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңыздар.

Электрондық есептеуіш машиналардың жасалуы

Компьютердің негізгі қызметі


Компьютердің пайдаланудың себептері

Компьютердің құрамы және олардың атқаратын қызметтері
3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған жаңа сөздерді жазыңыздар.
3.9 Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңыздар.


Аудиториялық: Кәсіби іс-әрекетке кіріспе

Сабақтың тақырыбы: Мамандық бойынша пәндік салаға қазақ тілінде сипаттама беру: педагогикалық іс-әрекет ұғымы; Сөз тіркесі, оның байланысу тәсілдері.



Педагогикалық іс-әрекет  - педагогикадағы ағым. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Германияда пайда болды. Іс-әрекет педагогикасы өкілдерінің көзқарасы бойынша тәрбие мен оқытудың негізгі принципі — әрекет принципі болып табылады. Іс-әрекет педагогикасының негізін неміс педагогі В. Лай қалады. Іс-әрекет педагогикасы өкілдерінің пікірінше, барлық сыртқы тітіркендіргіштер кез келген ағзаларда, ең қарапайым түрлерінен бастап адамға дейінгілердің барлығында да, кері жауап беретін әрекеттер немесе қимыл реакцияларын тудырады. Бұлардың барлығы негізгі үш сатыдан өтеді: қабылдау, қайта өңдеу, әрекет, ең маңызды, ең қажетті деп санады. lc-әрекет педагогикасының өкілдері балаларды қоғамда қалыптасқан әдептану, эстетикалық, діни нормаларға қарсы болмауға үйретуге тырысты.

Грамматика

Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.

Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:



  1. Қайрат баяндады;

  2. балаларға баяндады;

  3. Досанмен болған;

  4. болған әңгіменің;

  5. әңгіменің мән-жайын;

  6. мән-жайын баяндады.

Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.

  • 1Сөздердің байланысу тәсілдері

  • 2Сөздердің байланысу түрлері

    • 2.1Қиысу

    • 2.2Меңгеру

    • 2.3Матасу

    • 2.4Қабысу

    • 2.5Жанасу

  • 3Дереккөздер

Сөздердің байланысу тәсілдері


Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады:

  1. Сөздер өзара қосымшалар арқылы, әсіресе жалғаулар арқылы, байланысады.

  2. Сөздер бір-бірімен септеулік шылаулар арқылы байланысады.

  3. Сөздер өзара ешбір жалғаусыз, шылаусыз, түбір тұлғаларында тұрып байланысады.

  4. Сөздердің арасындағы мағыналық байланыс кейде дауыс ырғағы арқылы де беріледі.

Сөздердің байланысу түрлері


Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.

Қиысу


Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін айтамыз.

Мысалы:





Жекеше

Көпше

1-жақ

Мен оқушымын

Біз оқушылармыз

2-жақ

Сен оқушысың

Сендер оқушыларсыңдар




Сіз оқушысыз

Сіздер оқушыларсыздар

3-жақ

Ол - оқушы

Олар - оқушылар







Жекеше

Көпше

1-жақ

Мен оқимын

Біз оқимыз

2-жақ

Сен оқисың

Сендер оқисыңдар




Сіз оқисыз

Сіздер оқисыздар

3-жақ

Ол оқиды

Олар оқиды




Бірінші мысалдағы 3-жақтың арнаулы жіктік жалғауы жоқ, сөздер тек жіктелу ретімен байланысқан, сонымен қатар олардың арасында кідіріс болады, жазуда сызықша қоямыз.

Меңгеру


Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.

Мысалы: Уикипедияны өңдеу; үлкенді сыйлау; балтамен ағашты жару


Матасу


Матасу - сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысу тәсілі

Мысалы: мектеп үйі, ауылдың малы.



Қабысу

Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.

Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат.


Жанасу


Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.

Мысалы: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу



Аудиториялық: Кәсіби іс-әрекетке кіріспе

Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру, педагогикалық іс-әрекеттің қойылысы, міндеттері, пайдаланылуы.Төл сөз бен төлеу сөздер.


Педагогикалық іс-әрекет, іс-әрекеттің басқа түрлері сияқты, психологиялық (пәндік) мазмұнмен анықталады, оған мотивация, мақсат, пән, құралдар, тәсілдер, өнім мен нәтиже жатады. Өзінің құрылымдық ұйымдасуында педагогикалық іс-әрекет әрекеттердің (іскерліктер) жиынтығымен сипатталады, олар ары қарай  қарастырылады.

Педагогикалық іс-әрекет пәні ретінде дамудың шарты мен негізі ретіндегі оқытушылардың пәндік әлеуметтік мәдени тәжірибені игерулеріне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет құралдары ғылыми білімдер болып (теоретикалық және эмпирикалық), солардың көмегімен және солардың негізінде оқытылушылардың тезаурусы қалыптасады. Білімдерді «тасушы» ретінде оқулық мәтіндері немесе пәндік айғақтың фактілерін, заңдылықтарын, қасиеттерін мұғалімнің ұйымдастырған бақылауы жағдайында (зертханалық, практикалық сабақтарда, даладағы практика кезінде) оқушының жаңадан жасаған елестетулері жатады. Техникалық, компьютерлік, графикалық және т.б. құралдар қосымша құралдарға жатады.

Педагогикалық іс-әрекетте әлеуметтік мәдени тәжірибені беру тәсілдері ретінде түсіндіру, көрсету (иллюстрация) оқу міндетін шешу бойынша оқушымен бірігіп атқарылатын  жұмыс, оқушының тәжірибесі (зерханалық, далалық), тренингтер болып келеді. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі, оқушының бүкіл аксиологиялық, құлықтылық-этикалық, эмоционалдық-мағыналық, заттық, бағалаушы құрастырушы-ларының жиынтығымен алғандағы оның қалыптасатын  жеке дара тәжірибесі болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі  емтихандарда, сынақтарда тапсырмаларды, оқу-бақылау жұмыстарын орындау критерийлері бойынша бағаланады. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі оның негізгі мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық дамуы, оның тұлға ретінде, іс-әрекет субъекті ретінде жетілуі, қалыптасуы болып табылады. Нәтиже, оқушының оқудың басындағы  сапасы мен  адамның жан-жақты дамуы тұрғысынан оның аяққы кезіндегі сапаларын салыстыру арқылы диагностикаланады



Грамматика

Төлеу сөз- көркем шығармада кейіпкердің сөзін айтылған қалпын сақтамай, тек мағынасын ғана жеткізетін сөздер. Мысалы, "Абай жолы" романында М.Әуезов Самалбек тілмәштің Абайға айтқан сөзін былай жеткізеді:

"Оның жалғыз білгенім сол деп айтқаны: алысып жатқан екі жақ бірдей Абайды тыңдау қажет десті, бірақ олардың ішінде, арғы ниетінде қандай байлау бар екенін Самалбек білмейді. Оның ойынша, Абай не қыларын өзі жақсы аңғаратын болар. Және сол өзіне лайық көрінген дағдылы жолмен куәлік айтқаны Абай басына лайық болар" дегендей кеңес тәрізді сөз айтып бітірді".

Бұл жерде жазушының кейіпкер сөзін тікелей келтірмей, өзінше мазмұндап беру тәсілі көңіл аудармақ. Көркем шығармада кейіпкердің ішкі монологі, яғни іштей айтқан ойы, кейде төл сөз түрінде басталып кейіпкердің аузынан шыққан қалпын сақтағандай көрініп, бара-бара төлеу сөз түріне ауысып, автордың сөзі болып кетеді, ал кейде сол екеуінің жігін, шекарасын айыру қиын болады. Осындай көркемдік тәсіл "Абай жолы" романында Абайды ойлану, толғану үстінде бейнелейтін тұстарда ұтымды қолданылады. Төлеу сөз тәсілін қолдану әдебиетте төл сөзге қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі. Бұдан жазушының кейіпкер сөзін тікелей айтылған қалпын сақтап беруге көбірек мән беретіні байқалады.[1]



Төлеу сөз – бөгде сөздің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны сақталған түрі. Автордың өзге біреудің сөзін өз тарапынан өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз. Мұндайда біреудің сөзінің не туралы айтқаны, негізгі ойы сақталады да, оған тән басқа ерекшеліктер: ритмика-интонациялық бояуы мен кей сөздердің грамматикалық тұлғалары өзгертіліп пайдаланылады. Төлеу сөзде бөгде сөздің тұрлаулы мүшелері жойылып, автор сөзінің тұрлаусыз мүшелеріне, яғни бастауышы ілік септікті анықтауышқа, баяндауышы табыс не барыс септікті толықтауышқа айналады. Сонымен қатар жақ өзгеріске ұшырап, бір жақтың орнына басқа бір жақ қолданылады. Автор сөзіндегі “де” етістігі түсіп қалып, оның орнына басқа етістіктер қолданылады.

  • Мысалы, Әлі бұл өңірде көктің шабан тебіндеп келе жатқанын, қыс ызғарының әлі түгел айығып болмағанын әңгіме қып отырды (М.Әуезов). Елеусіз көлдің не себептіҚызылкен атанғанын сұрады (Т.Әлімқұлов).[2]

Сабақтың тақырыбы: Оперативті есте сақтау құрылғысы. Барыс септік.

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жадысы, сондай-ақ, тұрақты есте сақтау құрылғысы компьютердің ішкі жадын құрайды. Процессор жұмыс кезінде осы екеуімен мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадысынан жедел жадыға жазылады.

Компьютердің жедел жадысында дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар сақталады. Ақпарат керек кезінде магниттік дискіден жедел жадыға көшіріліп өңделген соң, олар қайта сыртқы жадыға жазылып қойылады. Жедел жадыдағы ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде сақталады. Ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын ақпаратты жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.

Компьютердің жедел жадысының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Ақпарат көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі.

Компьютердің жедел жадысынан өзгеше оның тұрақты жадысы болады. Ол өзгертілмейтін ақпаратты сақтайды. Ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады.


1. ТЫҢДАЙМЫЗ. ОҚИМЫЗ

1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңыздар.


Есте сақтау құрылғысы, жедел, тұрақты, ішкі, алмасып отырады, сыртқы, дереу, тиіс, керек кезінде, ЭЕМ сөндірілгенде, торабы, ақау, өшкен шақтарда, ізсіз жоғалады, ұзақ уақыт, жоғалтып алмауы үшін, оқтын-оқтын, көлемі, есептеу жылдамдығы, бірлік, қолданылатыны, белгілі, өзгеше,

өзгертілмейтін, өшіріп, қайта, жаза алмайды, тек, оқуға болады.


1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңыздар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңыздар, оқыңыздар.


Есте сақтау құрылғысы, жедел, тұрақты, ішкі, алмасып отырады, сыртқы, дереу, тиіс, керек кезінде, ЭЕМ сөндірілгенде, торабы, ақау, өшкен шақтарда, ізсіз жоғалады, ұзақ уақыт, жоғалтып алмауы үшін, оқтын-оқтын, көлемі, есептеу жылдамдығы, бірлік, қолданылатыны, белгілі, өзгеше, өзгертілмейтін, өшіріп, қайта, жаза алмайды, тек, оқуға болады

1.4 Сөз тіркесін құрыңыздар.




Жадыға

Жадын


................................

................................

...............................

жазылады

құрайды

2. ОҚИМЫЗ. СӨЙЛЕЙМІЗ
2.1 Мәтінді оқыңыздар және төмендегі сұраққа жауап беріңіздер.
А.Компьютердің ішкі жадысын нелер құрайды?

Ә.Өңделуге тиісті кез келген мәлімет компьютердің қандай жадысында жазылады?

Б. Жедел жадыдағы ақпарат қашан сақталады?

В.ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен жағдайларда мәліметтер сақтала ма?

Г.Адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын ақпаратты жоғалтып алмауы үшін

қайда жазып отыруы керек?

Ғ.Комьютердегі ақпарат көлемі қалай өлшенеді?

Д.Компьютердегі өзгертілмейтін ақпаратты қандай жадыда сақтауға болады?


2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңыздар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңыздар.


2.4 Полилогті оқыңыздар. Мәтінге айналдырыңыздар.
Мұғалім: Компьютердің оперативті есте сақтау құрылғысы туралы не білесіңдер?

Сапар: Оперативті есте сақтау құрылғысы компьютердің ішкі жадын құрайды.

Айгүл: Процессор жұмыс кезінде жедел жады және тұрақты есте сақтау құрылғысымен мәлімет алмасып отырады.

Медет: Компьютердің жедел жадысында дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар сақталады.

Қуаныш: Жедел жадыдағы ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде сақталады.

Мұғалім: Адам өзіне қажет ақпаратты жоғалтып алмауы үшін не істеуі керек?

Сапар: Оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.

Айгүл: Компьютердің жедел жадысының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы арта ма?

Медет: Иә. Компьютердің жедел жадысының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.

Жұлдыз: Қуаныш, ақпарат көлемін өлшеуде қанша байт бірлігі қолданылады.

Қуаныш: Ақпарат көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылады.

Сапар: Компьютердің жедел жадысынан өзгеше оның тұрақты жадысы болады.

Айгүл: Ол қандай ақпаратты сақтайды?

Жұлдыз: . Ол өзгертілмейтін ақпаратты сақтайды.
2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Компьютердің ________ жадысында _______ өңделуге _____мәліметтер мен бағдарламалар сақталады. Ақпарат ___________ магниттік дискіден жедел жадыға көшіріліп __________ соң, олар қайта сыртқы жадыға _________ қойылады. Жедел жадыдағы ақпарат ____ жұмыс сеансы кезінде __________. Ондағы мәлімет ______ ___________ немесе электр _________ _____ болып, ток _____ ______ _____ ______. Осыған байланысты әрбір адам өзіне _______ ________ керек болатын ақпаратты _________ _________ ________ оны _______ - _______ магниттік дискіге жазып отыруы керек. Компьютердің жедел жадысының _________ өскен сайын оның ________ _________ да артады. Ақпарат көлемін ________ сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт ________ _________ _________.


2.6 Сөйлем ішіндегі асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыздар.
А) Өңделуге тиісті кез келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадысынан жедел жадыға жазылады.

Ә) Ақпарат керек кезінде магниттік дискіден жедел жадыға көшіріліп өңделген соң, олар қайта сыртқы жадыға жазылып қойылады.

Б) Ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады.

В) Ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады.


2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыздар.
Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жадысы, сондай-ақ, тұрақты есте сақтау құрылғысы компьютердің ішкі жадын құрайды. Процессор жұмыс кезінде осы екеуімен мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадысынан жедел жадыға жазылады. Компьютердің жедел жадысынан өзгеше оның тұрақты жадысы болады. Ол өзгертілмейтін ақпаратты сақтайды. Ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады.

2.8 Өзіңді-өзің тексер! Қанша сөз есіңе түседі?


А) Жады: жедел, .............................................. .

Ә) Ақпарат: өңделген, .................................... .

Б) Жылдамдығы: есептеу, ............................. .

В) Процессор: шинасы, ................................. .



3. ЖАЗАМЫЗ
3.1 Сөздерді сәйкестендіріп жазыңыздар.
есте сақтау сақталады

сыртқы сеансы

программалар құрылғысы

жұмыс жадысы

ЭЕМ оқтын

электр жылдамдығы

оқтын сөндірілгенде

есептеу торабында

өзгертілмейтін диск

магниттік ақпаратты


3.2 Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрып жазыңыздар.
А. процессор, алмасып, отырады, екеуімен, кезінде, осы, мәлімет, жұмыс.

Ә. жедел, тек, сеансы, жадыдағы, кезінде, ақпарат, жұмыс, сақталады.

Б. мәлімет, ондағы, немесе, ток, ЭЕМ, өшкен, сөндірілгенде, шақтарда, жоғалады, ізсіз.

В. компьютердің, өзгеше, жедел, тұрақты, оның, жадысынан, жадысы болады.

Г. ол, сақтайды, ақпаратты, өзгертілмейтін.

Ғ. алмайды, ешкім, қайта, жаза, оны, өшіріп.


3.3 Мәтіннен мына құрылымдар бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.


Барыс септігі



Ауыспалы осы шақ

Үлгі: Жады+ға жазыл+а+ды



Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы + ілік септігі

Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы

Үлгі: Жедел жады+сы+ның көлем+і


3.4 Сөздердің жасалуын анықтап жазыңыздар.
Магниттік, ізсіз, есептеу, жылдамдығы, бірлігі, өзгеше.
3.5 Мәтіндегі қателерді тауып, редакциялап жазыңыздар.
Оперативті есте сактау күрылгысы немесе ЭЕМ-нің жедел жадысы, сондай-ақ, түрақты есте сақтау күрылғысы компьютердін ішкы жадын қүрайды. Процессор жүмыс кезінде осы екеуымен мәлімет алмасып отырады. Онделуге тиісті кез келген малімет алдымен компьютердін сырткы жадысынан жедел жадыга жазіладі.

Компьютердін жедел жадысында дереу онделуге тиіс маліметтер мен программалар сакталады. Акпарат керек кезынде магниттік дискіден жедел жадыга кошіріліп өңделген сон, олар кайта сырткы жадыга жазіліп қойылады. Жедел жадідагы ақпарат тек жүмыс сеансы кезінде сакталады. Ондагы малімет ЭЕМ сондірілгенде немесе электр торабында акау болып, ток ошкен шактарда ызсіз жогалады.


3.6 Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңыздар.
1. Процессор жұмыс кезінде осы екеуімен мәлімет ........................ .

2. Жедел жадыдағы ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде .................. .

3.Компьютердің жедел жадысының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да ............ .

4. Компьютердің жедел жадысынан өзгеше оның тұрақты жадысы ....... .

5. Ол өзгертілмейтін ақпаратты ....................... .

6. Ешкім оны өшіріп қайта ................ , оны тек ........................ .


3.7 Төменде берілген сөйлемдерді абзац мазмұнына сәйкестендіріп жазыңыздар.

Ақпарат көлемін өлшеу

Компьютердің ішкі жадысы

Жедел жадыдағы ақпаратты сақтау


Компьютердің тұрақты жадысы


3.8 Мәтін бойынша естеріңде қалған сөйлемдерді жазыңыздар.

3.9 Мәтін мазмұнын қысқаша баяндап жазыңыздар.



Сабақтың тақырыбы:

Аналық тақша туралы мәлімет. Бейнекарта және оның сипаттамалары.

Көмектес септік.

Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады. Онда келесі құрылғылар орналасады:

• процессор;

• шина;

• жедел жады;



• тұрақты жады;

• слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тарақшалары).



Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.

Монитор мен бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін кұрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.

Монитор немесе дисплей – ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет.

ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер - ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға арналған бейнелік жад бар. Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді. Адаптерлер стандартты түрлі-түсті монитордағы түстер палитрасын (жиынын) анықтайды.



1. ТЫҢДАЙМЫЗ. ОҚИМЫЗ
1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңыздар.
Аналық тақша, негізгі, болып табылады, келесі, қосқыш тарақшалары, жүйелік, өңделеді, құрамдас бөліктері, күрделі, мөрлік, мыс өткізгіш жолшықтар, желі, қапталған, бойымен, құрастырылған, қосылатын, жеткізіледі, бейнежүйесі, кұрайды, бейне, даярлау, амалдар, атқарады, тұрады, қорабының, сәулелі түтікше, орналасқан, көрінісі, айқындап көрсету, қабілет, ерекшеленеді, түрлі-түсті, түстер

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңыздар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңыздар, оқыңыздар.

Аналық тақша, негізгі, болып табылады, келесі, қосқыш тарақшалары, жүйелік, өңделеді, құрамдас бөліктері, күрделі, мөрлік, мыс өткізгіш жолшықтар, желі, қапталған, бойымен, құрастырылған, қосылатын, жеткізіледі, бейнежүйесі, кұрайды, бейне, даярлау, амалдар, атқарады, тұрады, қорабының, сәулелі түтікше, орналасқан, көрінісі, айқындап көрсету, қабілет, ерекшеленеді, түрлі-түсті, түстер


1.4 Сөз тіркесін құрыңыздар.


Компьютердің Қосылатын

Құрастырылған

...............................

................................

...............................

тақшасы


слоттарға

микросхемалар



2. ОҚИМЫЗ. СӨЙЛЕЙМІЗ
2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңіздер.
А. Компьютердің негізгі тақшасына не жатады?

Ә. Онда қандай құрылғылар орналасады?

Б. Аналық тақша дегеніміз не?

В. Дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін не кұрайды?

Г. Монитор мен дисплей не үшін қажет?

Ғ. Адаптер қайда орналасқан және ол несімен ерекшеленеді?

2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңыздар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңыздар.


2.4 Полилогті оқыңыздар. Мәтінге айналдырыңыздар.

жүктеу 10,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау