Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет19/61
Дата29.12.2019
өлшемі1,4 Mb.
#25395
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61

 
57 
Әлемнің  физикалық  бейнесі  әлемнің  жаратылысының  ғылы-
ми  бөлігі  болып  табылады.  ӘФБ  ұғымдық  құрылымының  ма-
ңызды компоненттері ретінде: материя,  кеңістік пен уақыт, өзара 
байланыс  пен  өзара  әрекеттесу  туралы  философиялық  идеялар, 
сонымен  қатар,  физикалық  теориялар  арасындағы  өзара 
байланыстарды  бейнелейтін  іргелі  физикалық  идеялар  мен 
ұстанымдар  болып  табылады.  Әлемнің  физикалық  бейнесінің 
компоненттері: 
1. бастапқы философиялық ұғымдар 
2. физикалық теориялар 
3.  физикалық  теориялар  арасындағы  байланыстарды  сипат-
тайтын ұстанымдар.  
Физика  тарихында  әлемнің  үш  физикалық  бейнесі  болды. 
Бұлар:  механикалық,  электродинамикалық  және  кванттық-өріс-
тік. Олардың әрбіреуі материя, кеңістік пен уақыт, қозғалыс пен 
өзара  әрекеттесу  жөнінде  түсініктерімен  сипатталады.  Олардың 
әрқайсысына  теорилар  мен  заңдардың  белгілі  бір  жүйесі  енеді.  
Әлем бейнесінің ауысуы – осы түсініктердің сапалы әрі түбегейлі 
өзгеруіне алып келеді. 
Әлемнің  физикалық  бейнесінің  құрылымдық  элементтерінің 
бірі  физикалық  теория  болып  табылады.  Кез-келген  білім  өзінің 
табиғаты жағынан жүйелі, яғни белгілі бір элементтерден тұрады, 
білімнің  басқа  да  элементтерімен  байланыста,  дамуға  қабілетті. 
Физикалық  теорияны  ерекшелендірір  тұратын  белгілері  - 
ұғымдар  жүйесінің  тұйықтығы  болып  табылады.  Әрбір  теория 
айрықша  бастапқы  ұғымдарға,  анықтамаларға,  аксиомаларға, 
теорияны  талдаумен  байланысты  математикалық  аппарат  пен 
идеяларға  ие.  Әртүрлі  теориялардың  әртүрлі  топтастырулары 
болады.  Олардың  ішінде  Гейзенбергтің  топтастыруында  төрт 
іргелі теориялар бөлініп көрсетіледі: 
- Ньютон механикасы; 
- Статистикалық механика; 
- Электродинамика 
(толқындық 
оптика 
мен 
арнайы 
салыстырмалылық теориясы); 
- Кванттық теория. 
Іргелі  теориялардан  басқа  тарихи  аспектіде  солардың  пайда 
болуының  негізі  болып  табылатын  жеке  теориялар  немесе  жеке 
теориялық cұлбалар бар. 
 


 
58 
Сұлба 4. 
Әлемнің физикалық бейнесінің құрылымының сұлбасы: 
 
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
Осы ұғымдар мен аксиомалар жүйесі бұдан былай теориялық 
бағыттар  немесе  іргелі  физикалық  теориялар.  Физикалық 
теорияларды  топтастыруда  басқаша  ыңғай  көрсеткен  белгілі 
философ,  физик,  мектеп  оқулықтарының  авторы  Г.Я.Мякишев 
болды.  Ол  физикалық  теорияларды  топтастыруды  екі  көрінісі 
Материя 
 
Қозғалыс 
 
Кеңістік 
 
Өзара әсер 
 
Сәйкестік 
 
ТТолықтыру 
 
Симметрия 
 
Себеп-
салдар 
 
Негізгі 
философия-
лық идеялар 
мен 
түсініктер 
Физикалық 
теориялар 
 
Теориялар 
арасында 
байланысты 
сипаттайтын 
ұстанымдар 
 
әлемнің физикалық бейнесі 
Классикалық 
механика 
 
Молекула-        
лық физика 
 
Элетродина-
мика 
мика
 
Кванттық 
физика 
 
негізі 
ядро 
салдар 
интерпретация 
Заңдар жүйесі, 
сақталу 
заңдары, 
Ұстанымдар 
мен постулат-
тар, фунда-
ментальды 
тұрақтылар 
 
Эмперикалық 
базис 
Идеалданған 
объект, 
Шамалардың 
жүйесі,  
Өлшеу  
тәсілдері 
Фактілерді 
түсіндіру. 
Практикалық 
қолданылуы. 
Салдардың 
шығарылуы. 
Ғылыми 
болжам       
Негізгі 
ұғымдар мен 
заңдылықтар-
ды түсіндіру. 
Қолдану 
шекарасын 
түсініп білу 


 
59 
бойынша  келтіреді:  материя  қозғалысының  формалары  және 
қоршаған әлемді танып білу тереңдігінің деңгейі. 
Жаратылыстану  ғылымдары  жүйесіндегі  физиканың  басты 
орынға  ие  болуы  -  терең  философиялық  және  ғылыми-техни-
калық  мазмұнмен  тікелей  байланысты.  Физиканың  түсініктері, 
зерттеу  нәтижелері  мен  әдістері  жаратылыстану-ғылыми  білім-
деріне  елеулі  ықпалын  тигізеді,  ал  әлемнің  физикалық  бейнесі 
оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастырудағы  басым  модель 
болып  табылады.  Оның  үстіне  физика  саласындағы  ашылып 
жатқан  жаңалықтар  жыл  сайын  ұлғайып  келеді.  Эксперимен-
тальдық  фактілер  көптеп  жинақталып,  физикалық  теориялар 
соған  сәйкес  дамиды.  Бұл  физикалық  теориялардың  өзара 
логикалық  байланыстағы  диалектикалық  бірлігі  дүниенің 
біртұтас физикалық бейнесін береді, физиканы оқытудың барлық 
әдістемелік  жүйесінің  басты  мақсаты  да  осы  болып  табылады. 
Мектептегі  физикалық  білімнің  даму  болашағын  анықтайтын-
дықтаи іргелі теориялар төңірегінде жинақталған фактологиялық 
материалды  неғұрлым  тереңірек  жалпылап,  жүйелеу  қажет. 
Физиканың  мазмұнын  жетілдіру  осының  негізінде  жүзеге 
асырылып отырмақ. 
Осыған  байланысты  «Физика»  оқу  пәнінің  базалық  білім 
мазмұнын  анықтауда  физика  курсының  дәстүрлі  құрылымының 
негізінде  жатқан  дүниенің  физикалық  бейнесінің  даму 
тұжырымдамасы  негізге  алынған.  Бұл  тұжырымдамаға  сәйкес 
білім  мазмұны  қарапайымнан  күрделіге  өтетіндей  тізбектілікте 
орналастырылады.  Ол  ойлауды  қарапайымнан  күрделіге  көтеру 
жолымен біртіндеп дамытуға мүмкіндік береді. 
Осы  тұжырымдық  ұстанымдарға  орай  физика  пәнінің  база-
лық  білім  мазмұны  былайша  анықталады:  әлемнің  механикалық 
бейнесі,  молекула-кинетикалық  бейнесі,  электродинамикалық 
бейнесі,  кванттық-өрістік  бейнесі  және  әлемнің  біртұтас 
физикалық бейнесі. 
«Физика» пәні бойынша білімнің осы базалық мазмұны орта 
мектептің сатыларына сәйкес былайша жобаланған. 
Оқушылардың  ғылыми-жаратылыстанудан  алғашқы  білімді 
бастауыш  мектеп  қалыптастырады,  онда  физикалық  білім 
"Дүниетану" деп аталатын кіріктірілген жеке пәнге енгізілген. 
Мектептің  келесі  сатыларында  дүниенің  ғылыми-жараты-
лыстану  бейнесінің  мазмұны  жеке  пәндер  арқылы  да,  кірікті-
рілген курстар арқылы да беріледі. 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау