Оқу -тәрбие жөніндегі орынбасары Мектеп директоры А. К. Касенбаева А. М. Елемесова



жүктеу 48,5 Kb.
Дата15.04.2020
өлшемі48,5 Kb.
#29602

« № 3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешен» ММ

КЕЛІСЕМІН: БЕКІТЕМІН:

Мектеп директорының

оқу -тәрбие жөніндегі орынбасары Мектеп директоры

_________ А.К.Касенбаева _____ А.М.Елемесова

« » __________________ « » ______________



Тақырыбы: « Мінез - адам көрсеткіші »

Дайындаған : Амангелдіқызы А


Семей қаласы

2011-2012 оқу жылы

Тақырыбы: «Мінез – адам көрсеткіші»



Мақсаты:

Оқушылардың мінез –құлық туралы түсініктерін кеңейту.



Міндеттер:

Жүргізу шарты: сынып немесе кез-келген басқа кең жарық

Әдістер: әңгімелесу, ойын әдістері , сұрақ – жауап , интерактивті әдіс.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер карточкалар,түрлі-түсті бояулар, доп ,тоқыма жіп , 4 ватман қағаз, маркерлер , скоч.

Тренингтің ережесі:

1. Бір-бірімізді тыңдаймыз;

2. Достарыммен жақсы қарым –қатынаста болу;

3. Уақытты үнемдейміз;

4. Белсенділік көрсетеміз;

5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;

6. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену.

Тренингтің кезеңдері

Амандасу рәсімі : «Достық торы» жаттығуы

Мақсаты: Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуалды құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші тоқыма жіпті бір саусағымен іліп алып өзі қалаған қатысушыға жылы лебізін білдіріп лақтырады. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек. Соңында «достық торы» пайда болады.

Ойланайық , пікірлесейік

Адам өмірі іс-әрекеттер тізбегінен, басқалардаң әрекеттерін қабылдаудан

және оларға деген түрлі көзқарастардан тұрады. Кез келген әрекетті дұрыс түсініп, қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді. Алайда адамның өзін осы қабілетке баулап, тәрбиелеуге мүмкіндігі мол.

Ал ендің «Ойланайық , пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар мінез-құлықтың адамның қарым-қатынас жасауындағы аладын орны, адамның өз мінезін өзгерте алатындығы, оның үнемі өзіне өзі сын көзбен қарай отырып, өзін өзі тәрбиелеуі жөніндегі тақырып айналасында жүргізіледі.


  • Неліктен «Мінез – адам көрсеткіш» болады деп ойлайсыз?

  • Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?

  • Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

  • Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсыз?

«Мен сені жақсы көремін» ойыны.

Бұл ойында оқушылар айналарын алып , айнадағы өз бейнелеріне көз алмай біраз уақыт қарайды.

Мынадай сұрақтарды қайталайды.


  • Мен кіммін? Маған қарап тұрған кім ?

  • Мен жақсы адаммын ба? Әлде жаман адаммын ба ?

  • Мен туралы достарым не ойлайды ?

  • Тәртібім қандай ?

  • Менің мінезім қандай ?

  • Достарым көп болу үшін не істеуім керек?

  • Қандай жақсы қасиеттерім бар?

  • Қандай жаман қасиеттерім бар?

Әр оқушының өз ойын айтуына мүмкіндік беріледі.

«Біз қандаймыз?» жаттығуы

Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірінің мінез –құлықтарымен жете танысуы.

Қатысушылар жүргізушіден үлкенерек ақ парақ алып, бәрі шеңбер бойымен отырады. Әркім парақтың үстіңгі жағына өзінің есімін жазады және парақта вертикаль сызықпен екі бөлікке бөледі. Сол бөлігінің жоғарғы жағына «плюсы» , оң жағына «минус» белгісін қояды. «Плюс» жазылған бөлікке , қатысушылар кез-келген түстің, кез-келген жыл мезгілінің , кез-келген жемістің , аңның, кітаптардың аттарын, өзі рахаттану үшін оған не істеуге болатынын жазады, әркім ұнамайтын түстерін , жануарын, жыл мезгілін және т.б. атап шығады. Жүргісуші де өз жауаптарын жазады және бәрімен бірге жаттығуды орындауға қатысады.

Соңында,қатысушылар парақты кеуделеріне тығып алады. Барлығы үндемей, бөлме ішінде баяу жүреді және бір –бірінің парақтарына жазылғандарын оқиды.

Талдау :

Жаттығу ұнады ма? Не ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындықтар келтірді? Алған әсеріміз қандай?



«Қасиеттер жәрмеңкесі» ойыны.

Оқушыларға екі бағанаға бөлінген ақ парақ таратылып беріледі.

І бағанға «Сатамын», ІІ бағанға «Сатып аламын» деген сөздер жазылады.

Музыка ойналады.

Оқушылар өз бойларындағы қандай қасиеттерді сатқылары келеді және қандай қасиеттерді сатып алғылары келетіндіктерін қағазға түсіреді.

Жазып болғаннан кейін парақты кеуделеріне ұстап тұрып, өзара сатуға ұсынылған қасиеттерімен танысады.

- Қандай қасиеттер көбірек сатылуға ұсынылды?

- Не себепті сатып алғымыз келді?

- Не себепті сатқың келді?

Сұрақтар бойынша оқушылармен қорытындылау жұмыстары жүргізіледі. «Түрлі қасиет сататын базары» Жақсы қасиеттерін гүлге жазады,жаман қасиеттерін найза жағына жазады.

Ойыннан шығатын қорытынды: «Кемшіліксіз адам болмайды, Өзіңнің кемшілігін мойындау –ол да бір ерлік».

«Кемпірқосақ» ойыны.

Музыкада , яғни жаңбыр жауып , күннің күркірегені ойналады.

Оқушылар жаңбырдан қорғанады. Біраз уақыттан соң, жаңбыр тоқтап, оқушылар кемпірқосақты көреді.

Сол кезде олар өздеріне қажетсіз деп тапқан қасиеттерді (қағазға жазып шиыршықтап орайды) үстерінен төмен тастап үлгеруі керек. Және аяқтарымен таптайды, сілкінеді.



Рефлексия.

  • Бүгін психолог сағаты сендерге ұнады ма?

  • Қандай жаңалық аштыңыз?

  • Қандай шешім жасадыңыз?

Осымен сабағымыз аяқталды . Рахмет. Баршаңызға сәттілік тілеймін.
жүктеу 48,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау