Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология»


Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы



жүктеу 2,47 Mb.
бет3/3
Дата11.12.2017
өлшемі2,47 Mb.
#4092
түріСабақ
1   2   3

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)
11- тақрып

1. Сабақтың тақырыбы: Өндірістік зияндылық түсінігі, жіктелуі. Кәсіптік аурулар. Кәсіптік аурулардың алдын –лу шаралары. Еңбек физиологиясының негіздері. Еңбек үрдісіне байланысты қажу мен аурулардың алдын алу.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға атмосфералық ауа гигенасы пәнінің мақсатын міндетін оқыту және үйрету

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Негізгі өндірістік зияндылықтар. Мамандыққа байланысты аурулар және олармен күрес

Адам жұмыс кезінде өндірістің көптеген зиянды факторларының әсеріне душар болады: климат және мамандыққа байланысты факторлар.

Мамандыққа байланысты факторлар адамның жұмысқа деген қабілеттілігін төмендетеді, денсаулығына теріс әсерін тигізеді, мұны өндірістік зияндылықтар дейді. Оларға мыналар жатады:


    1. Жұмыс процесі дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда: жұмыс тәртібінің бұзылуы, жұмыс кезінде дененің ыңғайсыз жағдайда болуы, физикалық және жүйке – психикалық әсерлер және т.б.

    2. Өндірістік процестің ерекшелігіне байланысты туындайтын зияндылықтар. Олардың негізгілеріне мыналар жатады:

  • микроклиматтық жағдайдың теріс әсері (қатты қызу, салқындау);

  • жоғарғы және төменгі атмосфералық қысымның әсері

( кессонды ауру және судың астында жүргізілетін жұмыстар);

  • шудың және дірілдің көп мөлшері;

  • әр түрлі электромагниттік өрістер (жылулық, көрінетін және ультракүлгін сәулелер, радиожиіліктегі диапозондар, ионды және т.б. сәулелер);

  • өндірістік улар;

  • өндірістік шаңдар;

  • патогенді микроорганизмдер (мал шаруашылығында– бруцеллалар, тері өңдеумен айналысатын өндірістерде – сібір жарасы және т.б.);

  • жарақаттану тудыратын механикалық факторлар,

    1. Жалпы санитарлық еңбек жағдайының теріс әсері:

жарықтанудың жеткіліксіздігі, ауа жылдамдығының нормадан

тыс көп болуы, цехтардың дұрыс орналаспауы, себіл (душ) мен асхананың болмауы.

Егер ауру өндірістік зияндылық әсерінен пайда болса және ол арнайы бекітілген тәртіппен расталса, ол ауру «мамандыққа байланысты ауру» деп аталады. Мысалы, мал шаруашылығында жұмыс істейтін адамның бруцеллезбен ауруы, сауыншылардың қолының жүйке – бұлшық ет аппаратының ауруы, баспаханада жұмыс істейтіндердің қорғасынмен улануы және т.б.

Мамандыққа байланысты аурулардың тізімі заңды түрде бекітілген.

Мамандыққа байланысты аурудың алдын алуда және оны ерте анықтауда адамдардың жұмысқа түсер алдында өтетін медициналық тексерулер мен мерзімді медициналық тексерулердің маңызы зор.

Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы нұсқамасында өндірістік зиянды факторлар әсер ететін орында жұмыс істейтін адамдарды медициналық тексеруден өткізуге қатысатын дәрігер- мамандардың тізімі және денсаулығына байланысты жұмысқа қабылдауға қарсы көрсеткіштер берілген.

Егер өндірістік зияндылық қарқынын санитарлық нормаға дейін азайту мүмкіншілігі болмаса, онда басқа да қосымша қорғаныс құралдарын қолданған өте маңызды. Оларға газ тұтқыр (противогаз), респираторлар, қорғағыш көзілдіріктер, шуға қарсы аппараттар (противошумдар), әр түрлі арнайы киімдер және аяқ киімдер, қорғағыш сықпа майлар (пасталар) мен жағылмалар жатады.

Техникалық дамуға (прогреске), өнідірістің дамуына және еңбек гигиенасының жетістіктеріне байланысты қазіргі кезде көптеген өндірістік зияндылықтар толығымен жойылған, ал кейбіреулері жайлап жойылып, қазіргі кезде сирек кездесетін болды.

Еңбек физиологиясы – физиологияның бір тарауы, ол адам ағзасының жұмыс кезіндегі функционалды өзгерістерін зерттеп, жұмыс қабілетін сақтау және оны жоғарылату, жұмыс процесінің адам денсаулығына теріс әсерінің алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлейді.

Еңбек және жұмыс. Еңбек дегеніміз әлеуметтік түсінік. Еңбек қоғамның қалыптасуының негізі болып саналады, ал адам өзінің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін еңбек етеді. Еңбек түрі өте көп, оның жіктелуі қазіргі күнге дейін жалғасуда. Биологиялық тұрғыдан еңбек ағзаның маңызды қызметі болып табылады. Кез келген еңбектің жалпы ұқсастықтары және өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Еңбек ежелден шартты түрде екіге бөлінеді: дене еңбегі немесе оны физикалық еңбек деп те атайды, екіншісі ой еңбегі. Бұл жіктелу қазіргі кезге дейін сақталған.

Ой еңбегі кезінде жүйке жүйесінің жоғарғы бөлігі – миға күш түседі.

Дене еңбегі кезінде күш орталық жүйке жүйесінен басқа, басым бөлігі бұлшық ет – жүйке аппаратына, жүрек – қантамырына, тыныс алу және термореттегіш жүйеге түседі.

Соңғы кезде автоматизация мен механизацияның кең қолданылуына байланысты ауыр еңбек түрі жеңілге ауысып, адам тек қадағалаушы және басқарушы функциясын атқаратын болды.

Кез-келген еңбек түрінде энергия жұмсалады, адам ағзасында физиологиялық өзгерістер болады.

Жұмыс кезінде ағзада болатын өзгерістер

Орындалатын жұмыстың түріне және ауырлығына байланысты адам ағзасында көптеген өзгерістер болады: жоғары жүйке жүйесінде, жүрек - қантамыр жүйесінде және т.б.

Оймен істейтін жұмыс кезінде адамның жүйке жүйесінің қозу процесінде мидың көп бөліктеріне, оның ішінде үлкен мидың жұмысына көп күш түседі.

Дене еңбегі кезінде орталық жүйке жүйесінен тараған серпіндердің әсерінен бұлшық еттерде өздеріне тән биохимиялық және биофизикалық процестер жүреді, олар бұлшық еттердің жиырылуын туындатады.

Жұмыс жасап жатқан бұлшық еттердің оттегіне және қоректік заттарға деген сұранысы артады, осыған байланысты ағзаның көптеген физиологиялық жүйесінің жұмыстары күшейе түседі. Жүрек – қан тамыр жүйесінде көптеген өзгерістер болады: жүректің соғуы жиілейді, адамның қалыпты жағдайында жүрек минутына 60-70 рет соқса, ал жұмыс кезінде ол 90-150 және одан да көп рет соғады. Жүректің систоликалық көлемі көбейеді, осыған байланысты жүректен шығарылатын 1 минуттағы қан көлемі адамның қалыпты жағдайында 3 - 5 л болса, жұмыс кезінде ол 30 - 40 л –ге көтеріледі. Ең жоғарғы артериалдық қан қысымы нормадан 5 – 30 мм сынап бағанасына көтерілуі мүмкін.

Жұмыс аяқталған соң ағзада болған өзгерістер қалпына жаймен келеді. Жұмыс аяқталған уақыттан ағзаның қалыпты жағдайға келуі үшін біраз уақыт өтеді, ол уақытты қалпына келу кезеңі деп атайды.

Тамырдың соғуын тексеру – ағзаның жағдайына жұмыс кезінде және қалпына келу кезеңінде баға беруде қарапайым және қолайлы әдіс болып саналады.

Егер еңбек жеңіл болса, жұмыс аяқталғаннан кейін жүрек соғу жиілігі 2 - 4 минут уақытта қалпына келеді, ал ауыр еңбек кезінде қалпына келу уақыты 60 - 70 минутқа дейін созылады. Адамның жұмыс ауысымындағы жұмысқа қабілеттілігі № 14 кестеде көрстілген.



№ 14 кесте.

Шаршау мен зорығудың алдын алу үшін шаралар дайындау еңбек гигиенасының маңызды мақсаттарының бірі. Ой немесе дене еңбегі кезінде шаршағанда орталық жүйке жүйесінің жағдайы маңызды орын алады.

Қандай жұмыс болсын, егер жұмыс жақсы ұйымдастырылған болса: технологиясы жақсы ұйымдастырылған, жақсы көрсеткіштері үшін материалды марапаттаулар, жұмыс орнында тазалық пен тәртіп жақсы сақталса, техниканың бәрі жұмыс істеп тұрса, жұмыс орны өндірістік жағынан эстетикалық жақсы безендірілген, музыка немесе адамға жақсы әсер ететін факторлар болса, адамның жұмыс қабілеті ұзаққа дейін жоғары деңгейде сақталып, өндіріс қарқыны жақсы болады.

Адамның жұмыс қабілеті оның біліктілігіне, өндірістік дағдыларына және жаттығуларына байланысты. Жаттығу дегеніміз бір жұмысты көп рет және жүйелі қайталау арқылы бұлшық еттің жұмыс деңгейін көтеру және ағзаның шыдамдылығын жоғарылату. Жаттығу кезінде немесе жұмысты үйрену кезінде жылжу үйлесілімділігі, жүрек – қантамыр жүйесінің жұмысы, тыныс алу және басқа да физиологиялық жүйелердің жұмысы жақсарады. Жаттығудың маңызды принциптерінің бірі жаймен және жүйемен жұмысты күрделендіру, яғни өндірістік үйретуді ұйымдастыру кезінде оны ескерген дұрыс. Жоғарыда айтылғандардың бәрі біліктілігі жоғары және дұрыс өндірістік үйретулер шаршаудың алдын алу факторының бірі болып табылатындығын көрсетеді. Адам істейтін кез келген әрекет бұлшық еттің динамикалық және статикалық жұмысымен сипатталады. Бұлшық еттердің динамикалық жұмысы дегеніміз адамның денесінің кеңістікте жылжу кезіндегі бұлшық еттің жұмысы, мысалы жүкті қолмен көтеріп жылжыту. Бұлшық еттің статикалық жұмысы дегеніміз адамның денесі кеңістікте жылжымайды, мысалы, жүкті көтеріп тұру. Адамның жылжуы адамның аяғының бұлшық еттерінің динамикалық жұмысынан тұрады, ол адамның бір жерден екінші жерге жылжуына мүмкіндік береді. Дененің бұлшық еттерінің статикалық жұмысының әсерінен адамның денесінің тік күйде болуын қамтамасыз етеді. Бұлшық еттердің статикалық жұмысы адамдарды тез шаршатады. Сондықтан бұлшық еттердің статикалық жұмысын мүмкіндігінше азайту керек, әсіресе дененің ыңғайсыз жағдайда тұрып атқаратын жұмысын. Оны жою үшін құрал- жабдықтарды, станоктарды дұрыс орналастыру керек, жұмысты дұрыс ұйымдастырып, артық қимылды болдырмау керек.

Шаршаудың алдын алуда көп энергия жұмсалатын жұмыстардың (ағаш кесетіндер, жер қазатындар, жүк тасушылар және т.б.) өндірістік процесін автоматизациялау мен механизациялау маңызды орын алады.

Жұмыстың түрін ауыстырған кезде де шаршау азаяды, өйткені бұл кезде орталық жүйке жүйесінің бөліктері кезекпен жұмыс істейді. Әсіресе оймен атқаратын жұмысты дене еңбегіне алмастырған өте тиімді.

Оймен атқаратын жұмыстың жоғары деңгейде болуына жүйелілік жақсы әсер етеді. Сондықтан жұмыс жүйелі және белгілі бір тәртіппен атқарылатын болу керек. Жұмыстың әр түрі белгілі бір уақытта атқарылатын болу керек.

Ой еңбегі мен дене еңбегінде шаршаудың алдын алуда өндірісте жалпы гигиеналық жағдайлар жасау: оңтайлы микроклимат, таза ауа, жүйелі жарықтану, шудың болмауы және дұрыс тамақтану маңызды орын алады.

Шаршаудың алдын алудың тағы бір шарасы – ол жұмыс күнінің ұзақтығын шектеу. Жұмыс уақыты күніне 8 сағаттан көп болмауы керек, ал кейбір мамандықтарда: көмір өндіру және тау - кен жұмыстарында жұмыс уақыты 6 сағаттан аспауы керек. Шаршаудың алдын алуда жұмыс пен демалысты жүйелі ұйымдастыру да маңызды орын алады. Демалыстың екі түрі болады: пассивті ( ұйқы және тыныштық ) және активті немесе оны белсенді деп те атайды ( өндірістік жұмысқа қатысы жоқ әр түрлі іс - әрекеттер).

Жеңіл және орташа ауыр жұмыстан кейін белсенді демалыс шаршағанды тез және жақсы басады, ал ауыр дене жұмысынан кейін, шаршағанды тек пассивті дем алу арқылы ғана басуға болады.

Жоғарыда айтылғандардан басқа демалыс былай бөлінеді: өндірісте және жұмыстан бос уақытта дем алу. Жұмыс уақытында, егер жұмыс ауыр болса, әр 1-2 сағаттан кейін 5-10 минут үзіліс жасалып тұру керек. Егер үзілістер ұзаққа созылып кетсе адамның жұмысқа қабілеті төмендейді. Егер үзіліс кезінде гимнастикалық жаттығулар жасалса, ол жұмыс қабілеттілігіне жақсы әсер етеді. Мұндай жаттығулар ашық аспан астында немесе жақсы желдетілген бөлмелерде жүргізілу керек. Жұмыс қабілеттілігін жоғары деңгейде сақтау үшін, жұмыс барысында екі рет денешынықтыру үзілісін жасаған дұрыс: түскі үзіліске 2 сағат қалған кезде және түстен кейін жұмыс аяқталардан 2 сағат бұрын. Бұл жүйке орталығына, қан айналымына жақсы әсер етеді. Белсенді демалыстың қорытындыларына: адамның өзін- өзі жақсы сезінуі, шаршауды аз сезіну, көңіл - күйдің көтеріңкі болуы жатады. Үзіліс кезінде музыка қойып қойған да адамға жақсы әсер етеді. Арнайы дайындалған ырғақты музыка адамның жұмыс қабілетін жоғарылатады, әсіресе монотонды жұмыс істейтіндердің, мысалы, конвейерде. Біздің елімізде еңбек заңына сәйкес жұмыс күнінің ортасында түскі ас ішетін үзіліс қарастырылған, мұның өзі шаршаумен күресуде үлкен рөл атқарады. Түскі асқа бөлінетін үзіліс 1 сағаттан көп бомауы керек. Жұмыстың өндірісте жүйелі ұйымдастырылғанына және демалыстың дұрыс ұйымдастырылғанына баға беретін көрсеткішке еңбек қабілеттілігінің жоғары деңгейде ұзақ сақталуы жатады.

Қолданылатын барлық шараларға қарамастан, жұмыс күнінің соңында және апта соңында адамда шаршау байқалады. Мұндай шаршауды жою үшін күнделікті жұмыстан кейін және демалыс күндері жақсылап дем алудың маңызы зор.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)
12- тақрып

1. Сабақтың тақырыбы: Өндірістік ортаның физикалық факторлары (шу, діріл, электромагнитті сәулелену) зиянды әсерінің алдын алу. Иондық сәулелену.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға атмосфералық ауа гигенасы пәнінің мақсатын міндетін оқыту және үйрету

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Зиянды өндірістік факторлар дегеніміз жұмысты ұйымдастыру немесе жұмысты орындау кезінде адамның денсаулығына теріс әсер ететін, жұмыс қабілетін төмендететін, жедел немесе созылмалы улану тудыратын, жалпы аурушаңдықты арттыратын, басқа да теріс әсер ететін факторлар.

Адамның мамандыққа байланысты аурулары еңбек дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда, жарақат алу қауіптілігі, жұмыс орнының жайсыздығы, физикалық - химиялық, биологиялық өндірістік ортаның факторларының әсерінен болады.







  1. Физикалық факторлар




  1. Жұмыс орнының жоғары немесе төменгі температурасы, ылғалдылығы, ауа жылдамдығы.




  1. Инфрақызыл сәулелердің жоғары деңгейі.




  1. Ультракүлгін сәулелердің жоғары деңгейі.




  1. Лазерлі сәулелердің жоғары деңгейі




  1. Ионды сәулелердің жоғары деңгейі




  1. Электромагнитті сәулелердің жоғары деңгейі, электрлік және магниттік өрістердің жоғары кернеулігі.

  2. Статикалық электрдің жоғары деңгейі




  1. Жұмыс орнының жоғары деңгейде шаңдануы ( токсикалық емес фиброгенді шаңдар).

  2. Шудың, дірілдің, ультрадыбыстың және инфрадыбыстың жоғары деңгейі.



  1. Жұмыс орнының жеткіліксіз немесе жүйелі емес жарықтануы: табиғи жарықтанудың жеткіліксіздігі немесе мүлдем болмауы, жасанды жарықтанудың жеткіліксіздігі, жоғары деңгейде жарықтану, жарық ағынының пульсациясы.




  1. Жоғары немесе төменгі атмосфералық қысым.



Машина жасау және металлургия зауыттары, сырлау цехтары, мұздатқышта жұмыс істейтіндер және ашық аспан астында жұмыс істейтін құрылысшылар.

Металлургия зауыттары, шыны өндірісі және т.б.


Дәнекерлеу жұмыстары, металды электр көмегімен еріту және басқа да жұмыс түрлері.

Зерттеу жұмыстары, аспап құрастырушылардың еңбегі, медицина.

Атомды электростансалар, гамма және рентгенді дефектоскопия.

Генераторларды өндіру және қолдану, радиолокация.


Жасанды тері шығару, мата өндірісі және т.б.
Шахта, кен орны, машина жасайтын зауыттар және т.б.
Машина жасау зауыттарында және шахталарда механизацияланған құралдармен қолмен атқарылатын жұмыс, комбайнерлер мен трактористердің еңбегі.

Шахталар, аспаптар құрастыратын жерлер, машина жасау зауыттары, тоқыма және басқа да цехтар.


Көпірлер, туннель құрылысы, әуе көлігі және т.б.


Өндірістік шу және діріл

Өндірістік процестің көбі шумен байланысты. Шу дауыстың жиілігіне байланысты есту қабілетіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Дауыс жиілігі жоғарылаған сайын, оның теріс әсері жоғарылай түседі.

Өндірістік шумен күрес қазіргі кезде өзекті және күрделі мәселе болып саналады. Еңбек гигиенасының алдына қойған мақсаты шудың қарқындылығын ең төменгі мөлшерге жеткізу. Қазіргі кезде қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелерге сай оймен атқарылатын жұмыс бөлмесінде шудың мөлшері 50дБ, басқару бөлмелерінде – 60дБ, шу шығаратын қондырғылар орналасқан бөлмеде 80-85 дБ – дан көп болмауы керек. Одан басқа шудың әсер ету ұзақтығына және түріне байланысты өзгертулер қарастырылған.

Шумен күрес кезінде ең алдымен шудың шығу себебін анықтап, соны жою керек. Мысалы, технологиялық процесті өзгерту арқылы, ал кейбір жағдайларда шудың пайда болу себебі станоктардың босаған болттарынан, станоктың жұмысы реттелмеген жағдайда немесе бұзылған жерлері болғанда болуы мүмкін, ол кезде, ол станоктарды жөндеу керек.

Шуды азайту үшін шуды көп шығаратын цехтарды бөлек ғимаратта, басқа цехтардан шет жаққа орналастыру керек. Мұндай цехтардың қабырғалары шуды бәсеңдететін материалдардан тұрғызылу керек. Егер мүмкін болса, шу шығаратын станоктарды шуды бәсеңдететін арнайы кабиналарға орналастыру керек немесе оларды шуды бәсеңдететін материалдармен қаптайды, ол үшін ағаш немесе асбесс қолданылады. Кейбір жағдайларда қабырғаларды шуды бәсеңдететін материалдармен сылайды.

Машинамен жазатын бюроларда шуды азайту үшін қабырғаларын шүберек матриалдармен қаптайды – драптайды.



Жеке қорғаныс құралы ретінде шуға қарсы құралдар (противошумдар, антифондар) қолданылады. Олар ішкі және сыртқы шуға қарсы құралдар болып бөлінеді. Ішкі шуға қарсы құралдар - мақтадан жасалған шариктер, кейде оларға балауыз сіңдіріп қолдануға да болады, одан басқа арнайы резеңкеден жасалған қаптама қолданылады, оны сыртқы есту жолына қояды. Мұндай шуға қарсы құралдар адамдарда жағымсыз сезім тудырады, есту жолдарының беткі қабаттарын тітіркендіреді. Олар шудың мөлшерін 8-10 дБ – ға азайтады.

Сыртқы шуға қарсы құралдар гигиеналық жағынан тиімді болып саналады, оларға арнайы шуды азайту материалдарынан дайындалған құлақшалар (наушниктер) жатады. Бұлар шудың мөлшерін 20-25 дБ –ға азайтады. Жұмыс кезінде шуға қарсы құралдар 2-3 сағат қолданғанның өзі шудың зиянды әсерінен қорғанудың тиімді шарасы болып саналады.

Қарқындылығы 115 дБ және одан да көп шудан қорғану үшін шудан қорғайтын шлемдер кию керек.

Шудың зиянды әсерінің алдын алудың тағы да бір тиімді шарасы – ол жұмыс арасындағы үзіліс кезінде және түскі үзіліс кезінде тыныш жерде тынығып алу. Орта есту жолдарында патологиясы бар адамдар шулы цехқа жұмысқа тұрса, бұрынғы ауруы асқынады. Сондықтан орта есту жолдарында патологиясы бар адамдарға шулы цехтарда жұмыс істеуге тыйым салынады.

Егер қатты шулы цехтарда жұмыс істейтін адамдар арасында мерзімді медициналық тексеру кезінде есту қабілетінің нашарлауы байқалса, ол адамды шу шығармайтын цехтарға ауыстыру керек. Мынадай аурулармен ауыратын адамдарға шулы цехта жұмыс істеуге тыйым салынады: есту қабілетінің мүкістігі бар, гипертония, ас қазан жарасы, невроз және т.б.

Өндірістік діріл

Мынандай мамандықтарда адамдарға өндірістік діріл әсер етеді: дірілдейтін құралдармен жұмыс істейтіндер – асфальт бұзатындар, пневматикалық құралдармен: бұрғылау, қол бұрғы (дрель), пневматикалық немесе булы балғалармен жұмыс істейтіндер, әр түрлі көлік жүргізушілер, трактор, комбайн және бульдозер жүргізушілері.

Дірілдің ағзаға әсері оның жиілігіне, тербеліс қозғалысының амплитудасына және жылдамдығына байланысты. Діріл ауруының алдын алу шарасы дұрыс ұйымдастырылмаса, ол ағзаның жүйке жүйесінде функционалдық және органикалық өзгерістер туындатады. Сонымен қатар діріл ауруының клиникалық белгілеріне біріктірілетін өзіне тән ерекше (спецификалық) өзгерістер де болады. Діріл ауруының бірнеше түрі болады: дірілдің жергілікті (локальді) түрі – діріл белгілі бір мүшеге әсер еткен кезде байқалады, мысалы, пневматикалық құралмен жұмыс істеген кезде қолға әсер етіп, ангионевроз ауруын туындатады. Ол кезде адамның саусағында сезу қабілеті нашарлайды (онемения), терісі боз болады, саусақтары ауырады. Ұратын балғамен жұмыс жасайтындардың тірек - қимыл аппараттары және жүйке – бұлшық ет аппараттары зақымдалады. Көбіне қол, білек, иық тірек - қимыл аппараттары зақымдалады. Рентгенография кезінде остеопороз және басқа да трофикалық өзгерістер байқалады. Орталық жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы (бастың ауыруы, ашуланшақтық, бас айналу, талып қалу және т.б.) және эндокринді жүйенің жұмысының бұзылуы байқалады. Дірілдің одан басқа ағзаға жалпы және аралас әсері болады. Жалпы діріл әсерінен орталық жүйке жұмысының бұзылуы байқалады. Ең алдымен мынадай белгілер байқалады: бастың ауыруы, тез шаршағыштық, жалпы әлсіздік. Содан кейін барып вегетативті криздер байқалады: аяқ астынан адамның мазасы қашады, әлсіздік, жүрек айну, суық тер басу, бастың, жүрек тұсының және іштің қатты ауыратындығы байқалады.Ондай адамдардың психикасының тұрақты еместігі – депрессия белгілері байқалады. Дірілдің аралас түрінде жоғарыда айтылған зақымданудың екі түрінің аралас әсерлері байқалады.

«Діріл ауруының» алдын алуға мына шаралар жатады:



  • діріл тудыратын машиналардың астына арнайы үлкен фундамент құю;

  • діріл шығаратын машиналар мен құралдардың дірілді аз шығаратын немесе діріл шығармайтын жаңа түрлерін ойлап шығару;

  • тракторларға және басқа да машиналарға пружинасы бар жұмсақ отырғыштар орнату;

  • қолмен жұмыс жасайтын пневматикалық құралдардың қазіргі талаптарға сай жаңа түрлерін ойлап шығару;

  • дірілді азайтатын немесе мүлдем болдырайтын әр түрлі заттар ойлап шығару;

  • діріл шығаратын құралдармен жұмыс істеу уақытын шектеу: Санитарлық ережелерге сай барлық жұмыс уақытының 2/3 бөлігінде ғана сол құралмен жұмыс істеу керек. Әр 1 сағат жұмыстан кейін 10-15 минуттық үзіліс жасалып тұру керек;

  • діріл әсер ететін құралдармен жүргізілетін жұмыстарды бригадалар атқарғаны дұрыс, олар жұмыс кезінде бірін – бірі ауыстырады;

  • жеке қорғаныс шараларына - екі қабатты қолғаптар кию ( қыста қолдарын суықтан сақтау үшін) және арнайы дірілді бәсеңдететін аяқ киімдер кию;

  • жұмыс соңында қолға жылы су (+37 ˚С) ванналарын қабылдап, содан кейін массаж жасау;

  • омыртқа тұсына желпуіш (веер) тәрізді себіл қабылдау;

  • ағзаның қорғаныш күшін арттыру үшін өндірістік гимнастикалар жасау;

  • қысқы уақытта профилактикалық мақсатта ультракүлгін сәулелер қабылдау;

  • қосымша витаминдер қабылдау: 2 мг «В-1» витаминін , 5-10 мг «РР» витаминін, 50 мг «С» витаминін.

Діріл әсер ететін жұмысқа мынандай аурумен ауыратын адамдарды қабылдауға болмайды: вегетативті невроз, сүйек және буын ауруларымен ауыратындар, гипертония, есту қабілетінің мүкістігі бар адамдар.

Электрлік және магниттік өрістер

Электромагиттік өрістер әсері қазіргі кезде өндірістерде, медицинада және ғылымның әр саласында кеңінен қолданылып жүр.



Өте жоғары жиіліктегі электромагниттік өрістер радиобайланыста, радиолокацияда, теледидарда, физиоемдерде және әр түрлі ғылыми мақсатта қолданылады.

Ультра жоғары жиіліктегі сәулелену радиобайланыста, физиоемде жиі қолданылады. Жоғары жиіліктегі сәулелену темірді термиялық өңдеуден өткізген кезде, диэлектриктерді жоғары жиіліктегі электр өрісімен қыздыру кезінде ( ағаш кептіру, пластмасты қыздыру және оларды дәнекерлеу кезінде) қолданылады.

Электромагниттік өрістің жоғары жиілігімен және ультражоғары жиілігімен сәулелену жұмыс орнында экрандалмаған элементтердің генераторлық сәулелену кезінде (тербейтін құрылымдар, жоғары жиіліктегі трансформаторлар, тасымалдау желісі және т.б.). Генераторлардың экрандалмаған блоктары (магнетрондар, радиошамдар) және антенналар жоғары жиіліктегі сәулелену өрісінің негізгі көзі болып табылады.

Жоғары жиіліктегі электромагниттік өрістің ұзақ әсерінен адам ағзасында орталық жүйке жүйесінде және жүрек – қан тамыр жүйесінде функционалды өзгерістер байқалады: жүректің соғуы нашарлайды, қан қысымы төмендейді, зат алмасу процестері бұзылады. Клиникалық және эксперименталды бақылаулардың нәтижесінде сәулелену қарқындылығының шектеулі рұқсат етілген деңгейі белгіленген. Электромагниттік өрістің жоғары жиіліктегі мөлшері – 20 В/м, ал ультражоғары жиіліктегі сәулелену мөлшері – 5 В/м.

Электромагниттік өрістермен сәулеленудің адам ағзасына теріс әсерінің алдын алу мыналармен анықталады:



  • барлық өріс көздерін максималды түрде темір қаптамалармен немесе майда темір тормен толық бөлектеу;

  • физиоем бөлмелерінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін сәулеленуден қорғау үшін сәуле бөліп шығаратын аппараттарды экрандайтын кабиналарға орнату, жұмыс кезінде жылжымалы және стационарлы экрандар қолдану, аппараттарды алыстан басқару;

  • сәулеленуден қорғау үшін темірленген матадан тігілген қорғағыш костюмдер кию керек;

  • темір торлардан дайындалған шлемдер қолдану;

  • жартылай маска тәріздес майда жез тордан дайындалған арнайы қорғағыш көзілдіріктер қолдану;

  • жұмыс бөлмелерінде электромагниттік өріс деңгейін үнемі анықтау және жұмысшылардың қауіпті аймаққа жоламауын қамтамасыз ету;

  • жұмысты ұйымдастыру кезінде электромагниттік өрістің жоғары мөлшері бар жерлерде жұмыс уақытын шектеу;

  • ондай жерлерде жұмыс жасайтындарға үнемі алдын ала және мерзімдік медициналық тексерудің жүргізіліп тұруы.

12. Ионды сәулелену

Ионды сәулелену өндірістік ортаның аса қауіпті факторларының бірі болып саналады, өйткені олар көзге көрінбейді, сезім мүшелерімен анықтау мүмкін емес, адамға қауіпті мөлшерінің әсері кезінде де адам ауырғанды сезбейді, сәулелері бөлмелердің қабырғаларынан және басқа да экрандардан өтіп кетеді.

Ионды сәулелену көздері қазіргі кезде медицинада (рентгендиагностикалауда, радиотерапияда), ғылымда және халықшаруашылығында кеңінен қолданылады.

Иондаушы сәулелермен жұмыс жасау кезінде және қоршаған ортаны радионуклидтерден қорғау бойынша нормалаудың негізгі құжаты

«Радиациялық қауіпсіздік нормасы » болып саналады.

Иондаушы сәулелену көздерінің екі түрі болады: ашық және жабық.

Жабығына мыналар жатады: рентген аппараттар, гамма- сәулелері, бетатрон және т.б. Бұлардың әсерінен қоршаған орта радионуклидтермен ластанбайды. Ал сәулеленудің ашық түрінде қоршаған орта радионуклидтермен ластанады.

Иондаушы сәулелердің әр түрлі қасиеті көрсетілген.

Иондаушы сәулелердің дозасы дегеніміз сәулелену арқылы берілген қарапайым энергия мөлшері немесе денеге берілген сәуле массасы.

Сәулелену дозасының мынандай түрлері болады: экспозиционды, сіңірілген, эквивалентті.



Табиғи радиобелсенділік

Табиғи радиобелсенділік космостық сәулелерден және тау жыныстарында болатын радионуклидтердің сәулелерінен пайда болады, олар адам ағзасына топырақ, су, өсімдіктер және ауа арқылы өтіп, радиоактивті заттар жұмсақ ұлпаларда және сүйектерде (радий, полоний және т.б.) жиналып, адамдарда ішкі сәулеленуін туындатады. Мұндай сәулеленуді фонды сәулелену дейді. Ол адам ағзасында антирадикалды заттардың түзілуіне әсер етеді. Адамдарда мутациялық өзгерістер туындатады, сондықтан адам ағзасына теріс әсер ететін фактор болып саналады.

Жер шарының кейбір жерлерінде радионуклидтер мөлшерінің көп екені анықталған, әсіресе таулы жерлерде, ол жерлерде сәулелену жылына 1-2 бэр - ге дейін жетеді. Зерттеулер көрсеткендей бұл доза жергілікті жердің адамдарының денсаулығына теріс әсер етпейтінін көрсетеді.

Қазіргі кезде үлкен қалалардың тұрғындарына және өндірістік аймақтарда тұратын тұрғындарға тұрмыстық ионды сәулеленудің жаратылысы антропогенді сәулелену әсер етіп жүр. Оған рентгендиагностикалық процедуралар, гранитті ғимараттардан және құрылыс материалдарынан пайда болатын сәулелер, тұрмыстық құралдар, атомдық өндірістердің радиоактивті шығындылары, құрамында радионуклидтердің аз мөлшері бар атомдық электрстансалардың шығындылары, қазандықтардан және басқа да өндірістерден шығатын шығындылар жатады. Осыған байланысты көптеген үлкен қалаларда фонды сәулелену жылына 0,2 - 0,3 бэр - ге дейін жетеді.



Сәулеленудің рұқсат етілген деңгейі

Адамдарда жедел сәулелену ауруы сәулелену мөлшері 100 бэр- ден көп боған кезде пайда болады. Ұзақ уақыт ішкі және сыртқы сәулелену аз мөлшерде, бірақ рұқсат етілген мөлшерден көп сәулеленудің қайталанып әсер етуінен созылмалы сәулелену ауруы туындауы мүмкін. Ионды сәулелер шығаратын аппараттармен жұмыс жасайтын адамдардың сәулеленуі ауыспалы кезеңдегі деңгейінен әлдеқайда төмен болады. Иондаушы сәулелер сәулелену ауруынан басқа алыс салдарымен, яғни сәулеленуден кейін біраз уақыт өткеннен кейін пайда болатын аурулармен ерекшеленеді. Оған лейкоз, әр түрлі ісік аурулары, генетикалық мүкістік (кеміс балалардың туылыуы) және т.б. жатады. Радиациялық қорғау бойынша Дүниежүзілік комитет адамдардың көп шоғырланған жерлерінде антропогендік сәулеленудің аз болуына жағдай жасау керектігін ұсынады. Сәулелену деңгейін нормалау адамдарды екі санатқа бөліп жүргізіледі: А санаты, сәулелену аппараттарымен жұмыс жасайтын жұмысшылар, олар үшін сәулеленудің шектеулі рұқсат етілген дозасы (ШРЕД) қойылады, ал Б – адамдардың белгілі тобына: сәулелену болатын жерде тұратындар немесе жұмысы сәулелену көздеріне жақын орналасқандар. Бұлар үшін шектеулі доза ( ШД ) анықталады. Норматив қойған кезде сәулеленетін мүшенің радиосезімталдығы да ескеріледі.

Біздің елімізде жоғарыда айтылғандардан басқа адамдарды антропогендік ионды сәулелену көзінің фонды сәулелену дозасын төмендету мақсатында көптеген шаралар жүргізіледі:


      1. Адамдарға рентгендиагностикалық жүктеме мөлшерін төмендету, оны жаңа аппаратуралар және жаңа әдістер қолдану арқылы іске асыруға болады.

      2. Қоршаған ортаны атомдық өнеркәсіптердің радиоактивті шығындыларымен ластанудан қорғау. Ядролық қаруды жер астында және жер бетінде жарып тексеруді жою.

Ионды сәулелену көзімен жұмыс жасағанда адамға үш түрлі әсер етуі мүмкін: бүкіл дененің немесе оның бір бөлігінің сыртқы сәулеленуі

( рентген сәулесімен, γ – сәулесімен, нейтрондармен және т.б.), ішкі сәулелену радиоактивті заттардың ашық сәлелену көздерінен адам ағзасына түскен кезде болады және сәулеленудің аралас түрі. Радиоактивті заттар адам ағзасына жеген тамақ арқылы, газ, бу, аэрозоль және сұйық түрінде тыныс алу жолдары, асқорыту жолдары арқылы және тері арқылы түсуі мүмкін. Сәулелену тығыздығының көптігіне байланысты ағазаға γ – сәулесінің түсуі өте қауіпті.

Ионды сәулелену көздерінің жабық түрімен жұмыс кезінде қорғанудың негізгі принципіне мөлшермен, уақытпен, ара қашықтықпен және экрандаумен қорғану жатады. Мөлшермен қорғану дегеніміз қарқыны аз сәуле шығаратын аппараттармен жұмыс жасау. Уақытпен қорғану дегеніміз жұмыс уақытын қысқарту арқылы және бір ауысымда орындалатын жұмыс мөлшерін азайту арқылы сәулеленуді азайту. Жұмысты дұрыс ұйымдастыру және әр түрлі жұмыс түрін орындауда жаңа әдістер қолдану, жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату және жаттықтыру арқылы сәулелену уақытын азайту. Арақашықтықпен қорғану дегеніміз сәулелену қарқындылығы сәулелену көзі мен жұмыс орнының арақашықытығына тура пропорционалды болып саналады. Сондықтан қазіргі кезде қолданылатын қондырығыларды, құрал- жабдықтарды жылжыту үшін ұстайтын жерлері ұзартылған жылжыту аппараттары, радиоактивті контейнерлерді жылжыту үшін ұстайтын жерлері ұзын арбалар, дистанционды басқару пульттері, қорғағыш экрандар кеңінен қолданылады. Экран құрамындағы заттар ионды сәулелердің мөлшерін азайтады, сондықтан сәулелену түріне байланысты экрандар әр түрлі материалдардан дайындалады. Экранның қалыңдығы сәулелену қуаттылығына байланысты болады. Рентген және γ – сәулесінен қорғануда үлкен атомдық массасы бар химиялық элементтерден дайындалған экрандар ең тиімді болып саналады. Қорғағыш қасиеті жақсы қорғасын болып саналады. Қорғасыннан дайындалған экранның қалыңдығы 1мм болса жеткілікті. Егер экран мырыштан дайындалған болса, оның қалыңдығы 12 см – ден кем болмау керек. Баритобетоннан дайындалған экран қалыңдығы – 14 см, бетоннан - 80 см, кірпіштен 80 - 110 см –ден кем болмауы керек.

β – сәулеленуден қорғану үшін органикалық шыны, алюминий, ал нейтронды сәулеленуден қорғану үшін құрамында сутек атомдарының көп мөлшері бар заттар: су, парафин, бетон қолданылады.

Ионды сәулеленудің ашық көздерімен жұмыс істеген кезде қорғану үшін жоғарыда айтылғандардан басқа қосымша қорғау шараларының кешені орындалу керек, оны жиі «радиационды асептика» деп те атайды. Оның маңызы қоршаған ортаны және адам ағзасын радиоактивті заттармен ластанудан қорғау. Осы мақсатта жұмыс процесін ең жоғары шамада герметизациялайды, жұмысты сорғыш шкафтың ішінде немесе толығымен жекешеленген қорғағыш бокста жүргізеді. Бөлмені жүйелі түрде жобалап, бөлмені әр түрлі дәрежедегі ластану аймақтарына бөледі де, қажет жағдайда оларды бір - бірінен бөліп тастайды, жергілікті және жалпы ауа алмасу жүйелері орнатылу керек. Бөлмелердің аралары және жұмыс орындары радионуклидтерді бойына жинамайтын және одан оңай тазаланатын материалдармен (таттанбайтын болат, шыны, пластиктер – полиэтилен, поливинилхлорид және т.б.) қаптайды.

Жұмыс істейтіндер жеке қорғаныс заттарын қолдану керек: халаттар, комбинезондар, қолғаптар, резеңке қолғаптар, арнайы аяқ киімдер, қорғағыш көзілдіріктер. Егер қоршаған орта ауасы радиоактивті аэрозольдармен ластану қаупі болса, әр түрлі респираторлар: сүзетін ФПП 15-1,5 матадан жасалған, аэрозольдардың барлық мөлшерін, майда дисперсті аэрозольдарды да ұстайтын «Лепесток» қолданылады.

Егер жұмыс орнының ауасына радионуклидтер газ түрінде түсетін болса, жұмысты скафандр тәріздес оқшаулайтын пневмокостюмде жүргізу керек. Ол костюмге құбыршектің көмегімен таза атмосфералық ауа беріліп тұрады. Жұмысшылар қауіпсіз жұмыс шараларын білу керек және оны орындау керек. Сонымен қоса жеке бас гигиенасын және жұмыс соңында киімді санитарлық өңдеуден өткізу әдісін білу керек.

Ашық сәулелену көзімен жұмыс істеген кезде радиоактивті қалдық суларды жинау және оны жою, қатты және сұйық белсенділігі жоғары қалдықтарды жою мәселелері жүйелі шешілу керек.

Жоғарыда айтылғандардан басқа медициналық - санитарлық шаралар кешені іске асырылу керек. Оған санитарлық - дозиметрлік қадағалау, ол партотивті дозиметр көмегімен жұмыс орнының, ауаның радиоактвті заттармен ластану дәрежесін және жұмыс орнында экспозиционды дозаның қуаттылығын анықтайды, ал жеке дозиметр көмегімен тәуліктік және апталық сәулелену дозасын анықтауға болады. Жұмыс жағдайына баға беру үшін алынған қорытыныларды гигиеналық нормативтермен салыстырады. Жұмыс орнының ластануы ά – активті нуклидтармен жұмыс істеген кезде 20 бөлік/ см.кв мин, ал қатты қауіпті емес β – активті нуклидтар – 2000, ал арнайы киімдердегі сәулелену 20 және 800, адам жұмыс істеп жатқан кезде терісінде 1 және 100, ал жұмыс соңында санитарлық өңдеуден кейін 10 есе аз болу керек.

Ионды сәулелену аппарттарымен 18 жасқа толмаған адамдарға жұмыс істеуге тыйым салынады. Аяғы ауыр әйелдерге, бала емізетін әйелдерге ашық сәулелену көздерімен жұмыс істеуге тыйым салынады. Адамдарды жұмысқа қабылдар алдын медициналық тексеруден міндетті түрде өткізу керек, тексеру кезінде міндетті түрде қанына клиникалық зерттеу жүргізу керек.

Иондаушы сәулелену көзі бар жұмыстарға қан ауыруымен ауыратындар, екіншілік қаназдық ауруымен ауыратындар, жүйке жүйесі органикалық зақымданған, менструальді - овариалды циклі бұзылған әйелдерді жұмысқа қабылдауға тыйым салынады. Жұмысқа үйрету өтіп, радиациондық қауіпсіздік техникасын және жеке бас гигиенасын меңгергені бойынша емтихан тапсырған адамдар қабылданады. Мерзімдік медициналық тексерулер жылына бір рет жүргізіліп тұрады. Әр жұмысшыға жеке медициналық карта ашылады, ол жерге дозиметрлік қадағалау және медициналық тексеру қорытындылары жазылып тұрады.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)

9- тақрып

1. Сабақтың тақырыбы: Денсаулық топтарын анықтау. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық топтары. Дене шынықтыру. Әр түрлі жастағы балалардың анатомо- физиологиялық ерекшеліктері.

2. Сағат саны: 2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға атмосфералық ауа гигенасы пәнінің мақсатын міндетін оқыту және үйрету

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру 5 минут

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру 5 минут

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау 10 минут



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

10. Жаңа сабақты түсіндіру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 минут



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау



- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)
жүктеу 2,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау