Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология»



жүктеу 2,47 Mb.
бет2/3
Дата11.12.2017
өлшемі2,47 Mb.
#4092
түріСабақ
1   2   3

8. Ұйымдастыру кезеңі 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Тұрғын үй маңызды әлеуметтік – гигиеналық мәселе болып саналады. Тұрғын үйде адам өзінің өмірінің көп уақытын өткізеді, сондықтан тұрғын үй адамның денсаулығына, көңіл - күйіне, жұмыс қабілеттілігіне әсер етеді. Үй адамды қоршаған орта факторларының теріс әсерінен: ыстық, суық, қар, жаңбырдан қорғану үшін, жұмыс істеуге және дем алуға оңтайлы жағдай жасау үшін қажет.

Әлеуметтік және ғылыми – техникалық дамудың өркендеуін байланысты адамдардың тұрғын үйге деген талаптары өсті.

Үйде даладағы микроклиматтық жағдайға қарамастан тұрақты климат болу керек, оны микроклимат деп атайды, ол адамға жақсы жағдай тудырады.

Тұрғын бөлме микроклиматы дегеніміз, ол сол бөлменің:


  1. температурасы;

  2. ылғалдылығы;

  3. ауа жылдамдығы;

  4. бөлменің ішкі қабырғасының температурасы.

Микроклимат адам ағзасына үлкен әсер етеді. Ол сол жердегі өмір сүретін адамдардың дұрыс өсіп жетілуіне, физикалық көрсеткіштерінің дұрыс жетілуіне, денсаулығын сақтауға және күшейтуге, өмірде болып жатқан барлық процестердің қалыпты жағдайда өтуіне әсерін тигізеді.

Егер тұрғын үйдің микроклиматы нашар болса, адамға қолайсыз жағдай (дискомфорт) туындатады. Ол адамның өзін нашар сезінуіне, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, ағзада әр түрлі патологиялық аурулардың туындауына әкеліп соқтырады. Мысалы, тұрғын үй салқын болса, адам суықтап ауырып қалуы мүмкін.

Адам тұрғын үйде өзін жақсы сезіну үшін ең алдымен жылулық қолайлы жағдай (комфорт) болуы керек, бұл кезде жылу субъективті түрде жақсы сезіледі. Адамның денесінің температурасы бір қалыпты болуы үшін, сыртқы температура өзгерсе де, адамды қоршаған бөлме температурасы бір қалыпты болуы керек. Қоршаған ортада температураның төмендеуі немесе жоғарылауы адам ағзасында жылу алмасудың бұзылуын туындатады. Ағзада жылу алмасуды реттеген кезде негізгі рөлді жылу беру анықтайды, ол үш жолмен жүргізіледі:


    1. адам денесіне жақын ауаның жылуы (конвекция);

    2. температураның арасында айырмашылық болғандықтан (радиация) адам денесі жылуының оны қоршаған заттарға өтуі;

    3. адамның терісінен ылғалдың шығуымен (тер бөлініп шығу) жылу бөлінумен байланысты.


Конвекция арқылы жылу беру тек қоршаған орта температурасы адам денесінің температурасынан төмен жағдайда ғана жүреді.

Жылу берудің негізгі жолы – радиациялы түрде жылу беру, яғни жылуды қоршаған заттарға беру, ол бөлмеде жылу режимі жақсы сақталғанына ғана байланысты емес, оның ішкі қабырғаларының, еденнің, терезенің де температурасына байланысты.

Егер бөлме температурасы, қоршаған заттар температурасынан жоғары болса, ол кезде жылу конвекция және радиация түрінде берілмейді, бұл кезде жылу тек жылу бөлу (терлеу) арқылы шығарылады. Егер адам көп терлесе, бұл кезде жылу бөлу көбірек болады, терді бөліп шығару деңгейі қоршаған орта ауасының ылғалмен қаныққанына және ауа жылдамдығына байланысты болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы аз болса, онда жылу бөлу жоғары болады. Ыстық климаттық жағдайда тер шығару арқылы жылу беру негізгі болып саналады, кейде жылуды реттеу механизмінің жалғыз жолы болып табылады.

Жылулық қолайлы жағдай жылу алмасуды реттеген кезде қиындықтардан сақтайды.

Бөлме температурасы әр түрлі жолмен жылу бөлуді және адам ағзасында жылу өндіруді қажет етпейтін болуы керек. Біздің климаттық жағдайда тұрғын бөлменің температурасы нормада 18 - 20˚С болу керек.

Радиация жолымен жылу бөлуді азайту үшін бөлмелердің ішкі қабырғаларының температурасы жеткілікті болу керек. Қабырғалардың температурасы төмендеген сайын радиация жолымен жылу беру артады. Бөлменің ауасының температурасымен ішкі қабырғаларының температурасының арасындағы айырмашылық 6˚С -ден көп болмауы керек.

Микроклиматқа температурадан басқа ауа ылғалдылығы да әсер етеді.

Бөлмеде ауа ылғалдылығы нормада 40- 60 % болуы керек.

Қоршаған ауаға жылу беру мөлшері ауа жылдамдығына байланысты.

Ауа жылдамдығы өскен сайын конвекция жолымен жылу бөлу өседі. Тұрғын бөлмеде жайлы жағдай жасалу үшін көптеген шаралар қолданылады:



1) жоспарлы;

2) сан-техникалық шаралар.

Салқындаудан қорғанудың негізгі шараларына мыналар жатады:



    1. жүйелі жылыландыру;

    2. бөлмелердің дұрыс орналасуы;

    3. жылу ұстайтын қоршаулар орнату, кіретін есікті, терезелерді, едендерді жылыландыру.

Күн ыстық кездерде бөлме ысып кетпес үшін мынандай шаралар жүргізілу керек:

  1. тұрғын үйді дұрыс жобалау, бөлмені желдетуге жағдай жасау;

  2. бөлменің бағытының дұрыс болуы, бөлме қызып кетпейтіндей болып орналасу керек;

  3. верандаларда, тераскілерде күннен қорғайтын қондырғылар орнату керек;

  4. көгалдандыру;

  5. ашық түсті сырмен сырлау;

  6. бөлмелердің ауа алмасуы тиімді жұмыс істеуі тиіс

Инсоляция- дегеніміз күннің адамға тікелей әсері етуі. Адам ағзасына күн сәулесі тікелей әсер еткенде адамның тамырының соғуы жақсы болады, күре тамырдың ең жоғарғы және ең төменгі қысымы қалыпты жағдайда болады, қанның соғу мөлшері артады, қанның құрамындағы холестерин азаяды, ұлпа арқылы дем алу, негізгі зат алмасу артады.

Инсоляция балалар ағзасы үшін өте үлкен рөл атқарады. Күн сәулесінің ультракүлгін бөлігі адам ағзасына мешел ауруының туындауына қарсы және бактериоцидтік әсер етеді. Күн көзі баланың иммунды белсенділігін көтереді. Адам ағзасына күн сәулесі жақсы әсер ету үшін бөлмеге кемінде 3- 4 сағат күн көзі тура түсуі керек.

Тұрғын үйлерде микроклиматтық жағдай нашарлаған кезде, мысалы, ылғалдың мөлшерден тыс көп болуы бөлмелерде жылу алмасу процесінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Мұндай кезде бөлме температурасы нормада болса да, адам бөлмеде жаурап жүреді. Қабырғалар зәк болған кезде, оның температурасы бөлме температурасынан суық болады, оған жақындағанда адам жылуды көбірек бөліп шығарады. Мұндай бөлмеде тұратын адамдардың ағзасы тез суықтағыш болады, мұндай жерде тұратын адамдар арасында ревматизммен ауру қаупі артады.

Бөлмелерде ылғал әр түрлі себептерден пайда болады. Бір жағдайларда ол ғимаратты салып жатқан кездегі ақауларға байланысты болады. Мысалы, топырақтың ылғалынан қабырғалары нашар қорғалған кезде, ылғал қабырғалардың тесіктері арқылы жоғары көтеріледі, ол бөлмеде зәк пайда болады. Егер қабырғаның жылу ұстайтын қасиеті төмен болса (жұқа қабырғалар), ондай қабырғаларда қоршаған ауадан су булары жиналады. Мұндай себептен пайда болған ылғал қыста болады, сырттағы ауа температурасы төмендеген сайын, ондай ылғал көбейе түседі. Ылғал көбіне тұрғын үйді дұрыс қолданбағандықтан болады, мысалы, бір бөлмеде тамақ жасап, кір жуып, ол бөлмені желдетпеген кезде.

Егер жаңадан сыланған үйдің қабырғаларының сылағы кеппей жатып адамдар кіріп тұрып алса, бұл кезде ылғал барлық қабатта болады. Сондықтан ең алдымен ылғалдың себебін анықтау керек, содан кейін ғана оны жою үшін шаралар ұсыну керек. Егер ылғал тұрғын бөлмеде гидроизоляция болмағандықтан болса, ондай ылғал дақ түрінде бөлменің төменгі жағында, 1,5- 2 м биіктікте орналасады. Мұндай ылғал көп қабатты үйдің 1 қабатында, жертөледе болуы мүмкін. Бұл кезде зәк қабырғаның барлық жеріне тарайды.

Мұндай ылғалдан мүлдем құтылу өте қиын, оны азайту үшін бөлмені жиі-жиі желдетіп тұру керек, қабырғаларды қалыңдату керек, яғни қосымша штукатурлеу жұмысын жүргізген жөн.

Тұрғын үйді тексергенде зәк барлық бөлмесінде болмаса, онда ол ылғал тұрғын үйді дұрыс қолданбағандықтан пайда болғаны. Мысалы, бөлмені жылыландыру дұрыс болмаған жағдайда, бөлмеде жиі кір жуылып, тамақ дайындалса немесе бөлмеде адамдар көп тұратын болса, ылғалдың бұл түрін жоюға болады. Ол үшін бөлмені жиі-жиі желдету керек.

Тұрғын үй жоспарлауда жерлерді 4 ауданға, 16 ауданшаға бөледі. Біздің еліміз 3 және 4 ауданға жатады. «Тұрғын үйлер. Жобалау нормалары» ҚНменЕ (СНиП) құрылыс нормасы мен ережесіне сай жобалану керек. Осы ҚНменЕ-де аудандардың физикалық - географиялық сипаттамасы және орташа айлық ауа температуралары: қаңтар мен шілде айларының, ауаның орташа жылдамдығы қысқы үш айда, айлық орташа ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – маусым айындағы, геологиялық жағдайлар мен табиғи–климаттық факторлар, тұрғын үйге қойылатын талаптар туралы жазылған.

Әр үй салынатын жер өзінің белгілі климатымен, яғни сол жердің көп жылдық ауа райы режимімен ерекшеленеді.

Тұрғын үйлерді жобалау сол жердің физикалық - географиялық сипаттамасына сай, ҚНменЕ –де көрсетілгендей жасалу керек, яғни тұрғын үйдің жылу ұстағыштығы, желден және қызып кетуден қорғау. Жыл мезгілінің әр кезінде бір жерде метеорологиялық жағдайлардың үлкен ауытқуы байқалады: температура, ылғалдылық, ауа жылдамдығы, күн радиациясының қарқындылығы.

Тұрғын үйдің ішінің гигиеналық жағдайы оны қоршаған ортаға байланысты болады. Сондықтан үйдің аумағына қойылатын талаптарды қатаң сақтаған дұрыс. Үй салуға жер таңдаған кезде ол жер келесі талаптарға сай болу керек: ол жерге күн сәулесі жақсы түсетін, ауа алмасуы жақсы, шу көзінен және атмосфералық ауаны ластаушылар көзінен, өндірістік мекемелерден, темір жолдан, автокөліктің магистральді жолдарынан алыс орналасу керек, мөлшері жеткілікті болу керек: үйді дұрыс орналастыру үшін, балалар ойнайтын жер, ересектер дем алатын және жасыл өсімдіктер егілетін жер қарастырылу керек. Ол жердің топырағы таза болуы керек. Егер ол жер бұрын басқа мақсатта қолданылған болса, ол жердің топырағы тазаланып, таза топырақ әкеліп төгілу керек, топырақты залалсыздандыру жұмысы жүргізілу тиіс.

Ол жердің жер асты суының биіктігі де өте маңызды болып саналады. Жер асты суының биіктігі 2 метрден кем болмау керек, өйткені қар, жаңбыр жауған кезде, жер асты суы көтеріліп, үйде ылғалдың пайда болу қаупі туындайды.

Үй салатын жерге су құбыры мен канализация жүйесі жақын орналасу керек. Автокөлік келетін жол болу керек.

Тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимараттарды жылыландыру

Жылыландыру дегеніміз даладағы температураның өзгерісіне қарамастан бөлмені біркелкі температурамен қамтамасыз ету. Бөлмеде біркелкі температура болу белгілі бір жағдайлармен анықталады: жылыландыру жүйесі, отынның сапасы, жылыландырудың жеткіліктілігі және реттілігі.

Бөлме температурасы нормада қысқы уақытта 180-290С аралығында болу керек. Бөлмеде тәулік бойы температураның ауытқуы болмау керек. Адам өзін жақсы сезіну үшін, егер ауаның температурасының айырмашылығы бөлменің әр нүктесінде еденнен 10 см биіктікте және 1,5 м биіктікте 30С көп емес, ал сыртқы қабырғадан 25 см қашықтықта температура айырмашылығы 50С – ден көп болмау керек.

Мұндай жайлы жағдайды тек орталықтандырылған жылыландыру жүйесі ғана қамтамасыз ете алады, сондықтан тұрғын үйдің орталықтандырылған жылыландыру жүйесімен қамтамасыз етілгені дұрыс. Қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлерде орталықтандырылған жылыту жүйесінің сулы түрі кеңінен қолданылады.

Орталықтандырылған сулы жылыту жүйесі қазандықтан, құбырлардан және қыздырғыш құралдан тұрады. Оны іске қосар алдын жүйені суға толтырады. Қазандықта су қажет температураға дейін қыздырылады да трубалар арқылы қыздыру құралдарына жеткізіледі. Қызған су қыздырғыш құралдарында салқындап, кері қайтаратын құбырлармен айналымға түседі. Су қызған кезде оның көлемі ұлғаяды, сондықтан жүйеде кеңейткіш ыдыстар орнатылады, ол жерде судың артық мөлшері сақталады. Орталықтандырылған сулы жылыландыру жүйесінің жоғарғы және төменгі таралу түрлері болады. Жоғарғы таралу түрінде қыздырылған су жоғары жаққа беріледі, магистральді құбырлар бұл жағдайда үйдің төбесінде орналасады, магистральді құбырлардан төмен қарай су тіреулер арқылы түседі. Ал қайтарма құбырлар төменге шығады.

Төменгі тарату түрінде тіреулер, ыстық суды тарататын құбырлар жертөледе орналасады. Гигиеналық көзқарастан екі жүйе де бірдей.

Бөлмелерде қыздырғыш құралдар сыртқы қабырғаның төменгі жағында, терезенің астында орнатылады. Ол терезеден кірген суық ауаның ағынын жылытады. Ол оңай жуылып, оңай тазаланатын болу керек. Жылыту қондырғыларының температурасы 800С - ден көп болмау керек, температура одан жоғарыласа, адам күйіп қалу қаупі туады және жылыту қондырғысына қонған шаңның жануы мүмкін. Осы себептен тұрғын үйлерде булы жылыландыру қолданылмайды, өйткені қыздыру құралдарында булы жылыландыру кезінде температура 1000С және одан да жоғары болады.

Гигиеналық көзқарастан орталықтандырылған сулы жылыландырудың артықшылықтары көп: тәуліктің әр кезінде бөлмеде біркелкі температура сақталады, өрт шығу және түтінмен улану қаупі жоқ, адамның от жағуға, күл шығаруға уақыты кетпейді, үйді ластамайды. Жылыту қондырғыларынан жылу конвекция жолымен беріледі.

Қазіргі кезде тұрғын үйлерде жылыландырудың сәулелі түрі кеңінен қолданылып жүр. Жылыландырудың бұл түрінде қызған су қабырғалардың арасына орнатылған трубалар арқылы жүріп, бөлмені жылытады. Үйдің төбесінде орнатылған жылыландыру қондырғысының температурасы 28-300С, қабырғалардікі - 40-450С, жертөленікі – 25-270С. Сәулелі жылыландырудың орталықтандырылған сулы жылыландырудан артықшылықтары да бар: адам ағзасы өзінің бойынан жылу шығаруы төмендейді, бөлменің көлденең және тік бағыттарында температура біркелкі болады. Жылыту құралдары қабырға арасында орналасқандықтан, оларға шаң жиналмайды. Үлкен көп қабатты үйлерді жылумен қамтамсыз ету казандықтардан немесе жылу орталықтарынан жүргізіледі. Қазіргі кезде тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту да қарастырылған.

Сулы, булы жылыландырумен қатар қазіргі кезде ауамен жылыту кеңінен қолданылып жүр. Мұндай жүйеде сыртқы ауа жылу қабылдағыш арқылы жылыту камерасына, яғни жылыту құралы - калориферге түседі, ол жерде жылыған ауа каналдар арқылы бөлмелерге беріледі, ал бөлмедегі салқындатылған ауа сору каналдары және сору шахталары арқылы сыртқа шығарылады. Бұл жүйеде таза ауа бөлмелерге ұйымдастырылған күйде түседі, ол бөлмеде ауа алмасуға жақсы әсер етеді. Бұл жүйені қолданғанда бөлмеге түсетін ауа ластанған болмау керек, ол үшін ауа соратын шахтаны шаңның, газдардың түсуінен қорғау керек. Каналдың ішкі қабырғасы тегіс болу керек. Тұрғын үйлерде ауамен жылытуды қолдану тиімді емес, өйткені мұндай жүйеде бөлмеге қатты қыздырылған ауа беріледі, ол адам ағзасында болатын жылу алмасу процесіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Орталықтандырылған инженерлік жүйе жоқ жерлерде (орталықтандырылған жылыту жүйесі) құрылыс нормасы мен ережесіне сай бір және екі қабаттық тұрғын үйлер салып, жылыландырудың жергілікті түрін орнатуға болады. Жылыландырудың бұл түрі көбіне ауылды жерлерде қолданылады.

Жергілікті жылыландыру түріне – пеш жатады. Онымен бір немесе бірнеше бөлмені жылытуға болады. Пештің сыртқы қабырғасының температурасы 800С жоғары болмау керек. Сыртқы қабырғасы тегіс, шаң жиналмайтын болу керек.

Пештің кемшіліктеріне мыналар жатады: бөлменің күлмен ластануы, бөлмедегі тәуліктік температураның тәулік бойы ауытқуы, отынның толық жанбауынан бөлменің ішіне түтіннің шығуы, соның салдарынан адамдарда улану қаупінің болуы, өрт шығу қаупінің болуы, күл шығарғанда бөлменің ластануы, от жағуға адамдардың уақытының кетуі жатады.

Адам түтінмен уланған кезде мынадай белгілер байқалады: бас айналу, бастың ауыруы, жүрек айнып, адамның құсуы, қалтырау. Егер улану ауыр түрде болса, адам өліп кетуі де мүмкін.

Қазіргі кезде жеке тұрғын үйлерде жергілікті, пәтерлі жылыландыру кеңінен қолданылып жүр, бұл кезде орталықтандырылған сумен жылыту жүйесінің принциптері мен элементтері қолданылады. Бұл кезде қазандықтан қыздырылған су жылыту қондырғыларына жеткізіледі, ал пештің өзі көмекші бөлмеде жеке орналасады және оның кіретін есігі бөлек болады. Гигиеналық жағынан мұндай жүйе тиімді болып саналады.



Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың

ауа алмасуы, желдетілуі

Бөлмеде адамдар үнемі болатындықтан ол жердің ауасының физикалық қасиеттері өзгереді: ауа температурасы мен ылғалдылығы көтеріледі. Адам жай отырғанның өзінде жылу бөліп шығарады, ал жұмыс істесе, істеген жұмысының ауырлығына байланысты жылу бөлуі көбейеді.

Ауа құрамы адамның тыныс алуы кезінде де өзгереді. Адам тыныс алатын ауа құрамында оттегінің мөлшері 21%, ал ағзадан шығаратын ауа құрамында оттегінің мөлшері -16,4%; ауа құрамында көмірқышқыл газының мөлшері – 0,04%, ал ағзадан шығарылатын ауа құрамында оның мөлшері

4,4% - ға көтеріледі.

Бұлардан басқа ауада адамның терлеуінен, бөлменің қабырғасында зәк болса, бөлмеде жағымсыз иіс пайда болады, осындай ауаның құрамынан, қасиетінде болатын барлық өзгерістер адамның өзін нашар сезінуіне және денсаулығына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Осындай бөлмеде аз уақыт болғанның өзінде адамның басы айналып, жүрегі айнып, құсуы, есін жоғалтуы мүмкін.

Қазір көп жерлерде, көптеген елдімекендерде тұрмыстық мақсатта табиғи және жасанды газ қолданылып жүр. Егер газ құралдарында ақау болып, тұрғын бөлмеге газ шығатын болса, ол адамға теріс әсер етеді. Газбен жедел улану пайда болады; адам есін жоғалтады, қалтырайды, тынысы тарылады. Газ құрамынан бөлмеге көмір қышқылы, су буы, көміртек тотығы, формальдегид, азот тотығы, бензол түседі.

Көміртек тотығының аз мөлшерінің ұзақ әсері адамның қанының құрамын өзгертеді. Қанның құрамындағы оксигемоглобиннен оттегін ығыстырып шығарып, көміртек тотығы гемоглобинмен байланысқа түсіп, карбоксигемоглобин түзеді. Осыған байланысты қанның өкпеден ұлпаларға оттегін тасымалдауы төмендейді.

Тұрғын үйлерде көбіне ауа газбен (тамақ жасау кезінде) ластанады. Бөлме газбен ластанбас үшін газ плиталар дұрыс қолданылу керек, бөлме желдетіліп тұру керек.

Қазіргі кезде тұрмыста электроплиталар кеңінен қолданылып жүр.

Тұрмыстық процесс кезінде ауаны ластайтын заттардан басқа (газ, от жағу), бөлменің ауасын пластмастан жасалған құрылыс заттардан бөлінетін зиянды заттар да ластайды. Осыған байланысты құрылыста қолданылатын

кезкелген жаңа материал гигиеналық жағынан бағаланып, содан кейін ғана Денсаулық сақтау министрлігі оның қолданылуына рұқсат береді.

Құрылыс кезінде қолданылатын материалдардың бәрі гигиеналық жағынан бағаланып, Денсаулық сақтау министрлігінде қолдануға рұқсат етілгендері тізімге енгізіледі, құрылыс кезінде тек тізімде бар материалдар ғана қолданылуы керек.

Жабық бөлмеде егер ауру немесе бактериотасымалдаушы адамдар болса, ол жердің ауасында бактериялардың көп мөлшері, оның ішінде патогенділері де болуы мүмкін. Бактериялар ауаға ауру адам сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде түсуі мүмкін. Ол ауамен тыныс алған сау адамдар ауырып қалуы мүмкін. Бөлменің ауасы арқылы мына аурулар таралады: туберкулез, тұмау, қызамық, қызылша, коклюш (көкжөтел), дифтерия (күл), желшешек (ветреная оспа).

Жабық бөлменің ауасы жұқпалы ауру қоздырғыштарымен ластанса эпидемиологиялық жағынан қауіпті болады.

Бөлмелердің ауасы жақсы болу үшін, ол жердің ауа алмасуы жақсы болу керек, яғни лас ауа шығарылып, таза ауа әкелініп тұру керек, ол ауаны тазалау жолымен іске асады.

Ауаны алмастыру жиілігі дегеніміз сағатына неше рет бөлменің ауасы тазаланғанын көрсететін көрсеткіш.

Тұрғын бөлмелерде нормада 3м3/сағат ауа 1м2 ауданнан шығарылып тұру керек, ал газдалған үйдің асханасынан, егер асханада 4 камфорлы газ плита болса 90м3/сағат.

Жеткілікті табиғи ауа алмасу (бөлмені желдету) бөлменің ауасының тазалануын толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан терезелерге желкөз, фрамуга орнатылады, олар бөлмелерде ауа алмасуды жақсартады.

Желкөздердің ауданы кемінде 0,3м2 болу керек. Желкөздердің кемшілігіне оны ұзақ ашып қою керектігі және желкөзден кіретін суық ауа ағыны адамның денсаулығына теріс әсер ететіндігі жатады. Фрамугалар, қазіргі кезде шығып жатқан жаңа қондырғылар, олар 450 бұрышпен жоғары қарап орналасқан, яғни фрамугадан кірген таза ауа бөлменің жоғары жағына беріліп, жылы ауамен араласып, содан кейін төмен қарай түседі. Ондай фрамугаларды күні бойы ашып қоюға болады, ол адамның денсаулығына теріс әсерін тигізбейді.

Дала желді кезде бөлмелерде ауа алмасу күшейеді. Егер қарама-қарсы бөлмелердің терезелері ашық болса, өтпе жел тұрып бөлмелер лас ауадан тезірек толық тазаланады. Мұның гигиеналық жағынан маңызы бар.

Табиғи ауа алмасуды бөлмелердің ішкі қабырғаларына арнайы каналдар орнатып күшейтуге болады. Бөлменің қызған ауасы каналдар арқылы сыртқа шығарылады да, ал таза ауа бөлмелерге сол каналдар арқылы келеді. Ол каналдардың далаға шығатын жері қабырғаның жоғары жағында орналасуы керек, өйткені қызған ауа бөлменің жоғарғы жағында орналасады. Көбіне олар асбоцементті құбырлардан жасалады, олар қабырғалардың арасында орналастырылады. Кейде ол кірпіштен жасалады.

ҚНменЕ -ге сай соратын каналдар мына бөлмелерде міндетті түрде болу керек: асханаларда, ваннада және дәретханада. Соратын каналдар үйдің жоғары жағында жалпы коллекторға жиналып, сору шахтасына түседі, ол үйдің төбесінде орналасады. Асхана мен дәретханадан шығатын сору каналын біріктіруге болмайды. Сору каналдарының жұмысын күшейтуге болады, ол үшін сору шахтасының алдына ауаны жылытатын камера қою керек. Жылытылған ауа сору шахтасына бағытталады, сөйтіп коллектордан ауаның шығарылуына әсер етеді.

Ауаны жақсы сору үшін ауа соратын жерде күшейткіштер (желдеткіш) орналастыруға болады, ол ауа алмасу жиілігін арттырады. Ауаны арнайы қондырғылардың көмегімен соруды жасанды ауа алмасу дейді.

Жасанды ауа әкелу вентиляциясымен келетін ауа таза, адамның өзін жағымды сезінуге жақсы әсер етеді, оның температурасы және ылғалдылығы адамға жақсы әсер ету керек.

Қоғамдық ғимараттарда (аурухана, театрлар және т.б.) ауа алмасуды күшейту үшін ауа алмасудың жасанды ауа әкелетін түрін орнатқан дұрыс. Осыған байланысты ауа әкелетін вентиляция жүйесіне қосымша ауаны тазалайтын және қыздыратын қондырғылар орнатылу керек. Ауа соратын орын шаң шығатын жерден, автокөлік жүретін жақтан алшақ жерде, кемінде 2м биіктікте орналасу керек, атмосфералық ауаны ластайтын нысанның жел жағында орналасу керек.

Ауа соратын жер мен оны өңдейтін жердің арасы қысқа болу керек. Бөлмеге берілетін ауа шаң ұстайтын камерадан, сүзгілерден өтеді, кейде су себелейтін қондырғылар көмегімен жуылады, содан кейін қыздырғыш қондырғылардың үстінен өтіп, қыздырылады.

Тазаланған және қыздырылған ауа ауаны әкелетін каналдармен бөлмеге беріледі. Егер ғимаратта ауа әкелу және ауаны сорып әкету вентиляциясы орнатылса, онда ауа сору мөлшері және ауа әкелу мөлшері бірдей болуы да мүмкін, әр түрлі болуы да мүмкін. Ауа тазалығы маңызды орын алатын жерлерде (мысалы, операция жасайтын жерлерде) әкелу мөлшері ауа сорып әкету мөлшерінен көп болу керек.

«+» белгісімен ауа алмасу жиілігінің ауа әкелуінің көптігі, ал « - » ауа әкетудің көптігі белгіленеді. Егер қандай да бір бөлменің ауа алмасу жағдайына сипаттама берілген кезде, +10, -8 деп жазылатын болса, онда бөлменің ауданынан байланысты бұл бөлмеге 1 сағатта 10 еселік ауа әкелініп, 8 еселік ауа көлемі шығарылады. Соңғы кездері кондиционерлер кеңінен қолданылады, ол бөлмелерді сапасы жақсы ауамен қамтамсыз етеді. Кондиционерлерде ауа тазаланады, жылытылады (немесе салқындатылады), ылғалдандырылады, содан кейін микроклиматтың қажет мөлшері автоматты түрде реттеледі. Мұндай қондырғылардың емханалар мен қоғамдық ғимараттар үшін маңызы зор.



Бөлмелердің желдетілуі табиғи және механикалық болуы мүмкін. Желдету бір бөлмеден ауаның екінші бөлмеге ауысуының есебінен және желкөздер, есік және терезелердегі қуыстар арқылы жүреді.

Ауа алмасу егер пәтердің терезелері ғимараттың екі жағына шығатын болса жақсы жүреді. Сондай-ақ бір жақты ауа алмасуға қарағанда бұрыштық ауа алмасуы тиімді. Ыстық климаттық аудандарда тұрғын және қоғамдық ғимараттарда ауа температурасын төмендететін және бөлмелердегі ауа алмасуды қамтамасыз ететін кондиционерлер орналастырылады. Кейбір жағдайларда механикалық вентиляция ас бөлмесіндегі газ плитасының үстіне де орналастырылады.

Қажетті ауа алмасу жиілігі бөлменің ауданына, оның биіктігіне және ондағы адам санына байланысты есептеледі. Бөлме ауасының тазалығының көрсеткіші ретінде көмір қышқыл газы алынады. Ересек адам бір сағаттың ішінде 22,6 л көмір қышқыл газын бөледі, атмосфераның жер беті қабатында оның мөлшері 0,04 немесе 0,4л /м3 пайыз деңгейінде, ал бөлме ауасындағы шекті мөлшері 0,1 пайызға тең. Осы параметрлерді біле отырып бөлмедегі адам санына байланысты қажетті ауа көлемін есептеуге болады.

Көптеген қоғамдық ғимараттарда табиғи желдетуден басқа үрмелі- сормалы жасанды желдету ұйымдастырылады. Ол ең алдымен адамдар саны көп болатын мекемелерде, ауруханаларда, тамақтану нысандарында, кинотеатрларда, дүкендерде және т.б. орындарда ұйымдастырылады. Көбінесе ауаның келуі мен алып кетілуі бірдей болғанымен, кейде айырмашылықтар болуы мүмкін. Ластанған ауа сол бөлмеден басқа бөлмеге өтпеу үшін, ауаны сорып әкету, таза ауаны алып келуге қарағанда басым болу керек, мысалы ас үйде. Ал айрықша таза ауаны қажет ететін орындарда, мысалы операциялық бөлмелерде таза ауаны алып келу, сорып шығаруға қарағанда басым болады. Бөлме ауасының бір сағатта неше рет алмасуының көрсеткіші – ауа алмасуының жиілігі деп аталады. Мұндағы қосу белгісі ауаның неше рет келіп түскендігін көрсетсе, алу белгісі алып кетудің жиілігін көрсетеді. «Тұрғын ғимараттар» құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес тұрғын бөлмелердің бір шаршы метріне шаққанда сағатына ауа алмасу кемінде 3м куб. болуы керек.



Табиғи және жасанды жарықтандыру. Тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимарттарды жобалауда оның табиғи және жасанды жарықтануының жақсы болуы маңызды орын алады. Табиғи және жасанды жарықтану жақсы болса, ол адамның көру қабілетіне жақсы әсер етеді, адамның өмірлік тонусын көтереді, жұмыс қабілетін жоғарылатады, бөлмелердің санитарлық жағдайын жақсы жағдайда ұстап тұруға әсерін тигізеді.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)

6- тақрып

1. Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды жылыту жүйесі, желдетілуі. Жарық және инсоляция.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды жылыту жүйесіне, желдетілуіне, жарықталу және инсоляциямен таныстыру.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3.Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимараттарды жылыландыру

Жылыландыру дегеніміз даладағы температураның өзгерісіне қарамастан бөлмені біркелкі температурамен қамтамасыз ету. Бөлмеде біркелкі температура болу белгілі бір жағдайлармен анықталады: жылыландыру жүйесі, отынның сапасы, жылыландырудың жеткіліктілігі және реттілігі.

Бөлме температурасы нормада қысқы уақытта 180-290С аралығында болу керек. Бөлмеде тәулік бойы температураның ауытқуы болмау керек. Адам өзін жақсы сезіну үшін, егер ауаның температурасының айырмашылығы бөлменің әр нүктесінде еденнен 10 см биіктікте және 1,5 м биіктікте 30С көп емес, ал сыртқы қабырғадан 25 см қашықтықта температура айырмашылығы 50С – ден көп болмау керек.

Мұндай жайлы жағдайды тек орталықтандырылған жылыландыру жүйесі ғана қамтамасыз ете алады, сондықтан тұрғын үйдің орталықтандырылған жылыландыру жүйесімен қамтамасыз етілгені дұрыс. Қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлерде орталықтандырылған жылыту жүйесінің сулы түрі кеңінен қолданылады.

Орталықтандырылған сулы жылыту жүйесі қазандықтан, құбырлардан және қыздырғыш құралдан тұрады. Оны іске қосар алдын жүйені суға толтырады. Қазандықта су қажет температураға дейін қыздырылады да трубалар арқылы қыздыру құралдарына жеткізіледі. Қызған су қыздырғыш құралдарында салқындап, кері қайтаратын құбырлармен айналымға түседі. Су қызған кезде оның көлемі ұлғаяды, сондықтан жүйеде кеңейткіш ыдыстар орнатылады, ол жерде судың артық мөлшері сақталады. Орталықтандырылған сулы жылыландыру жүйесінің жоғарғы және төменгі таралу түрлері болады. Жоғарғы таралу түрінде қыздырылған су жоғары жаққа беріледі, магистральді құбырлар бұл жағдайда үйдің төбесінде орналасады, магистральді құбырлардан төмен қарай су тіреулер арқылы түседі. Ал қайтарма құбырлар төменге шығады.

Төменгі тарату түрінде тіреулер, ыстық суды тарататын құбырлар жертөледе орналасады. Гигиеналық көзқарастан екі жүйе де бірдей.

Бөлмелерде қыздырғыш құралдар сыртқы қабырғаның төменгі жағында, терезенің астында орнатылады. Ол терезеден кірген суық ауаның ағынын жылытады. Ол оңай жуылып, оңай тазаланатын болу керек. Жылыту қондырғыларының температурасы 800С - ден көп болмау керек, температура одан жоғарыласа, адам күйіп қалу қаупі туады және жылыту қондырғысына қонған шаңның жануы мүмкін. Осы себептен тұрғын үйлерде булы жылыландыру қолданылмайды, өйткені қыздыру құралдарында булы жылыландыру кезінде температура 1000С және одан да жоғары болады.

Гигиеналық көзқарастан орталықтандырылған сулы жылыландырудың артықшылықтары көп: тәуліктің әр кезінде бөлмеде біркелкі температура сақталады, өрт шығу және түтінмен улану қаупі жоқ, адамның от жағуға, күл шығаруға уақыты кетпейді, үйді ластамайды. Жылыту қондырғыларынан жылу конвекция жолымен беріледі.

Қазіргі кезде тұрғын үйлерде жылыландырудың сәулелі түрі кеңінен қолданылып жүр. Жылыландырудың бұл түрінде қызған су қабырғалардың арасына орнатылған трубалар арқылы жүріп, бөлмені жылытады. Үйдің төбесінде орнатылған жылыландыру қондырғысының температурасы 28-300С, қабырғалардікі - 40-450С, жертөленікі – 25-270С. Сәулелі жылыландырудың орталықтандырылған сулы жылыландырудан артықшылықтары да бар: адам ағзасы өзінің бойынан жылу шығаруы төмендейді, бөлменің көлденең және тік бағыттарында температура біркелкі болады. Жылыту құралдары қабырға арасында орналасқандықтан, оларға шаң жиналмайды. Үлкен көп қабатты үйлерді жылумен қамтамсыз ету казандықтардан немесе жылу орталықтарынан жүргізіледі. Қазіргі кезде тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту да қарастырылған.

Сулы, булы жылыландырумен қатар қазіргі кезде ауамен жылыту кеңінен қолданылып жүр. Мұндай жүйеде сыртқы ауа жылу қабылдағыш арқылы жылыту камерасына, яғни жылыту құралы - калориферге түседі, ол жерде жылыған ауа каналдар арқылы бөлмелерге беріледі, ал бөлмедегі салқындатылған ауа сору каналдары және сору шахталары арқылы сыртқа шығарылады. Бұл жүйеде таза ауа бөлмелерге ұйымдастырылған күйде түседі, ол бөлмеде ауа алмасуға жақсы әсер етеді. Бұл жүйені қолданғанда бөлмеге түсетін ауа ластанған болмау керек, ол үшін ауа соратын шахтаны шаңның, газдардың түсуінен қорғау керек. Каналдың ішкі қабырғасы тегіс болу керек. Тұрғын үйлерде ауамен жылытуды қолдану тиімді емес, өйткені мұндай жүйеде бөлмеге қатты қыздырылған ауа беріледі, ол адам ағзасында болатын жылу алмасу процесіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Орталықтандырылған инженерлік жүйе жоқ жерлерде (орталықтандырылған жылыту жүйесі) құрылыс нормасы мен ережесіне сай бір және екі қабаттық тұрғын үйлер салып, жылыландырудың жергілікті түрін орнатуға болады. Жылыландырудың бұл түрі көбіне ауылды жерлерде қолданылады.

Жергілікті жылыландыру түріне – пеш жатады. Онымен бір немесе бірнеше бөлмені жылытуға болады. Пештің сыртқы қабырғасының температурасы 800С жоғары болмау керек. Сыртқы қабырғасы тегіс, шаң жиналмайтын болу керек.

Пештің кемшіліктеріне мыналар жатады: бөлменің күлмен ластануы, бөлмедегі тәуліктік температураның тәулік бойы ауытқуы, отынның толық жанбауынан бөлменің ішіне түтіннің шығуы, соның салдарынан адамдарда улану қаупінің болуы, өрт шығу қаупінің болуы, күл шығарғанда бөлменің ластануы, от жағуға адамдардың уақытының кетуі жатады.

Адам түтінмен уланған кезде мынадай белгілер байқалады: бас айналу, бастың ауыруы, жүрек айнып, адамның құсуы, қалтырау. Егер улану ауыр түрде болса, адам өліп кетуі де мүмкін.

Қазіргі кезде жеке тұрғын үйлерде жергілікті, пәтерлі жылыландыру кеңінен қолданылып жүр, бұл кезде орталықтандырылған сумен жылыту жүйесінің принциптері мен элементтері қолданылады. Бұл кезде қазандықтан қыздырылған су жылыту қондырғыларына жеткізіледі, ал пештің өзі көмекші бөлмеде жеке орналасады және оның кіретін есігі бөлек болады. Гигиеналық жағынан мұндай жүйе тиімді болып саналады.



Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың

ауа алмасуы, желдетілуі

Бөлмеде адамдар үнемі болатындықтан ол жердің ауасының физикалық қасиеттері өзгереді: ауа температурасы мен ылғалдылығы көтеріледі. Адам жай отырғанның өзінде жылу бөліп шығарады, ал жұмыс істесе, істеген жұмысының ауырлығына байланысты жылу бөлуі көбейеді.

Ауа құрамы адамның тыныс алуы кезінде де өзгереді. Адам тыныс алатын ауа құрамында оттегінің мөлшері 21%, ал ағзадан шығаратын ауа құрамында оттегінің мөлшері -16,4%; ауа құрамында көмірқышқыл газының мөлшері – 0,04%, ал ағзадан шығарылатын ауа құрамында оның мөлшері

4,4% - ға көтеріледі.

Бұлардан басқа ауада адамның терлеуінен, бөлменің қабырғасында зәк болса, бөлмеде жағымсыз иіс пайда болады, осындай ауаның құрамынан, қасиетінде болатын барлық өзгерістер адамның өзін нашар сезінуіне және денсаулығына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Осындай бөлмеде аз уақыт болғанның өзінде адамның басы айналып, жүрегі айнып, құсуы, есін жоғалтуы мүмкін.

Қазір көп жерлерде, көптеген елдімекендерде тұрмыстық мақсатта табиғи және жасанды газ қолданылып жүр. Егер газ құралдарында ақау болып, тұрғын бөлмеге газ шығатын болса, ол адамға теріс әсер етеді. Газбен жедел улану пайда болады; адам есін жоғалтады, қалтырайды, тынысы тарылады. Газ құрамынан бөлмеге көмір қышқылы, су буы, көміртек тотығы, формальдегид, азот тотығы, бензол түседі.

Көміртек тотығының аз мөлшерінің ұзақ әсері адамның қанының құрамын өзгертеді. Қанның құрамындағы оксигемоглобиннен оттегін ығыстырып шығарып, көміртек тотығы гемоглобинмен байланысқа түсіп, карбоксигемоглобин түзеді. Осыған байланысты қанның өкпеден ұлпаларға оттегін тасымалдауы төмендейді.

Тұрғын үйлерде көбіне ауа газбен (тамақ жасау кезінде) ластанады. Бөлме газбен ластанбас үшін газ плиталар дұрыс қолданылу керек, бөлме желдетіліп тұру керек.

Қазіргі кезде тұрмыста электроплиталар кеңінен қолданылып жүр.

Тұрмыстық процесс кезінде ауаны ластайтын заттардан басқа (газ, от жағу), бөлменің ауасын пластмастан жасалған құрылыс заттардан бөлінетін зиянды заттар да ластайды. Осыған байланысты құрылыста қолданылатын

кезкелген жаңа материал гигиеналық жағынан бағаланып, содан кейін ғана Денсаулық сақтау министрлігі оның қолданылуына рұқсат береді.

Құрылыс кезінде қолданылатын материалдардың бәрі гигиеналық жағынан бағаланып, Денсаулық сақтау министрлігінде қолдануға рұқсат етілгендері тізімге енгізіледі, құрылыс кезінде тек тізімде бар материалдар ғана қолданылуы керек.

Жабық бөлмеде егер ауру немесе бактериотасымалдаушы адамдар болса, ол жердің ауасында бактериялардың көп мөлшері, оның ішінде патогенділері де болуы мүмкін. Бактериялар ауаға ауру адам сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде түсуі мүмкін. Ол ауамен тыныс алған сау адамдар ауырып қалуы мүмкін. Бөлменің ауасы арқылы мына аурулар таралады: туберкулез, тұмау, қызамық, қызылша, коклюш (көкжөтел), дифтерия (күл), желшешек (ветреная оспа).

Жабық бөлменің ауасы жұқпалы ауру қоздырғыштарымен ластанса эпидемиологиялық жағынан қауіпті болады.

Бөлмелердің ауасы жақсы болу үшін, ол жердің ауа алмасуы жақсы болу керек, яғни лас ауа шығарылып, таза ауа әкелініп тұру керек, ол ауаны тазалау жолымен іске асады.

Ауаны алмастыру жиілігі дегеніміз сағатына неше рет бөлменің ауасы тазаланғанын көрсететін көрсеткіш.

Тұрғын бөлмелерде нормада 3м3/сағат ауа 1м2 ауданнан шығарылып тұру керек, ал газдалған үйдің асханасынан, егер асханада 4 камфорлы газ плита болса 90м3/сағат.

Жеткілікті табиғи ауа алмасу (бөлмені желдету) бөлменің ауасының тазалануын толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан терезелерге желкөз, фрамуга орнатылады, олар бөлмелерде ауа алмасуды жақсартады.

Желкөздердің ауданы кемінде 0,3м2 болу керек. Желкөздердің кемшілігіне оны ұзақ ашып қою керектігі және желкөзден кіретін суық ауа ағыны адамның денсаулығына теріс әсер ететіндігі жатады. Фрамугалар, қазіргі кезде шығып жатқан жаңа қондырғылар, олар 450 бұрышпен жоғары қарап орналасқан, яғни фрамугадан кірген таза ауа бөлменің жоғары жағына беріліп, жылы ауамен араласып, содан кейін төмен қарай түседі. Ондай фрамугаларды күні бойы ашып қоюға болады, ол адамның денсаулығына теріс әсерін тигізбейді.

Дала желді кезде бөлмелерде ауа алмасу күшейеді. Егер қарама-қарсы бөлмелердің терезелері ашық болса, өтпе жел тұрып бөлмелер лас ауадан тезірек толық тазаланады. Мұның гигиеналық жағынан маңызы бар.

Табиғи ауа алмасуды бөлмелердің ішкі қабырғаларына арнайы каналдар орнатып күшейтуге болады. Бөлменің қызған ауасы каналдар арқылы сыртқа шығарылады да, ал таза ауа бөлмелерге сол каналдар арқылы келеді. Ол каналдардың далаға шығатын жері қабырғаның жоғары жағында орналасуы керек, өйткені қызған ауа бөлменің жоғарғы жағында орналасады. Көбіне олар асбоцементті құбырлардан жасалады, олар қабырғалардың арасында орналастырылады. Кейде ол кірпіштен жасалады.

ҚНменЕ -ге сай соратын каналдар мына бөлмелерде міндетті түрде болу керек: асханаларда, ваннада және дәретханада. Соратын каналдар үйдің жоғары жағында жалпы коллекторға жиналып, сору шахтасына түседі, ол үйдің төбесінде орналасады. Асхана мен дәретханадан шығатын сору каналын біріктіруге болмайды. Сору каналдарының жұмысын күшейтуге болады, ол үшін сору шахтасының алдына ауаны жылытатын камера қою керек. Жылытылған ауа сору шахтасына бағытталады, сөйтіп коллектордан ауаның шығарылуына әсер етеді.

Ауаны жақсы сору үшін ауа соратын жерде күшейткіштер (желдеткіш) орналастыруға болады, ол ауа алмасу жиілігін арттырады. Ауаны арнайы қондырғылардың көмегімен соруды жасанды ауа алмасу дейді.

Жасанды ауа әкелу вентиляциясымен келетін ауа таза, адамның өзін жағымды сезінуге жақсы әсер етеді, оның температурасы және ылғалдылығы адамға жақсы әсер ету керек.

Қоғамдық ғимараттарда (аурухана, театрлар және т.б.) ауа алмасуды күшейту үшін ауа алмасудың жасанды ауа әкелетін түрін орнатқан дұрыс. Осыған байланысты ауа әкелетін вентиляция жүйесіне қосымша ауаны тазалайтын және қыздыратын қондырғылар орнатылу керек. Ауа соратын орын шаң шығатын жерден, автокөлік жүретін жақтан алшақ жерде, кемінде 2м биіктікте орналасу керек, атмосфералық ауаны ластайтын нысанның жел жағында орналасу керек.

Ауа соратын жер мен оны өңдейтін жердің арасы қысқа болу керек. Бөлмеге берілетін ауа шаң ұстайтын камерадан, сүзгілерден өтеді, кейде су себелейтін қондырғылар көмегімен жуылады, содан кейін қыздырғыш қондырғылардың үстінен өтіп, қыздырылады.

Тазаланған және қыздырылған ауа ауаны әкелетін каналдармен бөлмеге беріледі. Егер ғимаратта ауа әкелу және ауаны сорып әкету вентиляциясы орнатылса, онда ауа сору мөлшері және ауа әкелу мөлшері бірдей болуы да мүмкін, әр түрлі болуы да мүмкін. Ауа тазалығы маңызды орын алатын жерлерде (мысалы, операция жасайтын жерлерде) әкелу мөлшері ауа сорып әкету мөлшерінен көп болу керек.

«+» белгісімен ауа алмасу жиілігінің ауа әкелуінің көптігі, ал « - » ауа әкетудің көптігі белгіленеді. Егер қандай да бір бөлменің ауа алмасу жағдайына сипаттама берілген кезде, +10, -8 деп жазылатын болса, онда бөлменің ауданынан байланысты бұл бөлмеге 1 сағатта 10 еселік ауа әкелініп, 8 еселік ауа көлемі шығарылады. Соңғы кездері кондиционерлер кеңінен қолданылады, ол бөлмелерді сапасы жақсы ауамен қамтамсыз етеді. Кондиционерлерде ауа тазаланады, жылытылады (немесе салқындатылады), ылғалдандырылады, содан кейін микроклиматтың қажет мөлшері автоматты түрде реттеледі. Мұндай қондырғылардың емханалар мен қоғамдық ғимараттар үшін маңызы зор.



Бөлмелердің желдетілуі табиғи және механикалық болуы мүмкін. Желдету бір бөлмеден ауаның екінші бөлмеге ауысуының есебінен және желкөздер, есік және терезелердегі қуыстар арқылы жүреді.

Ауа алмасу егер пәтердің терезелері ғимараттың екі жағына шығатын болса жақсы жүреді. Сондай-ақ бір жақты ауа алмасуға қарағанда бұрыштық ауа алмасуы тиімді. Ыстық климаттық аудандарда тұрғын және қоғамдық ғимараттарда ауа температурасын төмендететін және бөлмелердегі ауа алмасуды қамтамасыз ететін кондиционерлер орналастырылады. Кейбір жағдайларда механикалық вентиляция ас бөлмесіндегі газ плитасының үстіне де орналастырылады.

Қажетті ауа алмасу жиілігі бөлменің ауданына, оның биіктігіне және ондағы адам санына байланысты есептеледі. Бөлме ауасының тазалығының көрсеткіші ретінде көмір қышқыл газы алынады. Ересек адам бір сағаттың ішінде 22,6 л көмір қышқыл газын бөледі, атмосфераның жер беті қабатында оның мөлшері 0,04 немесе 0,4л /м3 пайыз деңгейінде, ал бөлме ауасындағы шекті мөлшері 0,1 пайызға тең. Осы параметрлерді біле отырып бөлмедегі адам санына байланысты қажетті ауа көлемін есептеуге болады.

Көптеген қоғамдық ғимараттарда табиғи желдетуден басқа үрмелі- сормалы жасанды желдету ұйымдастырылады. Ол ең алдымен адамдар саны көп болатын мекемелерде, ауруханаларда, тамақтану нысандарында, кинотеатрларда, дүкендерде және т.б. орындарда ұйымдастырылады. Көбінесе ауаның келуі мен алып кетілуі бірдей болғанымен, кейде айырмашылықтар болуы мүмкін. Ластанған ауа сол бөлмеден басқа бөлмеге өтпеу үшін, ауаны сорып әкету, таза ауаны алып келуге қарағанда басым болу керек, мысалы ас үйде. Ал айрықша таза ауаны қажет ететін орындарда, мысалы операциялық бөлмелерде таза ауаны алып келу, сорып шығаруға қарағанда басым болады. Бөлме ауасының бір сағатта неше рет алмасуының көрсеткіші – ауа алмасуының жиілігі деп аталады. Мұндағы қосу белгісі ауаның неше рет келіп түскендігін көрсетсе, алу белгісі алып кетудің жиілігін көрсетеді. «Тұрғын ғимараттар» құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес тұрғын бөлмелердің бір шаршы метріне шаққанда сағатына ауа алмасу кемінде 3м куб. болуы керек.



Табиғи және жасанды жарықтандыру. Тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимарттарды жобалауда оның табиғи және жасанды жарықтануының жақсы болуы маңызды орын алады. Табиғи және жасанды жарықтану жақсы болса, ол адамның көру қабілетіне жақсы әсер етеді, адамның өмірлік тонусын көтереді, жұмыс қабілетін жоғарылатады, бөлмелердің санитарлық жағдайын жақсы жағдайда ұстап тұруға әсерін тигізеді

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)
7- тақрып

1. Сабақтың тақырыбы: Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың энергетикалық бағасы, дәрумендер мен минералды заттардың маңызы. Алиментарлық аурулар және оның алдын алу щаралары.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға тамақтану гигиенасы, дұрыс тамақтану, балансты тамақтану, ақуыз, майдың, көмірсулардың, дәрумендердің, минералдық заттардың маңызымен таныстыру және оыту.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі
7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Тамақтану – ағзаның маңызды физиологиялық сұранысы, ол негізгі функцияларды: өсу, жетілу және жұмыс қабілетінің белсенділігін арттыруды қолдауға және қамтамасыз етуге бағытталады. Тиімді тамақтану - деп ағзаның энергетикалық, пластикалық және басқа да сұранысын қанағаттандыратын, зат алмасудың қажет деңгейін қамтамасыз ететін тамақтануды айтамыз. Тиімді тамақтану ағзаның жағдайын нормада ұстап және жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуі қажет. Тиімді тамақтанудың негізгі элементтері болып мыналар саналады: үйлесімді тамақтану және тамақтану режимі. Тиімді тамақтану – тәуліктік тамақ тағамдарының калория мөлшерінің тәуліктік энергия жоғалту мөлшеріне қатынасы. Бұл қатынастың өзгеруі ағзада әр түрлі өзгерістер тудырады. Мысалы, тағамдық рационда үнемі калориясы аз тағамдарды қолданғанда адам азады, жұмыс қабілеті нашарлайды, әр түрлі жұқпалы ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді, ал керісінше тағамдық рационда үнемі калориясы көп тағамдарды қолданғанда адам семіреді, денесін май басады, соның салдарынан әр түрлі аурулар пайда болады. Әсіресе калориясы жоғары тағамдарды қолдану гиподинамия, бұлшық еттерге күш түспеген кезде, яғни адам аз қозғалатын жұмыс атқарса өте қауіпті болып саналады. Бұл кезде адам ағзасына тамақ арқылы көп энергия түседі, ал энергия жұмсауы аз болады, энергияның артық мөлшері ағзада майға айналады да, адам семіреді. Қорыта айтқанда, қолданылатын тамақ тағамдарының калориясы ағзаның физиологиялық сұранысына сай болу керек, ал рационның калориясы – ағзаның тәуліктік энергия жоғалтуына сай болу керек.



Үйлесімді тамақтану

Адам ағзасының тамақтық заттарға деген қажеттілігі және өзара ара қатынасы үйлесімді тамақтану ілімінде жинақталған. Осы ілім бойынша тағам дұрыс сіңуі үшін және адам ағзасы дұрыс өмір сүруі үшін, ағзада уақытылы барлық тамақтық заттармен қамтамасыз ету керек және тамақтық заттар өзара дұрыс арақатынаста болуы керек.

Сондықтан да үйлесімді тамақтану деп адамның тамағының құрамындағы барлық тамақтық, биологиялық белсенді заттардың ең тиімді арақатынаста болуы және олар адам ағзасына ең жоғарғы пайдалы әсерін тигізуін айтамыз.

Үйлесімді тамақтану тамақтық заттар мен биологиялық белсенді заттар саны мен сапа жағынан да тиімді байланыста болуы керек, олар ақуыз, май, көмірсу, витаминдер мен минералды элементтер.

Әсіресе ауыстырылмайтын эссенциалды заттар, олар адам ағзасында түзілмейді немесе аз түзілетін, немесе өте жай түзілетін заттар тепе- теңдігіне өте үлкен көңіл бөлінеді.

Адамның тағамдарының құрамындағы ауыстырылмайтын бөліктеріне 8-10 ауыстырылмайтын амин қышқылдары, 3-5 жартылай қанықпаған май қышқылдары (ЖҚМҚ), барлық витаминдер, көптеген минералды элементтер жатады. Сонымен қатар ауыстырылмайтын заттарға кейбір табиғи физиологиялық өте жоғары белсенді заттар жиынтығы: фосфолипидтер, ақуыз - лецетин жиынтығы, глюкопротеидтер, фосфопротеидтер және т.б. тағам құрамындағы кешенді қосылыстар және адамның мерзімдік тамақ мөлшеріндегі үлесі.

Ал алмастырылатын тағамдық заттарға майлар мен көмірсулар жатады. Тамақпен алмастырылмайтын тамақтық заттардың күнделікті түсіп отыруы аса қажет екені белгілі. Сонымен қатар алмастырылатын тамақтық заттардың ағзаға күнделікті түсіп отыруы өте қажет, өйткені бұл заттар жеткіліксіз болса, олардың түзілуіне басқа қоректік заттар жұмсалады да, зат алмасу процесі бұзылады. Ересек адамға қажетті алмастырылмайтын тағамдық заттар саны 50-ден аса.

Тамақтық заттарға және биологиялық белсенді заттарға деген қажеттілік № 1 кестеде берілген.



Ересек адамдардың үйлесімді тамақтану формуласы

( А.А.Покровский бойынша )


Тағамдық заттар


Тәуліктік қажеттілік


Су, г

оның ішінде,

ішетін ( шәй, су, кофе)

сорпа


тамақ тағамдарымен
Ақуыздар, г

Оның ішінде жануарлар ақуызы


Алмастыруға болмайтын аминқышқылдары, г

триптофан

лейцин

изолейцин



валин

треонин


лизин

метионин


фенилаланин
Алмастыруға болатын аминқышқылдары, г

Гистидин


Аргинин

Цистин


Тирозин

Аланин


Серин

Глутамин қышқылы

Аспаргин қышқылы

Пролин


Гликокол
Көмірсулар, г

Оның ішінде:

Крахмал

Моно- және дисахаридтер


Органикалық қышқылдар ( лимон мен сүт қышқылы және т.б.), г
Балласты заттар (клетчатка және пектин), г
Майлар, г

Оның ішінде:

өсімдік майы

алмастыруға болмайтын көп қанықпаған май қышқылдары

холестерин

фосфолипидтер


Минералды заттар, мг

Кальций


Фосфор

Натрий


Калий

Хлорид


Магний

Темір


Цинк

Марганец


Хром

Қола


Кобальт

Молибден


Селен

Фторидтер

Йодидтер
Витаминдер, мг

«С» витамині

Тиамин ( «В1»)

Рибофлавин («В2»)

Ниацин ( «РР»)

Пантотен қышқылы («В3»)

«В6» витамині

«В12» витамині

Биотин

Холин


Рутин ( « Р »)

Фолацин («В9»)

« Д » витамині ( әр түрі )
« А » витамині ( әр түрі )

Каротиноидтар

« Е » витамині (әр түрі )

« К » витамині (әр түрі )

Липой қышқылы

Инозит, г


Энергетикалық бағасы

Ккал


кДж

1750-2200
800-1000

250-500


700
80 – 100

50


1

4-6


3-4

3-4


2-3

3-5


2-4

2-4


1,5-2

5-6


2-3

3-4


3

3

16



6

5

3


400-500
400-450

50-100
2

25
80 - 100
20 - 25
2 - 6

0,3 - 0,06

5

800 - 1000



1000 - 1500

4000 - 6000

2500 - 000

5000 - 7000

300 - 500

15

10-15



5-10

0,20 - 0,25

2

0,1-0,2


0,5

0,5


0,5-1,0

0,1-0,2


50-70

1,5-2,0


2,0-2,5

15-25


5-10

2-3


0,002-0,005

0,15-0,30

500-1000

25

0,2-0,4



0,0025-0,01

(100-400 МЕ)

1,5-2,5

3,0-5,0


10-20 ( 5-30 )

0,2-3,0


0,5

0,5-1,0


2850

11900



Ақуыздар

Тағамдық заттарға - ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер және минералды заттар жатады.

Ақуыздар ауыстыруға болмайтын тағамдық заттар қатарына жатады. Олар ағзаның өсуіне, өмір сүруіне, жетілуіне әсерін тигізеді. Ақуыздар ағзада жасушалар мен ұлпалардың, гармондар мен ферменттердің түзілуіне қатысады, құрылыс (пластикалық) материалы ретінде, зат алмасу процесінің дұрыс жүруіне, әсіресе витаминдер мен минералды заттардың алмасуына, тұздардың алмасу реакциясында өте қажетті зат болып табылады және ол процестердің дұрыс жүруіне әсерін тигізеді. Ақуыздар ағзада энергетикалық тепе-теңдіктің қалыпты жағдайда болуына қатысады. Әсіресе ағзада өте көп энергия жұмсалған кезде немесе тағамның құрамында көмірсулар мен майлар жеткіліксіз болған жағдайда, ақуыздар арқылы жұмсалған энергияның 11-13% - ы толықтырылады.

Майлар

Олардың тамақтанудағы маңызы

Майлар – адам ағзасында энергетикалық және пластикалық рөл атқарады және жасушалардың құрамына кіреді. Ағзада жасушалардың құрамына кіріп, жасушаның құрылымдық бөлігі болып табылады. Майлар энергия көзі болып табылады және барлық басқа тағамдық заттарға қарағанда энергияны көп береді. 1 гр май ыдырағанда 9 килокалория энергия бөлінсе, 1 гр көмірсу және 1 гр ақуыз ыдырағанда 4 килокалория энергия бөлінеді. Майлар ағзадағы көптеген витаминдерге жақсы еріткіш, биологиялық белсенді заттардың көзі болып табылады. Майлар ұлпалардың құрылуына қатысады және жасушалардың протоплазмасының құрамына кіреді. Протоплазмалық майлар тағамдық заттардың сіңуіне әсерін тигізеді. Майлар биологиялық белсенді заттарды құру арқылы ферменттердің белсенділігін реттейді. Майлардың негізгі бөлігін май қышқылдары құрайды. Майдың қасиеті оның құрамындағы май қышқылдарына байланысты. Майлардың ең негізгі қасиеттерін анықтайтын май қышқылдары екі түрге бөлінеді: қаныққан және қанықпаған май қышқылдары.



Қаныққан май қышқылдары өте көп мөлшерде жануарлар майының құрамында кездеседі. Қанықпаған май қышқылдарына қарағанда қаныққан май қышқылдарының биологиялық қасиеті төмендеу. Қаныққан май қышқылдары май алмасуға теріс әсерін тигізіп, атеросклероздың дамуына себеп болады деп есептелінеді. Қанның құрамындағы холестериннің көбеюі де калориясы жоғары тағамдарды қолданумен, әсіресе малдың майын көп қолдану себебінен болады деген мәлімет бар.

Қанықпаған май қышқылдары. Бұл барлық тағамдық майлардың құрамына кіреді, әсіресе өсімдік майларының құрамында өте көп.

Қанықпаған май қышқылдарының құрамында қос қанықпаған байланыстар болады, ал олар майлардың биологиялық белсенділігі мен тез тотығуына әсер етеді. Көп тараған түрлеріне олеин қышқылы, линоль қышқылы, линолен және арахидон май қышқылдары жатады, бұлар жасушалар мембранасындағы зат алмасу процесін реттеуде өте үлкен рөл атқарады және митохондрияда энергияның пайда болуына әсер етеді. Көпқанықпаған май қышқылдары (бұл қышқылдарда бірнеше бос байланыстар бар) ағзада түзілмейді, олар ағзаға тек қана тамақпен түсіп отырады, бірақ бір май қышқылдары екінші бір май қышқылдарына айналуы мүмкін, мысалы, линоль қышқылы арахидон қышқылына айналады. Көпқанықпаған май қышқылдарына деген қажеттілік адамның тағамының құрамындағы өсімдік майының 25-30 грамымен түседі. Тағам рационындағы қанықпаған май қышқылдарының жетіспеушілігі адамның терісінде өзгерістер тудырады: (құрғақтану, қабыршақтану, экземалар, гиперкератоз), ультракүлгін сәулелерін қабылдауы күшейеді, қан тамырларының өткізгіштігі артады, жүрек еттерінің жиырылу қабілетіне әсер етеді.



Ағза үшін м а й т ә р і з д і заттардың құндылығы бар, оларға фосфолипидтер мен стериндер жатады. Фосфолипидтердің ішіндегі белсенділігі жоғарысы болып лецитин саналады, ол майлардың қорытылуына және алмасуына әсер етеді және өттің бөлінуін күшейтеді. Лецитиннің липотропты қасиеті бар, яғни бауырдың май басуына жол бермейді және қан тамырларының қабырғасында холестериннің жиналуына кедергі жасайды. Фосфолипидтер энергияның пайда болуына қатыса отырып, гемоглобиннің шоғырлануына және эритроциттің жетілуіне оң әсерін тигізеді, орталық жүйке жүйесінің жұмысын күшейтеді, оның ішінде қозу процесіне әсері бар. Фосфолипидке деген ересек адамның қажеттілігі бір тәулікте 5 гр көлемінде. Бұл фосфолипидке деген қажеттілік ағзада фосфолипидтердің түзілуінен және тағамдар мен бірге түсетін фосфолипидтердің пайда болуына әсер ететін тағамның құрамындағы заттар арқылы түгелденеді. Жұмыртқаның сарыуызы, сүттің майы және тазартылмаған өсімдік майларының құрамында лецитин өте көп. Маңызды стериндердің қатарына холестерин жатады, ол жасушалардың құрамына кіреді. Холестерин өт қышқылдарының пайда болуына қатысатын заттардың құрамына кіреді, сонымен қатар жыныстық гормондардың, бүйрек үсті бездерінің гормондарының және ультракүлгін сәулесінің көмегімен "D3" витаминінің түзілуіне әсер етеді. Адамда холестерин жетіспеушілік деген болмайды, өйткені ол әр түрлі субстраттардан пайда бола береді, мысалы майлардан, көмірсулардан, аминқышқылдарынан және т.б. Адам ағзасында бір тәулікте 2,5 гр холестерин пайда болады, ал тағаммен бірге 0,5 гр түсіп отырады. Холестериннің ағзаға артық мөлшерінің жиналуы атеросклероз ауруының пайда болуына себеп болады, бірақ экзогенді фактор емес, яғни тамақпен бірге түсетін холестерин емес, оның себебі ағзада холестерин алмасуының бұзылуынан немесе көп пайда болуынан және ағзадан шығарылуының төмендеуінен, ал оның себебі тағамдардың майлы болуы және тез сіңетін көмірсулардың көп болуы. Сонымен қатар майлардың құрамына әр түрлі витаминдер: " А", " D", " Е", (токоферол) және пигменттер кіреді, олардың кейбіреулері биологиялық жағынан белсенді. Бұл майлардың пигменттеріне бетта – каротин, сезамол, госсипол жатады.

Майларға деген қажеттілік және нормалау. Майды нормалау адамның жасын, жынысын және жұмыс ерекшелігін, ұлтын және климаттық ерекшеліктерін ескере отырып есептелінеді. Май арқылы адамның тәуліктік энергетикалық қажеттілігінің 33%-ы қамтамасыз етіледі. Биологиялық тұрғыдан қарағанда майлардың тағамдық рациондағы ара қатынасы: 70% малдың майы болса, 30 % өсімдік майы болуы қажет. Жасы келгендер мен кәрі кісілерге бұл ара қатынаста өсімдіктер майын көбейтуді ұсынады. Бұл ұсыныс тез толуға бейім адамдарға және жүрегі ауыратын адамдарға да (атеросклероз т.б.) қатысты. Өте суық аймақтарда, жылудың көп бөлінуіне байланысты адамдардың майға деген қажеттілігі жоғары болады. Ал таулы аймақтарда ауаның құрамында оттегінің аз болуына байланысты және ауа қысымының төмендеуінен майлардың тотығуы нашарлайды, сондықтан да ағзада тотықпаған май қалдықтарының жиналуына байланысты, керісінше майды аз қолдану керек.

Көпқанықпаған май қышқылдарына деген қажеттілік ересек адамға

5-7 гр, ал балаларға 3-4 гр. Бұл май қышқылына деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін күніне 25-30 гр күнбағыс майын қолданса жеткілікті. Фосфатидтерге деген физиологиялық қажеттілік рационалды тамақтанғанда бір тәулікте 6-7 гр. Фосфатидтердің негізгі көзі көптеген азық-түліктер болып табылады: өсімдік майлары (әсіресе тазартылмаған), жұмыртқа, сары май, ірімшік және т.б.

Көмірсулар және олардың тамақтанудағы маңызы

Көмірсулар тағамдық рационның негізгі бөлігі болып табылады. Көмірсулардың физиологиялық маңызы негізінен оның энергетикалық қасиетіне байланысты анықталады. 1 гр көмірсудан 4 килокалория энергия бөлініп шығады. Ауыр дене еңбегі кезінде көмірсуға деген қажеттілік артады.

Көмірсулар жасушалардың биологиялық түзілуінде пластикалық материал ретінде қолданылады (көптеген ұлпалар мен жасушалардың құрамдас бөлігі болып табылады).

Мысалы: глюкоза үнемі қанның құрамында болады, гликоген – бауырда және бұлшық еттер құрамында кездеседі, галактоза мидың майларының құрамына кіреді, лактоза - әйелдердің сүтінің құрамына кіреді.

Ағзада көмірсулардың қоры өте аз көлемде, сондықтан оның артық мөлшері де ағзада аз болады. Ағзаның көмірсуға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін көмірсулар тағамдармен үздіксіз түсіп тұру керек. Көмірсулар май алмасу процесімен тығыз байланысты. Егер адам көп жұмыс істемесе, онда ағзаға түскен көмірсулардың артық мөлшері майға айналады.

Табиғи тағамдардың құрамында көмірсулар моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер түрінде кездеседі.

Құрылысына, ерігіштігіне, ағзаға сіңуіне, гликогеннің пайда болуына әсер етуіне байланысты тамақ тағамдарында кездесетін көмірсулар былай бөлінеді:

Жай көмірсулар: Моносахаридтер-глюкоза, фруктоза, галактоза,

Күрделі көмірсулар: Полисахаридтер- крахмал, гликоген, пектинді заттар,

клетчатка



Дисахаридтер:сахароза, лактоза, мальтоза

Жай көмірсулар - олардың бәрі ағзада жақсы ериді, жақсы сіңеді, ағзада гликогеннің пайда болуында қолданылады.

Моносахаридтердің ішінде ең көп тарағаны – глюкоза.

Г л ю к о з а - жеміс- жидектердің құрамында көп кездеседі және ағзада дисахаридтер мен крахмалдың ыдырауынан пайда болады.

Глюкоза ағзада гликогеннің тез және оңай пайда болуы үшін қолданылады, мидың ұлпаларының қоректенуіне, бұлшық еттердің қоректенуіне, оның ішінде жүрек етінің, қанның құрамында канттың нормада болуына және бауырда гликогеннің қорының жиналуына әсерін тигізеді. Глюкоза мына заттардың құрамында көп кездеседі: жеміс- жидектер, бал.

Ф р у к т о з а – қасиеттері глюкозанікіндей, бірақ фруктоза ішекте жай сіңеді, қанға түскеннен соң, қанның ағымынан тез шығады. Фруктозаның

70-80 % -ы бауырда болады да, қанның құрамында канттың көбеюіне себеп болмайды. Бауырда фруктоза оңай гликогенге айналады. Барлық қанттардың ішіндегі ең тәттісі. Жасы келгендер мен кәрі кісілерге және ой еңбегімен айналысатын кісілерге ұсынылады. Фруктоза май алмасу процесі бұзылған адамдар үшін ең жақсы қант болып табылады, өйткені ағзада оның аз мөлшері ғана майға айналады. Мына тағамдар құрамында көп кездеседі: бал, құрма, жүзім, алма, алмұрт, қарбыз және т.б. азық- түліктерде.

Г а л а к т о з а – бос күйінде тағамдар құрамында кездеспейді. Галактоза негізгі көмірсу лактоза (сүт қанты) ыдырағанда пайда болады.

Дисахаридтерге – сахароза, лактоза, мальтоза жатады. Адамдар тамақтанғанда кең қолданатын дисахарид - сахароза. Ол өзінің жоғары дәмдік қасиетімен ерекшелінеді.

С а х а р о з а н ы ң бірқатар теріс қасиеті де бар. Оны көп мөлшерде қолдану адамның тәуліктік рационының калориясын көбейтеді. Бұл әсіресе кәрі кісілерге және жасы келген кісілерге, жеңіл жұмыспен айналысатын, яғни энергия көп жұмсамайтын адамдарға теріс әсерін тигізеді. Өйткені оның артық мөлшері ағзада майға айналады. Мына тағамдар сахароза көзі болып саналады: қант қызылшасы, қант құрағы. Қант қызылшасы құрамындағы сахароза мөлшері 14-18%, ал қант құрағында 10-15%. Сахарозаның табиғи көзі болып бақша өнімдері, банан, шабдалы, өрік, сәбіз, қара өрік саналады.

Л а к т о з а – немесе оны сүт қанты дейді. Ол сүттің құрамында кездеседі, тәттілігі басқа қанттарға қарағанда төмен. Лактозаның гидролизі ішекте өте жай жүретіндіктен, ішектегі ашу процесін төмендетеді. Ішекте сүтқышқыл бактерияларының дамуына әсер етіп, шіріткіш бактериялардың дамуын тежейді. Лактозаны әсіресе жасы үлкен адамдар мен жас балалардың тағамының құрамына қолданған жөн. Бірақ кейбір адамдардың ішегінде лактозаны ыдырататын ферменттердің болмауынан ағзаның лактозаны қабылдамауы мүмкін. Ағзадағы майдың түзілуіне лактозаның қолданылуы өте төмен. Жануарлар сүтінде лактозаның мөлшері 4-6 % -ды құрайды.

М а л ь т о з а немесе "өнген дән жармасының қанты " деп аталады. Табиғи тағамдар құрамында өте аз мөлшерде кездеседі. Кейбір тағамдарда құрамында мальтозаның құрамын жасанды жолмен көтереді, мысалы арпаны өндіру арқылы. Өнген дән жармасы спиртке ашытқы ретінде сыра өндірісінде қолданылады.



Полисахаридтерге – крахмал, гликоген, пектинді заттар, клетчатка жатады. Полисахаридтер суда нашар ериді және молекулалық құрылысының күрделілігімен ерекшеленеді.

К р а х м а л - негізгі тағамдық маңызы бар көмірсу. Тағамдар арқылы ағзаға түсетін барлық көмірсулардың 80% - ын крахмал құрайды. Картоптың, бұршақ тұқымдастардың, дәнді дақылдардың тағамдық маңызын крахмалдың көптігімен байланыстырады. Крахмалдың екі фракциясы болады - амилоза және амилопектин, олардың қасиеттері әр түрлі. Крахмал қантқа қарағанда өте жай сіңеді, сондықтан да гипергликемия болмайды.

Г л и к о г е н – бауырда көп болады. Ағзада бұлшық еттердің қорегіне қолданылып, органдар мен жүйелерге энергетикалық материал болып табылады.

П е к т и н д і з а т т а р ғ а - пектиндер және протопектиндер жатады. Пектин өзінің жақсы ерігіштігімен ерекшеленеді. Ол жасушалар нәрінің құрамына кіреді. Оның желімтектік қасиеті болғандықтан ол мармелад, джем және пастила дайындағанда қолданылады. Пектин алманың, апельсиннің, шабдалының, өріктің, қара өріктің, сәбіздің, алмұрттың, қызылшаның құрамында өте көп. Пектинді заттардың әсерінен адам ішегіндегі шіріткіш бактиялар жойылады. Сондықтан да асқазан – ішек ауруларын емдеуде өсімдік диеталары көп қолданылады, мысалы алма және сәбіз диетасы. Протопектин жасуша қабырғаларының құрамына кіреді, ерімейтін зат, піспеген жеміс-жидектің қатты болуы оның құрамында протопектиннің өте көп болуынан. Ал жеміс піскенде немесе оны қайнатқанда протопектин ыдырайды.

К л е т ч а т к а - өсімдіктен алынатын өнімдермен адам ағзасына түсіп отырады. Ас қорыту процесі кезінде клетчатка ішектің қабырғаларын тітіркендіреді де, ішектің жиырылуына себеп болады, ал ол ішектегі тағамдардың жақсы жылжуына әсер етеді. Адамның ішегінде клетчатканы ыдырататын ферменттердің бөлінбеуінен, тек ішек микрофлорасының ферментті өте аз бөлуінен клетчатка ағзаға жай сіңеді, сол себептен энергия көзі болып табылмайды. Тағам құрамында клетчатканың аз болуы ішектің жұмысын солғындатып, іштің қатуына әкеледі, содан соң ағзаға ақуыздардың ыдырауынан пайда болған улы заттармен уланады.

Клетчатка ағзадағы артық холестериннің шығуын қамтамасыз етеді. Клетчатка бұршақ тұқымдастар, жеміс - жидектер, көкөністер, ірі ұнтақталған нан құрамында көп болады.



Минералды заттар және олардың тамақтанудағы маңызы

Қазіргі кездегі зерттеулер көрсеткендей минералды элементтер ағзада өте маңызды рөл атқарады. Олардың биологиялық әсерінің жаңа жақтары анықталған, ол өздерінше бөлек үлкен топ, биологиялық белсенді заттарды - биомикроэлементтерді ашуға септігін тигізді. Минералды заттар тағам құрамының негізгі маңызды бөлігі болып табылатындықтан, оны зерттеу әр түрлі эндемиялық аурулардың: эндемиялық зоб, флюороз, кариестің, стронцилы мешелдің алдын алу және оны жоюмен тығыз байланысты.

Минералды элементтердің физиологиялық маңызы: ферменттік жүйенің құрамына және олардың жұмысына, ағзаның ң тканьдерін түзуге, әсіресе сүйек тканьдерін түзуге, пластикалық процеске, ағзаның қышқылдық – негіздік жағдайын тұрақты ұстауға, қанның құрамында тұздың нормада болуына, ағзадағы су және тұз алмасу процесінің нормада жүруіне әсерін тигізеді.

Тағамдардың құрамында 60- тан астам әр түрлі химиялық элементтер кездеседі. Олардың кейбіреулері ағза тканьдерінде көп мөлшерде кездеседі: кальций, магний, фосфор, натрий, калий, хлор – бұларды «макроэлементтер» - деп атайды, ал кейбіреулері аз мөлшерде кездеседі: темір, йод, фтор, хром, кобальт, марганец, молибден және т.б. бұларды «микроэлементтер» немесе «биомикроэлементтер» - деп атайды.


Сілтілік минералды элементтер (катиондар)

К а л ь ц и й ең кең тараңған минералды элемент. Адам ағзасында –1500 грамм мөлшерінде кездеседі. Кальцийдің 99% -ы сүйек құрамында кездеседі, ол сүйекке ерекше қаттылық қасиет береді.

3 кесте. Минералды элементтердің жіктелуі


Сілтілік минералды элементтер

(катиондар)


Қышқылдық минералды элементтер

(аниондар)


Биомикроэлементтер



Кальций

Магний


Калий

Натрий




Фосфор

Күкірт


Хлор



Темір

Мыс


Кобальт

Йод


Фтор

Мырыш


Стронций

Марганец


Никель

Сурьма және т.б.



Кальций қанның тұрақты бөлігі болып табылады, ядроның, жасуша протоплазмасының құрамына кіреді, жүрек бұлшық еттерінің жиырылу қызметін реттейді, қанның қоюлану процесіне қатысады. Кальций ағзаға нашар сіңеді. Егер кальций ағзаға ақуызбен немесе лактозамен бірге түссе жақсы сіңеді. Сондықтан сүт және сүт қышқыл тағамдарының құрамындағы кальций ағзаға жақсы сіңеді. Тағам рационының құрамында фосфор, калий, магний, май көп болған жағдайда кальцийдің сіңімділігі төмендейді. Тағамдардың рационының құрамында кальций, фосфор, магнийдің оңтайлы қатынасы мынадай болуы керек: 1 : 1,5 : 0,7. Сүт және сүт тағамдары кальций көзі болып саналады. 0,5 литр сүт немесе 100 гр сыр ересек адамның тәуліктік кальцийге деген қажеттілігін қанағаттандырады. Жеміс-жидектер мен көкөністердің құрамында кальций өте аз мөлшерде кездеседі, бірақ олардың құрамындағы фосфор мен магнийдың кальциймен ара қатынасы қолайлы болу себебінен құрамындағы кальций ағзаға жақсы сіңеді. Ересек адамның кальцийге деген қажеттілігі 800 мг, аяғы ауыр келіншектер және бала емізетін әйелдер үшін кальцийге деген қажеттілік тәулігіне 1500 мг-ға дейін артады. Ал мектеп жасындағы балалар, жасына қарай тәулігіне 1100-1200 мг кальций қабылдауы қажет.

М а г н и й өсімдік және жануарлар тағамдарының құрамында көптеп кездеседі. Ағзада магний мен фосфордың алмасуы бір - бірімен тығыз байланысты. Егер ағзадан фосфор көп мөлшерде шығарылса, магний де организмнен көптеп шығарылады. Магний ішекте жақсы сіңу үшін өт қышқылы қажет. Магний көмірсу және фосфор алмасу процесіне әсерін тигізеді. Магнийдің антиспастикалық және қан тамырларын кеңейтетін қасиеті бар. Ішектің жиырылуына және өттің жақсы бөлінуіне әсерін тигізеді, жүйке жүйесінің қозуын тежейді. Ағзаға магний жеткіліксіз мөлшерде түскенде, артерия қабырғаларында, жүректе және бұлшық ет құрамында кальций мөлшері көбейіп, қан тамырларының созылғыштық қасиеті төмендейді. Сондықтан қан қысымы жоғары адамдарға құрамында магнийі көп диета ұсынылады. Магний ағзаға жеткіліксіз мөлшерде түскен кезде бүйректе нефротикалық көріністер және дегенеративтік өзгерістер болады. Магний көзі болып мына тағамдар саналады: жармалар, бұршақ, фасоль. Жануарлар тағамдарының құрамында магний өте аз мөлшерде кездеседі.

Ересек адам тәулігіне – 400 мг, ал балалар жасына байланысты тәулігіне 250-350 мг магний қабылдауы керек.

Н а т р и й жасушадан тыс және тканьаралық алмасуға қатысады, қышқылдық негізгі тепе - теңдіктің және осматикалық қысымның сақталуына әсер етеді. Натрий бүйрек арқылы мочевинаның бөлінуіне, асқазанда тұз қышқылының түзілуіне қатысады. Натрий иондары су алмасуға қатысады, ағзада тканьдердің коллоидты ісінуіне, байланысқан судың тұрақтауына әсерін тигізеді. Натрий калийдің антогонисі болып саналады. Хлормен бірге натрий қан плазмасының және ұлпасының тұрақты құрамы болады. Тағамдардың құрамында натрий көлемі аз. Натрий ағзаға ас тұзы арқылы түседі.

Ересек адам тәулігіне 4-6 гр натрий қолдануы керек, яғни ол натрий хлоридінің 10-15 гр - на сай. Ауыр жұмыс істеген кезде, тер көп бөлінген кезде, құсқанда және іш өткенде, калийге бай өсімдік тағамдарын қолдаланғанда натрийге деген тәуліктік қажеттілік артады. Адам ісінген кезде, бүйрегі ауырған кезде, қан айналымы бұзылған кезде натрийді қолдану шектеледі.

К а л и й д і ң адам өміріндегі маңызы, ол ағзадан судың шығуын күшейтеді. Калий жасуша ішілік алмасуда, ағзада буферлі жүйе түзуге (бикарбонатты, фосфатты) үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар орта реакциясының өзгеруін тежеп, оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Калий иондары ацетилхолиннің құрылуында және бұлшық еттерге жүйкелік қозуды өткізу процесінде үлкен рөл атқарады. Құрамында калийдің көп мөлшері бар және натрийдің аз мөлшері бар диета жүрек жұмысының жетіспеушілігінде және ағзадан су нашар шығарылған кезде ұсынылады.

Калий өсімдік және жануарлар тағамының құрамында көптеп кездеседі. Калийдің көп мөлшері кептірілген жемістер құрамында кездеседі, кептірілген шабдалының 100 грамында калий - 2043 мг, ал кептірілген өрікте -1717, кептірілген шиеде - 1280, қара өрік -864, мейізде -860 бар. Калийдің көп мөлшері картопта болады (100 грамында 568 мг). Калийге деген қажеттілік осы тағамдармен қамтамасыз етіледі. Ересек адамдар тәулігіне 3-5 грамм калий қолдану керек.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)
8- тақрып

1. Сабақтың тақырыбы: Тағамнан уланулар және олардың алдын алу.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға тағамнан болатын уланудың алдын алуды үйрету және оқыту.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Тамақпен уланулар

Анықтамасы және жіктелуі тағамдар ауыр тағамдық уланудың себебі болатындығы ежелден белгілі, кей жағдайларда адам өлімі болуы да мүмкін. Басында аурудың себебі тағамдық тамақтардың жақпауы, олардың табиғи қасиеттеріне немесе улы заттардың қоспасының болуына байланысты деп санаған.

Органикалық химияның жетістіктеріне байланысты «птомаинді теория» пайда болды, бұл теорияға жүгінсек, тағам құрамындағы ақуыздар ыдырағанда тағам құрамында спецификалық улы заттар-птомаиндар жиналып, ауру тудырады.

Бактериологияның жетілуіне байланысты, аурудың бұрқ етпе кезінде ауырғандардан, тамақ қалдықтарынан аурудың қоздырғышы болған белгілі микроорганизмді анықтауға болады.

Ауру табиғаты тек жұқпалы ғана болуы мүмкін емес, ол тағам құрамына органикалық емес заттардың түсуінен де болуы мүмкін.Тағам құрамына түсіп, улану тудыратын, органикалық емес заттарға мыналар жатады: мырыш, мышьяк, қорғасын тұздары және фтор қосындылары.

Улану тағам құрамына органикалық химиялық қосылыстардың түсуінен

(ауылшаруашылықта қолданылатын улы химикаттар және т.б) және тағам ретінде улы өсімдіктерді қолданғанда да (қозықұйрықтар, ұнға түскен арам шөптер дәнегімен, жеміс- жидектердің улы дәнектерімен және т.б) болуы мүмкін.

Егер ауру адам ағзасына тірі микробтардың түсуінен немесе олардың өмір сүру кезеңінде пайда болған заттардан, яғни токсиндерінің түсуінен пайда болған болса, онда ол тамақпен улануды тағамдық токсикоинфекцияларға жатады.

«Тағамдық токсикоинфекция» деген сөз жинайтын дегенді білдіреді. Тағаммен уланудың бұл түріне клиникалық белгілері бір- біріне ұқсас, бірақ қоздырғыштары әр түрлі: ішек таяқшасы, протей, иерсиний, Cl. Perfringens, Bac. Cereus, Vibrio parahaemoliticus, энтерококктар және т.б аурулар жатады. Бұл ауруларда ең алғашқы симптомы – гастроэнтерит болып саналады. Бұл аурулардың симптомдарынан клиникалық көрінісі бойынша ботулизм ғана өзгеше болады. Ботулизм кезінде нерв жүйесі зақымдалады.

Егер ауру ағзаға микробтар мен токсиндердің түсуінен пайда болса, онда ол ауру «тағамдық токсикоинфекция» - деп аталады. Егер ауру организмге тек токсиндердің түсуінен пайда болса, онда ондай ауруды «тағамдық токсикоздар» - деп атайды. Тағамдық токсикоздарға стафилококты тағамдық интоксикация жатады, бұл ауру кезінде тағаммен бірге адам ағзасына энтеротоксин түссе болғаны, ал стафилококк тағам құрамында болмауы да мүмкін.

Тағаммен улану дегеніміз – микробтардың белгілі бір түрімен ластанған, олардың шығындыларымен –токсиндерімен ластанған немесе адам организміне улы әсер ететін микробты емес заттармен ластанған тағамды жегеннен жедел пайда болатын, (созылмалы түрі сирек кездесетін) аурулар.

Тағаммен уланудың – жаппай улану немесе отбасылы, топтасқан түрі болуы мүмкін және жеке спорадиялық түрі де болуы мүмкін.

Тамақпен улануды 3 топқа бөледі:



  1. микробты

  2. микробты емес

  3. этиологиясы белгісіз түрі

Тамақпен уланудың микробты түрін патогенетикалық белгісіне байланысты былай бөледі:

- Токсикоинфекциялар



  • Токсикоздар

  • Микстер (этиологиясы аралас түрі)

Токсикоздар топшасы былай бөлінеді: бактерио- және микотоксиндер.

Тамақпен уланудың микробты емес түрі былай бөлінеді:

  • шығу тегі улы өсімдіктер;

  • белгілі бір жағдайда улы болған тағамдар;

  • химиялық заттармен улану.

Тамақпен уланудың этиологиясы микробты түрі

Тағамдық токсикоинфекциялар

Тағамдық токсикоинфекциялар- тамақ жегеннен кейін, жедел туатын ауру, егер ол тамақ әлсіз патогенді тірі ауру қоздырғыштарымен және оның токсиндерімен өте көп мөлшерде ластанған болса.



Токсиндер дегеніміз - микробтар өзінің өмір сүру кезінде, көбейгенде, өлгенде шығаратын шығындылары.

Тағамдық токсикоинфекцияларды мына бактериялар тудырады: E.Coli

(энтеропатогенді серотипі), протейлер, энтерококктар, споратасымалдаушы аэробтар (Bac. Cereues), споратасымалдаушы анаэробтар (Cl. perfringens), патогенді галофильдер (V.parahaemaliticus) және протеолиттік қасиеті бар аз зерттелген микроорганизмдер түрі.

Тағамдық токсикоинфекцияның ішек ауруынан айырмашылығы - ол өте көп мөлшерде қоздырғышпен ластанған тамақ жегеннен кейін пайда болады, ал ішек аурулары – іш сүзегі, холера, дизентерия - ағзаға микробтың аз мөлшері ғана түседі да, одан ауру туады, өйткені бұл аурудың қоздырғыштарының жоғары патогенді қасиеті бар.



Тағамдық токсикоинфекция - тамақ ішкеннен кейін, аяқ астынан көп адам ауырады, ол тамақты дайындағанда, тасымалдағанда, сақтағанда немесе сатқанда белгілі бір санитарлық ереже бұзылғандықтан болған, ол тамақты сатуды немесе қолдануды тоқтатқаннан кейін адамдардың ауырғаны да тоқтайды.

Жасырын кезең орташа есеппен 6 - 24 сағ. арасында. Егер ластанған тағам сауда орындарында немесе қоғамдық тамақтану орындары арқылы көп мөлшерде таратылған болса, онда жаппай улану орын алады.

Егер отбасында немесе бірнеше адам жиналғанда улану болса, ондай улануды отбасылы немесе топтасқан улану дейді.

Ішек таяқшасы тудыратын тағамдық токсикоинфекциялар

Соңғы 20-30 жылдағы ғылым жетістіктеріне, ерекше энтеропатогенді ішек таяқшаларының биотиптерін ашу саналады, олар адамдар арасында ас

қазан –ішек жұмысының бұзылуын тудырады, бұл қоздырғыш тудыратын ауру жаппай немесе топтасқан болуы мүмкін.

Патогенді эшерихии адамдар арасында тамақпен уланудың спорадиялық түрін және топтасқан түрін де тудыруы мүмкін.

Ішек таяқшасының көптеген серологиялық топтарының арасынан тағам көп мөлшерде ластанғанда тағамдық токсикоинфекция тудыратын энтеропатогенді түрінен үш категориясы бөлініп алынған.

Энтеропатогенді ішек таяқшасының этиологиялық рөлі және тағамдық токсикоинфекцияның клиникалық сипаттамасы ғылыми түрде дәлелденген.

№11 кесте. Тамақпен уланудың жіктелуі


Улану топтары

Улану топшалары

Аурудың себеп факторы


1.Микробты түрі

1. Токсикоинфекциялар

Токсикоздар

Бактериотоксикоздар

Микотоксикоздар
Микстер (этиологиясы

аралас)



- Е.Coli тобының бактериялары (энтеропотогенді серотиптер)

- Proteus (proteus vulgaris et mirabilis)

- Cпоратасымалдаушы анаэробтар (Cl.perfringens, Cl. cereus)

- Патогенді галофильдер (Vibrio parahaemoliticus)

- Аз зерттелген микроорганизмдер (Citrobacter, Hafnia,Yersinia, Pseudomonas)


Энтеротоксигенді стафилококтар (Stafilococcus aureus, Cl.botulinum)
Саңырауқұлақтар түрі: (Aspergillus, Penicillium, Fusarium)

  • Bac.proteus және энтеротоксигенді стафилококк

  • Bac. Cereus және энтеротоксигенді стафилококк

Микробты емес


Табиғаты улы тағамдар.

өсімдік тектес


жануар тектес

Белгілі бір жағдайда улы болған заттармен улану.

өсімдік тектес
Жануар тектес
Химиялық заттармен улану





  • Улы саңырауқұлақтар.

  • Шартты түрде қолдануға болатын саңырауқұлақтар.

  • Жабайы және мәдени өсімдіктер

  • Улы шөптердің дәнегімен улану

Кейбір балықтардың уылдырығы

Сойған малдардың ішкі секреция бездері


Абрикос, шиенің,бадамның сүйегінің ащы дәнегі

- жаңғақтар

- шикі бұршақ

- өніп кеткен картоп

Кейбір балықтың уылдырығы мен бауыры
Пестицидтер.Тағамдық қоспалар. Қондырғы-лардан,құрал-жабдықтардан,ыдыстардан, буып-түйетін заттардан,темірдің ауыр тұздарының (қорғасын,мырыш,мыс және т.б.), синтетикалық полимерлі материалдардың өтуі.


Этиологиясы белгісіз түрі.

Юксов-сартлад ауруы (али-ментарлы пароксизмальді-токсикалық миоглобинурия; Гафф ауруы )


Ішек таяқшасының қоршаған ортаның объектілерінде, суда, тағамда кездесуі санитарлық тәжірибеде нәжісті ластануды көрсетеді, ал тағамды және өндірісті зерттегенде ішек таяқшасы сол санитарлық жағдайын көрсетеді.



Эпидемиологиясы - энтеропатогенді ішек таяқшасының көзі болып-ауру адам немесе бактериотасымалдаушы табылады. Ересек адамдар арасында энтеропатогенді ішек таяқшасын сымалдаушылар 4 - 7%, ал балалар арасында

8-12 % құрайды.

Ішек таяқшасы қоршаған ортада көп кездеседі, ішек таяқшасының энтеропатогенді түрі сирек кездеседі.

Энтеропатогенді ішек таяқшасы адамның және жануарлардың нәжістерімен қоршаған ортаға түсіп, лас қол, лас қондырғылар, ыдыстар, құрал-жабдықтар, су арқылы тағамдарды ластайды, егер көбеюге жағдай болса, ол тағам құрамында тез көбейеді.

Сүт және сүт тағамдарында,етте, колбасада энтеропатогенді ішіек таяқшасы жақсы көбейеді, сондықтан бұл тағамдар арқылы ауру жақсы беріледі.

Колитоксикоинфекциялар санитарлық ережелер мен талаптар тамақ дайындайтын жерде және сақталу ережесі өрескел бұзылған жерлерде, яғни тағм ластанып және микробтардың көбеюіне жағдай жасалған кезде болады. Көбіне дайын ет және балық тағамдарынан, соның ішінде термиялық өңдеуден өтпейтін тағамдарда кездеседі. Колитоксикоинфекция көбіне күннің жылы кезінде, яғни көбеюге жақсы жағдай жасалған кезде болады.

Қорыта айтқанда токсикоинфекция - тағам энтеропатогенді ішек таяқшасымен ластанғанда, тағамды дайындап жатқан кезде, сату кезінде, санитарлық ереженің, сақтау ережесінің бұзылуынан, термиялық өңдеу жеткіліксіз болғанда бәрі қосылып осы ауру пайда болады.

Клиникасы – жасырын кезеңі 2 сағаттан 18 сағатқа дейін. Жасырын кезеңнің ұзақтығы ағзаға түскен тірі қоздырғыштардың мөлшеріне, оның патогенділігіне, адамның асқорыту жолдарының жағдайына, адамның инфекцияны қабылдап алу жағдайына байланысты.

Ауру аяқ асты басталады. Адамның іші толғақ сияқты ауырады, қалтырайды, басы айналады, іші өтеді, құсқысы келеді, кейбіреулері жиі құсады, әлсіз болады, кейбіреулердің температурасы субфебрильді болады, көпшілігінің температурасы нормада болады.

Колитоксикоинфекциялар клиникалық жағынан көбіне жедел энтерит, гастроэнтерит, энтероколит симптомдарының қысқа белгілерімен сипатталады.

Іші өтпеу өте сирек кездеседі. Ауру көбіне жеңіл түрде өтеді, адам 1-2 күнде жазылады.



Диагностикасы: Колибактериялды этиологиялы тағамдық токсикоинфекцияның клиникалық диагнозы гастроэнтерит және энтероколит симптомдарына қарап және жалпы интоксикация, ол күдікті тағамды жегеннен кейін бір уақытта сол адамдардың жаппай ауыруымен сипатталады. Тек осы инфекцияға тән басқа клиникалық белгілері жоқ. Соңғы диагнозы тек лабораториялық зерттеу көмегімен дәлелденеді.

Бактериалды зерттеуге – күдікті тағамды алады, ауру адамның нәжісі, құсығы, асқазанды шайған су. Егер осылардың анализінен бір типті энтеропатогенді ішек таяқшасы көп мөлшерде табылса, яғни бұл токсикоинфекция.

Бактериалды зерттеуге бұдан басқа: қондырғылардан, жұмысшылардың қолынан, құрал-жабдықтардан, жұмысшылардың киімінен жұғынды алынады.

Ауырған адамдардың қанынан энтеропатогенді ішек таяқшасы табылса, ол диагноздың толық расталғаны. Тағамдық колитоксикоинфекцияны дәлелдеуде аггютинация реакциясын қою да үлкен көмек болып табылады. Агглютинация реакциясын динамикада қойған жөн, ол сол ауру адамдарда алдымен антитела титрының өскенін, содан кейін түсуін көрсетеді.



Алдын алу тағамдық токсикоинфекцияны болдырмау үшін, ең алдымен тағам дайындайтын объектілерде жұмыс істейтін адамдардың арасында колибактериалды холициститпен, пиелитпен, паропроктитпен ауыратын адамдарды уақытылы анықтап, олардың уақытылы емделуін қамтамасыз ету. Тағам дайындайтын объектілерде жұмыс істейтін адамдар арасынан энтеропатогенді ішек таяқшасын тасымалдаушыларды анықтап, оларды емдеу. Қоғамдық тамақтану орнында тамақты дайындағанда санитарлық ережелердің қатаң сақталуына көңіл аудару керек (ет қосылып жасалатын әр түрлі салаттар, жеміс-жидектерден, балықтан дайындалатын тағамдар.)

Дайын тағамдар мен шикі тағамдарды бір мұздатқышта сақтауға тиім салынады. Тағамдарды сақтау мерзімінің қатаң сақталуы. Дайын тағамдарды арнайы көлікте тасымалдау. Технологиялық процесс кезінде қолданылатын қондырғылар, құрал-жабдықтарды мұқият өңдеу (жуып, тазалау) және залалсыздандыру. Жеке бас гигиенасын қатаң сақтау. Құрал - жабдықтарды қатаң таңбалануына байланысты қолдану.



Этиологиясы протейлі тағамдық токсикоинфекциялар

Қазіргі кезде көптеген тамақпен улануды зерттеушілер ішек таяқшасы тобының әр түрінде, оның ішінде протейлерде де, адам ағзасына патогенді әсер етіп, әр түрлі аурулар тудыратын бактерия түрлері бар деп есептейді.

Протейдің өзінің биохимиялық қасиетіне байланысты бес түрге бөлінеді. Pr. Vulgaris, Pr. Mirabilis, Pr. Merganii, rettgeri, Pr. Inconstant. Тағамммен улануды тудыратын түрлеріне Pr. Vulgaris, Pr. Mirabilis жатады. Бұл микробтар 25-37 градуста, рН – 3,5-12 арасында жақсы көбейеді. Кептіргенге төзімді. Натрий хлоридінің жоғары жоғары концентрациясына да төзімді. Натрий хлоридінің 13-17% пайызы бар ортада 48 сағаттан кейін өледі. Проейдің ішек таяқшасына антогонистік қасиеті де бар.

Эпидемиологиясы. Протей қоршаған ортада кеңінен тараған. Ол адамдар, жануарлар жүрген жерде және шіру процесі бар субстраттарда кездеседі. Қоршаған ортада протейдің болуы адамдар мен жануарлардың нәжістерінің болуымен және жануарлар текті органикалық заттардың болуымен тығыз байланысты. Жедел энтероколитпен, созылмалы колитпен, диспепсиямен және басқа да аурулармен ауыратын адамдар протейді сау адамдарға қарағанда 15 есе артық бөліп шығарады. Ауру адамдар мен ауру жануарлардың нәжістерімен қоршаған ортаға түскен протей тамақ тағамдарын ластауы мүмкін. Көбіне шикі тағам, жартылай фабрикаттар және дайын тағамдар ластанады. Протей көбіне құрамында ақуыз көп тағамдарда: ет, балық, меланж, колбаса, сілікпе, фарш, паштеттерде кездеседі. Инфекция көзі болып, өзінің нәжістерімен қоршаған ортаға протейдің патогенді штаммаларын бөліп шығаратын ауру адамдар және бактерия тасымалдаушылар да болуы мүмкін. Егер бактерия тасымалдаушы адам тамақ тағамдарын дайындайтын жерде немесе тамақпен байланысты жерде жұмыс істейтін болса, онда оның тағамдарды ластау рөлі артады.

Тамақтың протеймен ластануының экзогенді түрінен басқа, тамақтың эндогенді ластануы да мүмкін. Ол егер жануар протейлі этиологиялы гастроэнтеритпен немесе басқа да аурулармен ауыратын болса. Бірақ көбіне протейлі этиологиялы жаппай тамақпен улану сау малдың етінен жасалған ет тағамдарынан, бірақ тағамды дайындауда санитарлық- технологиялық режим өрескел бұзылған жағдайда кездеседі.

Протейлі этиологиялы тағамдық токсикоинфекцияның таралуында термиялық өңдеуден өтіп болған дайын тағамдардың ластануы үлкен орын алады.

Ол піскен етті немесе қуырылған етті шикі ет турайтын тақтайшада, шикі ет турайтын пышақпен турағанда және кухня ыдыстары антисанитарлы жағдайда болғанда туындайды.

Тамақ тағамдары жылы жерде ұзақ уақыт сақталғанда да протейлердің тамақ тағамдарының құрамында көбеюіне мүмкіндік туады.

Протейлердің құрамында әр түрлі ферменттер, протеиназалар болғанмен, аурудың себебі болған, протейлермен ластанған тағамдардың органолептикалық қасиеті өзгермейді, өйткені протейлер таза дақылдарда ақуызды ыдыратпайды, яғни шіру процесін тудырмайды.

Протейлі инфекцияға аурудан әлсіреген және жасанды тамақтандырылатын ясли жасындағы балалар сезімтал.

Клиникасы. Жасырын кезеңі 4-20 сағат аралығында, кейде 3 сағатқа дейін қысқаруы да мүмкін. Ауру жедел, гастроэнтерит түрінде басталады. Ауру кезінде жалпы әлсіздік, жүрек айнып, құсу байқалады. Іш қатты бұрап ауырады, өтеді, дене қызуы көтеріледі.

Тағамдық токсикоинфекцияның этиологиясы протейлі түрі көбіне жеңіл түрде өтеді, адам тез айығып кетеді. Ауру орташа ауыр түрде өткен жағдайда адамның дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріледі, іші қатты бұрап ауырады, жиі өтеді, кей жағдайда тәулігіне 10 ретке дейін, кей жағдайларда қан аралас болуы да мүмкін.Тілі кебу, ақ таңдақ пайда болады, адамның іші кеуіп кетеді.

Ауру ауыр түрде өткен кезде эпигастральді амақ қатты ауырады.

Диагностикасы. Клиникалық диагозы клинико – эпидемиологиялық көрсеткіштеріне негізделеді.Бір уақытта бірдей тамақ жеген, тамақ жегеннен кейін көп емес уақыттан кейін көп адамның бір мезгілде ауыруы және симптомдарының бірдей болуы: гастроэнтерит және жалпы интоксикацияның анықталуы тағам токсикоинфекциясы деп күдіктенуді негіздейді.

Тағамдық токсикоинфекцияның протейлі түріне ғана тән белгі жоқ. Соңғы диагноды растау лабораториялық зерттеулердің қортындысынан кейін, оның ішінде бактериологиялық зерттеулердің қорытындыларының оң болуы маңызды орын алады. Ауырған адамдардың нәжістерінде протейдің көп мөлшерінің анықталуы, ал басқа микроб флораларына жасалған бактериологиялық зерттеулердің теріс шығуы диагноздың сенімділігін арттырады.

Нәжістен басқа ауру адамдардан бактериологиялық зерттеуге құсық, ас қазан шәйған су, ауру адамның қаны және күдікті (жеген тамақтарының) тамақ тағамдарының қалдықтары алынады. Егер нәжістен басқа ас қазан шәйған судан, күдікті тағам қалдықтарынан протей табылса, диагноздың сенімділігі артады.

Егер протей ауру адамның қанында анықталса, диагноздың расталғаны болып саналады. Диагнозды растау үшін, бөлініп алынған протей штаммаларымен 1:100 араластырғаннан бастап оң болып саналатын агглютинация реакциясы қолданылады.



Алдын алу. Протейлі этиологиялы тағам токсикоинфекциясының алдын алу үшін

Тамақ объектілерінде жұмыс істейтін адамдардың арасында протейдің патогенді серотипін тасымалдаушыларды және іші өтіп жүрген адамдарды анықтап, оларды уақытылы емдеу.

Жануарларды ветеринарлық–санитарлық тексеру жүргізіп, ауруларын анықтау.

Тамақ өнімдерін өндіретін жерлерде тамақ тағамдарын дайындау технологияларын қатаң сақтау, объектіде санитарлық режимнің үнемі қатаң орындалуын қадағалау, дайын тағамдарды және шикізатты дұрыс сақтау. Ыдыстарды жуу ережесі қатаң орындалып, тағамдардың сақтау мерзімі орындалу керек.



Cl.perfringens тудыратын тағамдық токсикоинфекциялар

Cl.perfringens тағамдық улануды жиі тудырады. 6 серотипі болады: Cl.perfringens: А, В, С, Д, Е және F. Тағамдық токсикоинфекцияның қоздырғышы болып терморезистентті токсигенді штамм Cl.perfringens «А» және «Д» түрі саналады. В, Д, Е серотиптері ауруды жануарларда тудырады.

Cl.perfringens - тің вегетативті түрлері жоғары Т0-ның, қышқылдың, сілтінің, спирт, ауа құрамындағы оттегіне, антибиотиктерге және дезинфектанттардың әсеріне төзімсіз.

Эпидемиологиясы. Cl.perfringens қоршаған ортада кеңінен тараған, барлық жерде кездеседі: адамдардың, жануарлардың нәжістерінде, топырақта, шаңда, өзен суында.

Табиғи жағдайда қоздырғыштар әдетте жануарлар және адамдар ішегінде орналасады. Адамдар мен жануарлар ішегіндегі Cl.perfringens – тің вегетативті түрі болады, ал топырақта спора түрінде болады. Cl.perfringens-тің 1 гр. топырақтағы мөлшері 10000-70000 микробты клеткаға дейін жетеді.

Қоздырғыштың берілуі алиментарлы жолмен болады: кір қол арқылы, ол кезде қолда токсигенді термостабильді штамның көп мөлшері болады.

Ұн, жарма, дәмқосарлар Cl.perfringens-пен жиі ластанады. Еттен фарш жасаған кезде, ережелер қатаң сақталмаса фарш Cl.perfringens- пен ластануы мүмкін. Ауру малды сойғанда, жануардың ішегінен қоздырғыш патогенді және лимфогенді жолмен таралатындықтан қауіптірек болып саналады.

Жәй термиялық өңдеу Cl.perfringens- тің термотөзімді штамм спораларын жоймайды, ал керісінше ол кезде оған конкурентті микрофлоралар жойылып, Cl.perfringens-тің өсіп, көбеюіне жақсы жағдай туады.

Cl.perfringens – ет, балық және көкөніс консервілерінде, үй жағдайында тұздалған шошқа майында, сүт, сүт қышқыл тағамдарында, суықтай берілетін закускаларда және т.б тағамдардың құрамында ұзақ уақыт бөлме температурасында сақтағанда болады.



Клиникасы. Cl.perfringens тудыратын тағамдық токсикоинфекцияның клиникалық белгілерін екі топқа бөлуге болады: симптомдарының айқындылығына және характеріне байланысты. Бірінші топқа, Cl.perfringens-тің «А» түрі тудыратын аурулар жатады. Олар жеңіл түрде өтеді және аурудың соңы адамның сауығуымен аяқталады. Екінші топ тудыратын тағамдық токсикоинфекция ішекте жүретін жедел асқыну мен некротикалық процестердің жүруімен сипатталады, ауру ауыр түрде өтеді, көбіне адам өлімімен аяқталады. Оны Cl.perfringens –тің F,С, кейбір жағдайда Д түрлері тудырады.

Cl.perfringens-тің «А» түрі тудыратын тағамдық токсикоинфекция белгілері көбіне гастроэнтерит белгілерімен бірдей. Жасырын кезең 6-24 сағат аралығында болады. Ауру жедел басталады. әлсіздік, іші приступ тәрізді қатты ауырады, іші өтеді, жүрегі айниды, кейбір түрінде құсу және қалтырау байқалады. Гастроэнтеритпен қатар бірте-бірте жалпы интоксикация симптомдары байқалады: әлсіздік, бас ауруы, бастың айналуы, тахикардия, гипотония.

Ауру ұзақтығы 12 сағаттан 2 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Ауру ауыр түрде өткен адамдарда ол 10-12 күнге дейін созылуы да мүмкін. Ағзаның суды және тұздарды көп жоғалтуы әсеріне артериялық қысымның кенет түсуі, коллапс, пульстің жиілеуі, диурездің төмендеуі, қалшылдау байқалады.

Cl.perfringens-тің С және F түрі тудырған тағамдық токсикоинфекция әдетте ауыр түрде өтеді. Жасырын кезеңі 6 – 24 сағ., іш қатты шаншып ауырады, жүрегі айниды, құсады, нәжісі қан аралас, сұйық, тәулігіне 20 және одан да көп рет іші өтеді. Ағза суды көп жоғалтады, соның салдарынан гипотония байқалады, көбіне коллапспен аяқталады.

Некротикалық энтерит ішектің перфорациясымен және перитонитпен асқынады.

Диагностикасы. Клинико-эпидемиологиялық көрсеткіштері негізінде алғашқы диагнозын қою қиындық тудырмайды, бірақ соңғы диагноз, әсіресе спорадиалық түрінде, тек лабораториялық көрсеткіштерге қарап қойылады.

Лабораториялық зерттеу әдістерін қолданып қоздырғыштың, токсиндердің және спецификалық антителалардың бар екенін анықтау.

Cl.perfringens қоздырғышын анықтау мақсатында құсық, асқазан шайған су, қан, тамақ тағамдарының қалдықтары алынады. Cl.perfringens-тің түрін анықтау үшін агглютинация және споралардың термотөзімділігін зерттейді.

Алдын алу. Cl.perfringens тудыратын тағамдық токсикоинфекцияларының алдын алу үшін қоздырғыштың тамақ тағамдарының құрамына және дайын тағамдардың құрамына түсуін болдырмау. Етті бөлшектегенде ішек-қарынмен ластануын болдырмау, өйткені Cl.perfringens-тің көп мөлшері жануардың ішегінде болуы мүмкін.

Cl.perfringens қоршаған ортада көп таралуына байланысты. әсіресе топырақта, алдын алу үшін топырақтың тамақ тағамдарына түсуінен қорғау және топырақпен ластанған көкөністерді, шикізатты қолданар алдын топырағынан тазалап, жақсылап жуу.

Cl.perfringens-тің сүт өнімдерінен тағамдық токсикоинфекцияны тудырмас үшін сүт өндірістерінде, сүт фермаларында санитарлық режим қатаң сақталу керек, сүт өнімдерін өндіруге қатысы бар адамдарды бактериотасмалдаушылыққа - Cl.perfringens- тің терморезистентті токсигенді штаммасына тексеру.

Bac.cereus тудыратын тағамдық токсикоинфекциялар

Соңғы онжылдықта Bac.cereus тудыратын тағамдық токсикоинфекциялар бұрқ етпесі пайда болғаны туралы мәліметтер бар. Bac.cereus споралары термостабильді қасиеті бар, ол 105-1250С температурада 10-13 минут шыдайды, төменгі температурада 200С жақсы сақталады. Көбеюі үшін температуралық оптимум 300С, бірақ споралар 3-50С-дан 59-700С өсе береді. Микроб рН 4-6-дан 11-ге дейін өсе береді.

Нитриттердің, қанттың, натрий хлоридінің ерітінділерінде өмір сүре береді, тек натрий хлор мөлшері 10-15% болғанда өзінің өсуін тоқтатады. Ғылыми түрде анықталған Bac.cereus штаммасының 57,6% ет пептонды бульонда өскенде экзотоксин бөліп шығарады.

Эпидемиологиясы. Bac.cereus қоршаған ортада кеңінен кездеседі: топырақта, ауада, суда, адамдардың киімдері мен қолдарында, тамақ тағамдарының құрамында.

Сау адамдардың ішегінде Bac.cereus сирек кездеседі (10% төмен) және көп емес мөлшерде. Олар әр түрлі өсімдік және жануарлар тағамдары құрамында көбеюге бейім, бұл кезде олар тағамның органолептикалық қасиетін өзгертпейді.

Ең көп ластанатын тағамдарға: ет фаршы, колбаса, сүт тағамдары және консервілер жатады. 4-60С температурада микробтар көбеймейді, олардың жақсы көбею температурасы 17-180С, ал 30-320С тіптен жақсы көбейеді. Bac.cereus-тің жақсы көбеюіне әсер ететін рН-тың оңтайлы мөлшері 7-9. Шикі сүтте, сүт қышқыл тағамдарында, сүзбеде Bac.cereus көбеймейді.

Клиникасы: Bac.cereus – тудыратын токсикоинфекцияның жасырын кезеңі 4 сағаттан 16 сағатқа дейін. Ауру жедел басталады: іш колика тәріздес болып ауырады, жүрегі айниды, іші өтеді. Нәжісі сұйық, сулы, құрамында шырышы көп, тәулігіне 10-20 рет. Дене қызуы нормада немесе субфебрильді, құсу сирек кездеседі. Ауру 2 тәулікке дейін созылуы мүмкін.

Диагностикасы. Bac.cereus тудырған тағамдық токсикоинфекцияның клиникалық диагнозын растау лабораториялық зерттеулер көмегімен іске асады. Диагноз мынадай жағдайда расталған болып саналады: басқа патогенді немесе шартты түрде патогенді флора болмай, зерттеген тағамнан Bac.cereus анықталған болса (105/г және одан да жоғары мөлшері анықталған болса), нәжісінен (103/г және одан да көп), құсықтан және асқазан шайған судан (102/г және одан да жоғары).

Егер тағамды зерттеу мүмкін болмаса, сонымен қатар нәжістен, құсықтан, асқазан шайған судан Bac.cereus анықталуының маңызы бар. Бұл микроорганизм адамның нәжісінде тек аурудың өткір кезінде ғана болады, ал адам жазыла бастаған кезде ол жоқ болып кетеді. Қанның сарысуының агглютинация реакциясының белгілі маңызы бар, сондықтан оны ауру динамикасында анықтау керек.



Алдын алу. Bac.cereus тудыратын тағамдық токсикоинфекцияның алдын алуда маңызды болып мыналар саналады: тамақ тағамдарының сапасын қадағалау, оларды дұрыс сақтау, тасымалдау, термиялық өңдеудің жеткіліктілігі, сату ережесінің сақталуы, тамақ өндірісінде жұмысшылардың жеке бас гигиенасын сақтауы. Бұлардан басқа тағамға қосылатын дәмқосарлардың дұрыс стерилизациялануына да көңіл аудару керек. Ет фаршынан жасалған котлеттер мен биточкілерді қатты қыздырылған майда, әр жағын 20 минуттан кем емес уақыт қуырып, содан кейін духовкада 150-1600С температурада 18-20 минут ұстау керек. Шикі тағамдардың құрамында Bac.cereus мөлшері 1 грамда 100 микробты клеткадан көп болмау керек.

Тамақ тарататын жерде дайын тамақтарды сақтау және сату ережесі қатаң сақталу керек: ет тағамдары мармиттің үстінде 2-3 сағаттан көп емес, ал көкөніс тағамдарын 1 сағаттан көп емес уақыт тұру керек. Бірінші тағамның температурасы – 750С, екінші тағамның температурасы – 650С.



Энтерококтар тудыратын тағамдық токсикоинфекциялар

Тағамдық токсикоинфекциялардың бұл түрін тудыратын стрептококтар, Д серологиялық тобына жатады.

Энтерококтардың 5 түрі анықталған: Str. faеcalis, Str. faеcalis var, zumogenes, Str.faecalis var. Duraus.

Энтерококтар қоршаған орта әсеріне төзімділігімен, 100С-дан 450С арасында көбейетіндігімен және құрамында 6,5% хлорид натриі бар тамақ тағамдарының құрамында өмір сүре алатындығымен ерекшеленеді. Олар рН-9,6 болған кезде, 600С-температураға дейін қыздырғанда 30 минутқа дейін өмір сүреді, ал 850С – температураға дейін қыздырғанда 10 минутқа дейін өмір сүреді.

Төменгі температурада ұзақ уақыт сақталады, галофильді қасиеті айқын, хлорид натриінің 17% - ғ

а дейін мөлшерінде рН 3-12 аралығында көбейеді.



Эпидемиологиясы. Тағамдық токсикоинфекция қоздырғышы болып тек энтеротоксикалық қасиеті бар энтерококк штаммалары ғана табылады.

Энтерококтар, адамның және жануарлардың ішегінде нормада болатын микрофлора болғандықтан қоршаған ортаға: топыраққа, ауаға, суға, өсімдіктерге, тамақ тағамдарына көп мөлшерде түседі. Инфекция көзі адам және жануарлар болып саналады. Тамақ өндіретін мекемелерде инфекция көзі болып қызмет көрсететін ауру адамдар немесе бактериотасымалдаушылар саналады.

Тағамға энтерококтар нәжістер арқылы және ауа тамшы жолымен түсуі мүмкін. Бұл микроорганизмдер көбіне салатта, винегретте, сілікпеде болады.

Бөлме температурасында сақталған кез келген тағам құрамында тез және жылдам көбейе бастайды.



Клиникасы. Аурудың дамуы бірнеше факторға байланысты болады: энтерококтың түріне, тамақ тағамының құрамындағы тірі микробтардың мөлшеріне, штаммалардың сақталу мерзіміне, әр адамның жеке сезімталдығына.

Ауру тудыру үшін адам ағзасына тірі энтеротоксикалық қасиеті бар энтерококтардың көп мөлшері түсу керек.

Жасырын кезеңі 3-18 сағат арасында. Көбіне ауру бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін созылады, сирек жағдайларда 3 тәулікке дейін созылады.

Ауру адамның жүрегі айниды, құсады, іші ауырады, іші өтеді.



Диагностикасы. Тағамдық токсикоинфекция диагнозын қойған кезде, қоздырғышы энтерококк деген күдік туса, нәжісін, құсығын, ас қазан шайған суын, күдікті тағамның қалдығын микрофлораны анықтауға бактериологиялық зерттеу жүргізеді. Бұл кезде энтерококтың мөлшеріне және түріне көңіл аудару керек.

Энтерококтың қай топқа жататынын, «Д» тобына серологиялық қатыстылығын қоян антисывороткасымен преципитация реакциясының көмегімен анықтайды.



Алдын алу. Тағамдық токсикоинфекцияның этиологиясы энтерококты түрінің алдын алу, барлық басқа тағамдық токсикоинфекциялар сияқты, яғни тағамды дайындауда, сатуда, сақтауда, тасымалдауда санитарлық талаптарды қатаң орындау. Жеке бас гигиенасын сақтау.

Иерсиний бактерияларының түрі тудыратын тағамдық токсикоинфекциялар

Бұл ауруды Yersinia Enterocolitica тудырады.



Эпидемиологиясы. Yersinia Enterocolitica қоршаған ортада кеңінен тараған. Иерсиниоздың таралуында рөлі үлкен болып үй жануарлары: ( қой, шошқа, ірі қара мал, ит, мысық ) және жабайы аңдар табылады (кеміргіштер, құстар).

Қоздырғыштың негізгі берілу факторы болып көбіне ет, сүт солардан алынған өнімдер және шикідей қолданылатын көкөністер жатады. Бұл аурудың қоздырғыштары көбіне көкөністерден, контейнерлерден, сүт тасымалдайтын флягтардан, көкөніс сақтайтын сөрелерден алынған жұғындылардан табылады.

Yersinia Enterocolitica –ның кейбір штаммалары физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімді энтеротоксин бөліп шығарады.

Yersinia Enterocolitica штаммасынан алынған энтеротоксин 1200С температураға қыздырған кезде, 30 минут, ал мұздатқышта 40С-температурада 4 айға дейін сақталған, рН 1- ден 11-ге дейінгі ортада.

Yersinia Enterocolitica –ның маңызды қасиетінің бірі төменгі температурада тек өмір сүру емес, мұздатқыштың өзінде көбею қабілеттілігінің сақталуы.

Бұл микроорганизмдер өсіп, жетілуіне ыңғайлы температура 22-250, ал 400С температурада өсуі тоқтайды.

Тағамдардың иерсинимен ластану көзі иерсиниозбен ауыратын адамдар, ірі қара мал, шошқа және үй жануарлары болып табылады.

Клиникасы. Жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 7 тәулікке дейін. Тұрақты симптомдарына: гастроэнтероколит, жедел аппендицитке, ішек-асқазан жолдарының зақымдалуына ұқсайтын симптомдар жатады. Көбіне иерсиниозда бауырдың зақымдануы, полиартрит, терінің зақымдануы, мойын және басқа да бездердің зақымдануымен сипатталады. Жоғарыда айтылған симптомдардан басқа: бастың ауыруы, қалшылдау, терлегіштік, бұлшық еттер мен суставтардың ауыруы, жүрегі айну, құсу, дене қызуының көтерілуі, СОЭ (эритроциттердің тұну жылдамғының) ( 20-100 мм / сағ) артуы байқалады.

Бұл аурумен кез-келген жастағы адамдар ауруы мүмкін. Көбіне балалар ауырады, әсіресе бір жасқа дейінгі, жасанды түрде қоректенетін балалар ауырады.

Соңғы кездерде иерсиниоз ауруы барлық елдерде өсіп отыр. Ауру жыл бойы тіркеледі, күзгі-қысқы уақытта жыл мезгіліне байланысты ауру көбейеді. Аурудың тарауының негізгі жолдарына көп ғалымдар алиментарлы тарау жолын айтады.

Диагностикасы. Иерсиний тудырған тағамдық токсикоинфекцияларға диагностика жүргізген кезде мынандай бактериологиялық зерттеу жүргізіледі: құсық, асқазан шайған су, күдікті тамақтың қалдығы, нәжісі. Серологиялық диагностикасы агглютинация реакциясының көмегімен, Видалл реакциясы сияқты анықталады.

Алдын алу. Колибактериалды және протейлі этиологиялы тағамдық токсикоинфекциялардікі сияқты.

Салмонелла бактериялары тудыратын тағамдық токсикоинфекциялар

Сальмонеллезге клинико-эпидемиологиялық тәжірибеде сальмонелланы кез келген серотипі тудыратын, тек іш сүзегі мен паратиф «А» және «В» түрлерінен басқалары.

Сальмонеллалар өсетін оңтайлы рН (7,2-7,4), яғни әлсіз сілтілі орта, ал температура 370С. Сальмонеллалар химиялық және физикалық факторлардың әсеріне төзімді. Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде және сорпада 600С қыздырғанда бір сағат ішінде, 700С температурада 25 минутта, ал 800С температурада 1 минут ішінде өледі.

Сальмонеллалар төменгі температураның әсеріне де төзімді S.choleria suis 00С температурада 142 күнге дейін, ал 100С температурада 115 күнге дейін сақталады.

Қатырылған көкөністердің құрамында - 340С-де сальмонеллалар 24 сағаттан кейін өледі, ал көкөністерді - 180С температураға салқындатқанда 750 күнге дейін сақталады.

Сальмонеллалар кептіргенге де төзімді, бөлме шаңының құрамында 80 күнге дейін сақталады. Сальмонеллалар топырақ құрамында да ұзақ сақталады. Суару алаңдарына қалдық су жібергеннен кейін, ол жерде сальмонеллез 3 аптаға дейін сақталады.

Залалсыздандыру ерітінділерінен хлорлы әк ерітіндісі ең тиімді болып саналады, оның 0,3% концентрациясы сальмонелланы 30 минутта, 0,4% концентрациясы 10 минутта өлтіреді, ал хлораминнің 0,5% концентрациясы сальмонелланы 1 сағатта, 3% концентрациясы -30 минутта өлтіреді.

1976 жылы сальмонелланың 2000 серологиялық түрі анықталған, соның 700 –ден астам түрі адамдардан бөлінген.

Сальмонелланың патогенділігі үлкен түрін өзгертумен (вариабильділікпен) ерекшеленеді, ең патогенділігі жоғары болып S.typhi murium, cholerae suis, Heidelberg, derby, anatum және т.б. саналады.

Эпидемиологиясы. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін барлық елдерде, әсіресе экономикалық жағынан жоғары дамыған және елді мекендердің орналасу жиілігі жоғары елдерде сальмонеллез ауруының саны өскен.

Сальмонеллезбен қазіргі кезде көбіне 2-3 жастағы балалар жиі ауырады. Ол балалардың сальмонеллезге сезімтал екендігін көрсетеді. Қоздырғыштың аз мөлшерінің өзі балаларда клиникасы айқын ауру тудырады. Бұлардан басқа жасанды қоректендірілетін балалар да сальмонеллезбен жиі ауырады, ол әсіресе балалардың ата-аналарының санитарлық-гигиеналық білімділігі нашар кезде көп болады.

Сальмонеллезді инфекцияның негізгі көзі ауыл шаруашылық жануарлары, әсіресе ірі қара мал және үй құстары болып табылады. Ауру жануарлардың нәжістерімен, кіші дәретімен, сілекейімен, мұрын ішіндегі сұйықтықпен қоршаған ортаға бөлініп шығады.

Сальмонеллездер жануарлар ішінде өте ұзақ уақыт өмір сүріп, ауру тудырмауы мүмкін. Ал жануарлардың қорғану қасиеті төмендегенде, олар бездер жүйесіне, қанға, ағзаның барлық жерлеріне тарап, екіншілік сальмонеллез тудырады.

Жануарлар мен құстардың арасында бактериотасымалдаушылық кеңінен тараған. Жануарлар арасында бактериотасымалдаушылық мынадай жағдайда жоғарылайды: малды бір жерден екінші жаққа айдап апарғанда, машинамен ұзақ тасымалдағанда, ашыққанда, шөлдегенде және басқа да малдың резистенттігін төмендететін жағдайлар болған кезде.

Сальмонеллездің негізгі берілу факторы ет және ет тағамдары, барлық сальмонеллездің 60% -нан жоғарысы тағам арқылы болады.

Жануарлардың еті жануарлардың тірі кезінде және сойғаннан кейін де сальмонеллезбен ластануы мүмкін. Жануардың тірі кезінде сальмонелламен ластануы - «эндогенді ластану» деп аталады, әсіресе сальмонелламен біріншілік ластану кезінде, бұл кезде сальмонеллез өзінің қарқындылығымен сипатталады, өйткені бактериемия салдарынан сальмонеллалар жануардың әр түрлі органдары мен ұлпаларына енеді.

Сойылған ауру малдың етін сауда орындарында сатуға болмайды. Ондай етті жеткілікті және сенімді термиялық өңдеуден өткізгеннен кейін ғана орталықтандырылған түрде қолданылу керек.

Еттің экзогенді ластануы әр түрлі жолмен болуы мүмкін: сойған малдың ішек-қарнымен, өңдеу технологиясы бұзылған кезде, инфекцияны кір қолмен жұқтыру, шыбындармен, кеміргіштермен, сумен жұқтыру жатады.

Сальмонеллез көбіне тамақ тағамдарын дайындау технологиясы бұзылған жағдайда, ең алдымен етті тағамдарды дайындағанда туындайды. Мысалы, бір ауру құстан немесе бактериотасымалдаушы құстан, құс еттерін тазалау кезінде еттің сол партиясын толығымен ластауы мүмкін.

Термиялық өңдеуден өткен тағамдардың, яғни дайын тағамның сальмонеллезбен ластануы да жиі кездеседі. Ол тағам шикізатпен қатынасқа түскенде немесе лас ыдыс, қондырғылардан ластануы мүмкін. Тамақ тағамдарының ластануында шыбындар да белгілі рөл атқарады: олар өздерінің аяқтарымен және нәжістерімен сальмонелланы тасымалдайды.

Егер піскен ет майдаланса немесе одан фарш дайындалса, онда еттің сальмонелламен ластану қаупі артады.

Сальмонелланың таралуында кремі бар кондитерлік тағамдар, сүт және сүт тағамдары да маңызды орын алады.

Барлық сальмонеллездің 10% сүт және сүт тағамдарынан, 8% жұмыртқа және жұмыртқа тағамдарынан, 3,5% балық тағамдарынан болады.

Құстың жұмыртқалары сальмонеллезбен тек қоршаған ортадан ластанбайды, олар құстың ішінде туылмай тұрып та ластануы мүмкін. Сальмонелла жұмыртқаның сары уызында ұзақ уақыт сақталады, ал ақуызда ол сақталмайды, өйткені жұмыртқаның ақуызының құрамында лизоцим деген бактерицидті қасиеті бар зат бар.

Жұмыртқа ұнтағы сальмонелланың сақталуына жақсы орта болып табылады, жұмыртқа ұнтағын дайындау жағдайында оны стерильдеу қарастырылмаған. Жұмыртқа меланжы (жұмыртқаның ақуызы мен сарыуызының - 18-230С қатырылған қоспасы да) микроорганизмдердің сақталуына жақсы орта болып табылады.

Тамақ тағамдарының құрамында сальмонелланың көбеюі тағамның органолептикалық қасиетін өзгертпейді. Қазіргі кезде инфекцияның көзі ауру адам немесе бактериотасымалдаушы болуы мүмкіндігіне күмән жоқ. Ауру адам және бактериотасымалдаушы қоршаған ортада сальмонелланың айналымын қолдап, қосымша инфекция көзі болуы мүмкін. Сальмонеллезбен ауыратын көптеген адамның бактерия бөлуі ауырғаннан кейін 1-2 аптадан кейін тоқтайды, кейбір жағдайларда жедел сальмонеллез ұзақ бактериотасымалдаушылыққа өтеді.

Сальмонеллез жыл бойы тіркеледі, бірақ оның максималды мөлшері күннің жылы мезгілінде шілде - тамыз айларында тіркеледі. Бұл кезде барлық сальмонеллездің 50 - 55% тіркеледі.

Сальмонеллездің көзі адам болып табылғанымен, қоздырғыш адамнан тіке жанасу арқылы өтпейді, ол әр түрлі факторлар арқылы беріледі, алдымен тамақ тағамдары арқылы.

Адамның асқазан сөлінің қышқылдығының жеткіліктілігі сальмонелланың ағзаға өтуін тоқтататын жақсы барьер болып саналады. Осы барьерден өткеннен кейін бактериялар ащы ішекке түседі, ол жерде бактерияның көп мөлшері өледі де, эндотоксин бөліп шығарады, ол қанға өтеді де, токсинемия болады. Осы кезде интоксикацияның клиникалық белгілері пайда болады. Жасырын кезеңнің уақыты токсинемияның жетілуінің жылдамдығына байланысты болады.



Клиникасы. Сальмонеллездің клиникалық белгілері әр түрлі болуы мүмкін, ол патогенетикалық факторлардың: токсикалық, инфекциялық қатынасына байланысты. Ересектерде көбіне сальмонеллездің асқазан-ішек түрі (гастроэнтериттік және гастроэнтероколиттік түрі) кездеседі. Ауру аяқ асты басталады. Адам қалтырайды, дене қызуы 38-400С- қа көтеріледі, жалпы әлсіздік пайда болады, басы ауырады, басы айналады, буындары ауырады, іші ауырады, кейінірек оған іш өту қосылады.

Іші жиі өтеді, иісі жаман, сұйық. Жалпы интоксикация симптомдары,

асқазан - ішек жұмысының бұзылуы байқалады, 10-12 сағаттан кейін кейбір аурулардың жағдайы нашарлайды, көзі ішке кіріңкірейді, адамның қоршаған ортаға реакциясы тежеледі.

Ауру ұзақтығы 1-2 тәулік, сирек жағдайда 4-5 тәулік болады.

Сальмонеллездің тифоидты түрі сирек кездеседі. Сальмонеллездің бұл түрінде асқазан-ішек жұмысының бұзылуымен қатар, орталық нерв жүйесінің зақымдану симптомы байқалады.

Жоғарыда айтылғандардан басқа сальмонеллездің септикалық түрі де кездеседі, бұл кезде ұзақ қалтырау, орталық жүйке жүйесінің интоксикация симптомдарының ерте пайда болуы байқалады. Ауру ұзақ және ауыр түрде өтеді. 2-3 айға дейін созылады, 78,5% - ы адамдардың өлімімен аяқталады. Сальмонеллездің септикалық түрі көбіне балалар арасында жиі болады.



Диагностикасы. Сальмонеллездің клиникалық ағымы өте көптігімен ерекшеленеді, атипті және жасырын формасының көптігі бұл аурудың диагностикасын қиындатады. Сальмонеллездің тек клиникалық белгілеріне қарап диагноз қою қиын, сондықтан ертерек зертханалық зерттеулер жүргізу қажет. Диагнозды растауда бактериологиялық және серологиялық әдістердің маңызы зор.

Бактериологиялық зерттеуде негізгі материал болып аурудың нәжісі, құсығы, асқазан шайған су, кіші дәрет, қан, күдікті тамақтың қалдықтары табылады. Қанды кеңінен егу керек, өйткені гемокультураны бөліп алу сальмонеллездің диагностикасында маңызды рөл атқарады.

Реконвалесценция сатысында бактериотасымалдаушылықтың жоқ екенін дәлелдеу үшін өтті егеді.

Сальмонеллездің диагностикасында серологиялық әдістер қолданылады: агглютинация реакциясы және стандартты эритроцитарлы диагностикумдармен пассивті гемагглютинация.



Алдын алу. Алдын алу шаралары ауру қоздырғышының тамақ тағамдарының және дайын тағамдардың құрамына түсуін болдырмау, тағамдардың құрамында микрооргнаизмдер көбеюін болдырмау үшін сақтауға жағдай жасалу, тағамды қолданар алдын сенімді термиялық өңдеуден өткізу.

Сальмонеллез кезінде инфекцияның негізгі көзі болып жануарлар мен құстар саналатындықтан, алдын алу шарасын жүргізуде ветеринарлық қадағалаудың алатын орны бөлек.

Ветеринарлық қадағалау мал соятын жердің санитарлық жағдайын, малды сояр алдында ұстайтын жердің жағдайын, сонымен қатар малды сойғанда, сақтауда, етті тасымалдауда санитарлық ережелердің орындалуын қадағалайды.

Одан басқа ветеринарлық мекеме етке ветеринарлық-санитарлық сараптаманы ұйымдастырады және базарлар мен сүт өндірісіне ветеринарлық-санитарлық режимді ұйымдастырады.

Сальмонелламен ауыратын және бактериотасымалдаушы жануарларды санитарлық соятын жерде сою керек. Малды сояр алдын, оларды дем алдырып алу керек. Малды сойғанда барлық санитарлық ережелер қатаң сақталу керек: ішек–қарынның бүтіндігінің бұзылуын болдырмау; өндірістік цехтар және қондырғылар үнемі жуылып, залалсыздандырылып тұру керек.

Сальмонеллездің жұмыртқа арқылы берілуін бодырмас үшін, суда жүзетін құстардың жұмыртқаларын: қаз, үйрек сауда орындарында, базарларда сатуға тыйым салынады. Тауық жұмыртқасын – 12 минут, ал қаз, үйрек жұмыртқаларын -14 минут су қайнағаннан бастап пісіру керек.

Ауру малдан алынған сүтті, яғни эндогенді жолмен ластанған сүтті бөлек жинап, қайнатады. Басқа таза сүттермен оны араластыруға тыйым салынады. Сүт экзогенді жолмен сауыншылардың кір қолдары, жануардың емшегі, нашар жуылған ыдыс, қондырғылар, құрал-жабдықтар арқылы және сүтке жануарлардың нәжістері түскен кезде ластанады.

Сауылған сүт құрамында сальмонеллалар көбеймес үшін, оны тез арада сүзіп, салқындатып, апаратын жағына жеткізілуі керек.

Тағамдық токсикоинфекцияның алдын алуда маңызды орынды тамақ өндіру мекемелерінде жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын қадағалау алады: медициналық тексеруден уақытылы өтуін қадағалау және бактериотасымалдаушылыққа тексеру.

Сальмонеллезді бактериотасымалдаушы адамдарды мектепке дейінгі балалар мекемесіне, тағам өндіретін мекемелерге және соған теңестірілетін мекемелерге жұмысқа қабылдауға тыйым салынады. Ол адам тұрған жеріне байланысты диспансерлік есепке алынып, емделіп, қайта анализдерін тапсырғанша жоғарыда айтылған мекемелерге жұмысқа қабылданбайды.

Сальмонеллезбен ауыратын адамдар міндетті түрде ауруханада емделу керек, ошақта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілу керек. Залалсыздандыру жұмысының көлемі ішек инфекциясында жүргізілетін заласыздандыру жұмысындай.

Сальмонеллездің алдын алуда маңызды сатының бірі болып, тағамдарды дұрыс термиялық өңдеуден өткізу жатады. Ғылыми түрде дәлелденген: шикі күйінде тағамның құрамында сальмонелла болса, егер тағам термиялық өңдеуден жақсы өтсе, аурудың алдын алуға болады. Ет өнімдерінің қалың жеріндегі ішкі температурасы – 800С –дан аз болмау керек.



Тағамдық бактериалды токсикоздар

Бактериалды токсикозға ботулизм және стафилакокты токсикоз жатады. Тағамдық токсикоздар – тағам құрамында микроорганизмдердің жетілуі және көбеюі кезінде, бөліп шығарған токсиндердің ағзаға түсуінен пайда болады. Бұл кезде тағам құрамында қоздырғыштар болмауы да мүмкін немесе өте аз мөлшерде болуы мүмкін.



Ботулизм

Ботулизм- тағамдық токсикоздың ауыр түріне жатады, көбіне адам өлімімен аяқталады. Өзінің аты «ботулизм»-деген латын тілінен алынған, «botulus» шұжық деген мағынаны береді, бұрындары бұл ауру тек шұжық жегендер арасында жиі кездескендіктен.

Ауру қоздырғышы Cl.botulinum 1896 жылы Голландтық Ван – Эрменгем шошқа етінің қалдығынан, көкбауырынан және осы етті жегеннен кейін, ауырып өлген адамдардың ішегінен анықтаған.

Cl.botulinum – спора түзгіш анаэроб, 6 антигенді түрлері бар: Cl.botulinum – А, В, С, Д, Е, F. Ботулизм қоздырғышы – грам оң, аз қимылдайтын таяқша, басы дөңгелектелген, әр түрлі анилинді бояғыштармен жақсы боялады, споралары субтерминалды орналасады, қоздырғыш формасы теннис ракеткасы сияқты болады. Анаэробиоз жағдайында жасанды қоректік орталарда - қанды агарда, бауыр агарында, ет-пептонды сорпада жақсы өседі. Оптималды температура А,В,С,Д түрлеріне – 34-350С, Е және F түріне –28-300С.

Cl.botulinum микробының вегетативті түрінің қоршаған ортаға төзімділігі төмен, оны 800С-де қыздырғанда 15-30 минутта өледі. Споралары сыртқы әсерге жоғары резистенттігімен ерекшеленеді, әсіресе егер орталарда май мөлшері көп болса, кептірілген жағдайда жақсы сақталады, 5-6 сағат қайнатқанға төзімді, тек 1200С-де 20-30 минуттан кейін өледі, 10% хлорсутек қышқыл ерітіндісінде спора 1 сағаттан кейін өледі.

Қатырылған күйде споралар ұзақ уақыт сақталады. Тағам құрамында, топырақ құрамында споралар айлап сақталады.

Cl.botulinum типоспецификалық экзотикасын бөліп шығарады, ол органикалық улардың ең күштілерінің бірі болып саналады.

Адам үшін өлтіретін мөлшері болып 0,035 мг кебу токсин саналады.

Ботулизм токсиніне көптеген жануарлар және құстар сезімтал.

Токсин физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімді, оны

10-20 минут қайнатқанда бұзылады, ол натрий хлориді концентрациясы көп ортада жақсы сақталады. Асқорыту ферменттерінің әсерінен токсин бұзылмайды.

Кристалды ботулин токсинінің құрамы ақуыздан және 19 аминқышқылынан тұрады.

Кристалды токсин құрамында «А» түрінің екі әр түрлі ақуызды фракциясы бар екені анықталған, біреуінің нейротоксикалық, ал екіншісінің гемагглютинациялық қасиеті бар екендігі анықталған.

Токсин пайда болу үшін оңтайлы температура 22-370С, егер температура 140С-ге төмен болса, токсиннің пайда болуы натрий хлоридінің мөлшері 8%, ал қанттың мөлшері - 55% болғанда тоқтайды. Бұл заттардың концентрациясының жоғары мөлшері ботулизм микробына теріс әсер етеді.

Ең күшті экзотоксинді клостридидің «А» түрі бөледі, улылығы ең аз экзотоксинді «Е» түрі бөледі. Ботулиндік токсин адам ағзасында, жануар ағзасында, тамақ тағамының құрамында да пайда болады.

Эпидемиологиясы. Ботулизм - контагиозды емес ауру. Инфекция көзі шөппен қоректенетін жануарлар болып саналады. Ботулизм қоздырғышы олардың ішектерінде өмір сүреді, қоршаған ортаға жануарлар нәжістері арқылы шығарылады. Жануарларға ауру жем және жайылымдағы топырақ арқылы жұғады.

Ботулизм қоздырғышы қоршаған ортада кеңінен тараған: топырақта, өзен-көл суларында, өсімдіктерде, әсіресе бұршақ тұқымдастар, жеміс-жидектер, сүрленген шөп құрамында.

Құстар ботулизмнің тарауында маңызды рөл атқарады. Жабайы құстар арасында ботулизмнің «С» түрі үлкен эпизоотиялығымен ерекшеленеді.

Ботулизм адамдар арасында үй жағдайында консервіленген тағамды қолданғанда пайда болады, көбіне консервіленген саңырауқұлақтар, жеміс-жидектер, қақталған балықтан болады.Ет тағамдарын қолданғаннан ботулизм өте сирек кездеседі.

Қазіргі кезде ботулизмнің 89%-ы үй жағдайында консервіленген тағамдарды қолдануға байланысты.

Ботулизм көбіне көктемгі –жазғы уақытта жиі кездеседі.

Тамақ тағамының құрамында ботулизм қоздырғыштарының көп мөлшері және токсиндер жиналу үшін, бірқатар жағдайлар болу керек: ботулизм спораларының тірі болуы, инфекциялармен ластанған тағамды ұзақ уақыт

22-250С-ден төмен емес температурада сақтау, тағам құрамында микробтың өмір сүруіне теріс әсерін тигізетін натрий хлоридінің, қанттың жеткілікті мөлшерінің болмауы.

Консервіленген тағамда Cl.botulinum микробы өсіп, жетілген кезде банкінің беті мен түбі ісінеді, оны- «бомбаж» - деп атайды.

Егер тағам консистенциясы қатты болса, онда ботулизм спорасымен ластану тағамның әр жерінде болуы мүмкін, бұл кезде ол тағамды жеген адамдардың бәрі ауырмайды, тек токсині бар жерді жеген адамдар ғана ауырады.

Тамақ өнеркәсіптерінде санитарлық эпидемияға қарсы шараларды үнемі жүргізу, өндірістің технологиясын жақсарту, біздің елімізде ботулизм ауруының азаюына әкелді.

Клиника. Инкубациялық кезең немесе оны жасырын кезең дейді, бірнеше сағаттан 2-5 күнге дейін, сирек жағдайда 10-14 күнге дейін созылуы мүмкін. Жасырын кезең қысқа болған сайын, ауру ауыр өтеді және керісінше жасырын кезең ұзақ болса, ауру жеңіл өтеді.

Ботулизмнің орташа және белгісі білінбейбтін түрінде жасырын кезең күндермен анықталады, орташа - ауыр түрі күндермен және сағатпен, ауыр түрінде – тек сағатпен анықталады.

Ауру жедел, аяқ-астынан басталады Ауру басталған кезде ботулизмге тән емес белгілер болады: жүрек айну, құсу, әлсіздік, іш өту. Кейінірек ботулизмге тән белгілер байқалады: көздің қараюы, көз алдында «тұман», «тордың» пайда болуы, қабақтың түсуі, тым әлсіздік, бастың айналуы, тамақтың және ауыз қуысының шырышты қабығының кебірсуі ауруға тамағында бірдеңе тұрып қалғандай сезім тудырады, жұтыну кезінде ауырлық сезіну, дауыстың өзгеруі, сөйлеу қабілетінің бұзылып, дауыстың шықпай қалуы, кейінірек мүлдем жоғалуы.

Ботулизм кезінде адамның денесінің температурасы қалыпты, тамыр соғуы жиі, іші жүрмей қалады.

Тыныс алуы бұзылады, аурудың 2-ші, 3 –ші күнінде осы себептен адам өлуі де мүмкін.

Ботулизмнің белгілерінің пайда болуы бастың сопақша миының жүйке ядросының зақымдануымен байланысты.



Диагностикасы. Ботулизммен ауыратын адамды эпидемиологиялық процестің ерекшелігімен, клиникалық белгілерімен, тамақ тағамдарын зертханалық зерттеу, ауру адамнан алынған биологиялық субстраттардың (қан, құсық, асқазан шайған су, нәжістер) зертханалық қорытындысы және патологоанатомиялық зерттеу қорытындылармен анықтайды. Зертханалық тексеру кезінде қоздырғышты және ботулиндік токсиннің бар, жоқ екенін анықтайды. Ботулиндік токсинді анықтау үшін ақ тышқандарға биосынама жасайды.

Ақ тышқандардың ағзасына түскен уды нейтрализациялау тесті қазіргі кезде кеңінен қолданылады, өйткені тышқандар оған өте сезімтал. Тамақ тағамдарының экстрактісін немесе ауру адамның қанының плазмасын А,В,С,Д және Е сарысуымен араластырып, 3-5 минуттан кейін ақ тышқандардың бөлек тобының іштеріне егеді. 6 - 48 сағат ішінде ауырмаған немесе өлмеген ақ тышқандар тобынан токсиннің серологиялық түрін анықтайды.

Биосынаманың басқа әдісі, тышқандарға сарысудың белгілі түрімен иммунизация жүргізіп, содан кейін ақ тышқандар ішіне экстрактіні енгізу.

Емі. Жаңаша диагностика және арнайы ем тағайындау ғана аурудың өлімсіз аяқталуына әсер етеді. Қоздырғыштың түрі анықталған кезде, соған сай моновалентті сарысу қолданылады.

Жиі поливалентті үш серотипті (А,В,Е) сары суы қолданылады; оның емдік дозасы «А» және «Е» сары судың 10000 МЕ кем емес, және сары судың «В» түрінің 5000 МЕ. Егер сары суды еккеннен кейін қорытынды болмаса, онда 5 сағаттан кейін қайталау керек. Сары суды венаға егеді, ол кезде анафилактикалық белгілердің алдын алу ережелерін қатаң сақтау керек.

Алдын алу мақсатында күдікті тамақты жеген, бірақ ауырмаған адамдардың бұлшық еттеріне сары судың әр түрінен 1000-2000 МЕ егеді.

Алдын алу. Ботулизмнің алдын алудағы негізгі жұмыс – ол қоздырғыштың шикізатқа түсуін болдырмау, жылы өңдеуден (стерилизациядан) дұрыс өткізу, споралардың көбеюін болдырмау, вегетативті түрлерінің көбеюін, консервіленген дайын тағамда токсиннің пайда болуына жол бермеу шараларын жүргізу.

Осыған байланысты консерві зауыттарында үнемі шикізат сапасына қатаң қадағалау жүргізу керек: жатып қалған немесе бұзылған жеміс-жидектерді, көкөністерді қолдануға тыйым салу, сапасы жақсы су қолдану, оның құрамында анаэробты микробтар болмау керек, шикізат пен көмекші материалдарды жақсылап жуу, аппаратура мен қондырғылар санитарлық ережелерге сай жуылып- тазаланып тұру керек. Тағамдарды алғашқы өңдеуден өткізген кезде ботулизм қоздырғыштарын болдырмау үшін белгіленген температуралық жағдай қатаң сақталу керек, дайын тағамдардың қышқылдығын қадағалау, автоклавтарында температураны жазып тұратын қондырғылармен қамтамасыз етілмеген өндірістік мекемеде, қышқылдығы төмен, рН-4,4-тен жоғары консервілер түрлерін шығаруға тыйым салынады, белгіленген стерилизация режимі, банкілерді жуу ережесі, банкілерді жабатын машина жұмысы қатаң ережеге сай жүргізілуі керек, бұлар консерві өндірісінде маңызды факторлар болып саналады.

Үй жағдайында консервілеу кезінде ботулизмнің алдын алу үшін барлық ережелер қатаң сақталу керек.

Саңырауқұлақтарды тұздау және маринадтау эмальді ыдыстарда немесе ауа оңай кіретін кез келген ыдыстарда жүргізілу керек.

Балықпен улану болмас үшін, ауланған балықтарды тез ішек-қарыннан тазалап, ағын судың астында жуып, тұздау керек, консервілегенге дейін суық жерде сақтау керек.

Шошқа етін шикідей қақтаған кезде, ботулизмнің алдын алу үшін, еттердің ішек-қарын шығындыларымен ластануын болдырмау керек. Споралар көбейіп, токсиннің пайда болуын болдырмас үшін шошқа етін суық жерде тұздау керек. Үй жағдайында шошқа еті салқын жерде тұздалмайтындықтан ботулизмнің алдын алу үшін, ол етті жеуге қолданар алдында қосымша пісіріп алу керек.

Бұзылған және жатып қалған жеміс-жидектерді,көкөністерді консервілеуге болмайды. Консервілеуге қолданылатын жеміс-жидектерді консервілер алдын жақсылап жуу керек. Стерлизацияны кастрюльде су қайнатып жүргізу керек. Жеміс-жидектерді пісіру уақыты 15-20 минут, ал қырыққабат, асбұршақтарды 90 минут пісіру керек.

Стафилококты токсикоз

Cтафилакокты этиологиялы тағамммен тағаммен улану дүние жүзінің барлық жерлерінде тіркеледі, тағаммен уланудың жаратылысы микробты түрлерінің қоздырғышы арасында бірінші орын алады. Тағаммен уланудағы стафилококк рөлін 1899 жылы П.Н.Лащенков сипаттаған. Стафилококтар қоршаған ортада жақсы сақталады, кептірген кезде де ұзақ сақталады, шаң құрамында 6 айға дейін сақталады, 70-80 градус температурада, сұйық ортада 20-30 минуттан кейін өледі. 1% хлорамин ертідсінде 2-5 минуттан кейін өледі.

Адамдар мен жануарлардың денесінде стафилакоктар үнемі болады. Сау адамның терісінде, түкірігінде, тамағында және денесінде іріңді жара болса, сол іріңде стафилококк болады. Стафилококтың ең тұрақты және маңызды патогенді белгісі ол- плазмокоагуляциялау қасиетінің болуы, яғни адамның немесе қоянның қан құрамындағы плазманы ұйыту қасиеті.

Ауа, су, ақпайтын су стафилакоктың өмір сүретін ортасы болып табылады.

Қоршаған ортадағы стафилакокктардың көбісі сапрофиттер, яғни патогенді қасиеті жоқ. Стафилакокктың патогендік белгісі тұрақты емес, ол белгілі бір жағдайларда өзгеріп тұрады.

Тамақпен улануды кез келген стафилакокк түрі тудыра бермейді, улануды тек энтеротоксин бөліп шығаратындары ғана тудырады.

Стафилококк бөліп шығарған энтеротоксин қоршаған ортада жақсы сақталады, жоғары және төмен температураға өте төзімді. Қышқылдар мен сілтілердің әсеріне өте төзімді, 100° С температураға дейін қыздырғанда өлмейді. Мұндай энтеротоксинді жою үшін 2,5-3 сағат қайнатады немесе 120° С температурада 20 минутта жойылады.

Стафилококтар протеолитикалық ферменттер құрады, көмірсуларды ыдыратады, оттегінің қатысуымен әр түрлі дақтар түзеді: алтын сары, лимон – сары және ақ. Дақтың түріне қарай алтын тәріздес, лимон-сары, ақ стафилококк болып бөлінеді.

Стафилококтар ά, β, γ және δ- лизиндер деген экзотоксиндер бөліп шығарады. Алтын тәріздес және ақ стафилококктар энтеротоксин құрайды және сол тағамдық интоксикация себебі болады.

Стафилококты энтеротоксиннің 6 серологиялық түрі сипатталған: А, В, С, Д, Е, Ғ. Жеке патогенді стафилококк штаммасы бір түрлі ғана токсин бөліп шығармайды, ол екі немесе одан да көп токсин бөліп шығарады.

Стафилококты энтеротоксин қоршаған ортада жақсы сақталады, жоғары және төменгі температура әсеріне, рН 4,5 - 8,2 арасында сілтілер мен қышқылдардың әсеріне, хлордың әсеріне төзімді

Эпидемиологиясы. Тамақ тағамдарын патогенді стафилококпен ластау көзі адамдар және жануарлар болып саналады. Пиодермит, әр түрлі іріңді процестер , әсіресе қолда және саусақтарда орналасқан және жоғары тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы аурулары: ринит, ангина, тонзилит және т.б. кезінде ауру адамның қоршаған ортаға бөлетін стафилококтың мөлшері едәуір көбірек болады.

Сау адамдардың арасында да энтеропатогенді стафилококты тасымалдаушылар болады. Олар да әр түрлі қоршаған орта нысандарын ластаулары мүмкін.

Стафилококк көмірсулы және ақуызды ортада жақсы көбейеді. Тамақ тағамының кез келген түрі тағамдық стафилококты токсикоз тудыруы мүмкін (сүт, сүт тағамдары, балмұздақ, кремі бар торттар). Тағам құрамында қант 60% көбейсе, ол стафилококтың көбеюін тоқтатады. Стафилококтар тағам құрамында натрий хлоридінің 7-10%-ы бар тағамдарда жақсы көбейеді.

Стафилококты токсикоз болу үшін тағам құрамына түскен стафилококктар энтеротоксин бөліп шғару керек.

Стафилококтар көбейетін оңтайлы температура 22°С, 10-12°С температурада олардың көбеюі нашарлайды, ал мұздатқышта -4 -6°С температурада көбеюін тоқтатады.

Энтеротоксин бөліп шығару жылдамдығы алғашқы тағамға түскен стафилококк мөлшеріне байланысты емес, ол тағамды сақтау жағдайы және тағамның химиялық құрамына (құрамындағы ақуыздар, майлар, көмірсулар) мөлшеріне, ортаның қышқылдығына да байланысты болады.

Стафилококтар энтеротоксин бөлуге бөлме температурасында сақталған сүт және сүт тағамдары жақсы орта болып саналады. Бұл жағдайда энтеротоксин 5-8 сағаттан кейін пайда болады. Стафилококпен ластанған сүтті мұздатқышта сақтағанда 18 күннен кейін де оның құрамында энтеротоксин табылған. Сүт қышқыл тағамдарының құрамында энтеротоксин жиналмайды, өйткені олар стафилококтың көбеюін тоқтатады.

Жаңа дайындалған стафилакокпен ластанған ірімшік құрамында энтеротоксин бесінші күні анықталған.

Энтеротоксиннің көбеюіне жақсы қоректік орта - ол пісірілген кремі бар, яғни құрамында қанттың концентрациясы 50%-дан кем тағамдар: торт, пирожный. 37°С температурада энтеротоксин пісірілген кремді кондитерлік тағам құрамында бір сағаттан кейін пайда болады, егер бұл тағамды мұздатқышта сақтаса, энтеротоксин жиналмайды.

Еттен жасалған фаршта, порцияларға бөлінген сырларда, піскен ет құрамында 35- 37°С температурада 14-26 сағат ішінде энтнеротоксин жинала бастайды, дайын котлет құрамында 3 сағаттан кейін, ыстықтай қақталған балық құрамында 6 сағаттан кейін жинала бастайды.



Клиникасы. Ең алғашқы белгілері тамақ жегеннен кейін 2-3 сағат, кейде 6 сағаттан кейін пайда болады. Стафилококты токсикоздың ең басты белгісі: гастроэнтерит. Ауру аяқ астынан басталады, адам бірнеше рет құсады, кейде қан аралас, жүректің жұмысы нашарлайды, іші ауырады. Іш өту сирек кездеседі. Дене қызуы қалыпты. Адамды суық тер басады.

Диагностикасы. Стафилококтың ошағын анықтау. Күдікті тамақтың қалғанына, құсыққа, асқазан жуған суға, нәжіске зерттеу жүргізіп, стафилококтың энтеротоксигенді штаммасын анықтау. Осы мақсатта плазмакоагуляция реакциясын және коагулаза оң стафилококты фаготиптеу реакциясы қойылады. Инфекция көзін табу үшін объектіде күдікті тамаққа қатысы бар барлық жұмысшыларды іріңді жарасы, жарақаты, ангинасы бар-жоқтығына тексереді. Стафилококк тасымалдаушыларды анықтау үшін мұрыннан және тамақтан жұғынды алынады.

Алдын алу.

    1. тасымалдаушыларды анықтау, оларды емдеу жүргізу арқылы азайту;

    2. тағамдарды және дайын тамақтарды ластау жолдарын тоқтату;

3) тағамды дайындағанда, сақтағанда, сатқанда санитарлық талаптарды орындау.

Тағам дайындауға ангинасы бар, тұмаумен, жоғары тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруларымен ауырып жүрген адамдарды, қолдарында және денелерінің ашық жерлерінде іріңді жаралары бар адамдарды араластырмау. Жұмыс орнында санитарлық ереже және жеке бас гигиенасы қатаң сақталу керек. Термиялық өңдеу жеткілікті болу керек, тез бұзылатын тағамдардың сақталу мерзімін қатаң орындау.



Тамақтан уланудың микробсыз түрі

Микробсыз тамақтан улануға өсімдіктермен улану (саңырауқұлақтар, улы өсімдіктер, дәнді дақылдардың тұқымы), жан-жануарлардың өнімдері (балықтың мүшелері, ара балы) және азық-түліктердің құрамындағы улы қоспалармен улану жатады.

Микробсыз тамақтан улану, тамақтан уланудың басқа түрлеріне қарағанда сирек кездеседі; барлық тамақтан уланудың 5-10%-ын ғана құрайды.

Өсімдік өнімдерімен улану

Саңырауқұлақтармен улану. Саңырауқұлақтармен уланудың маусымдық сипаты бар, әсіресе ерте көктемде және жаз айларының соңында байқалады. Ерте көктемде өтқұлақпен улану көп болады, оны жеуге жарамды тыржыңқұлақпен шатастырады. Ал жаз соңында боз уқұлақпен, шыбынжұтпен улану байқалады. Саңырауқұлақпен улану жеке немесе жанұялық өршу болып сипатталады. Топпен улану сирек кездеседі. Бұл қазіргі уақытта саңырауқұлақтарды өнеркәсіптік дайындауда арнайы оқытылған адамды бақылауға қойылғандықтан деп түсіндіріледі. Саңырауқұлақ дайындау орындарында халықтан тек жеуге жарамды усыз, санитарлық қадағалау орындары жеуге жарамды деп белгілеген саңырауқұлақтар ғана қабылданады.

Өтқұлақтар. Оның улылығы құрамындағы гельвелл қышқылы мен гиромитринге байланысты. Гиромитриннің әсер етуі боз уқұлақтың уының әсеріне ұқсас. Өтқұлақпен улану тек көктем айларында болады.

Жасырын кезеңі 8-10 сағат, бірақ 3 сағаттан 20 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Өтқұлақтың уы бауырға әсер етеді, улану белгілері өте жай басталады. Асқазан шаншып ауырып, жүрегі айнып, құсады, іші өтеді. Ал 2-3 күн өткенде ауыр улану кезінде адам сарғаяды, есінен танып, сандырақтайды, құрысады.

Саңырауқұлақпен бұлай улану, саңырауқұлақты алдын ала қайнатып, суын төкпегенде болады. Өтқұлақ шартты түрде жарамды саңырауқұлақтарға жатады. Олардан тағам дайындар алдында оны үш рет қайнатып, суын төгіп, содан соң салқын сумен мұқият шайып, қолданады.

Боз уқұлақ. Боз уқұлақ және оның түрлері әр түрлі жеуге жарамды саңырауқұлақтармен ұқсас келеді, олар: қозықұйрықтармен, жасыл және ақ сазқатпарлармен. Көбінесе қозықұйрықтармен шатастырады.

Боз уқұлақта аманитин, фаллоидин улы заттары бар. Бұлар өте күшті жасуша улы, бауырға және жүйке жүйесіне әсер етеді. Боз уқұлақтың уы өте тұрақты және саңырауқұлақ ұлпаларымен берік байланыста, сондықтан саңырауқұлақты қайнатып суын төксе де, кептірсе де улылығы азаймайды.

Боз уқұлақпен улану құрамындағы аманитиннің әсеріне байланысты және өзіндік сипаты бар. Жасырын кезеңі 7 сағаттан 40 сағатқа созылады, орташа 12 сағат. Ауру кенеттен басталады. Адамның іші ауырып, қайта-қайта іші өтеді және тоқтамай құсады. Нәжісі сілемейлі су тәрізденеді және иісі жоғалады. Адам қатты шөлдей бастайды. Ауру кісінің басы ауырып және басы айналады. Өлім көрсеткіші 50%. Өлгенге дейін ауру есін сақтайды. Ауру 2-3 күні өледі. Қолайлы жағдайда ауру белгілері азайып, ауру өте жайлап жазыла бастайды. 70-ші жылдары Парижде Пастер институтында боз уқұлаққа қарсы антитоксин тиоктидаза алынған.

Шыбынжұттар. Қызыл, пантералдық және порфиралық түрлері бар.

Бұл жеуге жарамсыз саңырауқұлақтармен улану өте сирек кездеседі, өйткені олар жеуге жарамды саңырауқұлақтардан айырмашылығы көп ұқсамайды.

Шыбынжұтың улылығы құрамында мускарин мен мускаридинге байланысты, олар орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.

Жасырын кезеңі өте қысқа – ½ -2- 4 сағат. Уланудың клиникалық көрінісі: сілекейі ағып, құсу, іші өтеді, көздің қарашығы кішірейеді, ал өте ауыр жағдайда көзіне әр нәрсе елестеп, сандырақтайды, құрысады.

Басқа улы саңырауқұлақтарға жалған томарқұлақ, сары қозықұйрық, қабанқұлақ, улы трихоломдар жатады.

Алдын алу. Саңырауқұлақпен уланудың алдын алу үшін көктем, жаз және күз айларында халық арасында түсініктеме жұмысын жүргізу. Әсіресе бұл жұмысты жүргізу мектептерде және басқа балалар мекемелерінде, жазғы демалыс сауықтыру орындарында, саяжайларға жүрер алдында жүргізудің маңызы зор.

Саңырауқұлақ дайындау орындарында саңырауқұлақтарда түрлеріне қарай мұқият сұрыптау керек. Пластинкалы саңырауқұлақтарды тұздау және маринадтау алдында тұзды суда 5-7 минут қайнатып, содан соң ағын сумен шаяды. Пластинкалы саңырауқұлақтарды кептіруге болмайды.

Базарларда саңырауқұлақтарды сатуға арнайы орын бөліну керек. Саңырауқұлақ түрлерін араластырып сатуға болмайды, оларда түр-түрімен сортталған болуы керек. Пластинкалы саңырауқұлақтар түбірімен сатылуы керек; олай болмаған жағдайда олардың түрлерін ажырату қиындайды. Базарда саңырауқұлақты майдалап жасалынған тағамдар сатуға тыйым салынады.

Улы өсімдіктермен улану

Улы өсімдіктермен улану көбіне балаларда кездеседі, олардың назары жабайы өсімдіктердің жемістеріне тез ауады. Жүзден аса жабайы және мәдени өсімдіктер улануға себеп болады. Олардың ішінде өте кең таралған қара меңдуана, сасық меңдуана, утамыр, теңбіл убалдырған, ит ақжелек, уқорғасын, қасқыр жидек, олеандр, итжидек, қоза және т.б.

Барлық улануларға тән, ол өте қысқа жасырын кезеңі, өйткені улы заттектер асқорыту жүйесінен тез қанға сіңеді.

Алдын алу, санитарлық-насихаттау сипатында болады: балалар мен жасөсіпірімдерді сол жерлерде өсетін улы өсімдіктермен таныстыру.

Балалар мекемелерінің жері және балалар үнемі қыдырып демалатын жерлерде улы өсімдіктер өспеуін қадағалап отыру керек. Бұл үшін топырағын аударып, улы шөптерді орып және жұлып тастап, соңынан жойып отырған жөн.

Дәнді дақылдардың арам шөптерінің тұқымдарымен улану

(арам шөптердің токсикозы)

Триходесмотоксикоз

Құрамында боз триходесманың тұқымдары бар ұннан нан дайындағанда пайда болады. Бұл ауру өте күрделі, орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен, энцефалит немесе менингоэнцефалит белгілерімен сипатталады.



Боз триходесма - көпжылдық өсімдік, Орта Азияда кеңінен таралған. Триходесма тұқымында алколоидтар инканин, триходесмин, инканин тотығы және т.б. бар.

Боз триходесма тұқымының өте жоғары улылығы және алколоидтардың жүйке жүйесіне қатты әсер етуінен, олардың дәнді дақылдар құрамында өте аз мөлшері болса да улануға әкеледі.

Алдымен ауру жалпы әлсіздіктен, бас ауру, қимыл қозғалыстың нашарлауынан, жүрістің бұзылуынан басталып, содан соң энцефалит немесе менингоэнцефалиттің белгілері пайда болады. Кей жағдайда асқазан ішек жолдарының жұмысы бұзылады (құсады, іші өтеді).

Бұл ауруда температура көтерілмейді. Ауру жеңіл түрде болса бірнеше күннен кейін жазылады, ал ауыр түрінде – бірнеше айларға созылады.

Алдын алу үшін егіс даласын арам шөптерден тазарту керек және боз триходесманың улылығы жөнінде түсініктеме жұмысын жүргізу. Дәнді дақылдардың құрамында боз триходесманың тұқымы болмауы керек.

Гелиотропты токсикоз. Бұл тамақтан улану тамаққа гелиотроп тұқымдарымен ластанған дәнді дақылдарды қолданғанда болады. Олардың тұқымында алколоидтар тобы бар (цина жоссин, жүйке жүйесін зақымдап – салға әкеледі, гелиотрин және лазиокарпин бауырға қатты әсерін тигізеді).

Ауру басталғанда ішінің жоғарғы жағы мен оң жақ қабырға тұсы ауыра бастайды, содан соң жүрегі айнып, құсады, бауыры ұлғаяды және көзі сарғаяды.

Алдын алу шараларына, дәнді дақылдарды гелиотроп тұқымдарынан тазарту және топырақтағы өсімдік тамырларын жұлу. Дәнді дақылдардың құрамында бұл өсімдіктің тұқымы болмау керек.

Есіртпе үйбидайықпен улану. Есіртпе үйбидайық - арам шөп, қара бидайда кездеседі. Улылығы тұқымында болатын темулин алколоидына байланысты. Сонымен қатар улылығы тұқымындағы паразит, микроскопиялық саңырауқұлағына (Stromatinia temulenta) байланысты болуы мүмкін.

Есіртпе үйбидайықпен улануда клиникалық көрінісі басы айналады, жүрегі айниды, құсады, жүргенде аяғы шалынысады және басқа белгілері бар, олар алкогольмен мас болғандағыдай болады.

Қазіргі уақытта үйбидайықтың тұқымының дәнді дақылдардың құрамында болуы өте аз кездеседі. Тұқымдарының көлемі кіші болғандықтан дәнді дақылдарды тазалау машиналарында түгелімен бөлініп алынады.

Балықтың улы тіндерімен улану

Қазіргі уақытта шармай балықпен улану белгілі, олар Орта Азияның су айдындарында Балхаш көлінде, Ыстықкөлде, Сырдария мен Амудария өзендері мен Арал теңізінде кездеседі. Ол балықтың уылдырығы мен сүтенінің улы қасиеті бар. Балықтың ішек-қарнынан тазаласа зиянсыз.



Қаяз. Еліміздің көптеген өзендерінде кездеседі.

Бұл балықтармен уланудағы клиникалық көрінісі жедел гастроэнтерит белгілерімен сипатталады, іші ауырады, құсады, іші өтеді.



Белгілі бір жағдайда улы болатын азық-түліктермен улану

Белгілі бір жағдайда улы болатын азық-түліктермен улану өте сирек кездеседі. Бұл топқа өсімдіктерден алынған өнімдермен (шикі үрме бұршақ фазині, жеміс сүйектеріндегі дәннің амегдалині, бук жаңғағының фагині, картоп соланині) және жан-жануарлар өнімдерімен (балық ұлпаларымен, мидиямен, арабалы) улану жатады.



Амигдалин

Өрік пен шабдалы дәнектерінде көп болады. Амигдалин гидролизденгенде синиль қышқылы бөлінеді.

Улануда бас ауырады және жүрегі айниды. Ауыр жағдайда ерні көгеріп, құрысу пайда болады, есінен танады. Өрік пен шабдалы дәнегін сығып май алғанда қалған күнжара қолданғанда улануы мүмкін. Сүйегі бар жемістерден дайындалған мұраппаны пайдалану қауіпсіз, өйткені қайнатқанда фермент өз белсенділігін жоғалтады да, синиль қышқылы пайда болмайды.

Өрік пен шабдалы дәнектерін сатуға тыйым салынады, оларды тек май алуға пайдаланады.



Фагин. Фагин шамшат жаңғағындағы әсер етуші болып табылады. Термиялық өңдеуде фагин белсенділігін жоғалтады. Шикі шамшат жаңғағымен уланғанда адамның жалпы көңіл-күйі нашарлап, ауырады, жүрегі айнып, ішек қызметі бұзылады.

Шамшат жаңғағы температурасы 120-1300С-та 30 минут термиялық өңдеуден кейін пайдалануға рұқсат етіледі.



Соланин. Картоп соланинімен улану сирек кездеседі, өйткені көп бөлігі картоптың қабығын тазалағанда кетеді.

Картоптағы соланин қасиеті соланин мен глюкозидтерге жақын және гемолитикалық уларға жатады.

Соланиннің көлемі картоп жасыл түске боялғанда және көктегенде шұғыл көбейеді. Картоп өскіндерінде соланиннің көлемі 0,42-0,73% дейін көбейеді. Адамды уландыратын соланиннің көлемі 200-400 мг.

Соланинмен улануда адамның жүрегі айнып, құсады және ішек қызметі бұзылады.

Көктеп кеткен картопты қабығымен қайнатып өте көп мөлшерде пайдалану уландыру мүмкіндігін жоғарылатады.

Балықтың ұлпаларымен улану. Кейбір балықтың уылдырығы мен сүтінен улану бұрыннан белгілі. Бұл балықтардың етін пайдалану толық қауіпсіз болғанымен, тағам ретінде уылдырығы мен сүтенін пайдаланғанда адам уланады, жедел гастроэнтерит белгілері пайда болады. Ол кей жағдайда тырысқақ белгілеріне ұқсас болып келеді.

Химиялық заттардың араласпалары әсерінен болатын тамақтан уланулар. Бұл микробсыз тамақтан уланудың тобына, пестицидтермен, нитриттермен және басқа тағамдық қоспалар көп қосылғанда, тағамдарға құрал-жабдықтардан, мүліктерден, ыдыстардан, қаптамалардан өткен араласпалармен уланулар жатады.

Нитриттермен және басқа тағамдық қоспалар азық-түліктерде көп мөлшерде болғанда пайда болатын уланулар да жатады.



Нитриттермен улану. Тағам өндірісінде қолданылатын нитриттермен және басқа да кейбір тағамдық қоспалар аз мөлшерде үнемі ағзаға түсіп отыруы, созылмалы тамақтан улануға әкеледі.

Ағзаға нитрозо қосылыстарының түсуімен, созылмалы ауқаттық нитратты-нитритті метгемоглобинемия дамиды.

Ауқаттың нитратты-нитритті метгемоглобинемия дамуына тек қана шұжық және ысталған өнімдер ғана емес, сонымен қатар өсімдіктен алынғане өнімдер қызылшада, картопта, сәбізде, қырыққабатта нитриттердің, нитрозолиндердің мөлшерінің жоғары болуы да көп әсер етеді. өсімдіктен алынған өнімдерге олар минералды азоты бар тыңайтқыштармен түседі.

Нитраттар мен нитриттер шұжық өнімдеріне, ысталған өнімдерге, ірімшіктерге және басқа азық-түліктерге тағамдық қоспалар ретінде қосылады. Нитрозолиндер-салдарлық аминдердің нитриттермен өзара әрекеттесуінен пайда болады, олардың канцерогенді қасиеті өте жоғары. Кейбір нитрозоқосылыстардың мутагенді және тератогенді белсенділігі бар.

Нитриттер ағзаға түскесін қандағы гемоглобинмен әрекеттесіп метагемоглобин пайда болады, ол оксигемоглобиннің белсенділігін төмендетеді. Тіпті аздаған метгемоглобинемияның өзі гемоглобиннің белсенділігін төмендетеді, ол оттегінің тіндерге түсуін азайтып денсаулыққа кері әсерін тигізеді.

Бұл уланудың алдын алу үшін нитриттерді қолданатын тағам өндірісінде, нитриттерді қатаң есепке алып және оларды дұрыс сақтау, тарату ережелерін сақтау қажет. Сонымен қатар шұжық өнімдерін дайындау технологиялық процестерін қатаң бақылауға алу, шұжық құрамындағы нитриттерді мөлшерін қалыпты болуын бақылап отыру.



Этиологиясы белгісіз тамақтан улану

Белгісіз этиологиялы тамақтан улануға юксовско-сартланд ауруы (Гафф ауруы) жатады. Бұл ауру бірінші рет 1924 жылы Балтық теңізінің Фришес Гафф бұғазындағы балықшылардың арасында анықталған, сондықтан Гафф ауруы деп аталған. Бұл улану тамаққа шортанды, алабұғаны, көксеркені пайдаланғанда пайда болған. Бұл балықтардың құрамындағы улы заттың химиялық құрамы анықталмаған. Улы зат балық майында шоғырланып, жоғары температураға тұрақты, 120˚С – де бір сағат қыздырғанда бұзылмайды. Барлық тексерушілердің шамалауымен бұл балықтардың улылығы жергілікті жағдаймен және тамақтану сипатына байланысты. Балық ұлпаларының улылығы суға жағалауда өсетін улы өсімдік (пикульник) тұқымының гүлінің түсуімен байланыстырады.

Ауру кенеттен басталады, ауырған адамның бұлшық еттері өте қатты ауырғандықтан, ауру қимыл - қозғалысын толық жоғалтады. Бұл жағдай 6-7 рет қайталанады. Бүйрек қызметі бұзылғандықтан миоглобинурия пайда болып, аурудың кіші дәреті қоңыр – қызыл түске боялады. Ауру ұстаған уақытта ауру адам тыныс алуы тоқтап қалуынан өліп кетуі де мүмкін, өйткені көкет пен қабырға аралық бұлшық еттері зақымданады. Ауру кезінде температура көтерілмейді.

Ауру негізіне қаңқа еттерінің зақымдануы жатады, бұлшық еттерде балауыз тәрізді дегенерация дамиды, бұл ет ұлпаларының (негізінен миоглобиннің) ыдырауынан пайда болады.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)
9- тақрып

1. Сабақтың тақырыбы: Денсаулық топтарын анықтау. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық топтары. Дене шынықтыру. Әр түрлі жастағы балалардың анатомо- физиологиялық ерекшеліктері.

2. Сағат саны: 2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға атмосфералық ауа гигенасы пәнінің мақсатын міндетін оқыту және үйрету

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын зерттеу

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен физикалық жетілуін қадағалау үшін оларға жылда медициналық тексеру жүргізіледі. Тексеру кезінде денсаулық жағдайына баға беру үшін қарапайым клиникалық әдістер (антропометриялық және физиометриялық ) қолданылады.

Антропометриялық әдіс кезінде баланың денесінің параметрлерін өлшейді: бойын, салмағын, дене қуысының шеңберін, өкпенің өмірлік сыйымдылығын, арқаның және қолдың бұлшық еттерінің күшін, жетілу сатысын және әр түрлі аномалияларды, мысалы, омыртқаның қисаюы және түйетабандылықтың ерте белгілерін анықтайды. Ал физиометриялық әдіс кезінде кейбір функционалды пробалар жасап, жүрек - қан тамыр жүйесіне және басқа да жүйелердің жұмысына баға береді. Антропометриялық және физиометриялық көрсеткіштердің қорытындылары бойынша баланың физикалық жетілуіне объективті баға береді.

Белгілі бір балалар мекемесінде ( 150 адамнан кем емес жерде ) антропометриялық өлшеу жүргізіп, әр жас және жыныс үшін бойдың, салмақтың және басқа да көрсеткіштердің орташа мөлшерін анықтап, олардың физикалық жетілуіне баға береді. Ол көрсеткішті сол аймақтың орташа көрсеткіштерімен салыстырады. Әр баланы медициналық тексеруден кейін төмендегі топтардың біреуіне жатқызады:

1 - топ – сау балалар;

2 - топ – сау балалар, бірақ аурудан кейін функционалды өзгерістері бар, жедел аурулармен жиі ауыратын, көру қабілеті орташа дәрежеде бұзылған балалар;

3 - топ – созылмалы аурулармен ауыратын, физикалық жетіспеушіліктері бар, бірақ оқуға, өмір сүруге және еңбек етуге бейімделген балалар;

4 - топ – созылмалы аурулармен ауыратын, субкомпенсациялық жағдайда, өмір сүру және еңбек етуге бейімділігі жоқ балалар;

5 - топ - декомпенсация, яғни ағза қызметінің бұзылуы анықталған ауру балалар, 1 - және 2 - топтағы мүгедектер.

Балалардың денсаулықтарын жақсарту бойынша әр топқа жеке - жеке профилактикалық, емдік, сауықтыру жұмыстары және денсаулықты нығайту бойынша шаралар жоспары дайындалады.

Соңғы 100 жылдықта балалардың өсу және даму процесі жылдамырақ жүре бастады. Мұны акселерация деп атайды. Ол бір жағынан жақсы болса, балалардың жасына байланысты қимылдау мүмкіншілігі артады, екінші жағынан олардың арасында көру қабілетінің нашарлауы (миопия), жасөспірімдер гипертензиясы ауруы көбейіп отырғандығын көрсетеді. Осыған байланысты акселерация гигиеналық қамтамасыз ету бойынша бірсыпыра өзекті мәселелерді алға қойды.

Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері

Оқушылар арасында медициналық тексеру жүргізігеннен кейін оларды денсаулығына, физикалық жетілуіне және дайындығына қарап 3 топқа бөледі: негізгі, дайындық және арнайы.

Негізгі топқа денсаулығы жақсы, дайындығы жақсы балаларды алады. Дайындық тобына денсаулығы жақсы, бірақ дайындығы нашарлау балаларды және денсаулығында аз ғана ауытқулары бар балаларды алады. Оларға уақытша ауыр физикалық жаттығулар жасауға болмайды. Бұл балаларда медициналық қадағалау үнемі жүргізіліп тұрады. Арнайы топқа денсаулығында ауытқулары бар балалар алынады. Олармен ерекше жоспар бойынша сабақ өтіледі. Дене бітімінің дамуының ақауы бар және омыртқа сүйектері қисайған балаларға арнайы түзететін гимнастикалық жаттығулар тағайындалады.

Мектептің медицина қызметкерінің міндетіне денешынықтыру сабақтарына, кластан тыс сабақтарға қатысып, оқушылар қатысатын спорттық жарыстарға бірге бару жатады. Денешынықытру сабақтарына қатысқан кезде сабақ өтетін залдың гигиеналық жағдайын: тазалығын, жарықтануын, микроклиматын, ауа алмасуын, қондырғылардың дұрыс және жұмысқа жарамдылығына қарау керек. Сонымен қоса сабақтың тығыздығын, құрылысын және балалардың физиологиялық реакциясын: сабақ кезіндегі оқушылардың тыныс алу және жүрек қағысының жиілігін қадағалау.

Сабақтың тығыздығы дегеніміз оқушылардың қимылдауға, жылжуға кеткен уақытының жалпы сабақ өтетін уақытқа қатынасын айтамыз. Ол кемінде 60 - 65 % болу керек. Сабақ әдетте үш бөлімнен тұрады: кіріспе 5 -8 минут (тыныс алу мен қан айналу жұмысын жақсартатын және оқушылардың көңілін аударатын жаттығулар жасату), негізгі бөлім 30-35 минут уақытты алады (негізгі физикалық жүктеме), қорытынды бөлім 5-7 минут (жаймен физикалық жүктемені төмендету, бұл кезде жүрек қағысы мен тыныс алу жиілігі жаймен төмендеп қалпына келеді).

Педагогтар мен медицина қызметкерлері әр оқушының үйдегі гигиеналық жағдайы мен күн тәртібінен хабардар болу керек. Ата - аналар үйде балаға арнайы жабдықталған бөлме бөлгені өте маңызды болып саналады. Ол бөлмеде баланың жататын төсегі, кітаптар қоятын сөресі, сабаққа дайындалатын үстел міндетті түрде болу керек. Үй жұмыстарын орындайтын жұмыс орны болу керек, ол жер міндетті түрде үстелге қоятын жергілікті жарықтану шамымен және ол шам оқушыға сол жағынан түсетіндей етіп жабдықталу керек. Бала үйде сабақ дайындап жатқан кезде ата - аналар баланың үстелде дұрыс отырғанына көңіл бөлу керек. Үстел мен орындық баланың бойына сай болу керек. Егер үстел биік болса, онда орындығының астына бір немесе екі тақтай қойып биіктетеді, ал орындық биік болса, баланың аяғының астына кішкене орындық немесе аяғын тіреп отыратын ағаш тіреуіш қойып қою керек. Бұл кезде баланың көру қабілетіне күш түспейді, бала үстелде дұрыс отырады. Балада кітаптың астына қоятын картон немесе ағаштан жасалған кітап тіреуіш болса, тіптен жақсы. Төменгі класс оқушылары үшін кітаптары мен жазатын құрал - жабдықтарын салатын портфель, сөмкелер иыққа ілінетін болса, өте ыңғайлы. Дене бітімінің дұрыстығын сақтау үшін оқушылар сөмкелерін немесе портфельдерін екі қолына кезек-кезек ауыстырып ұстау керек.

Балалалық кезді шартты түрде үш негізгі кезеңге бөледі: туылғаннан 3 жасқа дейін – сәбилік кезең, екіншісі – мектепке дейінгі кезең 3 - 7 жас аралығында, мектеп кезеңі 7 - 18 жасқа дейін. Олардың арасындағы шекара шартты түрде болғандықтан, бір кезеңнен екінші кезеңге өту байқаусыз жүреді.

Сәбилік кезең – сәбидің өмірге келіп, бірінші жыл өмір сүруі оның тез өсуімен және жетілуімен сипатталады. Сәбидің ағзасында жаңа қоршаған ортаға бейімделу механизмі жетіле бастайды, сондықтан олардың микроклиматқа және басқа да қоршаған орта факторларының әсеріне қорғаныс реакциясы дамымаған.

Бұл кезде маңызды гигиеналық шараларға баланы емшек сүтімен және қосымша (сүт асханасында дайындалған, балаларға сүт тағамдарын дайындайтын жерде дайындалған) тамақтармен қамтамасыз ету жатады.

Сәбилерді қоршаған ортаның теріс факторларынан және әр түрлі жұқпалы ауру қоздырғыштарынан қорғау керек. Бала жақсы өсіп, жетілуі үшін оны жүйелі тамақтандырып, жазғы күндері таза ауада, күннің көзінде көп серуендетіп, уақытылы ұйықтатып, ал күннің жылы кездерінде далада ұйықтатқан дұрыс.

Егер тұрғылықты жерде бұлтты күндер, жауынды күндер көп болатын болса, онда балада күн көзі жетіспеушілігі ауруы пайда болуы мүмкін, сондықтан ондай балалар профилактикалық мақсатта ультракүлгін сәулелерін қабылдағаны дұрыс. Егер сәбиге қосымша тамақ берілетін болса, берілетін тағамдардың және тағамды дайындайтын судың сапасы жақсы болу керек. Осы кезде баланы ауа және су процедураларын қолданып шынықтырған дұрыс және таза ауада ұйықтатқан өте пайдалы.

Өмірінің бірінші айының соңында сәбиге массаж жасау - баланы баптаудың негізгі элементтерінің бірі болып саналады, ол баланың даму процесіне жақсы әсер етеді. Ал 4 айлық кезінде массажға қоса гимнастика да жасату қажет. Бұл кезде сәбиге дифтерия мен туберкулезге қарсы иммунизация жасалу керек.

Сәбилер күніне 5- 6 сағат таза ауада болу керек. Тамақтануы толық құнды, яғни қолданылатын тағамдар әр түрлі болу керек. Сәбилерге екі жастан бастап күніне 4 рет тамақ қабылдау керек. Сәбилердің ферментативтік және моторлы функциясының нашар жетілуіне байланысты, балаларға берілетін тағамдардың сапасы жоғары және жақсылап майдаланған болу керек. Осыған байланысты біздің елімізде сәбилерге тағам дайындайтын жерлерде технологиялық процестің сақталуына және өндірістің санитарлық жағдайына қатаң қадағалау жүргізіледі.

Балалар мекемелерінде: жұқпалы аурудың алдын алуда топтық оқшаулау, бөлмелерде ауаны жиі желдету, санитарлық ережелердің орындалуы маңызды орын алады. Сонымен қатар иммунизация

(ревакцинациялау), сол жердің жұмысшылары және балалары арасында ауруды немесе бактериотасымалдаушыны уақытылы анықтап, оны жекешелеу. Осы жаста балаларды гигиеналық тәрбиеге үйрету де маңызды болып саналады.



Мектепке дейінгі кезең. Бұл жаста балалардың жоғары жүйке жүйесінде қозу процесі тежелу процесіне қарағанда басым болады. Осыған байланысты балалардың жүйке жүйесі тез шаршап, сабаққа деген қабілеттілігі нашарлайды. Осы кезеңде балалардың сөйлеу қабілеті жақсы жетіледі де, сөйлеу мүкістіктері бар балалар анықталады. Ондай балалар арнайы ем қабылдау керек. Осы жаста балалардың музыкаға деген қабілеттілігі де айқындалады, сондықтан ондай қабілеті бар балаларды музыка мектебіне берген дұрыс. Баланың көру қабілеті бұл жаста жақсы жетілген, бірақ қоршаған ортаның факторларының әсеріне өте сезімтал болады. Сондықтан балабақшада сурет сабақтары, еңбек сабақтары, жазу сабақтары кезінде бөлменің жарықтануы жақсы болу керек. Бұл жастағы балалардың 80-85 % -ында көздің жақыннан нашар көретіндігі байқалады, сондықтан балалар қарайтын заттар баланың көзінен кемінде 35-40 см қашықтықта болу керек. Бұл жағдайлар орындалмаған кезде балаларда көздің ақилығы пайда болуы мүмкін. Сондықтан осы жастағы балаларды профилактикалық мақсатта көз дәрігері міндетті түрде тексеріп, көру қабілетінің мүкістігін ертерек анықтап, оны емдеу арқылы тоқтату керек.

Бұл жастағы балалардың омыртқа сүйектері майысқақ және тез өзгергіш. Бұл жастағы балалар жиі мойнын ішіне тартып жүреді, өйткені оларда бүгу бұлшық еттерінің тонусы жазу бұлшық еттерінің тонусына қарағанда күштірек болады. Егер бала партада дұрыс отырмаса, ондай балалардың омыртқа сүйегі тез қисаяды. Сондықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды партада дұыс отыруға тәрбиелеу керек. Ол баланың жақсы тыныс алуына, қан айналымының жақсы болуына және кеуде қуысының жақсы дамуына әсер етеді.

Балалардың жүйке - бұлшық ет жүйесінің жақсы дамуына дене шынықтыру жаттығуларын жасау, оның ішінде әр түрлі қозғалатын ойындар ойнау жақсы әсер етеді. Бұл жастағы балаларға таза ауада көп серуендеу, таңертең гимнастика жасау, әр түрлі спорт түрімен айналысу гигиеналық көзқарастан өте бағалы болып саналады. Сәбилік кезеңге қарағанда мектеп алды кезеңде ағзада жылу алмасу процесі жақсы дамығандықтан денені шынықтыру процедураларын қарқынды қолдануға болады. Барлық дене шынықтыру процедураларын ашық аспан астында жүргізген өте пайдалы. Күннің жылы кездерінде далада ұйықтаған, су процедураларын кеңінен қолданған да пайдалы. Мектепке дейінгі балалар арасында жоғары тыныс алу жолдарының аурулары, жұқпалы аурулар және жарақаттар алдыңғы орын алады. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін олардың арасында ревакцинация және дегельминтизация жүргізу маңызды орын алады.

Мектеп жасындағы кезең. 6 - 7 жастағы баланың ми ұлпасының құрылысы үлкен адамдардікіндей болады. Ішкі тежеу процесі күшейеді, бала зейін қойып тыңдауды, көңіл аударуды үйренеді және тәртіпке көне бастайды. Қимыл үйлесілімділігі жақсарады, жүйке - бұлшық ет аппаратының және қол сүйектері жақсы дамығандықтан, оларға жазуды үйретуге болады. Омыртқа сүйегі және арқа бұлшық еттері жақсы жетіліп, ыңғайлы жиһазда 20-25 минутқа дейін тіке отыра алады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі, жақсы дамып - жетілген 6-7 жасар баланы мектепте оқытуға болатындығын көрсетеді. Соңғы кездері оқушыларды 11 жылдық оқыту енгізілген, ал келешекте 12 жылдық оқыту енгізілмекші. Ол оқушыларда абстрактивті ойлану және шығармашылық қасиетін дамытуға бағытталған. Жаңа жоспармен оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің қарқындылығына байланысты болады.

Бұл кезде оқу процесінің және мектеп жағдайының оқушылардың денсаулығына және физикалық жетілуіне теріс әсерін тигізбеуі үшін бірқатар шараларды орындау керек.

Оқушылар физикалық жағынан жақсы дамып – жетілу үшін таңертеңгі гимнастика ұйымдастыру, дене тәрбиесі сабақтарын өткізу, сабақ кезінде дене шынықтыру үзілістер жасау, спортпен шұғылдану, әр түрлі саяхаттар ұйымдастыру қажет. Дене қуысы жақсы жетілу үшін және омыртқа сүйектері түзу болу үшін әр түрлі көп қимылдайтын ойындар ойнату, волейбол, тыныс алуды жақсартатын гимнастикалар, коньки тебу, суда малту, теннис және шаңғымен жүру өте пайдалы.

6-12 жас арасындағы балаларда сүт тістері түсіп, тұрақты тістер шығады. Осы кезде балалардың ауыз қуысының жағдайын тіс дәрігерінің тексеруі тіс кариесінің алдын алуда (фторпрофилактика, ауыз қуысын баптау, тәттіні көп жеуге тыйым салу және т.б.) ерекше қажет.

Мектеп жасындағы балалардың дамуының маңызды сатысының бірі – ол жыныстық жетілу кезеңі. Қыздарда ол 10-11 жастан, ал ер балаларда 12-13 жастан басталады. Бұл кезеңде балаларда жыныстық және басқа да эндокриндік бездердің қарқынды дамып, гормондар зат алмасу процестеріне және қаңқаның сүйектерінің жетілуіне әсер етеді. Орталық жүйке жүйесінің қозуы артады, ал психикасы эмоционалды процестің тұрақсыздығымен ерекшеленеді – балалардың мінезі тұйық, көп сөйлемейтін, тез өкпелегіш және болмашы нәрсеге ашуланатын болады.

Жүрек - қантамыр жүйесінің жетілуі салмағының жетілуінен қалып қояды. Бұл анатомиялық ерекшелік және жүректің жоғары қозғыштығы жүрек – қан тамыр жүйесінде функционалды өзгерістер туындатып, жұмыс қабілетін нашарлатуы мүмкін. Жүректің жоғары қозғыштығы қоршаған ортаның теріс әсерінен (психикалық жарақат, жоғары жүктемелер) балаларда невроз ауруын туындатуы мүмкін.

Жасөспірімдердің жүйке - психикалық жүйесінің ерекшелігіне байланысты мұғалімдер және ата - аналар оларға ерекше көңіл аударып, олармен жайбарақат жағдайда сөйлесу керек.

Жоғары сынып оқушыларында жүйке - психикалық жүйесіне жүктеме көбейіп, көру қабілетіне күш түседі. Күн режимін дұрыс құру оқушыларды зорығудан қорғайды. Таза ауада көп болып, дене шынықтыруға, ырғақты гимнастикаларға жеткілікті уақыт бөлу керек. Көру қабілетін қорғау шаралары тек мектепте ғана емес, үйде де орындалу керек.

Қыздарда 12-13 жасында менструалдық цикл басталады. Бұл кезде олар дене шынықтыру сабақтарынан босатылады

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)
10- тақрып

1. Сабақтың тақырыбы: Мектепке дейінгі балалар мекемесі және мектептің жоспарлануына, жабдықталуына және орналасуына қойылатын гигеналық талаптар.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға атмосфералық ауа гигенасы пәнінің мақсатын міндетін оқыту және үйрету

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Балалар мекемелерін орналастыруға, жоспарлауға және қолайлы етіп жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар.

Балаларды қоршаған орта жағдайы оның дұрыс орналасуына, санитарлық жағдайына, дұрыс жабдықталуына байланысты болады.



Балабақшалар. Қазіргі кезде жаңадан салынып жатқан балабақшалар өздерінше жеке тұрған ғимараттарда, арнайы жобамен салынады. Бұрынғы ашылған балабақшалар әр түрлі ғимараттарда, мысалы, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында, бірақ кіретін есігі бөлек және аумағы жекешеленген болып орналасқандары бар. Барлық жағдайда балабақшалардың балаларды таза ауада среуендету үшін өзінің аумағы болу керек. Әр балаға аумақтың көлемі – 40 м2 кем болмау керек.

Балабақшаның ішкі жобасы топтық оқшаулау принципіне негізделген болу керек. Әр топта 20-25 баладан болу керек. Әр топқа балаларды жастарына байланысты топтастырады, олардың өздерінің жеке топтық бөлмесі (әр балаға 2,5 м2 саналады), ұйықтайтын бөлмелер мен көмекші бөлмелер кешені (дәретхана, жуынатын жер, буфет және шешінетін орын) болу керек.

Әр бөбек (ясли) тобында келесі бөлмелер міндетті түрде болу керек: балаларды қабылдайтын, ойнайтын, тамақ қабылдайтын, ұйықтайтын бөлмелер, төсек - жаймаларды сақтайтын сөрелер немесе оларды сақтайтын арнайы бөлме, дәретхана және буфет.

Топтың негізгі бөлмесіне балалардың сабақ өтетін, тамақ жейтін және ұйықтайтын бөлмелері жатады, ол жердің ауданы 50 шаршы метр, жарықтану коэффициенті 1:4 тең, терезелері оңтүстікке, оңтүстік- шығысқа және шығысқа қарау керек. Балалардың ойнайтын жерінде жақсы жағдай жасалу үшін, ол жерде жиһаздар аз болғаны дұрыс. Дәліздердің (50м2) көп бөлігі әйнектелген болу керек, жазғы кездерде олар ашылатын болу керек, ол жерде балалар күн жаңбырлы кезде және қатты суық кездері ойнайды, сонымен қатар жазғы уақыттарда сол жерде балаларды ұйықтатқан пайдалы. Қысқы уақыттарда профилактикалық мақсатта балаларды сәулелендіру үшін

топтың бөлмесін ультракүлгін сәуле көзімен қамтамасыз ету керек.

Балабақшаны жобалаған кезде әр топтың бөлмелерінің және ойнайтын аумақтарының жеке - жеке оқшауланған болуын қамтамасыз ету керек.

Топтық бөлмелерден басқа барлық топтар үшін жалпы бөлмелер де болады: музыка және дене шынықтырумен айналысатын бөлмелер, асхана, меңгерушінің бөлмесі, медицина қызметкерінің, оқшаулау, жұмысшылар мен қызметкерлерге арналған бөлме және дәретхана, таза төсек жаймаларды сақтайтын, кір жуатын, кірді кептіретін және өтектейтін орындар. Ғимаратта міндетті түрде орталықтанған су, канализация және жылыландыру болу керек. Егер орталықтандырылған су көзімен қамту мүмкіншілігі жоқ болса, онда жергілікті су көзімен қамту керек. Бала- бақшаның ауа режиміне және едендерінің тазалығына қатты көңіл аудару керек. Жеке қолданылатын заттардың принципі қатаң сақталу керек: киімдер, төсек - жаймалар, тіс тазалайтын щетка, ауыз шаятын кружкалар, сабын, 3-4 жастағы балалар үшін горшоктар. Осы мақсатта әр баланың киімін салатын шкафтар орналастырылады және бала өз шкафын жақсы есінде сақтап қалу үшін әр түрлі суреттер жапсырылады.

Балабақшадағы жиһаздар балалардың бойына және дене шамасына сай болу керек. Ол тегіс, оңай жуылып, тазаланатын, ақ түсті немесе кез келген ашық түсті сырмен сырланған, жарақаттану қаупі болмау керек. Отыратын орындықтың биіктігі аяқтың тізеге дейінгі биіктігіне, ал партаның биіктігі – аяқтың тізеге дейінгі биіктігі мен шынтаққа дейінгі биіктіктің қосындысымен анықталады. Осы көрсеткіштер сақталған жағдайда, бала партада ыңғайлы отырады. Дәретханада әр балаға жеке - жеке қол сүртетін сүлгі болу керек, оларды балалар бір бірімен шатастырып алмас үшін суреттермен белгіленген болу керек. Бөбек тобы топтық және жекешеленген манеждермен жабдықталу керек.

Балабақшаларды ойыншықтарды дұрыс таңдау және оларды жуып- шаю да маңызды орын алады. Бөбек тобындағы балалар ойыншықтарды, кір қолдарын ауызға салатындықтан ол топтарда оңай жуылатын және оңай залалсыздандырылатын ойыншықтар қолданған дұрыс: пластмасс, целлулоид, каучук, темір ойыншықтар (санитарлық мекеме қолдануға рұқсат бергендері ), ағаш ойыншықтар да егер олар сырланып, сыртынан нитролакпен лактанған болса, ыңғайлы болып саналады. Ойыншықтардың өткір немесе кесіп кесетін жерлері болмау керек. Жаңадан алынған және бұрыннан қолданылып жүрген ойыншықтар қолданғаннан кейін 0,2% хлорамин ерітіндісімен қайнату арқылы және бактерицидті шаммен сәулелендіру арқылы залалсыздандырылады. Горшоктарды таза сумен жуғаннан кейін 0,5% хлорлы әктің тұндырылған ерітінідісімен 20-30 минут залаласыздандырады, таза сумен ішін, сыртын жақсылап жуып, кептіріп қояды.

Балабақшалардың аумағы жақсы жобаланған, барынша көгалдандырылған, көркейтілген және жабдықталған болу керек.

Балабақшада жекешеленген шаруашылық аймақ болу керек: су алатын, кір жуатын жер, көкөністерді сақтайтын қойма, қатты қалдық және тамақ қалдықтарын жинайтын жер орналасады. Ол жер периметрінен қысқа талдар егіліп немесе қоршалып басқа учаскелерден бөлектену керек. Қысқа талдармен әр топтың ойнайтын учаскелерін де бөлектейді. Ол жерде құм жәшіктер, балалар отыратын орындықтар, балалар секіріп, жаттығу жасайтын, ойнайтын әр түрлі құрылыстар жабдықталу керек. Ол құрылыстардың шеттері өткір болмау керек, беттері сырланған, яғни балалар әр түрлі жарақаттар алмас үшін жағдай жасалу керек. Балалар ойнайтын жерде міндетті түрде күрке болу керек, ол балаларды ауа райының әр түрлі өзгерістерінен ( жауын, қар, күн көзінен ) қорғайды. Әр топ ойнайтын бөлек учаскелерден басқа балабақшада барлық топ үшін жалпы учаскелерден де болады: дене шынықтыру аумағы, жануарлар бұрышы, жазғы себіл, жазғы дәретхана. Құм жәшіктердің құмы көктемде жаңадан алынады, оған міндетті түрде зерттеу жасату керек. Жазғы кезде бала бақшаның аумағы шаң көтерілмес үшін жуылу керек.

Мектептер. Мектеп салуға бөлінген жер, сонда оқитын балалар тұратын жерден кемінде 1-2 км қашытықта орналасу керек. Ауылды жерлерде балалар оқитын мектеп алыс жерде орналасқан болса, ауыл әкімшілігі балаларды мектепке апарып, алып қайтатын көлік бөлу керек. Мектеп оқушыларына шу, шаң, түтін әсер етпес үшін және бақытсыз жағдайлар болмас үшін мектепті өндірістік мекемеден, автокөліктің қарқынды жүретін жолдарынан алыс жерде орналастыру керек. Мектеп аумағының учаскесі егер бастауыш мектеп болса 0,8 га, ал орта білім беретін мектеп болса 1,5-3,0 га болу керек. Ол жерде мектепке қажет барлық нысандар ыңғайлы және тиімді орналастырылу керек. Мектептің барлық аумағының 15% - нан көп емес жерінде ғана мектепке қажет ғимараттар салуға болады, ал 50 % жері көгалдандырылу керек. Қалған жерлерде спорт алаңы, балалар дем алатын жер, оқу- тәжірибелік аймақ, шаруашылық аймақтар орналастырылады.

Мектеп ғимараты мектеп аумағының төргі жағында, мектеп шекарасына кемінде 15 метр жерде орналасу керек. Мектеп ғитаратында мынандай кабинеттер болады: сынып бөлмелері, оқу кабинеттері, зертхана, шеберхана, дене шынықтыру және рекреация залы, мұғалімдер бөлмесі, кітапхана, буфет, асхана, дәрігердің кабинеті, гардероб, қол жуатын жермен бірге дәретхана. Бөлмелердің құрамы мектептің түріне және ондағы сыныптардың санына байланысты болады.

Сыныптар, оқу кабинеттері және дене шынықтыру залы үшін бөлмелердің терезелерін оңтүстік - батыс немесе оңтүстік жақтан, ал сызу, асхана, буфеттердің терезесін солтүстікке қаратқан дұрыс. Қалған бөлмелердің терезелерін кез келген жаққа қаратуға болады, бөлмелерге күн сәулесі жақсы түсетін болу керек.

Сыныптардың ауданы және кубатурасы жеткілікті болу керек, ауа алмасуы, микроклиматы, табиғи және жасанды жарықтануы жақсы болу керек.

Оқушыларға мұғалімнің айтқаны жақсы естілетін және тақтада жазылған жазулар жақсы көрінетін болу керек.

Класс 35-40 адамға саналуы керек. Бір оқушыға ауданның гигиеналық нормасы 1,25м2 болуы тиіс. Класта ауа режимі қатаң сақталу керек,осы мақсатта желкөздер мен фрамугалар ауа райы жылы кезде сабақ барысында үнемі ашық тұру керек. Үзіліс кезінде кластың ауасын есік- терезелерді ашып, өтпе жел көмегімен тазалау керек.



Кластың жалпы ауданы 50 м2, кластың ұзындығы 8 метрден көп болмау керек, кластың ені 6,2 метрден көп болмауы керек. Класта парталар үш қатар болып орналастырылады, терезеден санағанда үшінші қатарда табиғи жарық көзі жеткілікті болу керек. Мұғалімнің үстелін және тақтаны дұрыс орналастыру керек. Парталарға табиғи жарық сол жағынан түсетіндей етіп орналастыру керек. Класта жарықтану коэффициенті 1:4, ал табиғи жарық коэффициенті 1,5% болу керек. Егер класс ашық түсті жиһазбен жабдықталса, класта жарықтану жоғары болады. Жасанды жарықтану кластың барлық жеріне бірдей түсу керек және партаның үстіне түсетін жарық 150 лк кем болмауы керек. Ол үшін жасанды жарық көзі тиімді орналасу керек және жеткілікті болу керек. Мысалы, ауданы 50 шаршы метр класқа 300 ваттық 7-8 қыздыру шамдары 150 лк жарықтандырады. Ал люминисцентті шамдар (ақ түсті) қолданғанда парталардың үстінің жасанды жарықтануы 300 лк – тен кем болмау керек. Әр жарықтану үлкен жарық шамында үш 40 вт – тық шамдар орнатылу керек, ол үшін 12 люминисцентті шам қажет болады. Мектеп жиһазы балалардың бойына сай болу керек. Ол оқушылардың дене бітімінің дұрыс жетілуіне және жұмыс қабілетіне жақсы әсер етеді. Педагог оқушыларды партада дұрыс отыруды үйретуге міндетті. Баланың денесі партада отырған кезде тік жағдайда болу керек. Екі иығы бірдей биіктікте орналасу керек. Аяғы жерге немесе аяқ қоятын жерге тиіп тұру керек. Арқасы партаның артқы жағына тиіп тұру керек. Жазғанда және оқығанда екі қол партаның үстінде бос жату керек, ал шынтақ партаның шетіне жақын орналасқан болу керек. Баланың екі көзі партадан бірдей қашықтықта, яғни көру қабілетіне ыңғайлы партаның бетінен 30-35 см. Қашықтықта.

№ 15 сурет. Жазу кезінде баланың денесін дұрыс ұстауы

Егер бала партада дұрыс отырса кеуде қуысында және іш қуысында орналасқан мүшелер қысылмайды, тыныс алу еркін болады, тірек- қимыл аппаратына және көру қабілетіне күш аз түседі. Өлшемі бір партаны бойының ұзындығының айырмашылығы 15см -ден көп емес балалар қолданса болады. Осыған байланысты стандартты парталардың 5 тобы анықталған:

А тобы – балалардың бойының биіктігі 130 см- ге дейін, Б – 130 см –ден 145 см –ге дейін т.б.

Партаның ішкі жағында партаның стандартының нөмірі және оқушының бойы көрсетіледі. Әр стандартты парта негізгі элементтердің өлшемі бойынша белгілі бойының ұзындығына арналған балалардың дене үйлесімді шамасына сай. Егер парта стандарттарға сай дайындалмаған болса, оны стандартқа сай емес парталар дейді, ол парталарды мектепте қолдануға тыйым салынады. Балалардың бойына байланысты парталарды таңдауды жеңілдету мақсатында парталар стандарт талаптарына сай белгілі бір түспен дөңгелек немесе сызу арқылы белгілену керек: (А) –сары, (Б) – қызыл, (В)- көк, (Г) – жасыл, (Д) – ақ. Егер бала тым биік немесе тым төмен үстелде отырса, ол баланың омыртқа сүйегінің қисаюын туындатады.

5 - кластан бастап оқушыларға арнайы стандартқа сай дайындалған үстелдер мен орындықтар қолдану қажет.



№ 16 сурет. Тым биік үстелде (а) және тым төмен (б) үстелде отырғанда баланың омыртқа сүйегінің қисаюы

Парталарды класта қойған кезде олардың бір бірінен арақашықтығы кемінде 50-65 см.болу керек. Алдыңғы парталардың тақтадан және қабырғадан

арақашықтығы 2,6м –ден кем болмауы керек. Төмен парталарды алдыңғы жағына және терезе жақтан бірінші қатарға қою керек. Көзі нашар көретін балаларды, құлағы нашар еститін балаларды және бойы кішкене балаларды алдыңғы парталарға отырғызу керек. Балалар тақтадан жазған кезде бастарын бір жаққа бұра берудің алдын алу үшін, олардың орындарын әр тоқсан сайын ауыстырып тұру керек.

Класс тақтасының беті тегіс, жасыл немесе қара түске боялған, жылтырамайтын сырмен сырланған, өлшемі 175X 120 см еденнен тақтаның төменгі жағы 1-4 кластарда 75см, 5-8 кластарда 95см, 9-11 кластарда 100см. Тақтаның ұзындығы 3 м дейін болуы мүмкін, ол кластың алдыңғы қабырғасының ортасына орналастырылу керек. Соңғы кездері мектептерде техникалық оқу құралдары кеңінен қолданылып жүр.(диафильмдер көрсету, кинофильм, дисплеймен жұмыс, компьютер). Олардың қолданылуы да гигиеналық қадағалауды талап етеді. Әсіресе көрсетудің ұзақтығы, экранға дейінгі арақашықтық, бөлменің ауа алмасуы үлкен рөл атқарады. 1-2 класс оқушылары үшін диафильм көрсету ұзақтығы 7-15 минут, ал кинофильм немесе телебағдарламалар көрсету ұзақтығы 15-20 минуттан көп болмауы керек. Көрсету кезінде алдыңғы қатар мен экранның арақашықтығы 2-2,5 метр, ал экранның жарықтануы 120-140 лк – тен кем емес болу керек.

Теледидармен арақашықтық кемінде 2,5 метр және 5,5 метрден көп емес болу керек. Жай класта екі теледидар орнатылу керек. Бұл кезде фильм көрсетер адын және көрсетілуден кейін бөлме жақсылап желдетілу керек.

Балаларды еңбекке баулудың үлкен саяси және халықшаруашылық маңызы бар, өйткені балаларда еңбекке деген қызығушылық артады. Сонымен қатар мектептегі еңбек сабақтарының балаларды сауықтыру маңызы бар. Бала жан- жақты жетілген болып өседі.


жүктеу 2,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау