ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк фармацевтика академиясы техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті ДӘрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»



жүктеу 192,7 Kb.
бет25/65
Дата04.10.2023
өлшемі192,7 Kb.
#43634
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65
МР-зуб.мат-СТОМ-2к-теория-КАЗ

Жасанды түрпілік материаладар. Электрокорунд – кристалдарды алюминий тотығы. Өндірісіте құрамында 50% жер лай барбокситтен жасанды түрде алынады. Электр пешінде кокс пен бокситті балқытқанда негізгі массадан қоспалары ажыратылады. Электрокорундтың құрамында 85-тен 98% -ға дейін алюминий тотығы болады. Алюминий тотығының мөлшеріне байланысты электрокорунд үш түрге бөлінеді. Қалыпты электрокорундта 87% алюминий тотығы болады. Ол ақшыл, кейде қызғылтым. Қалыпты электрокорундқа қарағнда кескіш қасиеті 30-40% жоғары. Монокорунд берік және желінуге төзімді. Моостың деңгей көрсеткіші бойынша электрокорундтың қаттылығы 9 шамасында.
Карборунд. Кремний көміртегінің қосылысынан тұрады. Карборундты элетр пештерінде негізінен кокспен кварц құмдарын 20000С температурада балқу арқылы алады. Көміртегі мен кремнийдің арасындағы химиялық қосылыс нәтижесінде карбиді алынады. Оның құрлысы кристалды. Моос көрсеткіші бойынша ол 9,5-9,75-ке тең. Таза кремний карбиді түссіз, бірақ техникалық карборундтың құрамында 3-тен 5% дейін түс беретін қоспалары болады.
Карборундтың екі түрі алынады. Қара карборундтың құрамында 95% SiC бар. Ол негізінен түсті металдардан, металл емес заттардан және т.б. беріктігі төмен заттардан жасалған бұйымдарды өңдеу үшін қолданылады. Жасыл карборундтың құрамында 97% SiC бар. Оның қаттылығы өте жоғары, сондықтан қатты балқығыш заттарды өңдеуге, аспаптарды қайрауға жарамды. Стоматологиялық егегіш аспап ретінде карборундтың екі түрі де қолданылады. Карборунд түйіршіктерінің өткір қырлары көп әр түрлі болағндықтан, оның кескі бөліктері де көп, бұл оның тиімділігінің көрсеткішін тантады. Кремний карбиді жоғарғы температурада тұрақты қалыпын сақтайды.
Бордың және вольфрамның карбиді. Бұл материалдардың қаттылығы алмаздың қаттылығына жақын. Техникалық бор карбидінің құрамында 85-тен 95% дейін таза кристалл бар. Бор карбиді өте қатты және морт сынғыш. Өндірісте қиын балқитын аспаптарды өңдеу үшін қолданылады.
Вольфрам карбиді ұсақ дисперстік күйде алмастың түйіршіктерімен бірге тіс бұрғыларын және егегіш аспаптарды жасау үшін қолданылдаы. Соңғы жылдары жаңадан синтетикалық түрпілік материал алынады. Ол кубтық бор нитратының бір түрі. Қаттылығы жағынан бірдей, бірақ жылу тұрақтылығы жоғары.
Түрпілік аспаптар дегеніміз белгілі бір өнімнің, протездердің пломбаның бетін механикалық тұрғыда өңдеуге арналған аспаптар.
Түрпілік аспаптарға – тегістегіш дөңгелектер, әртүрлі пішінді арнай стоматолгияық түрпілік аспаптар және т.б. жатады. Түрпілік аспаптың маңызды қасиеті – жартылай немес толық өздігінен қажалуы. Ал түрпілік материалдар былай сипатталады.
1.түрпілік материалдың тегіне байланысты: (Э-электрокорунд, Е-табиғи корунд, КҚ-карборунд қара, КЖ-карборунд жасыл);
2.дәндердің тізіміне қарай (10-нан 320-ға дейін ұнтақ, 28-ден 45-ке дейін микроұнтақ);
3.беріктілік тобына қарай (ӨЖ-өте жұмсақ, Ж-жұмсақ, ОЖ- орташа жұмсақ, О-орташа, ОҚ-орташа қатты, Қ-қатты, ӨҚ- өте қатты);
4.байланыстырғыш тегіне қарай (К – керамикалық, Б-бакелитті, В-вулканитті, С-силикатты).
5.Құрылысына қарай (О-ден 12-ге дейін).
Байланыстырғыш материалдарды түрпілік дәндерді цементтен керек мөлшердегі аспап алу үшін қолданылады. Олар органикалық емес және органикалық болып бөлінеді.
Өз кезегінде, органикалық емес байланыстырғыш материалдар керамикалық, силикатты, магнезитті, шыныцементті болып бөлінеді. Ал органикалық вулканитті, бакелитті, акрилді болып бөлінеді.
Керамикалық байланыстырушы материал. Бұл материалдың құрамына дала шпатының ақ саз балшықпен қоспасы, тальк және басқа кварц, бор кіреді. Бұл байлам отқа төзімді және жоғарғы механикалық беріктілікке ие.
Материалды әртүрлі тегістегіш аспаптар дайындаған кезде қолданыады. Бұл материалдың кемшілігі болып морт сынғыштығы және соққыға жоғарғы сезімталдығы саналады.

жүктеу 192,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау