ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



жүктеу 0,62 Mb.
бет6/8
Дата21.11.2018
өлшемі0,62 Mb.
#23126
1   2   3   4   5   6   7   8

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н., 2006ж.

2. Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А., Оқу-әдістемелік құрал . – Алматы, 2002ж.

8. Бақылау (тесттер, есептер):

Тесттер:

1. Қандай вирусты гепатит кезінде берілу механизмі нәжіс-ауыздық?

а) ВГА, ВГЕ

б) ВГВ, ВГС

в) ВГС, ВГД

г) ВГВ, ВГД

2. Қандай вирусты гепатит кезінде берілу механизмі вертикальды болуы мүмкін

а) ВГА, ВГВ

б) ВГВ, ВГС

в) ВГС, ВГА

г) ВГД, ВГЕ

3. Су арқылы берілу жолы болып табылатын...:

а) При ВГА

б) При ВГВ

в) При ВГС

г) При ВГЕ

4. ВГА-н ауырады ….

а) 1 жасқа дейінгі балалар

б) 4 жастан 15 жасқа дейінгі балалар

в) жасөспірімдер

г) ересектер

5.Источниками ВГА могут быть….

а) аурудың сарғаюсыз формасымен ауырған науқастар

б) аурудың сарғаю, жасырын формасымен аурыған науқастар

в) аурудың инаппарантты (симптомсыз, субклиникалық) формасымен ауырған науқастар Г) г) аталғандардың барлығы

6. Инфицирование медицинского персонала ВИЧ возможно:

а) парентеральды егу кезінде, қан ауыстыру

б) операция уақытысында байқаусызда укол салынғанда

в) тіс тастарын жұлу, ауыз қуысын протез жасауға дайындау

г) физиотерапиялық егулер жүргіген кезде

7. Алғашқы жедел жәрдем көрсеткен кезінде АИЖВ-ң берілу мүмкіндігі ... туындайды:

а) ауыздан ауызға әдісі арқылы өкпеге жасанды вентиляция жүргізу

б) артериальды қан ағуды тоқтату кезінде

в) науқасты тасымалдаған кезде

г) аталғандардың барлығы

8. АИВ-инфекциясының берілу жолы:

а) ауа-тамшы

б) трансмиссивті

в) жыныстық

г) перинатальды

9. АИВ-инфекциясына міндетті түрде тексеріледі:

а) жайылмалы ЦМВ инфекциясымен түскен науқас

б) инфицирленген анадан туылған бала

в) екіқабат

г) ЖЖБ екіқабат, наркомандар

10. АИВ-инфекциясының тексерілу мақсаты:

а) гемотрансфузия және трасплантация қауіпсіздігін қамтамасыз ету

б) эпидемиологиялық мониторингті жүргізу

в) АИВ-инфекциясының диагнозын қою

г) аталғандардың барлығы



Жағдайлық есеп

Бала гепатиттің В, инфицирленген вирусымен ауырған анадан туылған. Екпеге қарсы көрсеткіштер жоқ.



              1. Вирусты гепатиттің В түріне қарсы балаға иммунизация жүргізілуі тиіс па?

  1. Қалай?



1. Тақырыбы №21: Аса қауіпті Ласса, Марбурга, Эбола геморрагиялық қызбаларының эпидемиологиялық сипаттамасы. Аса қауіпті Денге, сары қызба геморрагиялық қызбаларының эпидемиологиялық сипаттамасы. Конго-Қырымдық қызбаның және Омбы геморрагиялық қызбаның этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы. Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

2. Мақсаты: студенттерге аса қауіпті геморрагиялық қызба инфекциялары кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері. Аса қауіпті геморрагиялық қызба инфекциялары ошақтарындағы эпидемиологиялық тексеру және эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастыру негіздерін теоретикалық білімдерін қалыптастыру.

3. Тапсырма:

  • Аса қауіпті геморрагиялық қызбалардың анықтамасы.

  • Аса қауіпті геморрагиялық қызбалардың этиологиясы және эпидемиологиясы, зақымдау механизмі және ауруханаішілік штамдармен шақырылған берілу жолдары.

    • Эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құраған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.

    • Аса қауіпті геморрагиялық қызбалардың эпидемиологиясы туралы теориялық білімді қолдана отырып, осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

4. Орындау түрі:

      • Реферат жазу және қорғау

      • Есептер құру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  • 20-21 апта

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006ж.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық

паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.



8. Бақылау (тесттер, есептер):

Тесттер:

1. Марбург қызбасында және Эбола қызбасында ... жүргізіледі:

а) науқасты оқшаулау

б) науқаспен қатынаста болғандарды оқшаулау

в) науқаспен қатынаста болғандарды егу

г) медициналық қызметкерді оқшаулау және оның обаға қарсы костюмін

2. Марбург қызбасымен ауырған науқаспен қатынаста болғандар ... карантинде болады:

а) 5 күн


б) 6 күн

в) 21күн


г) 30 күн

3. Эбола қызба қоздырғышының адамға берілу жолы:

а) ұстаған кезде

б) науқастың жарасына қан тиген кезде

в) қансорғыш жәндіктер арқылы

г) сұқбаттасу кезінде

4.Эбола қызбасымен ауырған науқасты шығарған соң медициналық қызметкерлерге текксеру жүргізіледі:

а) 21 күннен аз емес дене қызуының күнделікті өлшенуі

б) 30 күннен аз емес күніне 2 рет дене қызуының өлшенуі

в) 5 күннен аз емес мұрын қуысынан жұғында алып тексеру

г) 21 күннен аз емес қанның серолгиялық тексеруін жүргізу

5. Ласса қызбасының адамға жұғу жолы:

а ) инфицирленген көртышқандар зәрімен зақымдалған тағамдарды қолданғанда

б) құрамында инфицирленген көртышқандар зәрі бар шаңды жұту

в) құрамында инфицирленген көртышқандар зәрі бар жараға шаңның түсуі

г) қансорғыш жәндіктер шаққан кезде

6. Сарғаю қызбасы эпидемиологиялық белгілерменен байланысты, мынадан басқа:

а) тропикалық аймақ белдеудегі табиғи-ошақтық аурулардың ареалмен жайылуы

б) сарғаю қызбасының 2 эпидемиологиялық қызбасы бар: эндемиялық (жунглиялық) және эпидемиялық (қалалық)

в) қалалық сарғаю қызбасының антропонозды трансмиссивті аурулары болып табылады

г) жунглиялық сарғаю қызбасы жануарлар – маса – жануар ағымымен беріледі

д) сарғаю қызбасының төмен қбылдағыштығы

7. Сарғаю қызбасының инфекция көзі беріледі, мынадан басқа:

а) жунгли приматы

б) құстар

в) опоссумы, пекари, муравьи, броненосцы, ленивцы

г) ауру адам инкубациялық кезеңнің 3-4 күндері ауруы

д) маса


8. Сарғаю қызбасының клинико – эпидемиологиялық диагнозы келесі белгілермен берілген, мынадан басқа:

а) эндемиялық ошақта

б) типтік екітолқында қисық сызық

в) геморрагиялық диатез симптомы

г) бауыр және бүйректің зақымдалуы

д) пульстің өзгеруі

9. Сарғаю қызбасының алдын алу шарасына мыналар кіреді:

а) науқасты алғашқы 5 күнде бокста оқшаулау

б) медициналық қызметкерлердіңарнайы киімде жұмыс жасауы

в) эпидемиялық ошақтағы маса тасымалдаушыларын жою

г) 17Д «Дакар» вакцинасымен тұрғындарды егу

д) аталғандардың барлығы

10. Геморрагиялық қызбаның бүйректік синдромының негізгі клиникалық белгілері:

а) қызба, ауыздың құрғауы, ысу, құсу

б) бел аймағының ауруы, жарықтан қорқу, беттің, мойынның ісінуі

в) склерге қан ұю, қарындық және жатырлық қан ағулар

г) диурездің төмендеуі, ұйқысыздық, менингиальды белгілердің болуы

д) аталғандардың барлығы



Жағдайлық есеп

Науқас 30 жаста, аң аулау кезінде ондатрды союға қатысқан. 3 күннен кейін кенеттен дене қызуы 39-400С көтерілген, қалтырау,бас ауру,бұлшықеттерінің ауруы, әлсіздік болған. Теріде оң жақ иық аймағында көпіршік, іріңді-қанды қызыл түсті. 2-3 күннен кейін жара пайда болды, түбі қанық струппен жабылған. Өткір ауырсыну байқалады. Сол жақ шап аймағында лимфатикалық түйіндер тауық жұмыртқасының көлеміндей ұлғайған, өткір ауырсынулы, тері қызыл, көкшіл түсті. Дене қызуы барлық күндері жоғары болған.



  1. Диагнозын қойыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Қандай эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі?



1. Тақырыбы №22: Жұқпалы аурулардың енуін ескертудің халықаралық жүйесі. Қазақстан Республикасының аймағына санитарлық қорғауды ұйымдастыру. Төтенше жағдайлар кезінде эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру. Төтенше эпидемияға қарсы комиссия: құрамы, міндеттері, қызметі және жұмыс көлемі.

2. Мақсаты: студенттерге жұқпалы аурулардың енуін ескертудің халықаралық жүйесін, Қазақстан Республикасының аймағына санитарлық қорғауды ұйымдастыру, төтенше жағдайлар кезінде эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру негіздерін студенттерге қалыптастыру. Осы аурулардың күтімін және алдын алу шараларын, емдеу қағидаларын, негізгі ережелерін, эпидемиологиялық диагностикасының әдістерін үйрету.

3. Тапсырма:

  • Жұқпалы аурулардың енуін ескертудің халықаралық жүйесін, Қазақстан Республикасының аймағына санитарлық қорғауды ұйымдастыру және төтенше жағдайлар кезінде эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру сипаттамасын және жіктелу қағидаларын меңгеру

  • Жұқпалы аурулардың енуін ескертудің халықаралық жүйесін, Қазақстан Республикасының аймағына санитарлық қорғауды ұйымдастыру және

төтенше жағдайлар кезінде ауырған науқастардың күтімін қалыптастыру.

4. Орындау түрі:

  • Рефератты құру және қорғау

  • Тапсырма құру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  • 22-23 апта

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

8. Бақылау (тесттер, есептер):

Тесттер:

1.Карантинді инфекцияның шақырылуы ДДҰ-ға мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы жіберіледі:

а) 24 сағат ішінде

б) бактериологиялық диагноз қойылғаннан соң

в) 2 күн арасында

г) ошақтың шекарасы анықталғаннан кейін

д) ошақтың ликвидациясынан кейін

2. Санитарлық күзеттің аймағында ережені дұрыс орындамаған жағдайда тыйым салынады:

а) транспорт өнімдерінің және отан азаматының келіп кетуі

б) шетел азаматының және тасымалдау өнімдерінің келіп кетуі

в) затты алып кету және әкелу

г) азаматтың мемлекет ішінде көшіп жүруі

3. ҚР мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің жүйесіне ... кіреді:

а) ҚР ДС мемлекеттік эпидемиялық бақылау Департаменті

б) ҚР облыстарында МСЭМ

в) ғылыми-зерттеушілік ұйымдардың санитарлы-гигиеналық және эпидемиялық профилдері;

г) фармацевтикалық өнімдерді өндіруде мемлекеттік унитарлы мекемелер

4. Эндемия - бұл:

а) суда, топырақта қоздырғыштардың ұзақ уақыт сақталуы

б) тірі тасымалдаушылар қоздырғыштарының жұғуы

в) нақты ортада жабайы жануарлардың арасында жұқпалы аурулардың жайылуы

г) жергілікті байланыста табиғи және әлеуметтік жағдайда жұқпалы аурулардың үнемі берілуі

д) белгілі аймақта жануарларда жұқпалы аурулардың таралуы

5. Эпидемиялық ошақтың бақылау мерзімі анықталады:

а) минимальды жасырын кезеңмен

б) максимальды асырын кезеңмен

в) орташа жаырын кезеңмен

г) науқастар санымен

д) инфекциялық процестің орташа 5 жылдық ұзақтығы

6. Дұрыс емес жауабын көрсетіңіз. Эпидемиялық ошақтағы аймақтың кездесоқ

жағдайлары болып табылады...

а) коммунальды құрылымның бұзылуы

б) территориядағы санитарлы-гигиеналық жағдайлардың нашарлауы

в) емдік-профилактикалық және санитарлы-эпидемиялық мекемелердің

бұзылуы

г) миграциялық үдерістердің күшеюі



7. Эпидемиялықошақтың шектеуі ... анықталады:

а) жұқпалы аурулар ағымының ауырлығы

б) жасырын кезеңнің созылуы

в) нозоареалмен паразитарлы жүйе

г) қоздырғыштың берілу механизмдерінің берілуі

д) аталғандардың барлығы

8. Қандай инфекцияларға халықаралық медико-санитарлы ережелер тән:

а) АИЖВ-инфекциясы, сібір күйдіргісі, ботулизм

б) Ку қыбасы, лямблиоз

в) сары қызба, тырысқақ, оба

г) орнитоз, содоку, Қырым-Қанды қызбасы

д) Батыс Нил қызбасы, клонорхоз, Куру

9. ҚР-ң ДС Министрлігі және мемлекеттік санэпид бақылаудың басшылығ келесі жағдайларда жеткізіледі:

а) оба және тырысқақ ауруы анықталған жағдайда

б) дизентерия ауруының және гепатит А анықталған жағдайда

в) легионеллез, іш сүзегі анықталған жағдайда

г) туляремия және сарыппен ауруы анықталған жағдайда

д) Қырым-Конго қызбасы және Ку қызбасы анықталған жағдайда

10. Ошақтағы обаға қарсы костюм төртінші түрі қандай жағдайда киіледі:
а) оба (өкпелік форма)

б) бүйректік синдроммен геморрагиялық қызба

в) оспы обезьян

г) іш сүзегі

д) тырысқақ

Жағдайлық есеп

Медициналық-санитарлық әскерге темір жолдан хабарлама келіп түсті, жедел поезд ішінде ауыр жағдайда ішінің өтуімен науқас бар анықталған. Поездің елге қайтып келе жатқаны белгілі, тырысқақтан сәтсіз. Поезд 30 мин.кейін келеді.

1. Қандай біріншілік ошаққа қарсы алдын алу шаралары қолданылады және поездің келуіне және кетуіне дейін шаралар қолданылады.

1. Тақырыбы №23: Геогельминтоздардың ошақтарын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі: аскаридоз, трихоцефалез, анкилостомидоз.

Жанасу гельминтоздарының ошақтарын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі: энтеробиоз және гименолепидоз. Ошақтағы алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар. Шистосомоздарға жалпы сипаттама. Этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы. Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.



2. Мақсаты: студенттерге геогельминтоздар мен жанасу гельминтоздары, шистосомоздар кезіндегі ошақтарда эпидемиологиялық тексеру және эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастыру негіздерін теоретикалық білімдерін қалыптастыру.

3. Тапсырма:

  • Геогельминтоздар, шистосомоздар эпидемиологиясын оқып үйрену.

  • Жанасу гельминтоздарының эпидемиологиясын оқып үйрену.

    • Шистосомоздар эпидемиологиясын оқып үйрену

    • Эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құраған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.

    • Гельминтоздардың, шистосомоздар эпидемиологиясы туралы теориялық білімді қолдана отырып, осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

4. Орындау түрі:

      • Реферат жазу және қорғау

      • Есептер құру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  • 23-24 апта

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

8. Бақылау (тесттер, есептер):

1. «Девастация» термині білдіреді ….

А)белгілі аймақта гельминтті толық жою

Б) гельминтозды толық жою

В) ағзадан гельминтті шығару.

Г) гельминт жұмыртқаларын жою

Д) гельминтоздарды емдеу

2. Не себепті аскаридоз ең жиі таралған гельминтоздардың бірі болып табылады?

А) инфекция көзінің күштілігі және берілу факторларының көптігі

Б) Гельминт барлық табиғи-климаттық аймақтарда таралған

В) адам бірнеше рет залалдану мүмкін

Г) берілу механзмдерінің іске асырылуының жеңілдігі.

Д) гельминттің орасан репродуктивті мүмкіндігі.

3. Аскаридоз қоздырғышының берілу факторларына жатады ….

А) қолдар

Б) су


В) жеміс-жидек

Г) топырақ

Д) шыбындар

4. Аскаридоз қоздырғышының инфекция көзі болып табылады...

А) адам

Б) жұмыртқалармен залалданған қоршаған орта объектілері



В) шыбындар

Г) таракандар

Д) барлық аталғандар

5. Аскрида жұмыртқалары популяциясына .... факторлар әсер етеді.

А) температура

Б) ылғалдылық

В) топырақта оттегі мөлшері

Г) ультракүлгін радиация

Д) барлық аталғандар факторлар

6. Аскаридоздың жедел фазасында дегельминтизация жасау үшін тиімді препараттарды атаңыз

А) Декарис

Б) Комбактерии

В) Ментозол

Г) Вермокс

Д) Тиабендазол

7. Анкилостомидозға тән клиникалық белгілерді атаңыз:

А) теміртапшылықты анемия

Б) қышитын эритемді бөртпе

В) Бронхит, плеврит, пневмония

Г) асқазан-ішекті бұзылыстар

Д) буындардың зақымдалуы

8. Адамның анкилостомидозбен залалдануы ... арқылы жүзеге асады.

А) алиментарлы – жеміс-жидектерді қолданғанда

Б) Перкутанды (тері арқылы) топырақпен қатынаста болғанда.

В) Аспирационды – шаңды жұтқанда.

Г) Қатынастық- тұрмыстық (шаруашылық).

Д) Трансмиссивті – қосбуындылырдың шағуында.

9. Трихоцефалез қоздырғыштары мекендейді…

А) соқыр ішекте.

Б) құрт тәрізді өсіндіде.

В) тоқ ішекте.

Г) тік ішекте.

Д) бауырда.

10. Трихоцефалездің патогенезінде және клиникалық көріністерінде қандай аспектілер негізгі болып табылады

А) Власоглав личинкаларының жарақаттық әсері.

Б) Анемия.

В) Сенсибилизирлеуші әсер.

Г) Гемоколиттің дамуы.

Д) Барлық аталғандар.

11. Острицаның өмірлік циклы жүреді....

А) Ұрғашы перианальді қыртыста жұмыртқалап және өледі

Б) Сыртқы ортада жұмыртқалардың инвазивті түрлеріне дейін толық жетілуі.

В) Ауыз арқылы ішекке түскен соң личинкалар ересек түрлерге ауысуы.

Г) Өмірлік циклының ұзақтығы 1-2 ай.

Д) Барлық аталғандар дұрыс.

12. Не себепті энтеробиоз космополиттік инвазияларға жатқызылады?

А) кең таралған.

Б) аутоинвазияның дамуы.

В) қайта залалдану әсерінен емделуінің қиындғы.

Г) инвазияның берілу жолдары мен факторларының әр түрлігі.

Д) Барлық аталғандар дұрыс.

13. Гельминтоздардағы БМҰ-да ең тиімді эпидемияға қарсы шаралар болып табылады

А) балаларға дегельминтизация жүргізу.

Б) балаларға, БМҰ ұжымына, отбасы мүшелеріне дегельминтизацияны бір уақытта жүргізу.

В) дезинфекцияны хлораминмен жүргізу.

Г) балалармен санитарлы-гигиеналық ережелерді сақтау.

Д) сәйкес құжаттары жоқ жүзу бассейндерге баруды тиым салу.

14. Гименолепидоздың берілу факторларына жатпайды:

А) қолдар

Б) үй тұрмыстық заттар

В) нан өнімдері.

Г) шыбындар.

Д) ірі қара мал еті

15. Гименолепидоздың аталған патогенез аспектілердің қайсысы эпидемиологиялық маңызы бар?

А) Токсико-аллергиялық әсері.

Б) Ішек микрофлорасының бұзылуы.

В) Паразиттің гиповитаминоз тудыруды мүмкіндігі.

Г) Басқа аурулар, әсіресе бактериальді дизентерия қоздырғыштарымен біріккен залалдануы және инфекциялық процесс ағымының ауырлауы

Д) Ағзаға иммунодепрессивті әсері.

16. Шистосомоздарда … шистосом түрлері этиологиялық агенттер болып табылады

А) Schistosoma haematobium.

Б) S.mansoni.

В) S.japonicum.

Г) S.intercalatum.

Д) барлық аталған түрлер.

17. Шистосомдардың өмірлік циклы қалай өтеді?

А) адам ішегіне немесе құық тіндеріне шистосома жұмыртқаларының енуі.

Б) мирацидийдің жұмыртқада және тіндерде дамуы.

В) моллюск ағзаларында қорытынды жетілуі.

Г) моллюск денесінен шығып, церкарийлердің құйрықты личинкаларының қалыптасуы

Д) қан айналымына түскен соң адам ағзасында шистосомалардың жетілуі. Жұмыртқалардың құықта, көктамырда салу.

18. Шистосомоз қоздырғышының негізгі көзі болып табылады:

А) ауру адам.

Б) ірі қара мал, шошқалар.

В) кеміргіштер.

Г) ит, мысық.

Д) барлық аталғандар.

19. Шистосомоз қоздырғышының берілу жолдары болып табылады:

А) Алиментарлы.

Б) Қатынастық.

В) Су арқылы.

Г) Трансмиссивті.

Д) барлық аталғандар.

20. Шистосомоздың қорытынды диагнозын дәлеледеу үшін пайдаланылады:

А) биопсия материалдарының микроскопиясы.

Б) Эндоскопия мен эндобиопсия.

В) Зәр мен нәжістің микроскопиясы.

Г) Серологиялық зерттеулер.

Д) Барлық аталған әдістер қолданылады.

Жағдайлық есеп

М. қаласының бір бала-бақшасында балалардың және персоналдың энтеробиозға жоспарлы тексеруі жүргізілді. Бала-бақшада 28 баладан тұратын 3 топ және 12 адам персонал бар. Кіші топта острица жұмыртқалары 15 балада анықталған; орта топта 8 балада анықталған, ересек топта 4 балада анықталған. Кіші топта жұмыс атқаратын көмекшіде острица жұмыртқалары анықталған

Қоршаған ортаның гельминт жұмыртқаларымен залалдану дәрежесін анықтау үшін балалар және персонал қолдарынан, стол, ыдыс-аяқ, сүлгі, ойыншықтар, есік тұтқаларынан және т.б. смыв алынды. Нәтижесінде кіші топта острица жұмыртқалары 35 смывтан 6, оның ішінде 2- баланың және көмекшінің қолынан, 4 – есік тұтқасынан, тәрелке, стол және горшок тұтқасынан анықталған. Орта топта энтеробиоз қоздырғыш жұмыртқаларымен есіктің тұтқаларында анықталған .

Энтеробиоз эпидемиологиясының ерекшеліктерін есепке ала отырып, жағдайды бағалап және балалар ұйымындағы инвазияның жоғарлауының мүмкін себептерін атаңыз.

Балалар ұйымындағы энтеробиозбен күреске бағытталған шараларды атаңыз.


жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау