ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



жүктеу 0,62 Mb.
бет5/8
Дата21.11.2018
өлшемі0,62 Mb.
#23126
1   2   3   4   5   6   7   8

4. Орындау түрі:

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

          • 17-18 апта

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.А. – Эпидемиология. 2 т. Алматы, 2002.

2. Брико Н.И. – Руководство практическим занятиям по общей

эпидемиологии с основами доказательной медицины: оқу құралы. – М., 2008.

3. Власов В.В. – Эпидемиология: оқу құралы. – 2-е изд. –М., 2006.

4. Общая эпидемиология с основами доказательной медицины.

Тәжірибелік сабақтарға жетекшілік: оқу құралы / Покровский В.И.,

Брико Н.И. редакциялауымен – М., 2008.



қосымша:

1. Әміреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях. 1

т. Алматы, 2007.

2. Әміреев С.А., Муминов Т.А., Сергиев В.П., Оспанов К.С. –

Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и

паразитарных болезнях. 2 т. Алматы, 2008.

3. Савилов Е.Д., Мамонтова Л.М. и др. – Применение статистических

методов в эпидемиологическом анализе. –М. «МЕД прессинформ»,

2004.


4. Ющук Н.Д., Мартынов Ю.В. – Краткий курс эпидемиологии (схемы,

таблицы) – М.: «Медицина», 2005.

5. Ющук Н.Д., Мартынов Ю.В. – Эпидемиология. – М.: Медицина, 2003.

6. Иммунопрофилактика инфекционных болезней: Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы, 2001.

7. Власов В.В. – Эпидемиология: Оқу құралы. – 2-ші басылым. – М., 2006.

8. Бақылау (тесттер, есептер):

Тесттер:

1.Кенелік энцефалит инфекциясының көзі:



  • Науқас адам

  • құстар

  • жабайы аңдар

  • үй жануарлары

2.Адам КЭ ............... жолмен жұқтыруы мүмкін:

  • трансмиссивті

  • контактті

  • ауа-тамшылы

  • тағамдық

3.Кенелік энцефалитті тасымалдаушылар:

  • краснотелковые (қызыл денелі) кенелер

  • гамазды кенелер

  • қос қанатты қансорғыштар (масалар)

  • иксодты кенелер

  • аргасты кенелер

4.Кенелік эецефалиттік маусымдылығы:

  • жазғы

  • жазғы-күзгі

  • көктемгі-жазғы

  • көктемгі

5.КЭ жұқтыру мына кезде болады:

  • ауруды жұқтырған жануарды кененің шағуынан

  • ауруды жұқтырған науқас адамды кененің шағуынан

  • ауру жануармен контактте болғаннан

  • малдың сүтін пайдалудан

6.КЭ эпидемиялық ошағында жүргізіледі:

  • дератизация

  • дезинсекция

  • науқасты оқшаулау

  • шұғыл арнайы алдын алу

7.Егілгендерге КЭ шұғыл арнайы алдын алуын жүргізеді:

  • әрқашанда

  • кене шаққан инфицирленгенді анықтағанда

  • бірнеше рет шаққанда

  • бір мезгілде бірнеше кене шағуы болғанда

8.КЭ табиғи ошағының белсенділігін анықтайды:

  • аурудың деңгейімен

  • табиғи ошаққа бару жиілігімен

  • тасымалдаушылар санымен

  • тасымалдаушылардың жұқтыруымен

9.КЭ табиғи ошағының эпизоотиялық жағдайының ең маңызды көрсеткіштері:

  • кенелер саны

  • құрамында әртүрлі санды вирусы бар кенелердің арақатынасы

  • кенелердің вирусты жұқтыруы

  • кенелердегі вирустардың жалпы саны

10. КЭ вакцинопрофилактика жасаудың әлемдік тәжірибесі егу жүргізуде ең

жоғары тиімділік көрсетті:



  • елдің барлық тұрғындарына

  • кәсіптік қатер тобына жататындарға

  • табиғи ошақтары бар аймақтарда тұратын тұрғындарға

  • шұғыл көрсетпелер бойынша

11.Бруцеллездің қоздырғышы болып ... табылады:

а) бактерия

б) амеба

в) вирус


г) риккетсия

12. Бруцеллездің патогенді табылуы:



  1. Br.suis

б) Br.mlitensis

в) Br.bovis

г) Br.canis

13. Құтыру... зооноздарға жатады:



  1. облигатты-трансмиссивті

б) факультативті-трансмиссивті

в) трансмиссивті емес

г) табиғи-ошақты

14.Адамға құтырудың жұғу жолдары:



  1. трансмиссивті

б) контакт арқылы

в) тағам арқылы

г) аэрозольді немесе шаң

15. Құтырудың инфекция көзі:



  1. ит

б) түлкі

в) қасқыр

г) кене

Жағдайлық есеп

Науқас К., орманшы, жұқпалы аурулар стационарына басының қатты ауыруына, бұлшық еттерінің ауыруына, құсуына, жарықтан қорқуына, тітіркенгіштігіне, жоғары қызбаға (39-400 С) шағымданып түсті.

Объективті: айқын желке бұлшық еттерінің ригидтілігі, Кернинг, Брудзинский симптомдары оң мәнді, пульсі – минутына 129 рет, АҚ – 150/95 мм сын.бағ. Жұлын сұйықтығының анализі: ағысты ағу, Панди реакциясы +++, 46 клетка цитозы, оның ішінде 30 лимфоцит, белок – 1,3 г/л, қант – 2,7 ммоль/л. Эпиданамнез: ауырғанынан 2 апта бұрын аяғына жабысқан екі кенені алып астаған. Науқасқа “Кенелік энцефалит, менингеальды түрі, ауырлығы орташа дәрежеде” деген диагноз қойылды.

Жағдайды бағалаңыз және кенелік энцефалиттің мүмкін болатын шығу себептері жайлы гипотеза айтыңыз. Эпид. ошақтағы шараларды бағалап, оның жүргізілу қажеттігін негіздеңіз.



1. Тақырыбы №18: Эпидемиялық бөртпе сүзегі және қайталамалы бөртпе сүзегі (Брилль-Цинссер ауруы) кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері. Сіреспе және газды гангренаның этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары.

2. Мақсаты: студенттерге эпидемиялық бөртпе сүзегі, қайталамалы бөртпе сүзегі, сіреспе, газды гангрена эпидемиологиясының теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру; эпидемиологиялық анамнезді дұрыс жинауды үйрету; инфекция ошағында жанасқандарды бөлу; эпидемияға қарсы алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

3. Тапсырма:

    • Эпидемиялық бөртпе сүзегі мен Брилл ауруы, сіреспе және газды гангренаның анықтамасы.

    • Эпидемиялық бөртпе сүзегі мен Брилл ауруы, сіреспе және газды гангренаның этиологиясы және эпидемиологиясы.

    • Эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құраған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.

    • Теориялық білімді қолдана отырып, эпидемиялық бөртпе сүзегі мен Брилл ауруының осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

4. Орындау түрі:

      • Реферат жазу және қорғау

      • Есептер құру

5. СӨЖ-ді орындау және орындау критерийлері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

              1. 18-19 апта

7. Әдебиеттер:

негізгі:

1. Әміреев С.А. – Эпидемиология. 2 т. Алматы, 2002.

2. Брико Н.И. – Руководство практическим занятиям по общей

эпидемиологии с основами доказательной медицины: оқу құралы. – М., 2008.

3. Власов В.В. – Эпидемиология: оқу құралы. – 2-е изд. –М., 2006.

4. Общая эпидемиология с основами доказательной медицины.

Тәжірибелік сабақтарға жетекшілік: оқу құралы / Покровский В.И.,

Брико Н.И. редакциялауымен – М., 2008.



қосымша:

1. Әміреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях. 1

т. Алматы, 2007.

2. Әміреев С.А., Муминов Т.А., Сергиев В.П., Оспанов К.С. –

Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и

паразитарных болезнях. 2 т. Алматы, 2008.

3. Савилов Е.Д., Мамонтова Л.М. и др. – Применение статистических

методов в эпидемиологическом анализе. –М. «МЕД прессинформ», 2004.

4. Ющук Н.Д., Мартынов Ю.В. – Краткий курс эпидемиологии (схемы,

таблицы) – М.: «Медицина», 2005.

5. Ющук Н.Д., Мартынов Ю.В. – Эпидемиология. – М.: Медицина, 2003.

6. Иммунопрофилактика инфекционных болезней: Оқу-әдістемелік құрал. – Амиреев С.А., Ирсимбетова Н.А. - Алматы, 2001.

7. Власов В.В. – Эпидемиология: Оқу құралы. – 2-ші басылым. – М., 2006.



8. Бақылау (тесттер, есептер):

Тесттер:

1.Бөртпе сүзегі кезіндегі инфекция көзі:



  • киімдегі (платяная) биттер

  • синантропты кеміргіштер

  • жабайы кеміргінштер

  • адам

  • бас биті

2.Бөртпе сүзегі қоздырғышы жатады:

  • вирустарға

  • риккетсияларға

  • бактерияларға

  • боррелийлерге

3.Бөртпе сүзегі қоздырғышының тасымалдаушылары:

  • адам бүргесі

  • киім биті

  • шат сүйек биті

  • төсек қандаласы

4.Бөртпе сүйегінің қоздырғышы көп жағдайда беріледі:

  • трансмиссивті жолмен

  • жанасу жолмен

  • артифициалды жолмен

  • тағамдық жолмен

5.Эпидемиялық бөртпе сүзегіне тән бөртпе:

  • папулезді

  • розеолезді

  • розеолезді-папулезді

  • розеолезді-петехиальді

  • папулезді-геморрагиялық

6.Эпидемиялық бөртпе сүзегі кезінде дамитын асқыну:

  • пневмония

  • тромбофлебит

  • ішектен қан кету

  • гиповолемиялық шок

  • жедел бүйрек жетіспеушілігі

7.Эпидемиялық бөртпе сүзегінің лабораториялық диагностиак әдісі:

  • Райт реакциясы

  • биологиялық сынама

  • комплементті байланыстыру реакциясы

  • тері-ішілік аллергияялық сынама

  • қоздырғыш гемодақылын бөлу.

8.Эпидемиялық бөртпе сүзегінің емінде қолданылатын ең тиімді этиотропты препарат:

  • амикацин

  • пенициллин

  • цефтриаксон

  • азитромицин

  • доксициклин

9.Эпидемиялық бөртпе сүзегіне тән асқыну:

  • сепсис

  • менингоэнцефалит

  • гиповолемиялық шок

  • жедел бауыр энцефалопатолоиясы

  • жүрек-қан тамырлар жетіспеушілігі

10.Брилль-Цинссер ауруы - бұл:

  • хламидиоз рецидиві

  • спирохетоз рецидиві

  • Ку қызбасының рецидиві

  • Жүйелік боррелиоздың рецидиві

  • эпидемиялық бөртпе сүзегінің рецидиві

11.Сіреспенің қоздырғышы:

  1. спора түзуге қабілетті

б) экзотоксин бөлуге қабілетті

в) аэробтардың қатаң табылуы

г) анаэробтардың қатаң табылуы

12. Сіреспенің берілу механизмі:



  1. қарым-қатынас арқылы

б) аэрозольді

в) трансмиссивті

г) фекальді-оральді

13. Сіреспенің жұғу жолы:



  1. су

б) тағам

в) тұрмыстық-қатынасарқылы

г) тері жамылғысының зақымдалуы арқылы

14. Сіреспеге қарсы иммунитет:



  1. антимикробты

б) антитоксикалық

в) түрге тән

г) жүре пайда болатын

Жағдайлық есеп

Науқас 30жаста, ауруханаға аурудың 5-ші күні түскен. Ол ыстықтау, қатты бас ауруына, әлсіздікке шағымданады. Жүргізуші болып істейді, жиі ұзақ сапарларда болады.

Жедел ауырған. Жоғарғыдене қызуы, әлсіздік, бас ауруы, аздаған жөтел, тұмау. Ол бірден төсекке жатып, аспирин мен норсульфазолды 1 таблеткадн күніне 3 рет қабылдаған, бірақ әсері болмайды.

Объективті: дене қызуы 39°С. Жағдайы орташа. Қозғыш, сөзшең. Беті қызарып, ісінген, көздің дәнекер қабығының тамырлары, көз шелдері инъекцияланған. Кеуде мен аяқ-қолдарға, соның ішінде алақандарға-мол полиморфты розеолезды бөртпелер шыққан, петехияның едәуір мөлшерімен.

Жүрек соғысы көмескі, тамырдың соғуы минутына 100 уд., ырғақты. АҚ-90/55 мм с.б.б. өкпеде бірлі-жарымды құрғақ сырыл, тілі құрғақ, бірыңғай ақ үлпек басқан. Іші бір қалыпты, жұмсақ, ауырмайды. Бауыр мен көк бауыр қабырға шетінде байқалады. Науқастың ұйқысы нашар, жиі оянабереді. Менингеальды нышандар жоқ.аурудың 12-ші күні дене қызуы өз деңгейінде түседі. Сауығады.


  1. Диагнозын қойыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Қандай эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі?



1. Тақырыбы №19: Бактериалды зоонозды инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және алдын алу бойынша нормативті-құқықтық құжаттар.ирусты зоонозды инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және алдын алу бойынша нормативті-құқықтық құжаттар.

АІИ кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері.



2. Мақсаты: студенттердің бактериалді және вирусты зоонозды инфекциялардың эпидемиологиясының теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру; эпидемиялық анамнезді дұрыс жинауды үйрету; инфекция ошағында қатынаста болғандарды бөлу; эпидемияға қарсы алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

3. Тапсырма:

    • Бактериалді және вирусты зоонозды инфекциялар мен АІИ анықтамасы.

    • Бактериалді және вирусты зоонозды инфекциялардың, АІИ этиологиясы және эпидемиологиясы.

    • Эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құраған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.

    • Бактериалді және вирусты зоонозды инфекциялардың, АІИ эпидемиологиясы туралы теориялық білімді қолдана отырып, осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

4. Орындау түрі:

      • Реферат жазу және қорғау

      • Есептер құру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

          • 19-20 апта

7. Әдебиеттер:

негізгі:

1. Әміреев С.А. – Эпидемиология. 2 т. Алматы, 2002.

2. Брико Н.И. – Руководство практическим занятиям по общей

эпидемиологии с основами доказательной медицины: оқу құралы. – М., 2008.

3. Власов В.В. – Эпидемиология: оқу құралы. – 2-е изд. –М., 2006.

4. Общая эпидемиология с основами доказательной медицины.

Тәжірибелік сабақтарға жетекшілік: оқу құралы / Покровский В.И.,

Брико Н.И. редакциялауымен – М., 2008.



қосымша:

1. Әміреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях. 1

т. Алматы, 2007.

2. Әміреев С.А., Муминов Т.А., Сергиев В.П., Оспанов К.С. –

Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и

паразитарных болезнях. 2 т. Алматы, 2008.

3. Савилов Е.Д., Мамонтова Л.М. и др. – Применение статистических

методов в эпидемиологическом анализе. –М. «МЕД прессинформ», 2004.

4. Ющук Н.Д., Мартынов Ю.В. – Краткий курс эпидемиологии (схемы,

таблицы) – М.: «Медицина», 2005.

5. Ющук Н.Д., Мартынов Ю.В. – Эпидемиология. – М.: Медицина, 2003.

6. Иммунопрофилактика инфекционных болезней: Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы, 2001.

7. Власов В.В. – Эпидемиология: Оқу құралы. – 2-ші басылым. – М., 2006.



8. Бақылау (тесттер, есептер):

Тесттер:

1.Эпидемиялық оба кезінде аурудың негізгі көзі:



  • кеміргіштер

  • науқас адам

  • үй жануарлары

  • жабайы жануарлар

  • бактериотасымалдаушы

2.Спорадикалық обаның типті жұқтыру жолы:

  • аэрогенді

  • жыныстық

  • алиментарлы

  • трансмиссивті

  • жанасу-жарақатты

3.Обаның негізгі тасымалдаушысы:

  • кене

  • маса

  • бүрге

  • шіркей

  • жигалка шыбыны

4.Спорадикалық обаныңтипті клиникалық түрі:

  • терілік

  • өкпелік

  • баспалы

  • бубонды

  • менингоэнцефалиттік

5.Туляремияға тән емес жұғу жолы:

  • аэрогенді

  • алиментарлы

  • парентеральды

  • трансмиссивті

  • жанасу-жарақатты

6.Түйнемеге тән емес жұғу жолы:

  • аэрогенді

  • жыныстық

  • алиментарлы

  • трансмиссивті

  • контактілі-жарақатты

7.Жедел бруцеллезге аса тән қызба қисығы:

  • тұрақты

  • гектикалық

  • бұрмаланған

  • ремиттерлеуші

  • интермиттерлеуші

8.Бруцеллезге тән еме жыныстық жүйесінің зақымдануы:

  • миозит

  • артрит, периартрит

  • бурсит, тендовагинит

  • спондилит, спондилоартрит

  • артроз, спондилоартроз, остеохондроз

9.Бруцеллездің диагностикасында қолданылмайды:

  • ПТР

  • қанның микроскопиясы

  • серологиялық реакциялар

  • қанның бактериологиялық зерттеуі

  • аңқа жағындысының бактериологиялық зерттеуі

10.Бруцеллездің берілу факторлар қатарына жатпайды:

  • су

  • жүн, мамық

  • шикі сүт, қаймақ

  • жұмсақ ірімшіктер

  • жеткілікті термиялық өңделмеген ет

11.АІИ жатады:

  • стационардағы инфицирленген науқас

  • емханадағы инфицирленген науқас

  • стационардағы инфицрленген науқас және емханадағы жұмысшылар

  • инфицирленген мед.жұмысшылар

12. АІИ бұл:

13.АІИ этиологияның агенті болып табылады:

  • бактерия

  • вирус

  • қарапайымдылар

  • саңырауқұлақтар

14. Госпитальді штаммдар сиапаттамасы:

  • антибактериальді препараттарға сезімталдық

  • көптеген дәрілерге тұрақтылық

  • фагорезистенттілік және вируленттіліктің өзгеруі

  • аталғандардың барлығы

15. АІИ қауіп факторы болып табылады:

  • сәйкес аурудың санжатқызуының ұзақтығы

  • жасы және жынысы жатқызылған ауруының

  • инструментальді енудің саны

  • аталғандардың барлығы

1 жағдайлық есеп 1

Ер адам, жұмысшы, Ақтау облысының тұрғыны, маусым айында ауырған, жедел түрде дене қызуы 39°С-қа көтерілген, қалтыраумен қатар улану, сол жақ шап аймағында айқын ауру сезімі мен құсу пайда болды. Анамнезінде 3 күн бұрын далады жоғалған малын іздеп далада түнеп қалған. Қарап тексергенде аурудың 2-ші күні: жағдайы ауыр, тері қабаттары бозарған, акроцианоз, дене қызуы 39,9°С, оң жақ шап аймағында көлемі 5 см, айқын ауыру сезімді, тығыз қозғалмайтын ісік, ортасы қызарған.



  1. Диагнозын қойыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Қандай эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі?

2 жағдайлық есеп

Медбике егу бөлмесіне биохимиялық лабораториядан емдеу бөлімшесінің қаны бар пробиркасын алып келді. Бір пробирка еденге құлап сынып қалды. Қан еденге төгілді. Пробирканың сыртында «АИВ қанға» деп жазылған.



  1. Мейірбике бұл жағдайда қандай тактика қолданады.



1. Тақырыбы №20: В, С, Д вирусты гепатиттері кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері. АИВ-инфекциясы кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері. АИВ-инфекциясын алдын алу және күресу қағидалары, шолғын эпидемиологиялық қадағалау.

2. Мақсаты: студенттерге В, С, Д вирусты гепатиттері және АИВ-инфекциясы кезіндегі ошақтарындағы эпидемиологиялық тексеру және эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастыру негіздерін теоретикалық білімдерін қалыптастыру.

3. Тапсырма:

  • В, С, Д вирусты гепатиттері және АИВ-инфекциясының анықтамасы.

  • В, С, Д вирусты гепатиттері және АИВ-инфекциясының этиологиясы және эпидемиологиясы. берілу жолы.

    • Эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құраған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.

    • В, С, Д вирусты гепатиттері және АИВ-инфекциясының эпидемиологиясы туралы теориялық білімді қолдана отырып, осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

4. Орындау түрі:

      • Реферат жазу және қорғау

      • Есептер құру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  • 20-21 апта

жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау