3
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен
«Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық
кəсіптік одағы» ҚБ-і жəне Ұлттық денсаулық сақтау палатасы
арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған
САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Əлеуметтік əріптестік тараптарының өкілетті өкілдері – Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан əрі – Министрлік),
«Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кəсіптік
одағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан əрі – Кəсіподақ), Ұлттық денсаулық
сақтау палатасы, бұдан əрі бірлесіп «тараптар» деп атала отырып,
2017-2019 жылдарға саладағы еңбек жағдайын, жұмыспен қамту жəне
əлеуметтік кепіл бойынша Тараптардың мазмұны мен міндеттерін
белгілейтін аталған салалық Келісімді (əрі қарай Келісім) жасасты.
2. Осы Салалық Келісім (əрі қарай Келісім) Қазақстан Республикасы-
ның Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне,
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау
жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Кəсіптік одақтар
туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы заңына, еңбек құқықтары мен
мүдделеріне қатысты басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық
жəне нормативтік құқықтық актілеріне жəне Қазақстан Республикасының
Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері жəне жұмыс
берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2015-2017
жылдарға жасалған Бас Келісіміне сай жасалды.
3. Осы Келісімнен шығатын Ереже тараптарға міндетті болып
табылады, Кəсіподақ филиалдары, ұлттық денсаулық сақтау палатасы мен
жергілікті денсаулық сақтау басқармалары арасындағы келісімді жəне
денсаулық сақтау ұйымдарында ұжымдық шартты бекіткен жағдайда
негіздеме болып, кемітуге немесе қысқартуға жатпайды.
4. Келісім жұмыскерлердің еңбек ақысы, жұмыс тəртібі, негізгі жəне
қосымша төленетін еңбек демалысын жəне жұмыскерлерге басқа да
облыстық келісімдер мен еңбек жəне ұжымдық шарттармен белгіленген
əлеуметтік көмек бөліктерінде жұмыс берушілердің құқығын шектемейді.
5. Осы Келісімнің қолданылуы мемлекеттік орган ретінде Қазақстан
Республикасы денсаулық сақтау Министрлігіне, жұмыс берушілер мен
қызметкерлер жəне олардың өкілдері ретінде Ұлттық денсаулық сақтау
палатасына жəне Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің
салалық Кəсіподағына таратылады.
4
Кəсіподақ сондай-ақ кəсіподақ мүшелерімен қатар салалық кəсіподаққа
мүше емес қызметкерлердің мүдделерін олардың жазбаша өтініштері
бойынша көздейді.
6. Қызметкерлер кепілдігін Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасымен салыстырғанда төмендететін, жəне осы Келісімге қайшы
келетін келісімдер, ұжымдық жəне еңбек шарттары, жұмыс берушілер
актілері жарамсыз болып табылады.
7. Осы Келісімнің қолданылу мерзімінде жағдайын жақсартуға
қабылданған заңнамалық жəне басқа нормативтік актілер күшіне енген
күннен бастап аталған Келісімнің сəйкес пункттерінің қолданылуын
кеңейтеді.
8. Келісім Тараптарының бірі қайта құрылған жағдайда, құқықтары
мен міндеттемелері заңды мұрагеріне (заңды мирасқорларына) өтеді жəне
жаңа Келісім жасалғанша сақталады.
2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
9. Саладағы тиімді басқаруды, экономикалық қатынастар мен еңбекақы
төлеуді жетілдіру аясында тараптар міндеттенеді:
1) Республика халқына тиімді медициналық көмек көрсету жүйесін
құруда Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жыл 15 қаңтардағы
№176 Жарлығымен, денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, сондай-
ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сəйкес міндетті медициналық
сақтандыруды енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыруға.
2) Денсаулық сақтау саласындағы бəсекелестікті, мединалық көмек
көрсету жөніндегі тарифтік саясатты дамытуға, мединалық көмек
көрсетулер сапасын арттыруға, денсаулық сақтау мəселелері бойынша
халықты дұрыс жəне объективті ақпараттармен қамтамасыз етуге
жəрдемдесуге.
3) Денсаулық сақтау жүйесіне білім, ғылым жəне инновациялық
технологиялар мен медициналық көмектің алдыңғы қатарлы
технологияларын трансферттеу бойынша жұмысын əрі қарай
жалғастыруға.
4) Министрліктің алқа органдары мен Кəсіподақтың сайланбалы
органдарының, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының отырыстарында
денсаулық сақтау жүйесіндегі бағдарламалық жəне стратегиялық
құжаттарды қарастыруға жəне олардың жүзеге асырылуына пəрменді
шара қабылдауға.