Өткізу ережесі уе-шу-17-01-2020 алғы сөЗ


КӘСІПТІК ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



жүктеу 129,46 Kb.
бет3/27
Дата07.02.2023
өлшемі129,46 Kb.
#41173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Практика уйымдастыру 2020 (1)

4.3 КӘСІПТІК ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
4.3.1Кәсіптік практикаларды өткізу үшін практика базасы ретінде анықталған ұйымдармен сәйкес келісімшарттар жасалады. Келісімшартта университеттің, кәсіптік практиканың базасы болып табылатын кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) және білім алушылардың міндеттері мен жауапкершілігі көрсетіледі (1-қосымша).
4.3.2 Практика базалары ретінде анықталған мекемелермен сондай-ақ жекелеген тәртіпте өтініш, сұраныс хат негізінде үш жақты келісім-шарттар (2-қосымша) да жасалады. Бұл ретте білім алушыға 3- қосымшаға сәйкес жолдама беріледі.
4.3.3 Кәсіптік практиканы өткізу үшін оқу орны практика базасымен келісілген кәсіптік практика бағдарламасын бекітеді (4-қосымша). Кәсіптік практиканың бағдарламасы өз мазмұны бойынша мамандықтың бейінін, практика түрінің ерекшелігін, кәсіби стандарттардың және білім беру бағдарламасының талаптарын, ұйым қызметінің, технологиялық процестің және практика нысанының сипатын көрсетеді.
4.3.4 Білім алушыларды практиканың барлық түрлеріне жіберу практика түрі, мерзімі, базасы, жетекшісі көрсетілген факультет деканының ұсынысының негізінде университет ректорының бұйрығымен рәсімделеді. Ал магистрантты практикаға жіберу туралы ұсынысты кафедра және Жоғары білімнен кейінгі білім беру орталығы анықтайды. Ұсыныстаар кәсіптік практика басталуына екі апта бұрын құрастырылады.
4.3.5 Кәсіптік практикаға теориялық және базалық пәндерді толығымен меңгерген білім алушы жіберіледі.
4.3.6 Оқу практикасы барлық білім алушылар үшін өткізіледі. Оқу және оқу-таныстыру практикасының мақсаты – білім алушыларды практика базасы қызметінің бағыттарымен, болашақ кәсіби қызметінің функцияларымен таныстыру.
Оқу практикасының негізгі міндеттері:
1) білім беру бағдарламаларымен танысу;
2) болашақ кәсіптің объектісі болып табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен және т.б. жалпы танысу;
3) болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерделеу;
4) іскерлік хат алмасуды зерделеу және іс қағаздарын жүргізу;
5) еңбек ұжымында жұмыс жасау дағдыларын игеру болып табылады.
практикасы барлық мамандықтардағы білім алушылар үшін өткізіледі.
Нақты пәндік саланың ерекшелігіне және болашақ маманның кәсіптік біліктілігіне байланысты оқу практикасының танысу, далада өтетін, экскурсиялық, бағдарлы, мектептік, есептеу, пленэр және т.б. нысандары қолданылады.
4.3.7 Оқу (танысу) практикасы болашақ кәсіптік қызметінің нысаны болып табылатын ұйымда танысу экскурсияларын қамти отырып, университетте білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын кафедрада өткізіледі. Оқу практикасы аяқталғаннан соң білім алушыларға олардың практика кезінде жұмысы бойынша ағымдағы бақылаудың негізінде баға қойылады.
4.3.8 Білім беру бағдарламаларының ерекшілігіне байланысты 1-курстан кейін кәсіптік практиканың далада өтетін, археологиялық және басқа түрлері ұйымдастырылады және өткізіледі. Бұл практика түрлерінің мақсаты білім алушыларда кәсіби міндеттерді дамытуды толықтыратын және тиісті құзыреттерін қалыптастыру болып табылады. Кәсіптік практиканың басқа түрлерін бағдарламалары аталған мамандық бойынша мамандарды даярлайтын кафедралары әзірлейді.
4.3.9Педагогикалық практиканың мақсаты жалпығылыми, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерді бекіту және тереңдету, теориялық білімдер негізінде педагогикалық машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру болып табылады. Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:
1)педагогикалық қызметтің бастапқы тәжірибесін игеру;
2)сабақ беру мен оқыту әдістемесін меңгеру;
3)педагогикалық шеберліктің негіздерін білу;
4) оқу-тәрбие және оқытушылық жұмысты өз бетінше жүргізудің машықтары мен дағдыларына баулау;
5) ғылыми-психологиялық және педагогикалық зерттеудің дағдыларын меңгеру;
6) тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру;
7) оқытудың инновациялық технологияларын білу;
8) оқу және тәрбие жұмысы барысында білім алушыларға олардың даму ерекшеліктерін ескере отырып жеке тәсілді жүзеге асыру болып табылады.
4.3.10 Өндірістік практиканың мақсаты кәсіби құзыретін бекіту, кәсіби қызметінің практикалық дағдылары мен тәжірибені игеру болып табылады. Өндірістік практиканың негізгі міндеттері:
1) мамандық бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін оқып зерттеу;
2) теориялық білімдерді бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;
3) инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерді меңгеру;
4) ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру;
5) командалық жұмыстың, басқарудың корпоративтік қағидалары құзыретінің дағдыларын игеру;
6) өз бетінше өз қызметті жоспарлау, әріптестермен пайдалы байланыстарды орнату, рольдік кәсіби ұстанымын айқындау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру машықтарды меңгеру болып табылады.
4.3.11 Магистранттардың зерттеу практикасының мақсаты - бейіндеуші пәндер циклінде алған білімдерін бекіту әрі тереңдету, отандық және шетелдік ғылымның ең жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен танысу. Магистранттардың зерттеу практикасының негізгі міндеттері:
- бекітілген магистрлік диссертация тақырыбына сәйкес зерттеу жұмыстарын жүргізу,
- ғылыми зерттеудің, экспериментті деректерді өңдеудің және түсінік берудің қазіргі заманғы әдістерімен танысу,
- зерттеу тақырыбына сәйкес отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерімен танысу, библиографиялық шолу жасау.
4.3.12 Кәсіптік практика өту кезінде білім алушыларға университет атынан басшы бекітіледі (маман шығаратын кафедрадан). Басшы ретінде профессорлар, доценттер және мамандықтың спецификасын білетін оқытушылар тағайындалады.
4.3.13 Кәсіптік практика бойынша бекіту және қорытынды конференциялар кафедра меңгерушісімен, практикаға жауапты оқытушымен, практика жетекшілерімен бірлесіп ұйымдастырылады және өткізіледі.
4.3.14 Бекіту конференциялары студенттерді практиканың жұмыс оқу бағдарламасымен, университет бойынша практика жетекшілерін бекіту және оларды практика базаларына бөлу бойынша бұйрықпен таныстыру мақсатында практикаға дейін 1-3 күн бұрын өткізіледі. Әр білім алушыға кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесі, кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есебі беріледі, есеп беру құжаттарының тапсырылу уақыты хабарланады.
4.3.15 Барлық жоғары білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар үшін кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесінің үлгісі 5-қосымшада, кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есебінің үлгісі 6-қосымшада келтірілген. Магистранттардың ғылыми-педагогикалық практикасының жұмыс жоспары және күнделік-есеп үлгісі 7-қосымшада, ал зерттеу практикасының жұмыс жоспары және күнделік-есеп үлгісі 8-қосымшада келтірілген.
4.3.16 Қорытынды конференция практика қорытындыларын шығару бойынша есеп беруді 5 күннен кешіктірмей, кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін анықтау мақсатында, оларды шешудің механизмін дайындау және алда тұрған кәсіптік қызметке қолайлы жағдай қалыптастыру үшін өткізеді. Қорытынды конференцияда озық студент-практиканттарды ұйым және факультет атынан кәсіптік практиканың тапсырмаларын орындаудағы жауапкершілігі, бастамашылдығы, шығармашылық көзқарасы үшін марапаттауға болады. Конференция материалдары берілген форма бойынша міндетті түрде хаттамалармен рәсімделеді және қорытынды конференциядан кейін практика басшысы практиканы ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі есепті дайындайды.
4.3.17 Оқу жылы аяқталған соң кәсіптік практикаға жауапты барлық практика басшыларының есептерінің негізінде, кафедра мәжілісінде жылдық есеп жасайды.



жүктеу 129,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау