Өткізген:Информатика пәні мұғалімі Дағысқызы Ж - «Үздік информатиктер» интеллектуалды сайысына
- қош келдіңіздер!
- Оқушылардың «XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру» жайында білімдерін тексеру.
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
- Оқушының логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту.
- Ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
- Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
- Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
- Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
- Жеңседе, жеңілсе де қалма жасып.
- Көрермен жиналған бұл тамашаға
- Құр қарап жай отыру жараса ма?
- Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емес
- Соқ қолыңды білімді жас таланттарға.
- Тойлатып , додаласып , өлеңдесіп,
- Достарым отырсың ба елеңдесіп.
- Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,
- Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
- Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,
- Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен
- Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
- Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
- ...- бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда
- Көбеюге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті, арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама қалай аталады?
- Компьютермен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек?
- Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі
- Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал
- Бір немесе бірнеше файлдарды сығу, ретімен қаттауға арналған файл.
- Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті қалай аталады?
- 1887 жылы бірінші перфорациялық машинаны құрастырған ғалымды атаңыз.
- ... – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм
- ІІІ кезең
- «Венгр сөзжұмбағы»
- Ұсынылып отырған сөзжұмбақтан информатикаға байланысты сөздерді табу керек.
-
- м т п л о т т н о м
- и ы п р р т е и д е
- к ш н и е е р о м м
- р қ а н т р н н и т
- о н т с ө з е т р о
- п н и б а й т т е з
- р м в п и к м е р е
- о ә и а р с о ү а ф
- ц т р и х е д я й л
- е і у в ж л и я и ц
- с н с д а ь ф и к а
- с о р а б о н е н т
- Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, антивирус
- Ең қиынын жарыстың
- Жеңіп алда жарыссын, - дей келе келесі кезең «Кім жылдам?» сайысын бастайық.
- Бұл бөлімде барлық командаға жұмбақ жасырылады. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
- Экранның бетінде оның тұрағы
- Қашан болсын жыпылықтап тұрады.
- Ұзынтұра Жалқаубек,
- Тұрмай ылғи жатады.
- Қозғала қалса артынан,
- Ешбір белгі қалмайды.
- Жануарға ұқсас атым бар, Бағдар көрсетер затым бар. Кілемше үстінде тұрамын, Ең қажетті құралмын.
- Ақпарларды қағазға шығарады,
- Бұл құрылғы қалай деп аталады?
- Батырмасын басасың,
- Қажетті файлды ашасың.
- Биологияда бұл паразит,
- Көзге зорға көрінер,
- Информатикада өлшем бірлік
- Ақпараттарды өлшер
- V кезең «Сіз білесіз бе?»
Топтарға келесі кезең тапсырмаларын орындауға қажетті мағлұматтар! Есте сақтау қабілеттерін дамытуға бағытталған Ақпарат дегеніміз не? - Ақпарат-сақтау , түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
- Ақпаратты біз әртүрлі нысандардан аламыз, мысалы:
- Музейлерге барып суреттерді көргенде
Ақпарат түрлері (оны қабылдауына қарай): - Ақпаратты адамға оның сезім мүшелері жеткізеді:
Қыз қандай ақпара алып тұр?: - Ақпарат алудың арналарға бөлінуі?
- жұмсақ ,тәтті, айқай, қызыл, ащы, тікенек, жай дыбыс, қатты, қышқыл, жұпар иісті, ақ-ала.
Кестенің бос орнын толтыр: - Дәл, анық болу үшін адамзат бұрыннан өлшеу құралдарын ойлап тапқан.
- Төмендегі өлшеуіш құралдарын айтып бер.
- Бұл кезеңде әр топтың топ басшыларына тапсырма беріледі. Мәтіндегі қателерді түзеп, дұрыс жауап беру керек.
- Ең жоғарғы ұпай-5.
- Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
- 1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде ең алдымен монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын.
- 2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Ең бірінші бас мәзірден керекті бағдарламаны дайындаймыз. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы бағдарлама Word графикалық редакторы. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижесін монитор арқылы қағазға шығарамын. Осы атқарған жұмысымды үнемі дене шынықтыру сабағында жасап отырамын.
- 1. 1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет
- 2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі
- 3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады
- 4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады
- 5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады
- 6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққап керек
- 7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады
- 8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы.
- 2. 1. Сурет салу үшін ыңғайлы – Paint бағдарламасы.
- 2. Word бағдарламасында суреттің кез – келген бөлігі бояуға болмайды.
- 3. Тінтуір арқылы суреттің кез-келген бөліктерін ерекшелейміз.
- 4. Бағдарламадағы алдын – ала қарау батырмасымен ғана тексеруге болады.
- 5. Құлаққап –әуен тыңдау үшін арналған құрал.
- 6. Жұмыстың нәтижесін принтер арқылы қағазға шығарылады.
-
- Компьютер - сенің көмекшің
- Қаламың әрі қағазың!
- Керек емес демессің,
- Аздаған болса хабардың.
- Үйрену керек бәрінде
- Ақпараттық заманның.
- Қатысқан сайыскерлерге алғыс білдіреміз!!!
Достарыңызбен бөлісу: |