151
2) Әлеуметтік
қызметтегі мамандардың білімі тӛмен, әлеуметтік
қызметкердің тӛлем-ақысының және әлеуметтік статусының тӛмен болуы
себебінен жас мамандар жеткіліксіз. Осы мәселенің шешілуіне кӛңіл
аударған жӛн.
3) Әлеуметтік қызметтер инновацияларға мҧқтаж.
4) Мемлекеттік
әлеуметтік
қызметтердің
сыбайласушылығы
мен
бюрократтығы орын алып отыр.
5) Қолдауды тек толық отбасылар ғана емес, сонымен қатар, толық емес,
сондай-ақ, әке-шешесі кәмелетке толмаған отбасылар да – мемлекеттік
органдар тарапынан ерекше назар аударғанын қажет етеді.
13.2.
Отбасымен жұмыс істейтін мамандарға арналған ұсыныстар
Атақты психолог Карл Юнг "Теорияны ықыласпен оқып зерттеңіздер, бірақ
нақты адаммен кездескенде оқығанның бәрін ҧмытыңыздар,себебі ол адамға
жеке-дара, ерекше теория қажет",-деген. Әр отбасына бақытқа кенелу ҥшін
ӛзінің жеке-дара басшылығы қажет, себебі барлығына және әрқайсысына
берілетін кеңестер жалпылама болады және нақты отбасына кӛмектесе
алмайды. Сондай-ақ, ӛзгелерге жарамды кеңес жеке жағдайда қажетсіз, тіпті
зиянды болуы мҥмкін. Себебі әрқайсымыздың тағдырымыз қайталанбас және
кӛп жағдайда ӛзіміздің тәжірибемізбен анықталады.
Отбасына деген кӛмек отбасынан басталуы қажет. Және де ол отбасының
қашан кӛмек сҧрайтынын кҥтпей, бірінші барған абзал, себебі ондай отбасы
қолдау сҧрап қолайсыздықтың ӛте кеш кезеңдерінде келеді, бҧл отбасының
қалпына келу ҥрдісін ӛте қиындата тҥседі.
Отбасымен жұмыс келесі алгоритм бойынша құрылуы мүмкін:
a) дайындық: қолда бар қҧжаттық мәліметтер бойынша отбасымен алдын-
ала танысу,
b) әр отбасымен жҧмыс
істейтін команданы анықтау,
c) отбасымен байланыс қҧру,
d) отбасындағы мәселенің мәнісін анықтау,
e) олардың пайда болу себептерін анықтау,
f) қолайсыз отбасының ішкі ресурстарын табу,
g) отбасының дағдарыстан шығу жоспарын қҧру,
h) алға қойылған жоспарды іске асыру,
i) отбасымен жҧмыс барысында және нәтижеге жеткеннен кейін ол
отбасына патронат жҥргізу,
153
Отбасының дағдарыстан шығу жоспарын қҧру (отбасы диагностикасы) – ең
жауапты жағдай. Оған бҥкіл мамандар командасы тартылады, ал қосымша
кеңес қажет етілетін жағдайда тар кӛлемді мамандар-дәрігерлер қосылуы
мҥмкін. Отбасының барлық мәселелері есепке алынуы тиіс.
4 Ереже. Отбасының дағдарыстан шығу жоспары кешенді тҥрде қҧрылады,
және оған барлық қажетті мамандар тартылып, отбасының барлық мәселелері
есепке алынады.
Жоспарға психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық бағдарламалар, ал қажет
жағдайда – емдік бағдарламалар енгізілуі қажет. Отбасының барлық мҥшелерін
белсенді қатыстырған маңызды. Жоспарға бҥкіл отбасы мҥшелерінің отбасы
аймағын кеңейту жолында қоғамдық іс-шараларға, балалардың ҥйірмелер мен
секцияларға қатысуын енгізу қажет. Отбасын кҥшейту мақсатында бірігіп іс-
әрекеттер ҧйымдастыру шараларының (саяхаттар, мейрамдар, сапарлар, т.б.)
атқаратын рӛлі зор.
5 Ереже. Жоспар кӛмек тҥрлері бойынша алуан-тҥрлі болуы тиіс, бірақ, отбасы
пассивті болып, барлық мәселелерді мамандар ғана шешетіндей жағдай
туындамас ҥшін, отбасы ӛз тарапынан белсенділік пен тәуелсіздік білдіргені
маңызды. Отбасы басына тӛнген дағдарыстан шыға алатынын жақсы тҥсінуі
қажет.
6 Ереже. Отбасы тҥзетілу жолына тҧрғаннан кейін, оған патронат жҥргізу
қажет. Айына 1 реттен кем емес отбасын мамандардың келіп, бақылап
отырғаны абзал.
7 Ереже. Жеке-дара бағдар ҧстанымын қолданып, берілген отбасының
қажеттіліктеріне сәйкес мақсаттар мен міндеттер қою керек. Отбасыларына
ҥлгі-қалып қолданудан бас тарту қажет.
Отбасына кӛмек кӛрсету ұсынылатын қағидалар:
•
отбасы мҥшелері мен баласына
маңызды адамдардың тартылуы;
•
ата-ана қҧқықтарын қҧрмет тҧту;
•
ата-анасымен, мҥдделі қызметтер және ҧйымдармен қызметтесу;
•
толық
және нақты мәлімет жинау;
•
қҧпиялылық.