Қостанай облысы Әулиекөл ауданы



жүктеу 37,35 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.02.2018
өлшемі37,35 Kb.
#8758


Қостанай облысы  

Әулиекөл ауданы  

Первомай селосы   

Чернышевский орта мектебі   

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,  

директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары:  

Мурзабекова  

Келбет Бирмаганбетовна 



Тақырыбы: 

“Білім беру жүйесін  

модернизациялау жағдайында  

болашақ педагогтардың  

жеке тұлға мәдениеті мен  

кәсіби білімін қалыптастыру” 


   Қоғамның даму деңгейі мен өзгерген 

әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу үшін 

әлем елдері, соның ішінде Қазақстан білім 

беру жүйесін реформалауда. Бүгінгі әлем 

жаһандану үрдісінде жүріп жатыр. 

 

  Жаһандану дегеніміз - бәсекелестік. 



Қазіргі кезде әлемдегі мемлекеттер, ұлттар 

тіпті адамдар арасында бәсекелестік 

күшеюде.  



   Осыған орай, еліміздің басты бағыттарының бірі 

қазіргі ғылым мен білімді барынша дамыту болып 

отырса, сонша мәдениеттілікке мән беру. 

 

   Еліміздің экономикалық даму қарқыны жоғары 



болғанымен, ғылым мен өндірісті ұштастыру, 

техникалық даму үшін еліміздегі оқу сапасы әлемдік 

стандарттар талабына сәйкес келмей отыр.  

 

Сондықтан, біз, яғни, бүкіл халық болып өз ұлттық 



құндылықтарымызды, мәдениетімізді жаһандануға 

қарсы тұра алатындай деңгейде шыңдауымыз керек. 




   Ойлап қарасақ, ата-бабаларымыз ешбір кітаптан 

оқымай-ақ, өздерінің күнделікті тіршілік-

тұрмысынан көрген, басынан өткерген жайттарды 

таразылап, ой елегінен өткізіп, өмірге жарасымды, 

ұрпағын заман талабына сай салиқалы азамат етіп 

тәрбиелеуге септігін тигізетін ұлттық әдет-ғұрып, 

салт-дәстүрлерді жасап, оны ұрпақтан-ұрпаққа баға 

жетпес асыл мұра ретінде қастерлеп жеткізіп келген 

ғой. 



Бүгінгі халқымыздың  

                                    білімді

                                              мәдениетті  

деген жастары сол қастерлі мұраны 

қаншалықты біледі,  

қаншалықты қадірлейді,  

білмесе, білуге ұмтыла ма екен?  

деген сауалдар әрқашан ойға қалдырады. 




ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры, білім ғасыры.  

Сондықтан, жас ұрпаққа, жас буынға  

жаңаша мазмұнды білім беру жолында  

түбегейлі өзгешеліктер болуда. 

 

   Елбасымыз айтқандай  дамыған   елдердің қатарына қосылуымыз үшін ең 



алдымен жастарымыз білімді, қабілетті болуы  керек. Ол үшін 

ұстаздардан  кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етіледі.  Еліміздің білім 

беру жүйесі қарқынмен даму үстінде.  Осы тұста сапалы білім беруді көздеген 

мұғалімдер сапасын арттыру маңызды. Бұл тұста мұғалім оқушылармен 

ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сонымен қатар 

қызығушылықты ояту, мағынаны тану мазмұны зор болмақ.  




   Әрине кез келген бастаманың кедергілері 

мен кемшіліктері кездеседі. Бірақ кез келген 

мұғалім өзінің кәсіби жолында барлық 

көлденең кездескен кедергілерді жоюға 

мектеп қабырғасынан алған мол тәжірибесі, 

яғни білімі мен мәдениеті арқылы жетеді.  




Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей 

байланысты.  

 

Ахмет Байтұрсынов:  



«...мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы»

  

Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің шәкірттері де 



білімді болмақ. Білімнің сапалы, тәрбиенің 

нәтижелілігі  кәсіби деңгейдегі педагогке байланысты. 

Сондықтан да қазіргі таңда педагог мамандарды дайындауда 

жауаптылықты қажет етеді. 




   Білім мекемелеріне, жас балаларды тәрбиелейтін, 

оқушыларды оқытатын білімді де, мәдениетті жас маман 

иелері қабылданған жөн. 

 

   Соңғы жылдары жас маман иелерінің білім деңгейі мен 



мәдениеті төмендеп келеді.  

 

   Осыдан болашақ ұрпақтың жалғасына қауіп төніп 



тұрғаның бақылауға болады. 

  

   Жас мамандарға қаншалықты көмек көрсетілген сайын, 



соншалықты жауапкершіліксіздік, менмендік, 

мәдениетсіздік қасиеттері өсіп келеді. Көптеген жас 

мамандарды білім сапасы, бала тағдырынан гөрі, қаражат 

мәселесі көп толғандырады. 




    

Білім сапасына қойылатын жаңа талаптар білім мазмұнын 

игеруде мұғалімнің оқушымен қатар тұруын қажет етеді, 

бұл жағдайда мұғалім өзінің ұстаздық позициясын 

жоғалтпайды, керісінше, білім алушыны мотивациялау, 

оған кеңес беру мұғалімдіктің жоғары деңгейін талап етеді. 

 

   Себебі, оқушыға білімді, ақпаратты алудың жолдары мен 



амалдарын беруде, оны түсіну мен тиімді пайдалануға 

үйретуде, өзін бағалау, өз біліміндегі олқылықтар мен 

жетістіктерді білуде және олармен жұмыс істеуде, оқу 

материалдарын сұрыптау мен оқыту үрдісін тиімді 

ұйымдастыруда мұғалімнің жетекшілігі қажет екені 

белгілі.  




Білім сапасын арттыру міндетін іс жүзінде жүзеге асыратын 

мұғалім болғандықтан, педагог кадрларды дайындау келесі 

бағыттарда жүргізілуі тиіс: 

 

- бүгінгі қоғам талаптарына сай оқытудың алатын орнын түсіндіру;  



- осыған сай білім беруде білім мен мәдениеттің қажеттігін 

түсіндіру; 

- педагог кадрлардың инновациялық деңгейін, жаңа құзіреттілік 

сапаларын дамыту; 

- олардың сапасын белгілеу, соған сай кәсіби өсіп отыруына 

жағдайлар туғызу; 



этикалық талаптар мен қарым-қатынас нормаларының мәнін 

түсініп, ұғынуға жәрдемдесу; 

- болашақ мұғалімдер үшін қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу 

жағдайлары мен оның дамуы туралы мәселені талқылау; 

- жастарымыздың қарым-қатынас мәдениетіне байланысты 

мәселелерге арналған тәрбиелік әңгіме сағаттарын бірге 

ұйымдастыра отырып, нәтижесін талқылау; 

- мақсатты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды бағалау

- оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалау; 



           

Қорыта келгенде, оқытудағы басты назар 

оқушыға сапалы білім беру үшін оқушының 

білімді игеруіне мұғалім қолдау көрсетуі тиіс. 

Сондықтан педагогтер қатарында 

инновациялық-коммуникациялық, әдістемелік-

ақпарттық  проблемаларды шеше алатын, 

оқушымен бірлесіп әрекет ете алатын адамдар 

болуы – бүгінгі басты сұраныстардың бірі. 

Сонда ғана мұғалімдер білім стандарттарын 

меңгертудің тиімді жолдарын жақсы игеріп

оқушылардың оқудағы жетістіктері объективті 

бағаланады және шын мәніндегі білім сапасына 

қол жеткізеді дей аламыз.  




Ахмет Байтұрсыновтың даналық сөзі: 

«...мұғалім қандай болса, мектеп те сондай 

болмақшы» жай айтылмаған.  

 

Себебі қазіргі уақытта әр халықтың болашағы 



білім, ұлттық мәдениетпен байланысты болуы 

керек, өйткені сапалы білім мен мәдениет 

абыройлы өмірдің басты кепілі болып 

табылады. 




 

 

 



 

 

 



 

“Бүгінгі күні заманымызға сай                                      

ұстазымыз қандай болуы керек?”  

 

 



 

 



Ұстаз – саяси сауатты, жан-жақты білімді, өз бойындағы сол білімді оқушы 

жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдістемелік шебер болуы керек. 

 

“Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” дегендей, бәсекеге қабілетті ұстаз өзі 



оқытатын пәннің теориясын, мұғалімнің бағдарлама талабын жетік, нақты 

меңгеруімен қатар білім берудегі озық ұстанымдар мен жаңа әдістерді 

байланыстыра отырады. 

 

Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп 



қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игерудің тиімді әдіс-

тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең 

біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді 

меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. 



жүктеу 37,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау