«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы»мм қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» ӨҒПО



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет5/16
Дата05.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#7092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

12 

 

қинаған  қандай  проблема  болсын,  сенім  телефоны  арқылы  тегін  хабарласып, 



толғандырған сұрақтарына жауап алуы тиіс. 

Бүгінгі  таңда  психолог  тек  баламен  ғана  емес,  қиын  жағдайға  тап  болған 

баланың отбасымен де жұмыс жасауы керек. Өйткені, оның негізгі мәселесі осы 

отбасынан  басталып  отыр.  Бүгін  ол  баламен  жұмыс  жасадың  делік,  ертең  сол 

күйзелген   күйінде  алдыңа  қайта  келеді.  Сол  себепті  оның  үйінде  орын  алған 

негізгі мәселені анықтап, соған сай әрекет жасау қажет.  

Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол салу мәселесімен күресуде «Әрбір 

мұғалімнің  психологиялық  білімі  болуы  тиіс»,  балалар  тағдырына  жауапты 

мекеме, мектептер, басқа да ұйымдар бірлесе жұмыс жасауы керек. 

«Бүкіләлемдік  Денсаулық  сақтау   ұйымының»  жұртшылыққа  жариялаған 

жантүршігерлік  мәліметтерінен  Қазақстанда  жасөспірімдер  арасындағы  суицид 

 оқиғаларының  көбейе  түскендігін,  өзіне-өзі  қол  салуға  көбінесе  олардың  заң 

бұзуы,  қылмыстық  жауапкершілік  алдында  үрейленуі,  шыдамсыздығы, 

төзімсіздігі,   қорқақтығы,  бүгінгідей  нарықтың  қатал  қиындықтарының  алдына 

қарсы тұра алмаулары себепкер болып отырғандығы баршамызға мәлім. 

Ендеше,  Адам  тағдырына  келгенде  жауапкершілікті  тек  ұстаздар  мен 

дәрігерлерге жүктеп қоймай, жұмыла мойнымызға алуымыз керек. Оның бірден-

бір жолы-жастар тағдырына немқұрайлы қарамай, оларға өздерін сүйетін жандар 

бар  екендігін  сезіндіріп, жер бетінде ұстап  қалып,  өлімнен  гөрі  өмір  сүру  үшін 

батырлық көбірек керек екен деген ойларын нығайтсақ деймін. 

Адам баласына өмір бір-ақ рет беріледі. әрбір атқан таңды қызыға да қуана 

ақ  тілекпен  қарсы  алып,  таза  да  дұрыс  жолмен  жүрейік!  Мәнді  де  сәнді  өмір 

сүру,  балаларымызды  қызыққа,  өмірсүйгіштікке  баулу   сіз  бен   біздің 

қолымызда.  Ендеше,  «Ел  қорғайық,  боламын  десең,  бесігіңді  түзе»,  -  демекші, 

еліміздің болашағы жастарымыздың  игі істерін қолдайық. 

 

Өзіне-өзі қол жұмсаушылық мінез-құлықтың себептері және 



оған әсер етуші  факторлар 

 

А.Е.  Личко  жасөспірімдер  арасында  өзіне-өзі  қол  жұмсаудың  ең  жиі 



кездесетін себептері: 

• сүйікті адамын жоғалту; 

• шектен тыс қалжырау жағдайы; 

• өзіндік-қадір қасиетін осал сезіну; 

• алкогольді, психотропты дәрілерді және есірткіні пайдалану нәтижесінде пайда 

болатын жеке бастың қорғаныш тетігінің бұзылуы; 

• әртүрлі сылтаулар бойынша туатын қорқыныш, ызалану мен жабырқаудың әр 

алуан формалары.  

 

Өзіне-өзі қол жұмсаушылық әрекетке әсер етуші факторлар: 



 

І. Жанұядағы кикілжің:  

• туыстарының және қоршаған адамдардың әділетсіз болуы; 

• басқамен көңілдес болу, қызғану, айырылсу; 

• “сүйікті” адамынан айырылу; 

• жоспарының орындалуына кедергі жасау; 

• сүйікті адамының мінез-құлқын, қасиетін ұнатпау; 

• жалғыз қалу; 



13 

 

• сәтсіз махаббат; 



• басқалардың оған жеткілікті көңіл бөлмеуі; 

 

ІІ. Психикалық күй:  

• дені сау адамның реалды кикілжіңге ұшырауы; 

• паталогиялық себептер (психиканың бұзылуы). 

 

ІІІ. Физикалық күй: 

• соматикалық аурулар, физикалық азап көру; 

• ажарсыз кемтар болу; 

 

ІV. Қоғамға қарсы кикілжіңнің туындауы: 

• қылмыстық жауапкершіліктен қорқу; 

• ұяттан, жазадан қорқу; 

• өзін-өзі кінәлау. 



 

V. Кәсіптік және білім саласындағы кикілжіңнің туындауы: 

• жұмыстағы, оқудағы сәтсіздік; 

• жұмыстағы немесе оқудағы әділетсіздіктің болуы. 

 

VІ. Материалды-тұрмыстық қиыншылықтар.  

 

VІІ. Басқа да себептер. 

1.  Денсаулығының нашарлығынан;  

2.  Қаражат қиындығынан;  

3.  Өмір сүрудің ауырлығынан; 

4.  Құмарлықтан; 

5.  Отбасы келіспеушілігінен; 

6.  Рухани дерттен; 

7.  Жазасын өтеуден жалтарудан; 

8.   Белгісіз күйі;  

Сөздік белгілері: 

 

- Өзіне-өзі қол жұмсауға дайындалған адамдар, әдетте, өзінің жанының 



психикалық күйін айтады; 

 

- Өлім туралы айтуы мүмкін: «Мен әрі қарай өмір сүргім келмейді», «Мен 



өзіме қол жұмсағым келеді»; 

 

- «Мен ешкімге проблема болмаймын»; 



 

- Өзіне қол жұмсау тақырыбында көп әңгіме айтуы; 

 

- Өлім сұрақтарына аса қызығушылық білдіру. 



 

Мінез-құлықтағы белгілері: 

 

- Өзіне ыстық жеке заттарын тарату; 

 

- Өзі араздасып жүрген адамдармен ымыраға келу; 



 

- Тамаққа тәбетінің шамадан тыс артуы немесе күрт төмендеуі; 

 

- Ұйқы уақытының өзгеруі; 



 

- Киім киісіне мән бермеуі; 

 

- Сабаққа себепсіз қатыспау; 



 

- Әлсіздіктің, үмітсіздіктің, өмірден түңілудің белгілерін таныту; 

 

- Сенімсіз, үрейлі белгілерді көрсету. 



 

Жағдайлы белгілері

 

- Әлеуметтік оқшауланған болса; 



 

-  Тұрақсыз  ортада  тұруы,  түсініксіз  жағдайлар,  ішімдік  ішетін  адамның  

болуы, үнемі ұрыс-керіс, жанұядағы тұрақсыздық; 



14 

 

 



- Зорлық зомбылықтың куәсі болу, өзін зорлаудың құрбаны ретінде сезіну; 

 

- Ауыр жағдайды бастан кешірген болса.  



 

Өзіне-өзі қол жұмсаушылық мінез-құлықтың алдын алуда жүргізілетін 

психологиялық жұмыстар 

Бұндай кезде психолог мамандар не істеу керек?  

Біріншіден:  -  әлеуметтік  психологиялық  процестерді  (өзіне-өзі  қол 

жұмсаушылық мінез-құлықтың басымдылығын) психологиялық тәсілдер арқылы 

зерттеу (тест, сауалнама т.б.).  

-өзіне-өзі  қол  жұмсаушылық  мінез-құлықтың  пайда  болу  себебін  анықтау 

және осы мәселеге қатысты арнайы кештер ұйымдастыру; 

 -қолайлы ұжымдық атмосфераны орнату; 

-психологиялық  сараптама  жасау,  өзіне-өзі  қол  жұмсаушылық  мінез-

құлықты зерттеу; 

-реабилитациялық жұмыстар жүргізу (өз-өздеріне қол жұмсауға талпынған 

адамдар үшін); 

-профилактикалық  жұмыстар  жүргізу,  өзіне-өзі  қол  жұмсаушылық 

әрекеттің алдын-алу. 

-мұғалімдермен және ата-аналармен жұмыс; 

Психолог  науқас  адамға  эмоциялық  тұрғыдан  қолдау  көрсетіп,  оның 

ашылып  сөйлеуіне  жағдай  жасау  керек.  Проблема  барлық  адамдарда  болады, 

проблемасыз өмір болмайтынын, бір проблема шешілсе, екінші проблема пайда 

болатынын,  проблеманың  жағымды  және  жағымсыз  жақтары  болатынын 

түсіндіріп, проблемадан шығу жолдарын қарастыру керек. 

Жасөспірімдер арасында 

өзіне-өзі қол жұмсаушылық

 әрекеттің алдын алу, 

диагностикалық,  коррекциялық,  психопрофилактикалық  жұмыстарын  жүргізіп, 

адамның өмірін сақтап қалу психологтардың ең басты міндеті. 

 

Көмектесу үшін не істеуге болады?

 

1.

Өзіне-өзі  қол  жұмсаушылыққа



  бару  себебін  ашатын  кілтті  табу 

керек. Ө

зіне-өзі  қол  жұмсаушылықты

  құтқару  тек  достарының  қамқоры  мен 

қатысуынан ғана тұрмайды, сонымен бірге төнген қауіптің белгілерін тез арада 

аңғара  білуге  де  байланысты.  Сіздің  сол  қауіп  туралы  біліміңіз,  ақпаратты 

меңгеруге деген ұмтылысыңыз біреудің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.

 

          



Болатын  қауіптің  белгілерін  іздеңіз: өзіне-өзі  қол  салуға  әрекеттенген 

суицидтік  қорқытулар,  депрессиялар,  жүріс-тұрысындағы  немесе  мінез-

құлқындағы  айырықша  өзгерістер,  сонымен  қатар  ақырғы  тілек-талаптарын 

білдіруге  әзірлену.  Шарасыздық  пен  үміті  үзілгендіктің  көрініс  беруін  бірден 

байқап,  жалғыздыққа ұшырап, оқшауланып қалған адам емес пе екенін анықтау 

керек.


 

 

2.  Қамқорлық  қарым-қатынас  орнатыңыз. Өзіне-өзі  қол  жұмсау  сияқты 



маңызды мәселені жан-жақты қарастырып, шеше алатын жауап табу қиын. Бірақ 

егер  сіз  өмірден  түңілген  адамды  түсіне  біліп,  оның  жанын  ұғына  білуге 

тырыссаңыз, үлкен қадам жасағаныңыз. Әрі қарайғы жағдай сіздің өзара қарым-

қатынасыңыздың  сапасына  байланысты  болады.  Оны  тек  сөзбен  ғана  емес, 




жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау