Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР МЕН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАР



жүктеу 385,37 Kb.
бет34/58
Дата27.03.2023
өлшемі385,37 Kb.
#41873
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   58
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР МЕН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАР



«Мүсін» жаттығу

Мақсаты: отбасы құндылықтарын, кәсіби бағыттылықтарын кеңейту.


Жүргізілу ережелері: Отбасындағы шынайы жағдайлардың ерекшеліктерін бейнелеу:

  • мүсін жасауда аз дегенде отбасының 3-4 адамы болуы;

  • жеңіл орнынан жылжытуға болатын үй жиһаздары;

  • отбасы мүшесінің (келмеген адамды еске түсіретін заттың) бейнеленуі;

  • отбасы мүшелерін еркін мүсіндеуге барлық жағдай туғызу.

Мүсінді талдау кезеңі.
Қатысушы идеалды отбасы туралы түсінігін бейнелейтін мүсін жасайды. Қатысушылардың біреуі (өз еркімен) отбасы композициясын жасайды. Ол үшін өзіне қажетті адамдарды таңдайды және оларды отбасыдағы өзара қарым-қатынас, өзара әрекет түрінде бейнелей отырып орналастырады. Нәтижесінде қатып қалған мүсін немесе «жанды сурет» жасалады. Мысалы, отбасының түскі ас кезіндегі үстелдің айналасында отырғандарын немесе серуенде жүргендерін бейнелеуге болады. Әр қатысушыға оның қандай кейіпте тұратыны хабарланады. Көрініс қойылғаннан кейін, «суретші» суретте кім бейнеленгенін немен әуестенетінін әңгімелейді. Содан кейін әр қатысушы кезектесіп өз сезімдерімен бөліседі:

  1. Жасаған мүсіні қаншалықты жайлы болды?

  2. Бауырлары неге өте жақын немесе алыс қашықтықта орналасқан?

  3. Жанұяның барлық мүшелері көз алдында болды ма?

  4. Жасаған жұмысы қаншалықты ұнады?

  5. Несімен ұнады, ұнамады?

т.с.с. талдаудан кейін олар өз қалаулары бойынша өз орындарын және позаларын өзгертулеріне болады, нәтижесінде жаңа бір сурет пайда болады.


«Кино» жаттығуы

Нұсқау: Қазір жайлы жайғасып отырыңыздар. Көздеріңді жұмыңдар, өзіңді отыз жастағы адамдай сезініңіз, дәл қазір сіз туралы фильм түсірілуде. Сіз сол фильмді ойда жоқта көріп қалдың. Фильмнің басты кейіпкері ретінде өзіңді қалай сезініп тұрсың, немен шұғылданасың, кімдермен тұрасыз тағы басқада ерекшеліктеріңді байқап, әңгімеле. Сол фильмнен қандай да бір үзінділерін суреттеп бер».


Талдау: 1. Осы фильмге көңілің толды ма? 2. Фильмдегі өзіңе көбірек ұнаған жері? 3. Саған ұнамаған жерлер болды ма? 4. Толық қанағаттанбасаң, онда өзіңнің қай жерлеріңді өзгерткің келеді? 5. Ол үшін саған не істеу қажет?
Арттерапия

Баламен көптеген мәселелер бойынша суреттер салып, оны талдау жасауға мүмкіндік беретін тағы бір жан-жақты әдіс болып табылады. Олардың бірнеше сәттеріне тоқталуға болады.


- Ойын кезіндегіндей, бұл жерде де сюжеттің ауысуына және мәселелі тақырыптарды айқындау тәсілдерінің өзгерісіне ерекше көңіл бөлген маңызды. Өзгеріс бірден ауқымды болмайды. Мұндай өзгеріс салынған кейіпкерлердің көлемінен, түстерінен байқалады. Сурет түсінің қара түстерден ашық түстерге өзгеруі, кейіпкер көлемінің ұлғаюы – басым позитивтіліктің қалыптасуын білдіретін маңызды көрсеткіштер болып табылады.
- Баланың салған суреттері бойынша әңгіме құрастыру пайдалы болып табылады.
Бұл жерде не болды? Бұл кім? Ол қандай? Ары қарай не болды? Суретте саған не ұнайды? Егер де жағымсыз кейіпкер туралы әңгіме қозғалатын болса- оны қалай реттеуге болады? Оған қалай көмектесуге болады? Одан жақсы болу үшін не істеуге болады? Оны жақсарту үшін не істеу керек?
- Оқиға түрінде сурет салу әдісін қолдануға болады- мысалы, «әзіл суреттер». Балаға бірнеше шаршыларға бөлінген парақ беріледі, онда баламен бірлесе отрып оны мазалайтын қандай да бір жағдай бейнеленеді. Бейнелеу үшін сызбалы суреттер қолданылады (қалайтын болса, бала суретті толық аяқтайды). Берілген оқиғада жағымды және жағымыз бейнелер баланың ішкі жан дүниесін танып білуге мүмкіндік береді. Әрі қарай қандай психологиялдық көмек ұйымдастырудың жолдарын табуда маңызды болып табылады.


Ертегі терапиясы (терапиялық оқиғалар шығармасы)
Әңгімелер, әсіресе ертегілер балалармен қарым-қатынас жасаудың тиімді құралы. Ертегілер бірнеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Ертегілерде балалық дүниетаным үшін маңызды мәселелер қалыптасады. Ертегілерде мейірімділік пен зұлымдықтың, олардың арасындағы қарама-қайшылықтардың, қорқыныш пен әділетсіздіктің болатын туралы айтылады, бірақ ең бастысы, онда қиын жағдайлардан шығу жолдары айтылады.
Ертегілер ыңғайлы жағдайда балаға өз қиындықтарын сезінуге және олармен әрекетті тәсіл арқылы күресу мүмкіндіктерін береді. Баламен оны мазалайтын тақырпқа әңгімелесуден гөрі, баланың ертегілерді жақсы қабылдауы өте маңызды, өйткені онда баланы айыптамайды, мазалап жүрген мәселе бойынша сұрақтар қойылмайды.



жүктеу 385,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау