Осөж тақырыбы:«Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы мен жазбаша тарихнамасы зерттеу» Эссе



жүктеу 24,68 Kb.
Дата06.02.2022
өлшемі24,68 Kb.
#37360
11срсп тарих


Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


ОСӨЖ

Тақырыбы:«Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы мен жазбаша тарихнамасы зерттеу» Эссе.

Орындаған:Калкаманова Арайлым Русланқызы

Тексерген: Аликулова Н

Топ-АЗТ-101

Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати — ХVІ ғасырда ғұмыр кешкен көрнекті мемлекет қайраткері, əскери қолбасшы, атақты тарихшы, əдебиет майталманы. Ол өмірін Орта Азия, Шығыс Түркістан, Тибет, Үндістан елдерінде өткізген. М.Х. Дулати тарихшы жəне қаламгер ретінде екі шығармасымен зерттеуші-ғалымдар арасында кеңінен танымал тұлға атанды. Бірі – бұл кісінің сəулетті даңқын дүние жүзіне əлпештеп таратқан, оның парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» деген кітабы. Осы энциклопедиялық шығармада ұлттық тарихқа, мəдениетке қатысты түйінді ой-пікірлер, терең толғамдар, парасатты пайымдаулар мол. Мұхаммед Хайдар өз еңбегінде тек тарихты ғана жазып қоймаған. Сонымен қатар адамзат құндылықтары, өмірдің мəні мен мағынасы туралы пəлсапалық ойларын түйіндеген. Өмірдің баянсыздығын, оның өтпелі екендігін айта келе бабамыз ұрпақтарын ізгілікке шақырған. Шығарма көркем ойлармен, өлең жолдарымен өрілген. Екіншісі — «Жаһаннаме» атты шығыстық үлгідегі, түркілік дүниетаным биігінен ой толғайтын, даналық сөз айтатын классикалық жыр-дастаны. «Жаһаннаменің» негізгі тақырыбы махаббатқа деген адалдық, адам- гершілік, адамды сүю, қастерлеу, əділдікті ардақтау болып келеді. Шығармада басты тақырып — сүйіс-пеншілік, махаббат тақырыбы болғанымен, осы арнада Хайдар Дулати өз уақытының, өз заманының, өз қоғамының сан алуан тарихи оқиғаларын да айналып өтпейді. Мансап, билік жолын- дағы əмірлер мен сұлтандардың, бектер мен мырзалардың əрқилы тағдыры, мінез-құлқы, іс-əрекет- тері де дастанда желі тартады. Осы арқылы автор тарих таразысына жақсылық пен жамандықты, əділдік пен əділетсіздікті, қиянат пен рақымшылықты қатар қойып, адам болмысындағы қасиеттер құндылығын адамгершілік тұрғыдан ой талқысына салады. Өз үкімін айтады.

М.Х.  Дулатидің  «Тарих-и  Рашиди»  атты  классикалық  тарихы  шығармасы  мен «Жаһаннаме» дастаны дүниежүзілік əдеби мұраға енді. Шығыс тарихшыларының дүлдүлі, текті атаның ұрпағы М.Х. Дулатидің өмір жолынан бір үзік сыр Тарихшы, ақын, көркем сөз шебері, майталман шешен, этнограф, философ, географ, оң саусағынан өнер тамған шебер, мəлімгер дипломат, əскери қолбасшы Мұхаммед Хайдар Дулати 1499 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген.

Оның ата-бабалары Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағыңда, Моғолстан мемлекетінің құрамындағы Қырғызстан мен Шығыс Түркістан жеріңде беделді саяси кайраткерлер болған. Олар ұлұсбектер, тархандар бола отырып, өздерінің мұрагерлік иелігі Маңғлай-Сүбенге билік жүргізген. Əмір Болатшы (Пуладчи) XV ғасырдың орта шенінде Шағатай мемлекетінің күйреу кезеңіңде Тұғылық-Темірді осы мемлекеттің шығыс бөлігінің ханы етіп тағайыңдаған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің тағы бір атасы — Əмір Хұдайдат ұлұсбек болған кезде Моголстан тағында алты ханды ауыстырған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің арғы атасы Мұхаммед Хайдар мырза 1480 жылға дейін Қашғарияда билік жүргізген. ХVІ ғасырдың соңынан бері Батыс жəне Шығыс елдерінің ғалымдары бірегей түпнұсқа ретінде пайдаланып келе жатқан «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде ғұлама ғалым көптеген бай мағлұматтармен қатар, Моғолстан туралы толық жəне нақты деректер қалдырған: «... Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен ені жеті-сегіз айлық жол болады. Оның шығыс шекарасы қалмақтардың жері — Барыскөл, Еміл жəне Ертіске тіреледі. Солтүстігінде Көкше теңіз, Бум Лиш жəне Қараталмен; батыс шекарасы Түркістан мен Ташкент жəне оңтүстігінде Фергана, Қашқар, Ақсу, Чалыш, Тұрфанмен шектеседі. Осы төрт шекаралас аймақтардың ішінен мен [Моғолстанның] оңтүстік аймағын көрдім. Ташкенттен Əндіжанға дейін он күндік жол. Əндіжаннан Қашқарға дейін жиырма күн, ал ол жерден Ақсуға шейін он бес күндік жол. Ақсудан Чалышқа дейін жиырма күндік, Чалыштан Тұрфанға дейін он күндік, Тұрфаннан Барыскөлге шейін он бес күндік жол. Барыскөл Моғолстанның шығыс шекарасы, барлық оңтүстік шекарасы салт атпен орташа жүріп отырғанда үш айлық жол. Жол бойында тоқсан бекет бар. Қалған үш жағын көрген жоқпын. Сол жаққа барып-келіп жүргендерден естідім, олардың айтуынша, ол шекаралар ұзындығы бұл айтылғаннан əлдеқайда үлкен əрі жеті-сегіз айлық жол құрайтын аумақтың көп бөлігі таулы өңір мен сайын дала болып келеді. Табиғатының көріктілігі мен əдемілігі соншама оны сипаттап жазуға менің шамам келмейді. Оның тауы мен даласында сансыз гүлдер өседі, олардың атауын да ешкім білмейді. Бұл гүлдер Моғолстаннан басқа жерлерде кездеспейді, сондықтан оларды ешкім жазбаған. Оның көптеген аймақтарында жаз айларында ауа райы қоңыр салқын болады. Адамдар бір-ақ көйлекпен жүре береді, оған басқа киімнің керегі болмайды, егер оның үстінен жəне киім киер болса, ыстық болмайды. Бірақ Моғолстанның кейбір аймақтарында ауа райы қоңыр салқыннан суықтыққа қарай ауысады. «Тарих-и Рашиди» деректері бойынша Ш.Уəлиханов «Тоғылық-Темір хан, Жүніс хан шежірелерін жасаумен қатар аса құнды XVI ғасыр карталарын жасапты. М.Хайдар кітабының материалдары Ш.Уəлиханов жасаған «Моғолстан картасы» жəне Моғолстанның батыс бөлігінің картасы аса бағалы дүниелер болғандықтан, Санкт-Петербор ғалымдары, соның ішінде Орыс Географиялық Қоғамы жəне өзі қызмет атқарған Азия Департаментінде жоғары дəрежеде бағаланған.



Ш.Уəлиханов «Тарих-и Рашиди»-ден туралы зерттеуін 1860 жылы жазған. Сол Шоқан жазған қолжазба 1860 жылдан бері талай ғалымдардың қолынан өткен екен. Бірақ дəл осы күйінде жарыққа шықпай қалған. Оған негізгі себеп ғұлама ғалымның қатты ауырып 1865 жылы қайтыс болуы.

Сонымен, қалай айтсақ та, М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты классикалық шығармасын алғаш зерттеп, ғылыми айналымға кіргізген қазақтың кемеңгер ғалымы Шоқан Уəлиханов екені бұл күнде баршаға аян.
жүктеу 24,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау