Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс



жүктеу 252 Kb.
бет2/4
Дата15.01.2020
өлшемі252 Kb.
#26632
түріКонкурс
1   2   3   4



I. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті, 010000, Астана қаласы, Мәнгілік Ел көшесі, 8, анықтама үшін телефондар: 8(7172) 74-98-62, bisihbaeva.r@minagri.gov.kz «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Топтық су құбырларын дамыту басқарма басшысы (С-3 санаты, 1 бірлік).



Функционалдық міндеттері: Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру және басқарманың қызметкерлерімен еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыру; топтық су құбырларынан ауыз сумен уақытылы және үзіліссіз қамтамасыз ету бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз ету; 235/005 «Ішкі көздер есебінен/сумен қамту жүйелері, гидротехникалық құрылыстарды салу және қайта жаңарту» бюджеттік бағдарламасын (бұдан әрі- Бағдарлама) іске асыруды ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру; Бағдарлама бойынша бюджеттік өтінім есептерін дайындауды ұйымдастыру; топтық су құбырлары бойынша 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасының іс-шараларын іске асыру мәселелері, инвестициялық ресурстарды нысаналы және ұтымды пайдалану, топтық су құбырларын қайта жаңарту және техникалық қайта жабдықтау бойынша жұмысты орындауды қамтамасыз ету; республикалық меншіктегі топтық су құбырларын, ауыз сумен қамту қамту нысандарын салу және қайта жаңарту мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді және Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша басқада нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді және мониторингілеуді қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен басқада министрліктердің бағдарламалық құжаттарының жобаларын келісу, Министрліктің алқа отырысы, Комитеттің мәжілістеріне материалдарды дайындауды ұйымдастыру; басшылықтың тапсырмасы бойынша Комитеттің мүддесін мемлекеттік, қоғамдық және басқада ұйымдарда ұсыну; мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржылық қаражатты игеру бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру; мердігерлік және басқада ұйымдармен жобалау-сметалық құжаттамалардың уақытылы орындалуын бақылау; техникалық және авторлық қадағалаумен куәландырылған ұсынылған орындалған жұмыс актілері негізінде мемлекеттік сатып алулар шарттары бойынша міндеттерді орындауға бақылауды жүзеге асыру. Басшылықтың басқада тапсырмаларын орындау..

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы – ауыл шаруашылығы ғылымдары (су ресурстары жән суды пайдалану) немесе жаратылыстану ғылымдары (гидрология, экология, гидрометеорология), немесе техника ғылымдары және технологиялар (құрылыс, гидротехникалық құрылыс және ғимарат), немесе гидромелиорация, немесе гидрогеология және инженерлік геология, немесе өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, немесе сумен қамту және кәріз

2. Су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария, Шу-Талас және Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының өзендер бассейндер мен аумақтар бөліндісінде су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау жағынан жұмысты үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру; су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария, Шу-Талас және Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы ұсынған су шаруашылығы нысандарының жұмыс режимін жалпылау; арнайы суды пайдалануға рұқсат беретін су шаруашылығы нысандарының жұмыс режимі мәліметтерін жинау және талдау, Бассейндік инспекциялардың жылдық есептері бойынша қорытындыны қарастыру және дайындау; өзендердің, теңіздердің бассейндері, олардың учаскелері, облыс аудандары мен жалпы Қазақстан Республикасы бойынша су нысандарының мемлекеттік мониторингінің мәлімет жинағын және ақпараттарды өңдеу, жинақтау, сақтау, тарату бойынша жұмысты жүргізу, Арал-Сырдария, Шу-Талас және Балқаш-Алакөл бассейндік инспекцияларының қызметі бойынша тоқсан сайынғы рейтингтік бағаларды дайындау; мемлекеттік су есебі мен оларды пайдалану, жер үсті су нысандарының мемлекеттік мониторингін жүргізу бойынша автоматты ақпараттық жүйелерді әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген басқада өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы – ауыл шаруашылығы ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану) немесе жаратылыстану ғылымдары (гидрология, экология, гидрометеорология), немесе техника ғылымдары және технологиялар (құрылыс, гидротехникалық құрылыс және ғимарат), немесе гидромелиорация, немесе гидрогеология және инженерлік геология, немесе өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, немесе сумен қамту және кәріз, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы)
II. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 4 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-94-46, 74-95-30, 74-97-87, факс 74-95-29, e-mail: zh.burambaeva@economy.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Пайдаланушылармен жұмыс басқармасының басшысы, С-3, 1 бірлік



Функционалдық міндеттері: Басқарманы басқару, Басқарма жұмысын жоспарлау; Басқарма жоспарымен көзделген жұмыстарды ұйымдастыру және уақтылы және сапалы орындалуын үйлестіру; статистикалық ақпаратты таратуды ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құжаттар жобаларын дайындауды ұйымдастыру; статистикалық жарияланымдарды қалыптастыру үдерісін ұйымдастыру және жетілдіру; статистикалық ақпаратты тарату үдерісін ұйымдастыру және жетілдіру; жарияланым қызметі және статистикалық ақпаратты тарату саласында салалық басқармалар қызметін үйлестіру; жарияланым қызметі және статистикалық ақпаратты тарату саласында аумақтық статистика органдарының қызметін үйлестіру; шарт міндеттемелері аясында статистикалық жарияланымдарды дайындау, тираждау және тарату бойынша қызметтерді жеткізушілер қызметін үйлестіру; статистикалық ақпаратты тарату мәселелері бойынша пайдаланушылармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; Басқарма ұйымдастыратын іс-шараларды дайындау және өткізуге қатысу; статистикалық ақпаратты тарату мәселелері бойынша халықаралық жобалар мен семинарларға қатысу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, журналистика); гуманитарлық ғылымдар (филология, аударма ісі, халықаралық қатынастар); жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика); техникалық ғылымдар және технологиялар (полиграфия); білім (қазақ тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын тілі) салаларында.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, (уақытша, негізгі қызметкердің 2020 жылғы 29 маусымға дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне), С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Комитеттің жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруға қатысу.

Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелері мен облыстық статистика департаменттері қызметін бағалау (рейтинг), Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын орындау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің және басқа да мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша жинақтау жұмыстар жузеге асыру. Комитеттің кеңейтілген отырыстарын өткізу; ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыстарды жүргізу үйлестіру. Комитеттің қоғамдық-мәдени іс-шараларын өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Статистика салалары бойынша (көлік, өндіріс, байланыс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инновациялар және т.б.) статистикалық құралдар мен әдіснама жүйелерін қалыптастыру мен жетілдіру бойынша, респонденттер мен мемлекеттік статистика органдары жүйесіне кіретін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмыстарды жүргізу. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандар бланкілерін тираждауға қажеттілікті есептеу. СМЖ құжаттары жобаларын әзірлеу және өзектендіру ету. СМЖ талаптарына сәйкестікті растау мақсатында ішкі аудитті жүргізуге қатысу. Үдерістер сапасын жақсарту мүмкіндіктерін анықтау мақсатында өндірістік үдерістерді талдау; СМЖ ішкі аудитін өткізу үдерісінде анықталған Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі бұзушылықтарды және кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу. Комитеттің ұйымдастырушылық құрылымын қолдайтын регламенттерді және стандарттарды әзірлеуге қатысу. Үдерістердің қолданыстағы үлгілерін сипаттауға, олардың мәндерін саладағы баламалылығын тексеруге қатысу. СМЖ ішкі аудитін өткізуді ұйымдастыру және қатысу. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін Сапа саласында бекітілген стандарттарға сәйкестігіне талдау. СМЖ ішкі аудитін өткізу үдерісінде анықталған Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі бұзушылықтарды және кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу.



Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, әлеуметтану, психология); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); құқық (құқықтану, халықаралық құқық); технологиялық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, стандарттау, сертификаттау және метрология, көлік, көліктік техника және технологиялар) салаларында.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Ұлттық шоттар басқармасының бас сарапшысы, С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде қатысу,Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің есептік құжаттарын және жоспарларын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру және олардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу. Мемлекеттік статистиканы жетілдіру бойынша іс-шараларды, статистикалық жұмыстар жоспарының уақтылы және сапалы орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. ҰШЖ-2008 енгізумен байланысты жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру. Әдіснаманы, әдістемелік және нұсқаулық материалдарды әзірлеу, ЖІӨ өндіріс, табыстар қалыптастыру және түпкілікті тұтыну әдістерімен есептеу, сонымен қатар, бақыланбайтын экономиканың, Жалпы өңірлік өнімнің есептеріне басшылықты жүзеге асыру және жүргізу. Әдіснамаларды, әдістемелік және нұсқаулық материалдарды әзірлеу, “ресурстар – пайдалану” және “шығындар – шығарылым” кестелеріне басшылықты жүзеге асыру және құрастыру. Әдіснаманы, әдістемелік және нұсқаулық материалдарды әзірлеу, қосалқы шоттарды, жинақтау шоттарын және активтер мен пассивтер теңгерімін құрастыру және басшылықты жүзеге асыру. Белгіленген мерзімде Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті басшылығының тапсырмаларын, өнімдерін және жоспарларын орындау.

Талдамалық баяндамалар, анықтамалықтар, жинақтар мен басқа да жарияланымдар үшін кестелік және басқа да материалдарды дайындау. Өз құзыреті шегінде Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің басқа да басқармаларымен өзара іс-қимыл. Өз құзыреті шегінде Ұлттық шоттар басқармасының құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша Ұлттық экономика министрлігі Статистика қомитетінің атынан министрліктерде, ведомстволарда, комиссияларда, комитеттерде және басқа да өкілетті органдарда өкілдік ету. Халықаралық іс-шараларға және жобаларға қатысу, басқа мемлекеттердің статистикалық офистерімен ынтымақтастықта болу. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (СМЖ) және қызметтік этиканы сақтау.



Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика); техника ғылымдары және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу); жаратылыстану ғылымдары (математика); білім беру (математика) салаларында.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасының бас сарапшысы, С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Өнеркәсіп, аграрлық сектор, құрылыс, инвестициялар, қоршаған ортаны қорғау статистикасы бойынша статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету. Статистикалық жұмыстар жоспарының сапалы және уақтылы орындалуына жауапкершілік. Әдістемелік, әдіснамалық және нұсқаулық материалдарды әзірлеуді және қалыптастыруды қамтамасыз ету, көрсеткіштерді жете есептеу әдістерін жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Статистикалық ақпараттың дәйектілігін және сапасын арттыру, оның жеделдігі мен өзектілігі бойынша жұмыстарды бақылау және үйлестіру. Статистикалық байқауларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша әдіснамалық және тәжірибелік көмек көрсету бөлігінде өндіріс және қоршаған орта статистикасы салалары бойынша аумақтық органдардың жұмыстарын үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика); техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, азық-түлік өнімдерінің технологиясы); жаратылыстану ғылымдары (математика); қызмет көрсету (жерге орналастыру); ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, аграрлық техника және технология) салаларында.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің 2021 жылғы 1 тамызға дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне), С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Комитеттің және Басқарманың жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуын мониторингілеуді жүзеге асыруға, әлеуметтік, демографиялық және гендерлік статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдіснамалық тәсілдерді жетілдіруге қатысу. Әлеуметтік, демографиялық және гендерлік статистика зерттеулерін ұйымдастыру бойынша қызметті үйлестіру, оларды әдіснамалық және нұсқаулық сүйемелдеуді (статистикалық байқауларды, зерттеу нысандарын және статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдіснамасын әзірлеу) жүзеге асыру.

Әлеуметтік, демографиялық және гендерлік статистика бойынша зерттеу әдіснамасының сақталуын, ақпаратты жинау және өңдеу кезеңдерінде оның уақытында қалыптастырылуын, сонымен бірге зерттеу қорытындыларын және олардың шығарылуын бақылау. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің басқа да басқармаларымен өзара іс-қимыл. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті атынан Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша министрліктерде, ведомстволарда, комиссияларда, комитеттерде және басқа уәкілетті органдарда өкілдік ету. Халықаралық іс-шараларға және жобаларға қатысу, басқа елдердің статистикалық офистерімен ынтымақтастық. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) талаптарын және қызметтік этиканы сақтау.



Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, әлеуметтану, демография); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу); жаратылыстану ғылымдары (математика); білім (математика) салаларында.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



6. Ақпараттық технологиялар басқармасының бас сарапшысы, С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Басқарманың жұмыс жоспарымен қарастырылған жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру. Комитеттің ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын бақылау және ұйымдастыру. Метадеректерді жүргізу саласында ақпараттық жүйелер мен технологияларды құру, дамыту және жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Метадеректерді жүргізу саласында әдіснамалық және әдістемелік түсініктемелер әзірлеу. Метадеректерді жүргізу саласында ақпараттық жүйелер мен технологияларды құру және дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау. Комитеттің деректер қорларымен жұмысты үйлестіру. Комитеттің деректер қорларымен жұмысты мониторингілеу және құралдарды басқару. Комитеттің деректер қорларының «е-Статистика» ИАЖ-ның басқа компоненттерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Комитетте ақпарттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау. Комитет және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі мен ақпараттық жүйелерге, телекоммуникациялар жүйелеріне, есептеуіш және ұйымдастыру техникаларына техникалық қолдауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау. Ақпараттық жүйелер бойынша құжаттаманы әзірлеуге қатысу. Өз құзыреті шегінде Комитеттің бюджеттік бағдарламаларын жоспарлауға қатысу. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша нормативтік-құжаттарды әзірлеу және келісуге қатысу; статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Комитеттің жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруға қатысу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, әлеуметтану, психология); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); құқық (құқықтану); жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, физика); техникалық ғылымдар және технологиялар (басқару және автоматтандыру, ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, стандарттау, сертификаттау және метрология); білім (математика, физика, информатика) салаларында.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

7. Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің 2019 жылғы 27 қыркүйекке дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне), С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Қаржы мәселелері бойынша, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және есеп беру мәселелері бойынша, мiндеттемелер және шаруашылық операцияларын жүргізу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметіне әдістемелік басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыру; қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес аумақтық мемлекеттік мекемелерде және кәсіпорындардағы жұмысты үйлестіру және басшылықты жүзеге асыру, Комитеттiң бюджетiн қалыптастыруға қатысу. Комитетке қарасты мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік тапсырыс шегінде қаржыландырылатын бағдарламалардың, сондай-ақ Комитет өткізетін іс-шаралардың уақытында қаржыландырылуын ұйымдастыру. Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ағымдағы, тоқсан сайын және жылдық есептiлiктi қалыптастыру. Комитеттің бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру; материалдық және еңбек ресурстарының үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталуын бақылау. Негізгі құралдарды және тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын және пайдалы жұмсалуын қамтамасыз ету және бақылау. Құжаттардың дер кезiнде және сапалы орындалуын бақылауды iске асырады, (ЭҚАБЖ) Электрондық құжатайналымының бiрыңғай жүйесiнде Lotus Notes арқылы жұмыс жүргізу.

Басқарма қызметін үйлестіру және ұйымдастыру; алдағы үш жылдық кезеңге Комитеттің бюджеттік өтінімдерін қалыптастыруды ұйымдастыру; нақты шығыстарды анықтауға байланысты төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын түзетуді қамтамасыз ету; Комитет бойынша штаттық кестені әзірлеуді қамтамасыз ету; аумақтық Басқармаларының штаттық кестелерінің келісілуін қамтамасыз ету; бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру және қалыптастыруға қатысу; төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын, қаржыландырудың жеке жоспарларын кейіннен бекіту үшін жасау; статистика саласында сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша ұсынылған сметалардың қаржылық негіздеулеріне талдау; статистика саласында бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар жасау; дамудың стратегиялық жоспарының жобасын әзірлеуге қатысу; статистика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу; талдау жүргізу барысында байқалған құрылымдық бөлімшелердің қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу; Басқарманың жұмыс әдісі мен ұйымдастырылуын жақсарту бойынша іс-шараларға қатысу; үдерістердің тұрақты жақсаруы және жоспарланған нәтижелер жетістіктері бойынша ұсыныстарды жасау; басқарманың қызметі және міндеттерінен туындайтын өзге де тапсырмаларды орындау.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру: жалақыны есептеу және салықтарды ұстау және аудару, қызметкерлердің деректерін енгізу, бастапқы құжаттарды өңдеу (жұмыс уақытын есепке алу табелі, жұмысқа жарамсыздық туралы парақтар, бұйрықтар, анықтамалар беру, № 5 мемориалдық ордерді жүргізу (жалақыны есептеу), мағлұмдаманы құрастыру және СК және қоршаған ортаны қорғау басқармасына, аударылған зейнетақы жарналары туралы статистикалық есептер мәліметтерін ЖЗҚ-на тапсыру, бюджетті орындау және үнемдеу режимін қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеу; белгіленген мерзімде есептілікті дайындау, бастапқы есепке алу құжаттамасын дайындау, олардың қозғалысына байланысты операцияның бухгалтерлік есепке алу шоттарында уақтылы көріну. Құжаттарды ресімдеу дұрыстығын және уақтылылығын, заңдылығын қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде басқарма басшылығының барлық нұсқауларын және өкімдерін орындау.


жүктеу 252 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау