Жануды тоқтату әдістері және от сөндіргіш заттар
Жануды тоқтатудың үш жолы бар:
Жанатын заттың отқа келуін тоқтатып, басқа жаққа алып кету;
Жанып жатқан жерге оттегінің келуін тоқтату немесе оны азайту;
Жанып жатқан затты салқындату;
Отты сөндіру үшін от сөндіргіш заттар пайдаланылады. Олар су, көбік, көмір
қышқылы, инертті газдар, құм, ұнтақтар және түрлі жапқыш құралдар, брезент, киіз, асбест.
Су – өрт сөндіру үшін көп қолданылатын зат. Судың ағыны жалынды бөліп, тұншықтырады. Сондай – ақ, су жанып жатқан затты салқындатып, отты сөндіреді. Су отқа тигенде буға айналып, ол жерге оттегінің қатысуына жол бермейді, сөйтіп жануды тоқтатады. Бірақ суды барлық уақытта пайдалануға болмайды. Ол ток өткізгіш, ол арқылы адамды ток ұруы мүмкін. Қатты қызған темірге тигенде су сутегі мен оттегіне бөлініп, қопарылыс пайда етеді. Сондай – ақ, су кальций карбидіне тигенде ацетилен бөлінеді, әктасқа тигенде жоғары жылу бөлінеді. Мұның бәрі адамның денесін күйдіруі мүмкін.
Судың салмағы жанармайдан ауыр. Сондықтан су жанып жатқан майды сөндірудің орнына оны ұлғайтып жіберуі мүмкін. Су төмен температурада қатып қалады.
Көбік – жақсы от сөндіргіш. Көбікті қысылған ауамен немесе химиялық жолмен алады.қысылған ауамен алынатын көбік ауаның түйіршіктерінен тұрады, ал химиялық жолмен алынатын көбік қышқыл газдан тұрады. Көбік жеңіл болады, оны жанар – жағармайларды сөндіру үшін пайдаланылады. Көбік бензиннің бетінде қалқып жүреді және отқа ауаның, будың, газдың баруына жол бермей, сөндіреді.
Көбікпен еріткіш сұйықтар, электр тогы жүріп тұрған желілерді, адамның үстіндегі киімді сөндіруге болмайды. Ол үшін түрлі жапқыш заттарды пайдалану керек. (киіз, брезент, асбест).
Көмір қышқыл газын түрлі отты сөндіруге пайдалануға болады. Ол ток өткізбейді, ауаны келтірмейді. Оған қоса көмірқышқыл газының қар сияқты массасы – 720С температурасымен отты салқындатады. Ол ауадан 1,5 есе ауыр. Демек, ол оттың арасына кіріп, тұншықтырады.
Көмір қышқыл газымен этилді спиртті, целлулоидты, термитті сөндіре алмаймыз. Өйткені олар оттегінің қатысуынсыз жанады.
Отты сөндіруге, сондай – ақ, инертті газды (азот), өрт сөндіргіш ұнтақтарды (кальцилендірілген сода – графит, тальк, т.с.с) пайдаланады.
Құм да отқа оттегіні келтірмей салқындатады.
Достарыңызбен бөлісу: |