|
«Қоршаған орта мен еңбекті қорғау»Электроқозғалтқыштар мен генераторларды пайдалану кезіндегі электр қауіпсіздігі
|
бет | 43/60 | Дата | 08.05.2020 | өлшемі | 485,86 Kb. | | #30236 |
| қоршЭлектроқозғалтқыштар мен генераторларды пайдалану кезіндегі электр қауіпсіздігі
Электр қозғалтқыштардың жұмыс істеу кезінде немесе тоқ өткізгіш бөлшектеріне қатысты механизмдерін қозғағанда электр қозғалтқыштың кернеуі ажыратылады.
Электр қозғалтқышта жұмыс істеп жатқанда жерге тұйықтауды ТҚ жалғанған кез келген кәбілдік желі учаскесіне орнатуға болады. Механизмдердегі айналып жатқан бөлшектеріне қатысы жоқ жұмыстарда, егер де жалғанған муфта ажыратылған жағдайда кәбілді желіні жерге тұйықтау талап етілмейді.
Егер өшірілген электр қозғалтқышта немесе бірнеше күн жұмыс жүргізілмей тұрса, одан ажыратылған кәбілдік желіні электр қозғалтқыш жағынан жерге тұйықтау керек. Егер қимасы тасымалды жерге тұйықтауға келмейтін болса, пайдалануға электр қозғалтқыш кернеуі 1000 В-қа дейінгі кәбілді желісті қимасы кәбілдің қимасынан кем емес мыс өткізгішпен жерге тұйықтауға болады. Мұндай жерге тұйықтау тасымалды жерге тұйықтау ретінде жедел құжаттамаға жазылуы тиіс.
Сорғылардың, түтінсорғылар мен желдеткіштерінің электр қозғалтқыштарына жұмысқа жіберу алдында жалғанған механизмдері электр қозғалтқышты айналдырмау үшін олардың ысырмалары мен шиберлерін құлыптау керек, сонымен қатар электр қозғалтқыштардың роторларын тежеуге шаралар қолдану керек.
Электр қозғалтқыштардың габариті бойынша жақын біртипті жанында орнатылған электр қозғалтқышта жұмыс жүргізіліп жатса, «Тоқта! Кернеу» деп жазылған плакаттар ілінуі тиіс.
Жұмыс кезінде электр қозғалтқыштардан қоршауды алуға тыйым салынады.
Электр қозғалтқыштардың қолмен қосатын аппаратураларын диэлектрлік қолғаптар кию арқылы қосып және ажырату керек.
Ысырманың электр жетектерінен, электр жетектері шиберлерімен жалғанған атқару механизмдерінен және басқа да құрылғыдан сынақ алу жұмыстарын жүргізуге бригаданың және технологиялық цехтың ауысым бастығының рұқсатымен орындалады.
Сынау жұмысын жүргізуге рұқсат беру және рұқсат алу туралы жазбаны цехтың оперативтік журналына жазу керек.
Атқару механизмдеріне жалғанбаған ашып жабатын арматура мен органдарын реттейтін электр жетектердің электр схемасын баптау мен жөндеу жұмыстары нұсқау бойынша жүргізіледі. Сынауға рұқсатты нұсқау берген жұмысшы береді. Жазба нұсқауды тіркеу кезінде жазылады.
Жұмыстарды толық аяқтағанға дейін сынақтан өткізу үшін электр қозғалтқышты қосу тәртібі мынадай:
1) жұмыс өндірушінің наряды бойынша жұмысты орындау кезінде (осы Қағидалардың 2-қосымшасы) 3-кестегесәйкес жұмыс аяқталуын ресімдейді және наряд береді;
2) нұсқау бойынша жұмысты орындағаннан кейін жұмыс тоқтатылады және бригада таратылады.
Сынау жүргізілгеннен кейін (осы Қағидалардың 2-қосымшасы) 3-кестеге сәйкес қайта жіберу ресімделеді.
Нұсқау бойынша жұмысты орындағаннан кейін қайта жіберуге қайта нұсқау беріледі.
№35 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|