3.3.21 Ферромагнетиктер
Магниттік өтімділігі өте жоғары заттарды ферромагнетиктер деп атайды. Ферромагнетиктерге темір, никель, кобальт және кейбір қорытпалар жатады.
Ферромагнетиктердің негізгі ерекшеліктері мынадай болады:
1)ферромагнетиктердің магниттелуі сыртқы магниттеуші өріс жойылғаннан кейін де сақталады;
2)магниттік өтімділік мен магниттік қабылдағыштық тұрақты болмайды, олар магниттеуші өріске байланысты болады.
Ферромагнетиктерде магниттелу алғашқыда сыртқы - тың артуына байланысты тез артады , содан кейін баяулайды, соңында -қа байланысты болмайтын -магниттік қанығу мәніне жетеді (3.3.21.1- сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |