171
мен білім беру оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық
негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі [1].
Әдістемелік қызмет – ғылыми жетістіктерге, озат педагогикалық тәжірибелерге,
сонымен қатар ұйымның оқу-тәрбие үрдісі бойынша қорытынды талдаулары мен
сараптамаларына, педагогикалық ұжымның ілімдік потенциалын арттыру мен дамытуға,
оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге негізделген біртұтас жүйе. Осы орайда, педагогика
қағидасындағы «Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін есімде қалар, қызықтыр, мен
сонда түсінемін» деген ұстанымы бүгінгі әдістемелік жұмыстың шыңына жетер «алтын
ережесі» деп бағамдауға болады.
Талдықорған агро-техникалық колледжі жоғарыдағы алтын ережелерді басшылыққа
ала отырып, «Оқу -тәрбие үрдісін модернизациялау арқылы, бәсекеге қабілетті кәсіби маман
дайындау » әдістемелік мәселесін, одан келесідей мақсатты көздейді: «Бәсекеге қабілетті
кәсіби біліктілігі қалыптасқан жеке тұлға дайындауда колледждің ғылыми-әдістемелік
қызметін жандандыру арқылы педагогтардың кәсіби құзіретін арттыру» [3].
Күтілетін нәтиже:
Оқытудың инновациялық және ақпараттық – коммуникативтік технологияларын
қолдану арқылы
білім сапасының көтерілуі;
Білім берудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, жан-жақты құзіретті педагогтың
қалыптасуы;
Нәтижеге бағытталған жұмыс негізінде педагогикалық ұжымның ғылыми–
әдістемелік мүмкіндігін жетілдіріп, оқу- тәрбие үрдісін модернизациялау.
Талдықорған агротехникалық колледжіндегі әдістемелік кеңес оқытушының
инновациялық қызметтерін жүзеге асыру үшін әдістемелік пәндік бірлестіктерін құрайды.
Коллдедждің 104 оқытушысы 10 пәндік бірлестіктерге топтастырылды. Әр кафедраның
таңдап алған әдістемелік мәселесі бойынша онкүндік шаралары қалыптасқан дәстүрлі
деңгейде жүргізіледі [4].
Осылайша құрған әдістемелік кеңес оқытушының инновациялық қызметтерін
жоспарлауға кіріседі: колледжің әдістемелік даму бағдарламасын жасайды, жылдық
әдістемелік жоспарын жасайды, оқу бағдарламасын түзейді, оқу жоспары мен күнтізбелік
жоспарын жасауға көмектеседі. Әдістемелік кеңес оқытушының инновациялық даярлығын
қалыптастыру бағытында ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруды, оқытушының
шығармашылығының қалыптасуына ат салысады.
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» -
деген Елбасымыздың сөзіне сүйене отырып, колледжіміздің әдістемелік қызметі екі
жүйемен жүргізіледі: біріншісі – мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарындағы
әдістемелік көмекті ұйымдастыру болса, екіншісі – озық педагогикалық тәжірибелерді
анықтау, зерттеу, жинақтау, тарату.
Аталған екі жүйе негізінде оқу-тәрбие үрдісін модернизациялау барысында
колледждіңәдістемелік қызметі, 9 бағытта жүргізіледі [4].
1–Жоспарлау.
Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан
өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек!
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақты көздеген колледждің әдістемелік кабиенті,
облыстық әдістемелік кабинет жоспарын негізге алып, даму жоспарына сүйеніп, әдістемелік
жоспар бойынша іс- шаралар іске асады.
2–Ұйымдастыру.
Әсерлі ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс –қашанда өз
нәтижесін бермек.
Коллдедждің 104 оқытушысы 10 пәндік бірлестіктерге топтастырылды. Әр
кафедраның таңдап алған әдістемелік мәселесі бойынша онкүндік шаралары қалыптасқан
дәстүрлі деңгейде жүргізіледі.
3– Оқу – өндірістік жұмыс.
Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған
ғана табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал».
Теорияны практикамен
172
ұштастыру мақсатында оқу өндірістік жұмысты жандандыруда колледж оқытушыларына
тәжірибелік сабақтың жоспарларын жасау барысында әдістемелік кеңестермен, нұсқаулар
беріледі. Оқытушылардың ақпараттық және әдістемелік мәдениетін дамыта отырып, білім
беру жүйесіндегі
жаңалықтар, жаңа педагогикалық технологиялар жөнінде кеңес беру.
4–Оқу – тәрбие жұмысы.
Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне,
оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін
отбасы»
Ой – өрісі жоғары, жан дүниесі таза, шығанмашылық қабілеті дамыған, жаңа өмір
талабына сай кәсіби маман және тұлға тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының
үздіксіз білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасындағы 8 бағытын басшылыққа алады.
«Жас топ жетекшілермен» шебер сыныптар өткізіледі. Теориялық сабақты өткізу барысында
тәрбиелік мақсатының орындауын жіті қадағаланады.
«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген А.
Байтұрсыновтың сөзін негізге алып, оқу тәрбие жоспарының негізінде тағылымы терең
тәрбие сағаттары іске асырылады.
5– Озық-педагогикалық тәжірибе, «тәлімгер ұстаз», «жас маман» мектебі.
Терең
білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны
[5].
Оқытушы мен білім алушылардың инновациялық көзқарастағы шығармашыл тұлғаны
қалыптастыру мақсатында тәлімгер ұстаз мектебі шығармашылық топпен тығыз
байланысты жұмыс жасайды. Тәлімгер ұстаздардың іс-тәжірибесі облыстық, республикалық,
халықаралық деңгейдегі басылым беттеріне шығарылады. Жаңа буын оқулықтары мен
авторлық оқулықтар «Экономика», «Сүт және сүт өнімдері» мамандықтар бойынша екі
оқытушы басып шығарса, «Ветеринария» мамандықтарындағы апробациядан өткен
оқулықтар іс-тәжірибеде пайдаланылуда [7].
Оқытушылар арасында тәлімгерлік жұмыстарды жандандыруда, сабақ беру сапасын
барынша арттырып, оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын үйретіп әдістемелік
көмек көрсету мақсатында педагогикалық жұмысты алғаш бастаған жас ұстаздарға
тәлімгерлер
бекітіліп,педагогтардың кәсіби шеберліктерін дамытуға көмек көрсетіледі.
- ғылыми әдістемелік жаңалықтарды шолу
- ашық
сабақтар өткізу
- әдістемелік сараптамалар,
көрмелер ұйымдастыру
- педагогикалық оқулар
- оқытушылардың кәсіптік рейтингін анықтау
- ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстелдер, трейнингтер
- Эксперименттік жұмыстар
- Кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастыру. шығармашылық есептерге қатысады.
6–Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу барысында нарық заманында
бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық технологияларды меңгеруге дайын
жұмысшы мамандар даярлау, еңбек нарығында қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында
«Сүт және сүт өнімдерінің» мамандығы бойынша дуалды оқыту технологиясын,
«Ветеринария» мамандығы бойынша модульдік оқыту технологиясы негізінде нәтижеге
бағытталған эксперимент
жұмыстары жасалуда
.
7-Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында.
Бұл заман білекке сенетін емес,
білімге сенетін заман»
жастардың жеке шығармашылық қабілеттерін ашып, іріктеу және
оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, білім алушыларды ғылыми жұмысқа тарту және
нәтижелілігін арттыру мақсатында колледждің «Жас ғалымдар» орталығы құрылып,
«Шығармашылық топ» мүшелері бірлескен жұмыстың нәтижесінде қабілеті бар талантты
жастарды іріктеліп, аймақтық, облыстық , республикалық ғылыми-практикалық
конференцияларға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.