275
материалдармен таныстыру.
4. Консультациялық қызмет – жас мамандарға, оқытушыларды аттестаттау
кезеңінде әдістемелік жан-жақты көмек көрсету.
Әдістемелік қызметтін ұйымдастыру формалары:
• Педагогикалық және әдістемелік Кеңестер;
• ПЦК жұмысы;
• Психологиялық және педагогикалық семинарлар;
• Теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциялар;
• Педагогикалық оқулар;
• Әдістемелік көрме және бюллетендер шығару;
• Тәлімгерлік жұмыс;
• Озық тәжірибе мектебі;
• Шебер сыныптар;
• Оқытушылардың шығармашылық есептері;
• Ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар;
• Онлайнконференциялар т.б.
Колледжде дәстүрге айналған рейтингтік бағалау жүйесінің мониторингі және
оқытушының кәсіби білімін жоспарлы сабақтарға қатысу, оқу жылының қорытындысын
талдау барысында оқытушының жеткен жетістіктерін саралау, оқытушының актуалдық
педагогикалық мәселе төңірегінде өз білімін көтеру мақсатында тақырыпқа ізденіс
жасау,оқытушының жұмыс құжаттарын (жоспарларын) зерделеу, сауалнамалар алу
барысында озат педагогикалық тәжірибелі оқытушылардың жұмыстарын жинақтау және
жалпылау – жұмыстың негізгі аналитикалық бөлігін құрайды.
Озат педагогикалық тәжірибе – білім берудегі, соның ішіндегі педагогикадағы
жаңашылдық пен зерттеушілік тәжірибеге сүйеніп, нақты дерктер мен соңғы жаңалықтарға
негізделген теориялық талдау және жинақтаудан құралған білім беру мекемесінің немесе
үнемі ізденісте болатын тәжірибелі педагог—маман еңбегінің жемісі. Ф.Ш.Терегуловтың [2]
пікірінше, озат тәжірибенің әр кезеңінің (анықтау - зерделеу – жалпылау - көпшілікке ұсыну
- енгізу) өзіндік критерийлері бар. Анықтау кезеңінің басты критерийі – тұрақты жоғары
нәтиже, зерделеу кезеңінің критерийі – жоғары нәтиженің педагогикалық жетістікпен
сабақтастығын талдау, жалпылау кезеңінің критерийі – тәжірибенің негізгі идеясын саралау.
Көпшілікке ұсыну және енгізу кезеңдерінің басты критерийі – тәжірибе туралы мәліметтерді
толықтыру, тәжірибенің базалық моделін жасау болып табылады.Озат педагогикалық
тәжірибені зерттеу, жалпылау және тарату мақсатында колледжде «Озақ педагогикалық
тәжірибе» мектебінің ұзақ мерзімді жоспары құрылды.Жоспар аумағында келесі іс-шаралар
өткізілді:
І. Ұйымдастыру кезеңі (анықтау). «Озат педагогикалық тәжірибемектебінің Ережесі,
озат тәжірибені оқып-үйрену үшін шығармашылық топ құрылды. Тәжірибелі
оқытушылардың сабақтарына қатысу үшін кестелер жасалды. Тәжірибе тақырыбы бойынша
әдебиеттерді оқу және материалдар картотекасы құрылды.
Озық тәжірибе тақырыбптар анықталды.
Олар: Т.А.Атыхановтың «Математика сабақтарында «Оқытудың «Үшөлшемді
әдістемелік жүйе» педагогикалық технологияны қолдану арқылы студенттердің өз бетімен
жұмыс жасау қабілетін арттыру[4]»;
Г.А.Юнусованың «Жаңа технологияның тиімді жолдарын оқу үрдісінде пайдалану
арқылы студенттердің білім деңгейлерін арттыру».
ІІ. Теориялық-тәжірибелік дайындық (зерделеу). Жоспарлы сабақтарға қатысып,
талдаулар жүріп отырды. Сауалнамалар мен бақылау жұмыстары алынып, мониторингі
жасалды. Оқу үрдісінде қажетті әдістемелік көмек көрсетілді (құжаттарды жазуда,
тәжірибені өзіндік бақылауда, кәсіби деңгейін көтеруде т.б.) және нақты материалдарды
жинау жүргізілді (әзірлемелер, сызбалар, жоспарлар, диагностикалық мәліметтер т.б.).
276
ІІІ. Құжаттар жиынтығы (жалпылау). Алынған мәліметтерге талдау жасалып, өңделді.
Оқытушылардың сабақ жоспарлары, оқу-әдістемелік кешендері дайындалды. Басылым
беттеріне мақалалары жарияланды.
ІV. Таратылған тәжірибені бағалау және шешім қабылдау.
2012ж. Ғылыми-әдістемелік Кеңес №6 (28.06.2012ж) отырысында озат тәжірибе
нәтижесі тыңдалды.Кеңес шешімімен Т.А.Атыхановтың «Математика сабақтарында
«Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологияны қолдану арқылы
студенттердің өз бетімен жұмыс жасау қабілетін арттыру»; Г.А.Юнусованың «Жаңа
технологияның тиімді жолдарын оқу үрдісінде пайдалану арқылы студенттердің білім
деңгейлерін арттыру» тәжірибесі колледж ішінде тарқатылды.
V. Насихаттау, тарату және енгізу
2012-2013 о.ж. Озат педагогикалық тәжірибені тарату ашық сабақ апталығы,
құжаттар көрмесі, шебер сыныптар апталығы, педагогикалық оқуларда баяндамалар жасау,
оқу-әдістемелік кешендерін жинақтау формасында жүзеге асырылды.
2013ж. Ғылыми-әдістемелік Кеңес № 6 (28.05.2013ж.) отырысында озат тәжірибені
тарату, жинақтау бойынша шығармашылық топ есебі тыңдалды. Кеңес шешімімен озат
тәжірибеніоблыс көлемінде тарату ұсынылды.
2013 ж. (14 қараша 2013ж.) Біліктілікті арттырудың ұлттық «Өрлеу» орталығы АҚ
облыстық филиалы директорының атына сұраныс
жолданды.
2014ж.
Біліктілікті
арттырудың
ұлттық
«Өрлеу»
орталығы
АҚ
облыстық
филиалы
директорының атына сұраныс негізінде «Оқытудың
«Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық
технологиясының авторы п.ғ.д., профессор Ж.У.
Кобдиковамен өткізілген семинарда ашық сабқтар
берілді. Семинар қорытындысы бойынша Т.А.
Атыхановқа, Г.А. Юнусоваға Г.Қ. Қалабаеваға Алғыс
хат беріліп, оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік
жүйесі» педагогикалық технологиясының авторы Ж.У. Кобдикова Т.А. Атыхановтың және
Г.А. Юнусованың озат тәжірибесін облыс көлемінде таратуға пікір жазды.
2014ж. Т.А.Атыханов «Техникалық және кәсіптік оқытудың дамуы: тәжірибе,
проблемалар, перспективалар» тақырыбындағы облыстық колледж оқытушыларының
педагогикалық оқуындағы «Математика сабақтарында «Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік
жүйесі» педагогикалық технологияны қолдану арқылы студенттердің өз бетімен жұмыс
жасау қабілетін арттыру» баяндамасы І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2015ж. 23 сәуірде «Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Әдістемелік
кабинеті» МКҚК техникалық және кәсіптік бөлімі әдістемелік Кеңесінде «Оқытудың
«Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиянысының негізінде «
Туындының көмегімен функцияны зеттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |