71
Н.Т.Аккалиева
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Абай атындағы жалпы орта мектебі
1 санатты орыс тілі мен
әдебиет пәнінің мұғалімі
Жаңа білім мазмұны - тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамыту үшін
сабақта білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру
болып табылады.
Қоғамға білімді, адамгершілігі мол және белсенді, ұтқыр, тапқыр адамдар қажет.
Олар өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті, ынтымақтастыққа қосылатын, өз тағдыры мен
ел тағдырына жауапкершілік сезіміне ие болуы қажет.
Қоғам ішіндегі мәдени және саяси сауатсыздық, жастарымыздың болашақта дамуы,
өсуі үлкен проблемаға айналғалы тұр.
Біздің уақыт көшбасшы кім болды? Көшбасшы, Лидер ( ағылшынан. leader –
ведущий, бірінші, алда жұретін адам) – қандай да бір топта (ұйымда) беделді тұлға болып
танылған адам. Көшбасшысы қалғандарын артынан ертіп отырып, өзі мүдделі болған іске
достарының арасында қызығушылық оятуға қабілетті. Адамдар дәл онымен қиын сәттерде
кеңескісі келеді, қуанышымен бөлісуге дайын, Көшбасшы әрқашан көмек көрсетуге дайын.
Мектеп – білім бесігі десек, сол мектепте ұйымдастырылған оқу – тәрбие үрдісі
еліміздің болашағына ықпалын тигізді, өйткені ұлттық мектеп – қоғам идеясының жүзеге
асырушысы. Мектепте оқушының көшбасшы болып қалыптасуында орны бөлек. Қөшбасшы
оқушы болашақта айналасындағы адамдарға жақсы әсері болуы үшін, сынып жетекші тәрбие
жұмысын тиімді жүргізуі керек.
Сынып жетекші баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын,
өзін-өзі тануына көмек көрсететін, әлеуметтік өмірге бейімделген, рухани дүниесі бай,
білімді, зерттеу мәдениеті қалыптасқан, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты дамытып,
жетілдіретін маман болып табылады.
Өз сыныбындағы оқушыларды саралай отырып, оларға жеке дамуына жол сілтейтін
сынып жетекші. Жақсы құрылған тәрбие жұмысына қатысқан жасөспірім өзінің өмірдегі
жолын қателеспей табуға тиіс, өткені көптегенжасөспірімдеркөшбасшыға қажетті
қасиеттерін байқауға болады, бірақ әркімніңөзін дамытуға жәненығайтуға мүмкіндігі жоқ.
Қазіргі таңда оқушы бойындағы көшбасшылық қасиеттерің анықтап, оларды дамыту
жолдары көп жерлерде зерттеліп, анықталып келеді.
Көшбасшының қалыптасуы мен топтың дамуы бұл үздіксіз және үзілмейтін процесс.
Көшбасшы болып тумайды, оған айналады.Тұлға өмір бойы тәрбиеленіп қалыптасады, ал
мектептің уақыты тұлға қалыптасуының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.
Джон Максвелл: «Жетістікке жету үшін, артыңыздан қолдауышыларды ертіңіз,
жетістікті еселеп көбейткіңіз келсе - Көшбасшыларды ертіңіз!» деген.
Барлық жерде екі адамнан артық адам жиналып қалса, көшбасшылықты
қалыптастыру проблемасы туындайды. Топ құру процесінде оның кейбір қатысушылары
неғұрлым белсенді рөл атқара бастайды, қалғандары олардың сөзіне үлкен құрметпен құлақ
асады. Сол кезде қатысушылардың тобының көшбасшылары мен ізбасарларына бөлінуі
басталады.
Лидерлік - бұл жеке басын куәландыратын, барлық қалған топ мүшелері құқығын
мойындап, өзіне ең жауапты шешім, олардың мүдделерінің бағыты мен сипатын қозғайтын
және анықтайтын қызмет. Ол ресми түрде тағайындалуы мүмкін, немесе ресми емес, бірақ
ұжымды өзінің ұйымдастырушылық қабілеттерінің күшімен басқарып отырады.
72
Көшбасшысына тән мынадай психологиялық қасиеттері: өзін-өзі сенімділік, өткір
және икемді ақыл, құзыреттілік ретінде өз ісін егжей-тегжейлі білу, мықты ерік-жігер,
адамдардың психологиясының ерекшеліктерін түсіну қабілеті, ұйымдастырушылық қабілеті.
Алайда, нақты топтарды талдауы көрсеткендей, кейде аталған қасиеттерге ие емес
адамда көшбасшыға айналады, және екінші жағынан аталған қасиеттерге ие адам көшбасшы
болып табылмайды.
Сонда ситуативті лидерлік теория пайда болады , бір жағдай туындаған кезде, оны
оңтайлы шешу үшін, сапасы, қасиеттері, қабілеттері, тәжірибесі бар адам көшбасшы болады,
топтың жағдайын жасайды.
Әр түрлі жағдайларда топ мұшелері әр түрлі адамдарды көшбасшы ретінде ұсынады.
Лидер бұл топ айнасы, осы нақты берілген тобында пайда болады.Тобының көшбасшы
болып табылатын адам басқа топта міндетті қайтадан көшбасшы бола қоймайды. (басқа
топта әр түрлі құндылықтар, көшбасшыға деген түрлі үміттер мен сұраныстар)
Бірінші кезекте, оқушылардың мектепте оқу дайындығы, психологиялық- әлеуметтік
бейімделуі, қарым-қатынас деңгейі, мінездері, көшбасшы деңгейін диагностикалау
мақсатында сауалнамалар жұргізілді. Ата-аналармен, бастауыш сынып жетекшісімен
пікірлескенім, оқушыларды жан-жақты зерттеуме көмегін тигізді.Зерттеулерде Б. Д.
Парыгин көшбасшыларды бөлген екен. Көшбасшылардың жіктелу топтарына жақын келетін
оқушыларды топтастырдым. Жұмыстар жиынтығы төмендегідей болды.
Сынып оқушыларының қөшбасшылық қабілеттері жақсы деңгейде екені анықталды.
Екінші кезекте сынып оқушыларының көшбасшылық қасиеттерін еселеу үшін
Дамуалгоритмі жасақталды. Негізі ол тек 5-6 сыныптарға арналған, себебі 7-8 сыныптарда
Даму алгоритмі сол уақыттағы оқушылардың даму деңгейіне қарай кері жасақталады.
Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі. Алгоритм сөзі ІХ ғасырда
өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен
ұлы математик Әл- Хорезмидің атының латынша жазылуы algorithmi сөзінен алынған.
Осылайша алгоритм ұғымы математикада ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық
теорианың объектісі ретінде кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-
шы жылдарында зерттеле бастады.
Алгоритм деп берілген идеяны шешудегі жасалатын әрекеттерді дәл және
қарапайым етіп жазуды айтамыз. Басқаша айтқанда алға қойылған мақсатқа жетуде
орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды
немесе әрекеттерін орындалу реттілігін анықтайтын жарлықты алгоритм дейміз. Алгоритм
белгілі бір реттілігімен бірінен соң бірі орындалатын бірнеше қадамдардан тұрады.
Алгоритмнің әрбір қадамы бір немесе бірнеше қарапайым операцияларды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |