Әдістемелік нұсқау: Күрделі нысандағы (формадағы) пьесамен жұмыс жасағанда ең алдымен шығарманың ноталық мәтінін тыңғылықты түрде,
асықпай қарап алу керек. Қиын жерлерін белгілеп қойып, әбден жақсы ойнағанша жеке-жеке фраза бойынша бірнеше рет қайталап ойнау керек. Содан кейін динамикалық белгілерін сақтай отырып, шығарманы бөліп-бөліп жаттау керек. Ойнау барысында аппликатураның дұрыс болуына, біргелкі екпінде болуына, дыбыстардың тазалығына ерекше көңіл бөлген дұрыс.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. А. Жайымов, С. Бүркітов, Б. Ысқақов. Домбыра үйрену мектебі.
Алматы, «Өнер», 1992.
2. Домбыраға арналған педагогикалық репертуар. – Музыка мектептерінің 1-
5 кластары үшін. Құрастырған Қ. Мерембаев – Алматы, «Өнер», 1980.
3. Л. Хамиди, Б. Ғизатов. Домбыра үйрену мектебі. Алматы, «Өнер», 1983.
№ 12-ші тақырып: «2-ші этюдпен жұмыс жасау».
Мақсаты: Этюдтың ерекшеліктерін талдап, ноталық мәтінін дұрыс аппликатурамен, дұрыс штрихтармен ойнап үйрену.
Тапсырма: Этюдтың ноталық мәтінін толықтай талдап, ойнау.
Достарыңызбен бөлісу: |