С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
Кәсіпорындағы экономика және басқару кафедрасы
050507 – Менеджмент мамандығының студенттеріне арналған қорытынды мемлекетік аттестация бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Павлодар
Қорытынды мемлекеттік аттестация бойынша әдістемелік нұсқаулықты бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ СҰ Т 7.18.2/01
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
_____________ Н.Э. Пфейфер
«___» _________ 20__ ж.
050507 – Менеджмент мамандығының студенттеріне арналған қорытынды мемлекеттік аттестациясы бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Әдістемелік нұсқаулық білім берудің Мемлекеттік жалпы міндеті негізінде әзірленген: ҚР МЖМБС 3.08.311-2006 «Бакалавриат 050507– Менеджмент мамандығы» және ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 «Жоғары оқу орындарында дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың ережесі. Негізгі ережелер»
Құрастырушы: КЭБ кафедрасының профессоры, т.ғ.к., доцент___ С.С. Донцов
Кәсіпорындағы экономика және басқару кафедрасы
Кафедра отырысында ұсынылған, № __ хаттамасы «___» _______ 20__ ж.
Кафедра меңгерушісі ________________ С.К. Кунязова
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
«___» _______ 20__ ж. № __ хаттамасы
ОӘК төрайымы ______________ Л.А. Сидорова
КЕЛІСІЛДІ: Факультет деканы _______________ Эрназаров Т.Я. «___»__________20__ ж.
ҮҰ және ӘҚ ҚҰПТАЛДЫ:
ЖжӘҚБ бастығы_______________ Варакута А.А. «___»__________20__ ж.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
«___»______________20__ ж. №____хаттамасы
1 Жалпы ережелер
Қорытынды мемлекеттік аттестациясы білім беру ұйымдарында оқытылатын, жоғары білім беретін білім ұйымдарында, оқу үрдісінің кестесімен (академиялық күнтізбемен) және жоғары кәсіби оқу орындағы оқу жұмыс жоспарымен қарастырылған мерзімде жүргізіледі.
Қорытынды мемлекеттік аттестациясының мақсаттары.
Қорытынды мемлекеттік аттестациясын жүргізу мақсаты болып арнайы теориялық білімдерінің деңгейін және таңдалған мамандықтары бойынша тәжірибелік қызметтеріне түлектердің дайындықтарын анықтау саналады.
Қорытынды мемлекеттік аттестациясының тапсырмалары.
Қойылған талаптар келесі тапсырмалардың қажеттілігін болжамдайды:
мемлекеттік емтиханның негізгі талаптарымен студенттердің дайындық деңгейлерінің сәйкестігін анықтау;
дипломдық жұмысты орындау және оларды қорғау ережесі бойынша студенттерге арналған міндетті талаптарды, тәртіптерді және кепілдемелерді анықтау;
түлектердің жұмыс тақырыптарының өзектілігін, олардың ғылыми деңгейін жүйелік арттыруын және орындау сапасын, сонымен қатар тәжірибелік маңыздылығында айтылғандай сипатталатын жұмыс мөлшерін ұлғайтуды қамтамасыздандыру;
алдындағы оқу үрдісіндегі өздік студенттік жұмыстарының орнын басуын дамытуды ынталандыру;
түлек жұмыстарының өз уақытындағы дайындығын және сапалы дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын мазмұндау, негізгі ұсыныстарын нақты ұсыну, қорытындылары және кепілдемелерін қалыптастыру.
Қорытынды мемлекеттік аттестациялардың түрлері.
Студенттердің-түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы мамандық және диплом жұмысын қорғау бойынша кешендік мемлекеттік емтиханды тапсыруды болжамдайды.
Мемлекеттік емтихан түлектердің мамандықтары бойынша бекітілген бағдарламаларға сәйкес бес пән бойынша жазбаша сұрай және тесттік түрде жүргізіледі.
Дипломдық жұмысты қорғау жариялы нысанда студенттердің, шығарушы кафедраның оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырылады. Қорғауға сонымен қатар ғылыми жетекшісі, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және басқа мүдделі тұлғалар шақыртылуы мүмкін.
2 Мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және жүргізу
Мемлекеттік емтихан алдында әр мамандыққа арналған алдын ала бекітілгендердің тізіміндегі бес пән бойынша дәріс мәліметтері қарастырылған. Әр пәндер бойынша дәріс мәліметтерін оқу көлемі 4 сағатты құрайды (20 сағаттан көп емес).
Дипломдық жоба бойынша кеңес беру және осы жұмыстың оқытушы-жетекшінің ағымдағы кеңес беру кестесі бойынша түлек жұмысының орындалуы өндірістік тәжірибе кезінде іске асырылады.
Қорытынды мемлекеттік аттестацияларға оқу бағарламалары және оқу жоспарының талаптарына сәйкес білім беру үрдісін аяқтаған, оқушылар жіберіледі.
Білім беру үрдісін аяқтаудың негізгі критерилері болып бакалавриат мамандықтарының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес теориялық курстардың қажетті көлемімен меңгеру саналады.
Мемлекеттік емтиханға дайындалу үшін бір апта бөлінеді.
Оқушылардың қорытынды мемлекеттік аттестациясына жіберілуі оқушылардың тізімі бойынша факультет деканының бөлуімен ресімделеді және мемлекеттік аттестациялық комиссияға жіберіледі.
Факультет деканына мемлекеттік аттестациялық комиссиялары жұмысының кестесін құру бойынша жауакершілік тартады.
Мемлекеттік аттестациялық комиссиялар жұмысының кестесі ректормен бекітіледі және мемлекеттік аттестациялық комиссия жұмысы басталмас бұрын екі жұма бұрын жалпы мәлімдеге дейін жіберіледі. Мемлекеттік аттестациялық комиссия отырысының ұзақтылығы күніне 6 сағаттан аспауы тиіс.
Мемлееттік емтиханды өткізу тәртібі оның бағдарламасы мазмұнының есебімен анықталады. Емтихан билет бойынша жазбаша жауап және тестілеу бойынша жинақталған түрде жүргізіледі. Осылайша бір уақытта тапсыратын студенттердің максималды саны 15 адамнан аспауы тиіс.
Тестілеуді ОПСжәнеМБ жүргізеді. Тесттік тапсырмалардың нұсқаулары жалпы базадан өздік тәртіптен қалыптасқан бес пән бойынша 30 сұрақтан, 250 тестен тұрады (оқу пәндеріне 50 сұрақтардан). Тестілеу уақыты – 45 минут.
Жазбаша емтиханды 5 адамнан тұратын мемлекеттік емтихан комиссиясы жүргізеді. Билет құрамына мемлекеттік емтихан бағдарламасынан тұратын, жалпы пәндер ішінен бес пән бойынша 3 сұрақ кіреді. Жазбаша емтиханды жүргізу уақыты – 2 сағат.
3 Түлек жұмысын қорғау тәртібі
Диплом жұмысының тақырыбын анықтаған кезінде нақты тапсырмаларын және өндіріс, білім, ғылым және мәдени проблемаларын есептеуді ұсынылған. Диплом жұмысының тақырыптары мамандардың кәсіби дайындықтарына және мамандықтарына сәйкес болуы тиіс.
Диплом жұмысының тақырыбы шығарушы кафедрамен әзірленеді, факультет кеңесімен қарастырылады және бекітіледі. Студент диплом жұмысының тақырыбын бекітілген тақырыптан таңдайды.
Студентке бекітілген тақырыптардан тыс диплом жұмысының тақырыбын орындауға құқығы бар. Осындай жағдайда студент ұсынылған тақырыптың мақсатты бейнеде әзірленуінің толық негіздерін және тапсырыс берген тақырыпты орындауға ұйым жағынан хатты ұсынуы тиіс.
Диплом жұмысына арналған тақырыпты оның аяқталу мерзімінің белгіленген күні кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Жұмыстың күнтізбелік кестесі жеке бөлімдерінің орындалу кезеңінің нұсқасымен барлық кезеңіне құрастырылады және ғылыми жетекшімен келіседі. Диплом жұмысын орындау бойынша студенттің кезеңдік есеп беру мерзімі кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Осы мерзімде студент диплом жұмысының дайындық дәрежесін бекітетін ғылыми жетекшінің және кафедра меңгерушісінің алдында есеп береді және осы туралы факультет деканына хабарлайды.
Дипломдық жұмысты жазу және қорғау үшін күнтізбелік уақыттың бес аптасы немесе төрт кредиттер бөлу қарастырылған. Осылайша оқушының диплом алдындағы (өндірістік) тәжірибеде жиналған мәліметтер, дипломдық жұмыстың екінші бөлімін (аналитикалық) жазу үшін ұсынылуы тиіс.
Дипломдық жұмыс диплом алдындағы тәжірибенің соңғы аптасында қорғау алдындағы процедура өтуі үшін шығарушы кафедраға ұсынылады.
Дипломдық жұмысты қорғау алдындағы қорғау студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшінің қатысуымен және де, қажетті жағдайда ғылыми кеңесшінің қатысуымен жүргізіледі.
Диплом алдынғы қорғау кафедра отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Дипломдық жұмысты қорғау мемлекеттік аттестация комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.
Дипломдық жұмысты қорғау келесі жүйелікпен жүргізіледі:
қорғау алдында МАК хатшысы комиссия төрағасына дипломдық жұмысты және диплом жұмысының тақырыбын ұсынады және студенттің тегін атап хабарлайды;
диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациалық комиссияның және қатысушылардың алдында 7-15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды;
баяндаманы аяқтаған соң дипломшы нақты әрі қысқаша жауап беретіндей комиссия мүшелері сұрақ қояды;
сұрақтарға жауап бергеннен кейін МАК хатшысы ғылыми жетекшінің пікірін оқиды және Сын пікір және пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.
Дипломдық жұмысты қорғау жариялы нысанда студенттердің, шығарушы кафедраның оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырылады. Қорғауға сонымен қатар ғылыми жетекшісі, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және басқа мүдделі тұлғалар шақыртылуы мүмкін.
Дипломдық жұмысты талқылауға сұрақтар немесе сөз сөйлеу нысанында қатысушылардың барлығы қатыса алады.
Бір диплом жұмысын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 30 минуттан аспауы қажет. Бір күнде қорғайтындардың жалпы саны– 10 адамнан аспауы тиіс.
Қажетті қорытынды есеп құжаттарын ресімдеуімен оқу үрдісінің барлық алдыңғы кезеңдерінде студенттер қорытынды мемлекеттік аттестацияға жіберілулері тиіс. Міндетті түрде дәріс сабақтарына және кеңес беру сабақтарына қатысуға, мемлекеттік емтиханға дайындалуға және оны сәтті тапсыруға, сонымен қатар барлық талаптарды орындауға және дипломдық жұмысты қорғауға міндетті.
4 Мемлекеттік емтихан және түлек жұмыстарын бағалау тәртібі
Жинақы түрде жүргізілген, мемлекеттік емтихан қорытындыларының бағалары келесі түрде іске асырылады.
Тест қорытындыларын 100-баллдық шкала бойынша ОМиКУП таратады. Тест тапсырмаларының нұсқалары бойынша жауаптарының бағасы кілттері сәйкестігінің қолдануымен автоматты түрде іске асырылады. Осылайша мемлекеттік емтиханның қорытынды бағасындағы тест тапсырмаларының қорытындысының салыстырмалы салмағы 0,3 құрайды.
Билет бойынша жүргізілген эазбаша емтиханның қорытындылары, сонымен қатар 100-баллдық шкала бойынша емтихандық комиссия бағалайды. Жазбаша емтиханды бағалаған кезде жауаптың толықтығы және дұрыстығы есептелінеді. Жазбаша емтиханның салыстырмалы салмағының қорытындысы қорытынды бағала – 0,7.
Тесттік қорытындылардың есебімен (Т) және жазбаша емтиханның (Ж) есебі мемлекеттік емтиханның қорытынды бағасы (Қ) формула бойынша есептелінеді:
Қ = Т х 0,3 + Ж х 0,7.
Мемлекеттік емтиханның соңғы қорытындысы емтихан тапсырған күні емтихан комиссиясының отырысынан кейін студенттерге хабарланады.
Диплом жұмысын қорғау қорытындылары баллдық-рейтингтік және әріптік жүйеде бағаланады. Осылайша назарларына теориялық, ғылыми және тәжірибелік дайындықтарының деңгейлері, ғылыми жетекшінің сын пікірі және сын пікір берушінің бағасына назар аударылады.
Диплом жұмысы бағасының негізгі сапалы критериялары болып саналатындар:
тақырыптың өзектілігі және жаңалығы;
тақырыптары бойынша пайдаланылған отандық және шетел әдебиеттерінің жеткіліктілігі;
диплом жұмысының тәжірибелік белгілері;
диплом жұмысында қойылған тапсырмаларды орындау үшін жиналған эмпирикалық деректердің жеткіліктері;
қорытындыда алынған интерпретациялар және талдаудың негіздемелері және тереңділіктері;
мәліметтер баяндылығының сауаттылығы және нақтылығы, жұмыстың сапалы ресімділігі;
дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік сұрақтары бойынша баяндамасын, МАК мүшелерінің сұрақтарына дұрыс және терең жауап беру және сын пікір берушілердің ескертулеріне өз ойларын жеткізе білу.
Диплом жұмысын қорғау қорытындылары әр студент бойынша жеке-жеке мемлекеттік аттестациялық комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
5 Қайта аттестация жүргізу тәртібі
Жақсы бағаға жоғарылату мақсатымен мемлекеттік емтиханды және дипломдық жұмысты қорғауды қайта тапсыруға болмайды.
«қанағатсыз» баға алған тұлғаларға, қазіргі уақытта қорытынды мемлекеттік аттестация мемлекеттік емтиханды қайта тапсыру және (немесе) дипломдық жұмысты қайта қорғауға рұқсат етпейді.
Егер диплом жұмысын қорғауда қанағатсыз жағдайда, мемлекеттік аттестациялық комиссия осы жұмысты оқушы қайта өндеп қайта қорғауға немесе шығарушы кафедра анықтайтын, жаңа тақырыпты әзірлей алама.
Оқушының қайта қорытынды мемлекеттік аттестациясы алдыңғы қорытынды мемлекеттік аттестациясында қанағатсыз бағасы бойынша оның түрлері бойынша қорытынды мемлекеттік аттестацияның келесі кезеңі бойынша әзірленеді.
Осылайша мемлекеттік емтиханға шығарылған пәндердің тізімі, оқылған теориялық курстың жыл соңында қызмет ететін оқу жоспармен анықталады.
Қорытынды мемлекеттік аттестация кезінде қанағатсыз баға алған оқушылар, бекітілген үлгі анықтамасын берумен ректордың бұйрығымен жоғары оқу орнынан шығарылады.
6 Университетті аяқтау туралы құжаттарды беру және рәсімдеу тәртібі
Диплом жұмысын қорғаған және мемлекеттік емтиханды тапсырған оқушыларға, мемлекеттік аттестациялық комиссияның шешуімен сәйкес мамандар бойынша академиялық бакалавры дәрежесі беріледі.
Диплом қосымшасына оқушының оқу жоспарын орындау туралы факультет деканының анықтамасы негізінде, барлық пәндер бойынша алынған бағалары негізінде жалпыға білім беру стандарты, тапсырылған курстық жобалары (жұмыстары), тәжірибе түрлері және қорытынды мемлекеттік аттестацияларының қорытындылары бойынша толтырылады.
Емтиханды және дифференцияланған сынақты «өте жақсы» бағаға тапсырғандар, оқу жоспарының барлық пәндері бойынша 75 пайыздан көп, ал басқа пәндерден – «жақсы» баға алғандар, және мемлекеттік емтиханды және түлек жұмысын «өте жақсы» бағаға қорғаған оқушыларға өте жақсы дипломы беріледі.
Университеттің студенттік кадр бөлімінде тексеру қағазына қол қойылған соң, түлектердің өз қолдарына құжаттары беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |