Қорқыт Ата атындағы Қму сапа жүйесі жөніндегі өкілеттісі



жүктеу 144,23 Kb.
Pdf просмотр
Дата27.12.2019
өлшемі144,23 Kb.
#25140


Е 0.03-17 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің сапа 

менеджменті жүйесі бойынша өкілеттісі туралы 

ЕРЕЖЕ 

 

 



1. ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

Осы  ереже  Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетінің  сапа 

менеджменті  жүйесі  бойынша  өкілеттісін  тағайындау  тәртібін,  оның  міндеттері  мен 

құқықтарын  белгілейді.   



 

2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 

Осы ережеде келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылған: 

СТУ 4.01-17 «Сапа жүйесі құжаттарын басқару»; 

СТУ 4.02-17«Сапа туралы жазбаларды басқару»; 

СТУ 5.01-17 «Басшылық тарапынан талдау»; 

СТУ 9.01-17 «Сапа жүйесінің ішкі тексерулері»; 

СТУ 9.02-17 «Алдын алушы және түзетуші әрекеттер». 

 

3. АНЫҚТАМАЛАР 



 

Қорқыт  Ата  атындағы  ҚМУ  сапа  жүйесі  жөніндегі  өкілеттісі  –  университетте 

сапа  жүйесін  енгізу  және  жұмыс  істеуіне  жалпы  басшылық  жасауды  ұйымдастырып, 

жүзеге асыруға жауап беретін тұлға.  

Сапа  саласындағы  саясат  –  жоғарғы  басшылықпен  ресми  жазылған 

университеттің сапа саласындағы негізгі бағыттары мен мақсаттары. 



 

4. ТАЛАПТАР 

 

4.1  Қорқыт  Ата  атындағы  ҚМУ  сапа  жүйесі  жөніндегі  өкілеттісі  ректордың 

бұйрығымен  тағайындалған  тұлға  болып  табылады.  Қорқыт  Ата  атындағы  ҚМУ  сапа 

жүйесі жөніндегі өкілеттісі басшылық өкілдерінің келісімі арқылы тағайындалады.  

4.2  Қорқыт  Ата  атындағы  ҚМУ  сапа  жүйесі  жөніндегі  өкілеттісі  сапа  жүйесін 

әзірлеу, енгізу және жетілдіру мәселелерін меңгеруі тиіс.  

4.3 Қорқыт Ата атындағы ҚМУ сапа жүйесі жөніндегі өкілеттісі уақытша болмаған 

кезде (демалыс, науқастану, іссапар) оның міндеттерін басшылық өкілі атқарады.  

4.4  Қорқыт  Ата  атындағы  ҚМУ  сапа  жүйесі  жөніндегі  өкілеттісі  өзінің  негізгі 

міндеттерінен босатылмайды.  

4.5  Қорқыт  Ата  атындағы  ҚМУ  сапа  жүйесі  жөніндегі  өкілеттісі  өз  жұмысында 

Қазақстан  Республикасы  Конституциясы  мен  заңдарын,  білім  беру  қызметін  реттейтін 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  Қаулыларын,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін, университет бойынша бұйрықтар 

мен  өкімдерді,  ГОСТ  Р  ИСО  9000  сериялы  стандарт  талаптарын,  университеттің  сапа 

менеджменті жүйесінің құжаттарын басшылыққа алуы тиіс. 



 

5. МІНДЕТТЕРІ 


 

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ сапа жүйесі жөніндегі өкілеттісі міндетті: 

сапа  жүйесін  жасап,  енгізу  мен  сертификаттауға  дайындау  жұмыстарын 



жүргізуге; 

Сапа  саласындағы  саясат  мазмұнын  университеттің  барлық  қызметкерлеріне 



жеткізуге; 

Сапа жөніндегі басшылықты әзірлеп, өзектілендіруге; 



УСТ 4.01-17 «Сапа жүйесінің құжаттамаларын басқаруға»  сәйкес сапа жүйесі 

құжаттамаларын әзірлеуді жоспарлап, методологиялық басшылық жүргізуге, оны әзірлеу 

барысына бақылау жасауға; 

сапа  жүйесінің  мәліметтерін  жинау,  талдау  мен  бағалау  жүргізуге  және                 



УСТ 5.01-17   «Басшылық  тарапынан талдау  жасауға»  сәйкес сапа  жүйесінің тиімділігіне 

талдау бойынша есеп дайындауға; 

сапа  жүйесінің  жұмыс  істеуіне  қатысты  орын  алған  немесе  әлеуетті 



проблемаларды  анықтауға  қатысуға,  УСТ  9.02-17  «Алдын  алушы  және  түзетуші 

әрекеттеріне»  сәйкес    алдын  алу  және  түзетуші  ықпал  ету  әрекеттерін  жүзеге  асыру 

жөнінде ұсыныстар әзірлеуге; 

УСТ  9.01-17  «Сапа  жүйесінің  ішкі  тексерулері»  бойынша  бөлімшелерде  ішкі 



тексеру жүргізуді жылдық жоспарлауды жүзеге асыруға; 

сапаға қатысты мәселелер бойынша персоналдарды оқытуды ұйымдастыруға;  



университет  бөлімшелеріндегі  сапа  жөніндегі  өкілеттілерге  әдістемелік 

басшылық жүргізуге. 

 

6. ҚҰҚЫҚТАРЫ 

 

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ сапа жүйесі жөніндегі өкілеттісі құқылы: 

басшылық  өкіліне  сапа  жүйесінің  тиімді  жұмыс  істеуін  арттыру  жөнінде 



ұсыныстар беруге; 

сапа мәселесі бойынша университетте өткізілетін мәжілістерге қатысуға; 



университеттің кез-келген қызметкерінен сапа жүйесі мен ГОСТ ISO 9001-2015 

(ISO 9001:2015) талаптарын орындауды талап етуге; 

құрылымдық  бөлімшелерде  сапа  жөнінде  жұмыстар  жүргізу  үшін  қажетті            



УСТ  4.02-174  «Сапа  жүйесі  құжаттамаларын  басқару»  бойынша  басқаруға  жататын 

барлық статистикалық мәліметтерді, есептерді және басқа жазбаларды пайдалануға;  

басшылық  өкілдерінің  келісімі  арқылы  сапа  жөнінде  арнаулы  тапсырмаларды 



орындауға қажетті персоналды тартуға; 

университет  бөлімшелерінің  кезкелген  басшысынан  сапа  жүйесін  әзірлеп, 



енгізу және жұмыс істеуі жөніндегі жұмыс барысы туралы есептілікті талап етуге. 

  

7. ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ 



 

7.1 Осы ережеге өзгерістер енгізу жауапкершілігі Қорқыт Ата атындағы ҚМУ сапа 

жүйесінің жұмыс істеуіне өкілеттіге жүктеледі.  

7.2  Осы ережеге өзгерістер енгізу оны қайта шығару және қайтадан бекіту арқылы 



жүзеге асырылады. 

жүктеу 144,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау