Орындаған: Токтаруали Аяулым , 1 курс
1.1920 жылғы Қазақстандағы жер- су реформасын жүргізу: барысы, нәтижелері және маңызы.
2.1921-1922 жылдары Қазақстандағы аштық: себептері мен салдары. Қазақ зиялыларының аштыққа қарсы күресі.
3. Қаз АКСР-і және Түркістан республикасы. Мұсылман бюросы және Түріккомиссия. Т. Рысқұлов және М.Сұлтанғалиев.
Жоғарыдағы сұрақтардың баяндама жазып жүктеу керек.
Жауап
1920 жылғы Қазақстандағы жер- су реформасын жүргізу: барысы, нәтижелері және маңызы.
XX ғасырдың 20-шы жылдар басындағы жер-су реформаларының ерекше маңызды орыны болды.Бұл реформа негізінен патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарына қарсы және жою мақсатында жүзеге асқан шаралардың бірі еді.
1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістан ауданының
Алматы , Қапал ,Шымкент ,Әулиеата уездерінде жүргізілді.
1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың
десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.
Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.
1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.
Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосшы одағы»құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).Қосшы одаған құрған және қызметтерді атқаруда Ж.Бөрібаев, О.Жандосов , А.Розыбакиев , т.б қоғам қайраткерлері ат салысты.17 мыңнан астам мүшесі бар 99 бөлім жұмыс істеді.
Одақтың міндеттері :
1)Еңбек артельдерін құру.
2) Кедейлерге жер беру және олардың мүдделерін қорғау.
3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.
1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:
1) Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рөл атқарды.
2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.
4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
5) Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |