4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4.12 бөлімі – Сұрақтар жəне жауаптар
4-25
Сұрақ жəне жауап: Өңдеу туралы жазбаны таба алмаған жағдайда не
істеу қажет?
• Сəулелендіру құралындағы өңдеу туралы жазбаны анықтау үшін өңдеу
есептері мен қосымша жапсырмаларды басып шығарудың қосымша
функциясы атты 4.9 бөлімін қараңыз. Өңдеу туралы жазбаны қалай
табуға болатыны туралы мəліметтерді арнайы жазба тақырыбын қараңыз.
Егер белгілі бір өнімге қатысты жазбаны таба алмай жатсаңыз, жергілікті
орталықтың нұсқауларын орындаңыз немесе медициналық қызмет
директорына хабарласыңыз. Қан препаратының күйін өңдеу туралы
жазба болмаса анықтау мүмкін болмайды жəне аяқталмаған жазба ретінде
қарастырылуы тиіс.
Сұрақ жəне жауап: Өңдеу туралы жазба аяқталмаған жазба туралы
белгіленсе не істеу қажет?
• Жергілікті орталықтың нұсқауларын орындаңыз немесе медициналық
қызмет директорына хабарласыңыз, себебі патогенді инактивация
үдерісін аяқталмаған жазбасы бар өнімдер үшін жүргізу мүмкін емес.
Сұрақ жəне жауап: Өңдеуден кейін сəулелендіру контейнерінің үстіне
жапсырманы неге қою қажет?
• Қан орталығында бірнеше сəулелендіру құралдары немесе плазманы
өңдеуге арналған жалғыз ғана сəулелендіру құралы болса, екі рет
сəулеленген қан препаратының ағуына жол бермейтін шаралар
қолданылуы тиіс.
• Өңдеуден кейін сəулелендіру контейнеріне қойылған жапсырма
препараттың сəулелендіру құралы ішінде жартылай немесе толық
өңдеуден өткені туралы визуалды айғақ береді жəне қайта сəулеленбеу
керектігі туралы хабарлайды.
• INTERCEPT деректерді басқару жүйесін пайдалану екі рет сəулеленген
қан препаратының ағуына жол бермеуге арналған тағы бір шара болып
табылады.
MAN-KZ 00001, v3.0
4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4-26
Бұл бет əдейі бос қалдырылған.
MAN-KZ 00001, v3.0
5-ші тарау – Ақауларды жою
5-1
5-ші тарау. Ақауларды жою
БӨЛІМДЕР
БЕТІ
5.1
Кіріспе
5-3
5.2
Сұрақтар мен жауаптардың қысқаша шолуы 5-4
5.3
Қате туралы хабарлар
5-8
5.4
Жүйелік ақау туралы хабарлар
5-25
5.5
Растау хабарлары
5-26
5.6
Ақпараттық хабарлар 5-27
MAN-KZ 00001, v3.0
5-ші тарау – Ақауларды жою
5-2
Бұл бет əдейі бос қалдырылған.
MAN-KZ 00001, v3.0
5-ші тарау – Ақауларды жою
5.1 бөлімі – Кіріспе
5-3
5.1 бөлімі
Кіріспе
INTERCEPT іс реті кезінде, «қалқымалы» хабар қателер мен жалпы іс
реті туралы ақпарат сияқты əртүрлі оқиғаларды сипаттауы мүмкін.
Төменде іс реті кезінде орын алуы мүмкін хабар түрлері берілген:
Таңба
Таңбаның мағынасы
Қате
Қате туралы хабарлар қызыл жиегі бар
қалқымалы бейнебет арқылы бейнеленеді жəне
сары түсті ромб пішініндегі леп белгісі болады.
Жүйелік ақау
Жүйелік ақау туралы хабар ақ жазуы бар қызыл
бейнебет арқылы бейнеленеді. Бұл бейнебеттер
операторды сəулелендіру құралындағы маңызды
мəселелер турасында хабардар ету үшін
қолданылады.
Растау
Растау хабарлары ұяшық ішінде құсбелгі
салынған көк жиегі бар қалқымалы бейнебет
арқылы бейнеленеді. Бұл бейнебеттер енгізілген
деректердің дұрыс екенін растау үшін
қолданылады.
Ақпараттық
Ақпараттық хабарлар шеңбер ішінде төмен
регистрлі «i» əрпін қамтитын көк жиегі бар
қалқымалы бейнебет арқылы бейнеленеді.
Бұл бейнебеттер ағымдағы уақытта не
болып жатқанын білдіреді.
Əр хабар бейнебеті сəулелендіру құралының жұмысына немесе
оператордың қолға алуы қажет əрекеттеріне қатысты мəліметті қамтитын
болады. Мəселелерді шешу немесе ақпаратты растау үшін бейнебеттегі
нұсқауларды орындаңыз. Егер қате туралы хабарлар шыға берсе, көмек алу
үшін техникалық қолдау көрсету қызметінің өкіліне хабарласыңыз.
Red Screen
MAN-KZ 00001, v3.0
5-ші тарау – Ақауларды жою
5.2 бөлімі – Сұрақтар мен жауаптардың қысқаша шолуы
5-4
5.2 бөлімі
Сұрақтар мен жауаптардың қысқаша шолуы
Төменде оператор нұсқаулығында кездесетін сұрақтар мен жауаптардың
тізімі берілген.
3-ші тарау: СƏУЛЕЛЕНДІРУ ҚҰРАЛЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
V
Сұрақ жəне жауап: Сəулелендіру құралы зақымданған жағдайда кімге
хабарласу қажет?
• Сəулелендіру құралының зақымданғанын байқасаңыз, техникалық қолдау
көрсету қызметінің өкіліне хабарласыңыз. Байланыс мəліметтерін алу
үшін осы нұсқаулықтың алдыңғы жағын қараңыз.
V
Сұрақ жəне жауап: Контейнерлердің сəуленің дұрыс мөлшерін алып
жатқанын қалай білуге болады?
• Əр сəулелендіру құралының 4 фотодиодты датчигі бар, 2 датчик жоғарыда
жəне 2 датчик төменде. Бұл датчиктер əр өңдеу циклындағы қан препараты
арқылы өтетін сəуле мөлшерін өлшейді жəне сəулелендіру құралы сəуленің
дұрыс дозасын шығару үшін цикл ұзақтығын өзгертіп отырады.
• Екінші тексеру амалы ретінде, сəулелендіру құралының бағдарламалық
жасақтамасы өңдеу уақытының техникалық қолдау көрсету қызметінің
өкілі бекіткен тиісті ауқым ішінде болуын қамтамасыз ету үшін сол өңдеу
уақытын тексеріп отырады.
• Егер тиісті сəулелендіру уақытының шегіне жақындасаңыз, шамдарды
ауыстыру қажет болады. Жарық шығару жүйесі қосылу кезінде немесе
əр 24 сағат сайын немесе электр қуатын жеткізу жүйесіндегі ақаулықтан
кейін қалпына келу барысында автоматты түрде тексеріледі.
• Датчиктер сəулелендіру құралы орнатылған кезде жəне профилактикалық
жөндеу жұмыстары барысында техникалық қолдау көрсету қызметінің
өкілі тарапынан калибрленеді.
V
Сұрақ жəне жауап: Штрихкод сканері жұмыс жасамаса не істеу қажет?
• Аракідік, штрихкод сканері контейнерлердегі штрихкодтарды
сканерлемей қалуы мүмкін. Егер осындай жағдай орын алса, штрихкод
сандары сəулелендіру құралына пернетақтаның көмегімен қолмен
енгізіңіз. Нұсқауларды алу үшін 3.4 жəне 4.4 бөлімдерін қараңыз.
• Егер бар гəп, штрихкод жапсырмасына емес, сканерге қатысты болса, көмек
алу үшін техникалық қолдау көрсету қызметінің өкіліне хабарласыңыз.
V
Сұрақ жəне жауап: Басылып шыққан есепте көрсетілген өңдеу уақыты
шамамен берілген уақыт ауқымынан аса берсе не
істеу қажет?
• Аракідік, басылып шыққан есепте көрсетілген өңдеу уақыты шамамен
берілген уақыт ауқымынан асып кетіп отырады. Бұл шамдардың
күңгірттене бастағанын білдіреді. Егер өңдеу уақыты техникалық қолдау
көрсету қызметінің өкілі бекіткен тиісті ауқымнан асып кетсе, шамдарды
ауыстыруды ұсынатын хабар шығады
MAN-KZ 00001, v3.0
Достарыңызбен бөлісу: |