Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ:
Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату
Меңзегіш құрылғыларының түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер
опциялары сияқты параметрлерін реттеу үшін, Windows® жүйесіндегі тінтуір сипаттарын
қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен
принтерлер) тармағын таңдаңыз. Одан кейін, компьютеріңіз болып келетін құрылғыны тінтуірдің
оң жақ түймешігімен басып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін таңдаңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
22
Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет
жылдам түртіңіз.
ЕСКЕРІМ:
Сенсорлы тақта шамы тақта қосулы болғанда өшірулі.
Шарлау
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
23
Таңдау
Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты
пайдаланылады.
Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта бірқатар іс-қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану
үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Қимылдың көрсетілімін көру:
1.
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппарат
жəне дыбыс) > Synaptics > Параметры (Параметрлер) тармақтарын таңдаңыз.
2.
Көрсетілімді бастау үшін, қимылды басыңыз.
Іс-қимылдарды қосу жəне ажырату үшін:
1.
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппарат
жəне дыбыс) > Synaptics > Параметры (Параметрлер) тармақтарын таңдаңыз.
2.
Қосылатын немесе өшірілетін қимылдың жанына құсбелгі қойыңыз.
3.
Применить (Қолдану) пəрменін таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
24
Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
Жылжу
Жылжу іс-қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде
қажет əрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды
сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады.
ЕСКЕРІМ:
Екі саусақпен жылжыту мүмкіндігі зауытта ажыратылады.
Қысу/Ұлғайту
Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
●
Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
●
Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың
арасын жақындатыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Шымшу/масштабтау мүмкіндігі зауытта ажыратылады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
25
Айналдыру
Айналдыру мүмкіндігі фотосурет жəне беттер сияқты элементтерді айналдыруға мүмкіндік
береді. Айналдыру үшін, сол бас бармақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң бас
бармақты тірелген саусақты айналдырып, сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру
үшін, оң бас бармақты сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз.
ЕСКЕРІМ:
Айналдыру мүмкіндігі зауытта ажыратылады.
ЕСКЕРІМ:
Айналдыру əрекеті сенсорлы тақта аумағында жасалуы тиіс.
Сызу
Сызу қимылы экрандар арқылы шарлауға немесе құжаттар арқылы жылдам айналдыруға
мүмкіндік береді. Сызу үшін, үш саусақты пайдаланып, сенсорлы тақта аймағында жоғары,
төмен, сол жаққа немесе оң жаққа тез сызыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Үш саусақпен сызу мүмкіндігі зауытта өшіріледі.
ЕСКЕРІМ:
Үш саусақпен сызу қимылын сенсорлы тақта аймағының ішінде жасау керек.
26
Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
6
Күтім
●
Батареяны салу жəне шығарып алу
●
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
●
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
●
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
●
Компьютерді тазалау
Батареяны салу жəне шығарып алу
ЕСКЕРІМ:
Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық
нұсқаулығынан қараңыз.
Батареяны салу үшін:
▲
Батареяны (1) батареяның орнына (2) нық отырғанша салып, оны төменге қарай еңкейтіп
кіргізіңіз.
Батареяны салу жəне шығарып алу
27
Достарыңызбен бөлісу: |