ЕСКЕРІМ:
Қосымша ақпарат алу үшін
Батарея салу немесе алып тастау28-бетте
атты
бөлімді қараңыз.
6.
Үстелге қоюға арналған қақпақты орнына салу үшін
a.
Үстелге қоюға арналған қақпақты босату үшін, ішіндегі босату ысырмасын (1)
сырғытыңыз.
b.
Үстелге қоюға арналған қақпақты (2) алыңыз.
7.
Жад модулі ұстағышының 2 бұрандасын (1) босатыңыз.
8.
Жад модулі ұстағышын (2) алыңыз.
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру
33
9.
Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз:
a.
Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
b.
Жад модулін оның жиегінен ұстап (2), одан кейін оны ұясынан сыртқа жайлап тартыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана
ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық разряд өтпейтін
контейнерге салыңыз.
10.
Жаңа жад модулін енгізу үшін
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз.
Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
a.
Жад модулінің түйіскен жиегін (1) жад модулі ұясының құлақшасына туралаңыз.
b.
Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрыштағы жад модулімен модульді (2) жад
модулінің ұясына отырғанша басыңыз.
c.
Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен
қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, жад модулін
майыстырмаңыз.
34
Бап 6 Күтім
11.
Жад модулі ұстағышын (1) орнына салыңыз.
12.
Жад модулі ұстағышының 2 бұрандасын (2) бұрап қатайтыңыз.
13.
Үстелге қоюға арналған қақпақты орнына салу үшін
a.
Батарея орнын өзіңізге қаратып, үстелге қоюға арналған қақпақты компьютер бетіне
қарай 45 градуста панельдің артқы жағындағы ілгектер компьютердегі (1) ұялармен
сəйкестендіретіндей етіп орналастырыңыз.
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру
35
b.
Панельдің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, үстелге қоюға арналған
қақпақтыты (2) орнына түскенше төмен қарай жайлап басыңыз.
14.
Батареяны орнына салыңыз.
15.
Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
16.
Компьютерді қосыңыз.
36
Бап 6 Күтім
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде ең соңғы нұсқаларға дейін
жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін
http://www.hp.com/support
торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін
тіркелу қажет.
Əдеттегі күтім
Дисплейді тазалау
ЕСКЕРТУ:
Компьютерге зиян келтіруді болдырмау үшін дисплейге суды, тазалауға арналған
сұйықтықтарды немесе химиялық заттарды қолданбаңыз.
Дақтар мен талшықтарды жою үшін дисплейді жұмсақ, сулы, талшықтарды қалдырмайтын
матамен жүйелі түрде тазалаңыз. Дисплейге қосымша тазалау қажет болса, алдын ала суланған
антистатикалық майлықтарды немесе дисплейге арналған антистатикалық тазалағышты
пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны жəне пернетақтаны тазалау
Сенсорлы тақтадағы кір жəне май көрсеткінің экранда жылжуына əкеліп соғуы мүмкін. Көрсеткінің
экранда тəртіпсіз жылжуына жол бермеу үшін сенсорлы тақтаны сулы матамен тазалаңыз жəне
компьютерді пайдаланған кезде қолдарыңызды жүйелі түрде жуыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Электр тогының соғуы немесе ішкі бөліктерге зиян келтіру қаупін азайту үшін
пернетақтаны тазалауға шаңсорғыш бөліктерін пайдаланбаңыз. Шаңсорғышпен тазалағаннан
кейін пернетақта бетінде шаң қалуы мүмкін.
Пернелердің жабысып қалуын болдырмау үшін пернетақтаны жəне шаң мен пернелердің
астында қалатын басқа да заттарды əрқашан тазалап отырыңыз. Пернелердің жаны мен астында
орналасқан шаңды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
37
7
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. НР компаниясы бағдарламаны орнатқаннан кейін дереу қалпына келтіру
дискісін жасауды ұсынады. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең
соңғы сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде
жасауды жалғастыру қажет.
Амалдық жүйенің құралдары жəне HP Recovery Manager бағдарламалық құралы мəліметтеріңізді
қорғау жəне компьютер ақаулығы орын алған жағдайда оларды қалпына келтіру тапсырмаларын
орындауға көмектесуге арналған:
●
Қалпына келтіру дискілерінің жиынын жасау (Recovery Manager бағдарламасының
мүмкіндігі)
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
●
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау
●
Бағдарламаны немесе драйверді қалпына келтіру
●
Бүкіл жүйені қалпына келтіру (қалпына келтіру бөлімінен немесе қалпына келтіру
дискілерінен)
Қалпына келтіру дискілері
НР компаниясы қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда немесе компьютерді қалпына
келтіру бөлімінің құралдарын пайдалану арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіре алуға сенімді болуыңыз үшін қалпына келтіру
дискілерін жасауға кеңес береді. Бұл дискілерді компьютерді бірінші рет орнатқаннан кейін
жасаңыз.
Бұл дискілерді қолданғанда сақ болыңыз да, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз. Бағдарламалық
құрал қалпына келтіру дискілерінің бір жинағын ғана жасауға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРІМ:
Егер компьютерде кірістірілген оптикалық диск жетегі болмаса, қалпына келтіру
дискілерін жасау үшін қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатылады) пайдалана
аласыз немесе компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін HP веб-торабынан сатып алуға
болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі пайдаланылса, ол USB концентраторы сияқты
сыртқы құрылғыдағы USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
38
Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
Достарыңызбен бөлісу: |