АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
3D Фильм технологиясы параметрлерін орнатқаннан кейін 3D мазмұнын
көре алмасаңыз, НР компаниясы оны пайдалануды тоқтатуға кеңес береді. Егер
стереоскопиялық 3D суретін көру кезінде физикалық проблемалар байқасаңыз, дəрігерге
барып көріңіз.
Фотосензитивті қояншық ұстауы—Анықталған көру суреттерін, 3D мазмұнында көрсетілуі
мүмкін жыпылықтайтын жарық немесе үлгілерді қоса, көретін кейбір адамдардың ұстама
немесе басқа асқыну жайттарына ұшырауы мүмкін. Егер сіз немесе туысқандарыңыздың
ұстамалары не қояншық ауруы болса, 3D көзілдіріктерін жəне 3D Фильм технологиясын
пайдаланбас бұрын дəрігерге барып көріңіз. Отбасында қояншық ауруы немесе ұстамалары
болмағандар да фотосензитивті қояншық ұстауларына əкелуі мүмкін анықталмаған хал-
жағдайы болуы мүмкін.
Егер төменде сипатталған белгілердің кез келгені сізде байқалса, 3D мазмұнын көруді бірден
тоқтатып, дəрігерге барып көріңіз: өзгертілген көру қабілеті, жеңіл бас ауруы, бас айналуы,
көздің немесе бұлшық ет тырыспалары сияқты еріксіз қимылдар,
конвульсиялар,
лоқсу,
қабылдау сезімінің жоғалуы,
ойлауда шатастық,
түйілу жəне/немесе
дезориентация. Ата-
аналар олардың балаларын тексеріп, оларда жоғарыда аталған белгілер бар ма, жоқ па
сұрауы тиіс. Ересектермен салыстырғанда балалар мен жасөспірімдерде бұл белгілер жиі
кездесуі мүмкін.
Егер сіз ұйықтағыңыз келсеңіз, шаршап сезінсеңіз немесе ауырсаңыз, 3D мазмұнын көрмеңіз.
3D мазмұнын 3D көзілдіріктерін киіп ұзақ уақыт көру бас аруына немесе қажып талуға əкелуі
мүмкін. Егер басыңыз ауырса не айналса, немесе сіз қажып талсаңыз, 3D көзілдіріктерін
пайдалануды тоқтатып, демалыңыз.
Көру сезіміңіз 3D көзілдіріктері арқылы көруге бейімделу үшін өзгеруі мүмкін. 3D көзілдіріктерін
шешкеннен кейін əдеттегі əрекеттер орындауға кіріспес бұрын бірнеше минут күтіңіз.
Кейібр 3D мазмұны көрушілерді қатты таң қалдыруы мүмкін. Жүкті əйелдерге, жасы үлкен
адамдарға, қояншық ауруына шалдыққандарға жəне физикалық хал-жағдайы қатты
болғандарға компьютердің 3D мүмкіндігін пайдаланбауға кеңес беріледі.
Жас балалардың (əсіресе, 6 жасқа дейінгі балалардың) көру қабілеті дамуда. Жас балаларға
3D бейне суреттерін көруге немесе 3D дейне ойындарын ойнауға рұқсат бермес бұрын
дəрігерге (мысалы, балалар дəрігеріне немесе көз дəрігеріне) барып, кеңес сұраңыз. Ата-
аналар немесе қамқоршылар балалардың аталмыш ұсыныстарын орындауын қадағалауы тиіс.
Тұншығу қаупі—3D көзілдіріктерінің кішкентай бөліктері бар жəне олар сəбилер мен кішкентай
балалардың ойнауына арналмаған.
3D көзілдіріктерінің линзалары əйнектен жасалған. Линзаларға зақым келтірмеу үшін
көзілдіріктер пайдалану кезінде сақ болыңыз жəне оларды пайдаланбаған кезде дұрыс
сақтаңыз. Зақым келтірілген немесе жарық пайда болған линзалары бар көзілдіріктерді
пайдаланбаңыз.
3D көзілдіріктері рецепт бойынша ұсынылмайтын оптика, күн сəулелерінен қорғайтын
көзілдіріктер немесе қорғаныс көзілдіріктер болып саналмайды. Жеке басқа жарақат келтірмеу
үшін көзілдіріктерді əдеттегі көзілдіріктер сияқты пайдаланбаңыз.
8
Бап 2 HP 3D Фильм технологиясын пайдалану
Стереоскопиялық көру жəне 3D дегеніміз не
Заттарды екі көзіңізбен көрген кезде, іс жүзінде, бір суретке біріктірілген екі суретке қараңыз.
Оң көзіңіз бен сол көзіңіз бір бөлек суретті миыңызға жеткізеді жəне миыңыз бұл екі суретті үш-
өлшемді бір суретке біріктіреді.
Өткенде көптеген фильмдерде экранға бір сурет қана көрсетілде, бірақ 3D əсері басқа
құралдар көмегімен көрсетіледі. Алайда, белсенді модуляторы бар HP 3D көзілдіріктері 3D
көруіне ұқсайтын əрбір көзге түрлі көрініс береді.
3D мазмұнының əрбір кескінінің құрамында екі сурет бар, біреуі оң камера түсіретін жəне
басқасы сол камера түсіретін сурет. Бұл көріністер компьютерде өте жоғары жылдамдықпен
өзгеріп көрсетілгенде адамның көздері бұл көріністің өзгеруін байқамайды.
3D көзілдіріктерінің əрбір линзасы модуляторлармен жабдықталған. Оң камера түсіретін сурет
экранда көрсетілгенде, 3D көзілдіріктерінің сол жақ линзасы жабылып, оң көзге суретті көруге
мүмкіндік береді. Сол камера түсіретін сурет экранға шығарылғанда, аталмыш үрдіс кері
ретімен орындалады жəне сол көз ғана суретті көреді. Өте жылдам өзгеріп көрсетілетін
суреттер бір қалыпты кескінді жасап, көруші 3D ортасының ішінде болғандай етіп көрсетеді.
HP 3D Фильм технологиясы дегеніміз не
3D Фильм технологиясы нақты, иммерсивті фильм мүмкіндігін береді. Компьютерде Blu-ray 3D
фильмдерін 3D көзілдіріктері арқылы көрген кезде, əрекет экраннан шыққан көрінеді. 3D
мүмкіндігі бірдей жаңа көру мүмкіндігін береді. 3D Фильм технологиясы арқылы əдеттен тыс
Blu-ray 3D көрінісін көруге қажет барлық бөліктер сізде бар. Студиялық сапалы 3D графиканы
көру үшін қосымша бағдарламалық құрал талап етілмейді.
●
жоғары ажыратымдылықты 1080p 3D толық дисплейі
●
3Dтехнологиясы 3D Blu-ray мазмұны үшін арналған жəне оңтайландырылған
●
3D компьютер дисплейімен сымсыз қадамдастырылатын белсенді модуляторы бар HP 3D
көзілдіріктері
ЕСКЕРІМ:
Таңдаулы компьютер модельдерінде бар 3D мазмұны 3D мүмкіндігін бірден
тамашалауды бастауға мүмкіндік береді.
Компьютер 2D жəне 3D пішімдерін қолдайды. Стереоскопиялық 3D мүмкіндігі анықталғанға
жəне 3D көзілдіріктері қосылғанға дейін компьютер стандартты 2D режимінде жұмыс істейді.
ЕСКЕРІМ:
3D Фильм технологиясы компьютер дисплейінде ғана жұмыс істейді.
Стереоскопиялық көру жəне 3D дегеніміз не
9