Өнім ескертпесі Бұл нұсқаулық көптеген модельдерге бірдей болатын мүмкіндіктерін сипаттайды. Кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде жұмыс істемеуі мүмкін. Бағдарламалық құрал терминдері



жүктеу 423,31 Kb.
Pdf просмотр
бет12/15
Дата23.05.2018
өлшемі423,31 Kb.
#16502
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Жад модулін қосу немесе ауыстыру

Компьютерде екі жад модулінің ұясы бар. Олар компьютер түбіндегі қызмет көрсету орнының

есігінің астында орналасады. Компьютердің жад сыйымдылығын жад модулін қосу немесе жад

модулі ұяларының біреуінде жад модулін ауыстыру арқылы жаңартуға болады.



АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, жад модулін

орнатпас бұрын, қуат сымын ажыратыңыз.

ЕСКЕРТУ:

Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.

Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы

бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.



ЕСКЕРІМ:

Екінші жад модулін қосқанда, қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад

модулінің бірдей екенін тексеріңіз.

Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін



ЕСКЕРТУ:

Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау қатерін азайту үшін

Жад модулін компьютерден шығармас бұрын компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы

тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып алмаңыз.

Компьютердің өшірілген күйде, ұйқы күйінде немесе күту күйінде екені туралы сенімді

болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.



1.

Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз.



2.

Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.



3.

Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.



4.

Босату ысырмасын (1) сырғытып, қатты диск қақпағын (2) алып тастаңыз.



5.

Қызмет көрсету орнының есігін алыңыз.



а.

Қызмет көрсету орны есігінің 6 бұрандасын (1) алыңыз.

Жад модулін қосу немесе ауыстыру

47



ə.

Есікті (2) алып тастаңыз.



6.

Батарея кабелін компьютерден ажыратыңыз.



7.

Жад модулін ауыстыратын болсаңыз, бар жад модулін ажыратыңыз.



а.

Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз.

Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.

48

Бап 5   Күтім




ə.

Жад модулінің жиектерінен ұстап (2), одан кейін оны ұясынан сыртқа жайлап

тартыңыз.

ЕСКЕРТУ:

Жад модулінің зақымдану қатерін азайту үшін, оны жиектерінен ғана

ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау

үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз.



8.

Жаңа жад модулін енгізіңіз.



ЕСКЕРТУ:

Жад модулінің зақымдану қатерін азайту үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз.

Жад модуліндегі бөліктерге қолыңызды тигізбеңіз жəне жад модулін қисайтпаңыз.

а.

Жад модулінің түйіскен жиектерін (1) жад модулі ұясының құлақшасына туралаңыз.



ə.

Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрышта тұрғанда, модульді (2) басып ол жад

модулінің ұясына отырғанша оны түсіріңіз.

Жад модулін қосу немесе ауыстыру

49



б.

Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3)

төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз.

9.

Батарея кабелін компьютерге жалғаңыз.



10.

Қызмет көрсету орнының есігіндегі бұранда тесіктерін компьютердегі тесіктермен

туралаңыз, одан кейін есікті (1) компьютерге салыңыз.

50

Бап 5   Күтім




11.

Қызмет көрсету орны есігінің 6 бұрандасын (2) орындарына салыңыз.



12.

Қатты диск қақпағындағы ілгектерді компьютердегі ойықтарға туралап, қақпақты орнына

сырғытыңыз. Босату ысырмасы қақпақты оның орнына автоматты түрде орналастырады.

13.

Сыртқы қуат көзіне қосыңыз жəне сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.



14.

Компьютерді қосыңыз.

Жад модулін қосу немесе ауыстыру

51



6

Сақтық көшірме жасау жəне қалпына

келтіру

Қалпына келтіру



Қалпына келтіру құралын жасау

Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру



Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру

Компьютердің ақпаратты қорғауға жəне керек болғанда қалпына келтіруге көмектесетін

амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынған құралдар бар.

Бұл тарауда келесі тақырыптар туралы ақпарат беріледі:

Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау (HP



Recovery Manager бағдарламалық құралының мүмкіндігі)

Жүйені қалпына келтіру (қалпына келтіру бөлімінен, дискілерінен немесе флэш-жадынан)



Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау

Бағдарламаны немесе драйверді қалпына келтіру



52

Бап 6   Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру




Қалпына келтіру

Қатты диск ақаулығы орын алған жағдайда, жүйені бастапқы зауыттық күйіндегі қалпына

келтіру үшін, HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдаланып жасауға болатын

қалпына келтіру дискілерінің жинағы немесе қалпына келтіру флэш-жады керек болады. НР

компаниясы бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, қалпына келтіру дискілерінің жинағын

немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау үшін, HP Recovery Manager құралын бірден

пайдалануды ұсынады.

Егер қатты диск ақаулығынан басқа себептермен жүйені бастапқы қалпына келтіру керек болса,

бұны қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-жадын пайдаланбастан, HP

қалпына келтіру бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы жасауға болады. Қалпына келтіру

дискілерінің бар екенін тексеру үшін, Пуск (Бастау) түймешігін басып, Компьютер тармағын

тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление (Басқару) пəрменін, одан кейін



Управление дисками (Дисктерді басқару) тармағын таңдаңыз. Егер қалпына келтіру бөлімі бар

болса, қалпына келтіру дискісі терезедегі тізімде көрсетіледі.



ЕСКЕРТУ:

HP Recovery Manager (бөлім немесе дискілер/флэш-жад) бағдарламалық құралы

зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды ғана қалпына келтіреді. Компьютермен

берілмеген бағдарламалық құралды қолмен қалпына келтіру керек.



ЕСКЕРІМ:

Қалпына келтіру дискілері, егер қалпына келтіру бөлімі компьютерде болмаса,

жеткізіледі.

Қалпына келтіру

53



жүктеу 423,31 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау