Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет34/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Қайталама алюминий өндіру және метал тұтыну. Экономикалық жағынан дамыған елдерде алюминий қорыту бойынша металл сынықтарын өндірудің экономикалық тиімділігі алюминий өндірудің пайда болуындағы негізгі алғышарттар болып табылады. 1940 жылдан 2006 жылға дейін оны қорыту 50 еседен аса (0,15 млн тоннадан 8,5 млн тоннаға дейін. 50-і жылдарға дейін қайта өңдеу алюминий тек Солтүстік Америкада (1/3) және Еуропа елдерінде (50% дерлік) алынды. Бірақ одан кейін алюминий қорытудағы Азия елдерінің үлесі (негізінен алғанда Жапония мен «жаңа индустриалды елдер» есебінен) жылдам арта бастады.
Металл сынықтарынан жасалған алюминий дүниежүзінің 30 елінде өндіріледі. Металл сынықтарын қорытудан жасалған алюминийдің мол өнімдерін Жапония, Италия, Ресей шығарады. Металл сынықтарын қорытудан жасалған алюминийдің дүниежүзілік өндірісі 8,5 млн тонна. Бұл алюминийдің жалпы дүниежүзілік өндірісінің 25%-ға дерлігін құрайды. Алюминийдің жалпы өндірісінде металл сынықтарын қорыту Жапонияда – 99%, Италияда – 75%, Америка Құрама Штаттарында – 52%, Германияда – 50% алып отыр.
Дүниежүзінде алюминий өнеркәсібін дамытуда негізгі рөлді толық циклдік өндірістік саласы бар халықаралық компаниялар басты орын алады Трансұлттық корпорациялардың ішінен аса ірілерінің шикізат пен дайын өнімді тасымалдау үшін өз флоты, теміржол линиялары бар, бұл өз кезегінде халықаралық еңбек бөлінісіне және жекелеген елдердің алюминий өндірісінің жекелеген сатыларының өнімін алуға мамандануына ықпал етеді. Өздерінің инвестициялық саясатында трансұлттық корпорациялар шикізатқа, қуатқа, жұмысшы күшіне және т.б. деген бағалардағы айырмашылықтарды ескере отырып, өздерінің барлық өндірістік тізбектерін аумақтық ұйымдастырудың мүмкіндіктеріне сүйенеді
Металды Солтүстік Америкада, Батыс Еуропада және әлемдегі алюминий тұтынатын аса ірі аймақ бола бастаған Азияда тұтыну өсіп келеді. Әсіресе ол Қытай Халық Республикасында және Корей Республикасында өсе түсті. Бұл ретте Қытай Халық Республикасы бастапқы алюминийдің нетто-экспорттаушысы болып табылады. Әлемде алюминий импорттау көлемі айтарлықтай өсті (әлемдік өндірістің 50%-ынан астамы).
Дүниежүзінің алюминий өнеркәсібі. Өндіріс өзіне жалпы өндірістік циклды құрайтын үш негізгі сатыны: алюминий кендерін (бокситтерді, нефелиндерді және алуниттерді өндіру) шығаруды, глинозем (алюминий тотығын) өндіруді және металл алюминий қорытуды қосады. Соңғы жылдары металды қайта өңдеуде шикізаттан өндіру көбірек маңызға ие бола бастауда.
Алюминий өндірісінің сатылары қазіргі күні іс жүзінде жекелеген салаларға құрылған. Оның үстіне өндіріс арасында: кен шығару мен глинозем өндіруде де, дайын металл қорыту арасында да айтарлықтай айырмашылық туғызады. Қазіргі уақытта шығарылатын бокситтердің 30%-ға жуығы, сонымен қатар өндірілген глинозем мен қорытылатын алюминийдің 50%-дан көбі әлемдік нарыққа келіп түседі.
Алюминий өнеркәсібі тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана пайда болды. Қазіргі уақытта бастапқы алюминийді әлемнің елуден астам елі өндіреді және олардың саны артып келеді. Алайда, осы процестерге қарамастан, шикізат шығарудың шоғырлану деңгейі, өнім өндіру және металл тұтыну деңгейі әлем елдері бойынша айтарлықтай жоғары болып қалуда. Мысалға, бокситтерді әлемдік шығарудың 60%-ын үш ел – Аустралия, Гвинея, Ямайка; глиноземнің әлемдік өндірісінің 50%-ын - Аустралия, Қытай, Америка Құрама Штаттары; бастапқы алюминийдің дүниежүзілік қорытылуын – Америка Құрама Штаттары, Ресей, Канада алюминийді өндірудің 70%-ын – Америка Құрама Штаттары, Жапония, Германия Федеративтік Республикасы қамтамасыз етіп отыр. Бұл ретте металдың 50%-ы әлемнің үш елінде: Америка Құрама Штаттарында, Жапонияда, Германия Федеративтік Республикасында тұтынылады.
Боксит өндірісі.
Бокситтердің қорлары бойынша Гвинея, Аустралия, Ямайка, Бразилия көзге түседі. Бокситтердің (алюминий өндіру үшін негізгі шикізаттың) дүниежүзілік өндірілу жылына 150 млн тоннадан асып түсті және ол негізінен алғанда дамып келе жатқан елдерде шоғырланған. Бокситтердің жалпы әлемдік шығарылуының 75%-дан астамы 6 жетекші продуцент елдердің үлесіне келеді. Шығару бойынша көшбасшылар болып қазірде Австралия (әлемдік шығарудың 1/3 бөлігінен астамы), Бразилия, Қытай табылады.
Шикізаттың осы түрін әлемдік нарыққа аса ірі жеткізушілер Гвинея, Аустралия, Ямайка, Бразилия, Гайана, Индонезия болып табылады. Металлургиялық бағыттағы бокситтерді халықаралық тасымалдаулардың негізгі бағыттары Аустралиядан Америка Құрама Штаттарына, Венесуэлаға және Батыс Еуропаға; Бразилиядан – Америка Құрама Штаттары мен Венесуэлаға; Батыс Африкадан Солтүстік Америка мен Еуропаға таралған.
Глинозем өндірісі
Глинозем өндірісі және әсіресе, металл алюминий қорыту негізінен машина жасауда (авиазымыран жасауда, автомобиль жасауда және т.с.) қолданылатын түсті металдарға деген қажеттілікті бастан кешіріп отырған, өнеркәсіп жағынан басты дамыған елдерде шоғырланған. 4 тонна бокситтен 2 тоннаға жуық глинозем алынады, осы глиноземнен кейін шамамен алғанда 1 тонна бастапқы алюминий алады.
Глинозем өндіру (алюминий өнеркәсібіндегі өндірістік циклдың екінші сатысы) жеке салаға бірден бөлінбеген. Іс жүзінде ХХ ғасырдың ортасына дейін ол бастапқы алюминий қорытатын аудандарда орналастырылып келді. Бірақ 50-і жылдардың өзінде өндірістің шикізат көздеріне (алюминий кендерінің кен орындарына) бағыт-бағдар алуы күшейе түсті және бокситтер шығаруды жүргізетін (бірақ өз бетінше алюминий қорытпайтын) дамып келе жатқан елдерде глинозем өндірісін қалыптастыру басталды.
Мәселен, Ямайка, Гвинея, Суринам, Гайана, Малайзия, оларды жергілікті глинозем зауыттарында (сондай-ақ глиноземді одан кейін экспорттау үшін) тек ішінара пайдалана отырып, бокситтерді көбіне, көп экспортқа шығарады. Бұл ретте атап өтілген мемлекеттердің көпшілігінде алюминий өнеркәсібінің екі сатысы да ұлттық экономиканың негізі және олардың әлемдік шаруашылықтағы халықаралық мамандану салалары болып табылады.
Қазіргі таңда әлемде глинозем зауыттарының көпшілігі боксит кен орындарына жақын жерде, әлде кен орындарына жақын жерде орналасқан айлақтардың ауданында орналасқан. Бұл ретте импортталатын бокситтерде жұмыс істейтін зауыттар отын шығару аудандарында, әлде теңіз бен өзен аймақтарының (осында тек бокситтер ғана емес, кейде сырттан әкелінетін отын да түсірілетін) маңында орналастырылады.
2005-2006 жылдары 60 млн тоннаға жуық глинозем өндірілді. Оның аса ірі өндірушілері: Аустралия, Қытай, Америка Құрама Штаттары, Бразилия, Ямайка, Ресей, Суринам болып табылады. Бұл ретте глинозем өндіру тек Аустралияда ғана 1960 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңде 500 есе өсті (0,03 млн тоннадан 16,5 млн тоннаға дейін.
Глинозем және алюминий қорыту зауыттарының орналастыру қазіргі кезеңде глиноземді алысқа (теңіз көлішімен Аустралиядан Америка Құрама Штаттарына, Таяу және Орта Шығыс елдеріне және Еуропаға) тасымалдаудағы мөлшеріне әсерін тигізеді. Бастапқы алюминийді қорытқан кезде қажетті электр қуатын отынға немесе электр қуатына бай аудандардан беру онда шикізатты (аталған жағдайда глиноземді) жеткізуге қарағанда қымбатырақ болып шығады.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау