Н.1 - 16
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Павлодар педагогикалық университеті
Қазақ тілі және әдебиеті ББ
Өндірістік педагогикалық практика бойынша қорытынды конференцияның
№__ хаттамасы
Павлодар қаласы 05.05.2022.
Төраға –
Хатшы –
Қатысқандар: доцент Ахтаева Н.Х., Кенжеалиев Д.К., ҚТӘ–41, ҚТОӘ-41, ҚТӘ-31(қ) топ студенттері
Күн тәртібінде:
1. Өндірістік педагогикалық практиканың қорытынды есебі
2. Өндірістік педагогикалық практиканың мектепте өткізілу жөнінде студенттердің берер есебі,нәтижесі, пікірі, айтатын ойлары.
1. Өндірістік педагогикалық практиканың қорытынды есебі
Ахтаева Н.Х.: ҚТӘ–41, ҚТОӘ-41, ҚТӘ-31(қ) топ студенттері 21 ақпан мен 29 сәуір аралығында Павлодар қаласының Кенжекөл ЖОББМ, №37 ЖОББМ, ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінде өндірістік педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Студенттер аталған мерзім бойынша педагогтің сабақтарына, курстастарының сабақтарына қатысып, мектеп оқушыларына сыныптан тыс іс-шаралар, пән бойынша сабақтар, ашық сабақтар жүргізіп, тәрбие, кураторлық сағаттарын өткізді. Алдағы мұғалімдік қызметке алғашқы дайындық қадамдарын жүргізді. ҚТӘ-41 тобы бойынша 21 студенттің ішінде екеуі ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінен, бесеуі № 37 ЖОББМ-нан, ҚТОӘ-41 тобынан екі студент Кенжекөл ЖОББМ-нан, қалған студенттер өз таңдаулары бойынша қолдаухатпен өндірістік педагогикалық практикадан өткен болатын. Студенттердің барлығы портфолионы уақытымен тапсырды. Есеп, құжат рәсімделуі тексеріліп, комиссия мүшелеріне ұсынылды. Осы тұста практиканы өту барысында студенттерге бағыт-бағдар, мағлұматтар беріп, студенттердің практиканы ойдағыдай өтуіне мүмкіндік жасаған мектеп ұжымына, мектеп базасындағы педагог мұғалімдеріне алғысымыз шексіз. Осындай мүмкіндіктердің арқасында студенттердің практика бойы жасаған жұмыстарынан жаңашылдық көрінді. Алған теориялық білімді тәжірибеге сала білу үлкен жауапкершілікті қажет етеді, білім беру баспалдағының бастамасы осы тәжірибеде жатыр деп толықтай айта аламыз.
2. Педагогикалық практиканың мектепте өткізілу жөнінде студенттердің қорытынды есебі, нәтижесі, пікірі, айтатын ойлары.
Жунусова Мадина: Мен Павлодар қаласының ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінде өндірістік педагогикалық практикадан өттім. Алғашқы апта сабақтарға қатысып, тәжірибе жинақтадым. Түрлі тақырыптағы семинарларға қатысып, көптеген жаңа әдіс, жаңа ақпараттарды игердім. Қазақ тілі және әдебиті пәндерінен тақырып бойынша сабақтар өткіздім. Пән бойынша сыныптан тыс сабақ жоспарын құрастырып, ұйымдастырдым. Ментор және кураторларыммен тығыз байланыста болдым. Қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша өткізілген ашық сабақтарға қатыстым. Күн сайын шаңырағымыздың таңғы жиынына қатыстым. «Padlet», «Jamboard», «Whiteboard», «Worldwall» платформаларымен танысып, жұмыс жасадым. Жалпы тәжірибе барысы өте қызықты, жоспарлы түрде ұйымдастырылды. Алда бұдан да көп ақпараттарды қамтып, құнды мәліметтерді жинақтаймын деген ойдамын.
Көшер Назерке: Білім беру мекемесінің әкімшілігімен және педагогикалық ұжымымен байланыс орнаттым. Бекітілген сынып жетекші мен педагог пән мұғалімімен, сынып оқушыларымен таныстым. Практика барысында сабақтар жүргізіп, сабақтарға қатысумен қатар, тәрбие сағаттарын жүргіздім. Сынып қажеттілігінен туындайтын тақырыпқа байланысты түрлі тақырыпта сыныптан тыс сабақтар даярладым. Қысқа мерзімді жоспар дайындап, пән мұғалімімен ақылдаса отырып, тексерістен өткізгеннен кейін сабақ жүйесіне енгізіп, сабақ жүргіздім. Құжат рәсімделуінің ережелеріне сай, күнделік толтырып, есеп тапсырдық. Мен практика барысында көп нәрсе үйрендім. Жалпы тәжірибе барысы өнімді ақпараттарға толы болды.
ҚАУЛЫ: ҚТӘ–41, ҚТОӘ-41, ҚТӘ-31(қ) топ студенттерінің өндірістік педагогикалық практика құжаттары қабылдансын.
Төраға
Хатшы
Достарыңызбен бөлісу: |