Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорындағы менеджмент



жүктеу 0,65 Mb.
бет1/3
Дата07.12.2017
өлшемі0,65 Mb.
#3477
  1   2   3




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экономика кафедрасы

Б.Қ.Ахметжанова



ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ

Инженерлік-техникалық факультеттің 5В071300-Көлік, көліктік техника және технология мамандығы студенттеріне арналған «Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорындағы менеджмент» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Қостанай, 2014

ББК 65.291.21

А94

Автор:

Ахметжанова Бақыткүл Қосылбекқызы, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономика кафедрасының аға оқытушысы


А94 Ахметжанова Б.Қ.
Инженерлік-техникалық факультеттің 5В071300-Көлік, көліктік техника және технология мамандығы студенттеріне арналған «Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорындағы менеджмент» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау.- Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2014. - 28 б.

Әдістемелік нұсқау типтік бағдарламаға сәйкес дайындалған. Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорындағы менеджмент пәні бойынша курстық жұмыстық құрылымы мен оны дайындау әдістемесі қарастырылған. Көрсетілген құрылымында мазмұны, рәсімделуі талаптары берілген.

Инженерлік-техникалық факультеті 5В071300-Көлік, көліктік техника және технология мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған.

ББК 65.291.21

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономикалық факультеттің Әдістемелік кеңесімен бекітілген ___ ___201_ж., хаттама №___


 Ахметжанова Б.Қ.., 2014


Мазмұны



Кіріспе………………………………………………………………………….

4

1

Курстық жұмысты рәсімдеу және жазу тәртібі……………………

5

2

Курстық жұмыстың тақырыптары …………………………………….

6

3

2003-2015 жылдарды ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» негізінде ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігін көтеру үшін мемлекеттік реттеу іс-шаралары..........................................

9

Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………….........................................

25


Кіріспе

«Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорындағы менеджмент» пәні бойынша курстық жұмысты жазу 5В071300-Көлік, көліктік техника және технология мамандығының студенттерін дайындаудың бір нысаны болып табылады. Оны жазу үлкен мәнге ие болады:

- біріншіден, студенттерді экономикалық әдебиеттермен өз бетімен шығармашылық жұмысқа бағыттайды, таңдап алынған мәселеге қатысты негізгі ережелерді табуға, нақты кәсіпорынның шынайы мәліметтерін талдауға және өңдеуге, кестелер мен диаграммалар құруға және оның негізінде дұрыс қорытынды жасауға үйретеді;

- екіншіден, студент өзінің ойын теориялық мәселелерді талдау барысында тікелей экономикалық сауатты жасауға үйренеді;

- үшіншіден, жұмыс өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорындағы менеджмент бойынша студенттердің білімін тереңдетіп, бекітеді;

- төртіншіден, компьютерде жұмыс жасап дағдыланады.

Курстық жұмыс – бұл дипломдық жұмыс жазуға дайындық баспалдағы болып есептеледі. Ол студентті ғылыми-зерттеу жұмысын жасауға үйретеді және оны жүргізу дағдысы мен әдісіне ие болға қабілеттендіреді.

Курстық жұмысты тақырыбы жеткілікті түрде терең және толық ашылуы қажет. Жұмыста сызба, кесте және графиктерді қолдану міндетті. Курстық жұмыс инженерлік-техникалық факультеттің күндізгі және сырттай бөлім студентеріне оқу жоспарына сәйкес орындалады. Ол кафедра алдында студенттің міндетті қорытынды есебі болып табылады.

Студенттер курстық жұмысты оқытушының жетекшілігімен орындайды. Орындлған жұмыс тексеріске тапсырылады. Тексерілгеннен кейін жұмыс қорғауға жіберіліп, студент белгіленген күні жұмысты қорғайды.

Жұмыс мынаған ие болуы тиіс:

  • Мақсатты бағыттылығы

  • Анық құрылымы;

  • Материал мазмұнының логикалық туралығы;

  • Сұрақтардың терең зерттелуі;

  • Мәліметтердің сенімділігі;

  • Қысқа және қатылығы;

  • Жұмыс нәтижесінің нақтылығы;

  • Ұсыныстар мен қорытындының дәлелденуі;

  • Рәсімделу талаптарына сәйкес болуы.

Егер жұмыс көрсетілген талаптарға сәйкес болса, онда оқытушы оң бағалап, жазбаша түрде пікірде көрсетеді. Қанағаттанарлықсыз жұмыс болса, оқытушының пікірде көрсеткен ескертулеріне сәйкес қайтадан өңдеуге жібереді.

Қайтадан орындалған жұмыс бірінші вариантымен бірге тапсырылады. Содан кейін оқытушы студент курстық жұмысты қорғап болғаннан соң оның сынақ кітапшасына бағасына қояды

Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорындағы менеджмент бойынша емтиханға студент тек курстық жұмысты қорғап болғаннан соң ғана жіберіледі. Егерде курстық жұмысты уақытында тапсырмай және қорғамаса емтиханға жіберілмейді.

1 Курстық жұмысты рәсімдеу және жазу тәртібі
Жұмысты орындаудағы басты кезең тақырыпты таңдау болып табылады. Студенттердің тақырыптарды таңдап алуға құқығы бар. Тақырыпты өзгертуге болмайды.

Тақырыпты таңдап, курстық жұмыстың мазмұнын анықтағаннан кейін, маңызды кезең жұмыстың жоспарын құру болып саналады.

Курстық жұмыстың көлемі 30-35 бетті құрайды. Материалды жазу үшін 11 – форматтағы парақ (А4 210297 мм) қолданылады. Курстық жұмыстың мәтіні университет стандарты бойынша басылады: сол жағы 3 см, жоғары жағы 2 см, оң жағы 1,5 см, төменгі жағы 2 см, мәтін жолдарының аралығы одинарный, 14 шрифт «Times New Roman», рефератты қолмен жазуға рұқсат етілмейді. Жұмыс ұқыпты, түсінікті басылу (жазылуы), деректерден алынған материалдарға және статистикалық мәліметтерге авторы, баспа орны, басылу жылы мен беті көрсетілген қажетті сілтемелер көрсетілу қажет. Жұмыс беттері төменнен ортасынан кіріспеден бастап нөмірленеді. Бірақ орындалған курстық жұмысты бағалаудағы шешуші ролді оның көлемі емес, сапасы алатынын ескеру қажет. Курстық жұмыстың құрылымы қатаң түрде мынадай бөлімдерден тұрады:


  • анықтамалық бет (бірінші бет болып есептеледі.);

  • мазмұны (екінші бет болып есептеледі);

  • кіріспе (үшінші бет болып есептеледі);

  • жұмыстың негізгі бөлімдерінің мазмұны;

  • қорытынды;

  • қолданылған әдебиеттер тізімі.

Анықтамалық бет Курстық жұмыстың бірінші беті болып саналады және белгілі тәтіп бойынша толтырылады.

Курстық жұмыстың жоспары алынған тақырыптың мазмұнын толық және жан – жақты баяндап талдауға негізделген сұрақ – мәселелерден құралады. Курстық жұмыстың мазмұнында барлық тараулардың нөмерлері мен толық атауы, олардың беттері көрсетіледі.

Орындалған курстық жұмыс жетекші оқытушыға тапсырылып, тексеріледі. Курстық жұмысты студент қорғағаннан кейін қорытынды баға қойылады.

Төменде инженерлік-техникалық мамандықта оқитын студенттерге арналған курстық жұмыс тақырыптары және қолданылатын әдебиеттер тізімі берілген.



2 Курстық жұмыстың тақырыптары
1.Транспорт жүйесі логикалық басқарудың объектісі ретінде.

2.Көлікті жалпы пйдаланудағы магистральдық түрінің техникалық-экономикалық сипаттамасы.

3.Логикалық жүйедегі көліктің рөлі.

4.Көліктік-логистикалық сервис.

5. Жүк тасмыладаушыларды таңдау және жеткізулерді ұйымдастыруға логистикалық әдіс.

6.Жүк тасымалдаудың аралас технологиясы.



  1. Өндіріс секторларының бөлек салаларын және олардың нысандарын орналастыру ерекшеліктері

  2. Өндірісті мамандандырудың түрлері мен формалары және олардың техникалық прогресті тездетудегі маңызы

  3. Маманданған кәсіпорындардағы артықшылықтар мен кемшіліктер

  4. Эконимиканың өндіріс секторында ішкі өндіріс кооперациясының дамуы

  5. Өндіріс саласында шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және ретті алмастыру

  6. Экономиканың шикізат базасын кеңейту және ретті алмастыру

  7. Экономика дамуында жылу энергетика және шикізат қорларының маңызы

  8. Минералды-шикізат қорларының жіктелуі

  9. Өнеркәсіп кадрларының біліктілігін көтеру

  10. Өндіріс секторындағы жұмыспен қамтылу

  11. Ұлттық экономиканың әртараптандырылуы

  12. Өндіріс секторында кәсіпорынның инвестициялық активтерін ынталандыру

  13. Қаржы секторының дамуы және ақша-несие саясаты

14.Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы негізі ретіндегі өндірістік сектор

  1. ҚР өндіріс саласының даму жағдайын талдау

  2. Өндірістік сала бөлімдерінің экономикалық жіктелуі

  3. Өндіріс саласында индустриалды-инновациялық кластерлердің дамуы

  4. Өндіріс саласында аймақтық маманданған кластерлерді орналастыру және басқару

  5. Өндіріс салаларының дамуы және әртапартандырылуын ынталандыру

  6. ҚР өндірістік секторының дамуындағы аймақтық ерекшеліктер

  7. Жоғары технологиялық өндірісті құрудағы басымдылықтар

  8. Ақпараттық технология кластерін қалыптастыру

  9. Өндіріс саласы бөлімдерінің негізгі принциптері және басқару ерекшеліктері мен әдістері

  10. Ұлттық экономиканы басқару органдарының құрылымы және олардың функциялары

  11. Елдің дамуындағы жоспарлау тәжірибесі (индикативті, стратегиялық жоспарлау, бағдарламалар, болжамдар)

  12. ҚР агроөнеркәсіп кешенін және өндіріс саласын мемлекеттік реттеу

  13. «2003-2015 жылдарды ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» негізінде ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігін көтеру үшін мемлекеттік реттеу іс-шаралары

  14. Нарықтық қатынастар жағдайында өндіріс саласын басқарудың макроэкономикалық тұтқалары

  15. «Электронды үкімет» инфрақұрылымының қалыптасуы

  16. Экономиканы модернизациялаудың қосымша құралы ретінде Қазақстанның БСҰ кіруі

  17. Экономиканың өндіріс салаларында кәсіпорындарды орналастырудың мәні мен принциптері

  18. Өндіріс секторларының бөлек салаларын және олардың нысандарын орналастыру ерекшеліктері

  19. Жаңа кәсіпорындарды орналасыру кезінде экономикалық тиімділікті сипаттайтын көрсеткіштер

  20. Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекетік бағдарламаларды жүзеге асыру және ауыл шаруашылығын дамыту

  21. Аймақтық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацилар құру концепциясы (ӘКК)

  22. Мамандандырудың экономикалқ тиімділігі және оны анықтау әдістемесі

  23. Өндіріс саласында кооперациялаудың экономикалқ тиімділігі және оны анықтау әдістемесі

  24. Өндірісті шоғырландырудың экономикалық тиімділігі мен артықшылығы

  25. Ретті алмастырудың экономикалық тиімділігі және оны анықтау әдістемесі

  26. Өндіріс саласының түрлі бөлімдерінде ретті алмастырудың даму ерекшеліктері

  27. Өндіріс саласының минералды-шикізат базасы

  28. Жылу-энергетикалық ресурстар аумағында мемлекеттік саясаттың мақсаты

  29. «2003-2015 жылдарды ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» жылу-энергетика кешені дамуын болжау.

  30. Шикізаттың химиялық түрлерін өндіруді дамыту

  31. Өндіріс түрі және сипатына қарай жеке салаларда айналымды капитал құрылымының көлемі.

  32. Еңбек ресурстарының оңтайлы дамуын ынталандыратын және халықты қорғауға бағытталған мекенді әлеуметтік саясатты жүзеге асыру.

  33. Экономиканың өндіріс секторы салаларын дамытудағы инвестицияның рөлі

  34. ҚР инвестициялық және ұлттық инновациялық қорлары

  35. Экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге және фискалды тәртіпті жоғарлатуға бағытталған ҚР бюджеттік-салықтық саясаты

  36. Үкімет және Ұлттық банктің инфляцияға қарсы кешенді саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру

2003-2015 жылдарды ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» негізінде ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігін көтеру үшін мемлекеттік реттеу іс-шаралары

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен міндеттері. Жоспарлаудың түрлері
Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақ-сатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.

Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларып ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу


1 кесте

2012-2014 жж. жалпы өңірлік өнім




Атауы

Өлш. бір.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2012 ж. қарағанда 2014 ж.,%

ЖӨӨ

млрд. теңге













Өткен жылға қарағанда өсу қарқыны

%













Жан басына шаққанда ЖӨӨ

мың теңге












2 кесте


Ел экономикасындағы Қостанай облысының орны


Жылдар

ҚР ЖӨӨ, млрд. теңге

Қостанай облысының ЖӨӨ, млрд. теңге

Облыстың республикадағы үлес салмағы, %

2012 ж.










2013 ж.










2014 ж.










3 кесте


Қостанай облысының ЖӨӨ құрылымын талдау, млрд. теңге


Жыл-дар

Барлығы

Ауыл шаруашылығы

Өнеркәсіп

Құрылыс

Сауда

Көлік және байланыс

Басқалары

2012






















Үлесі,%






















2013






















Үлесі,%






















2014






















Үлесі,%






















2012-2014 жж. кезең ішінде өнеркәсіптің, көлік және байланыстың үлес салмағы жоғарылап, сауда азайған. Облыс ЖӨӨ-нің өзгеруіне үлесіне ЖӨӨ көлемінің жартысы келетін ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларының дамуы әсер етеді (4 кесте).

4 кесте

Өңір салаларының жалпы республикалық өндіріс көлеміндегі үлес салмағы, млрд. теңге




Жылдар

Барлығы

Ауыл шаруа-

шылығы


Өнеркәсіп

Құрылыс

Сауда

Көлік және байланыс

Басқа-лары

2012






















ҚР






















Облыс






















Үлесі,%






















2013






















ҚР






















Облыс






















Үлесі,%






















2014






















ҚР






















Облыс






















Үлесі,%






















2012-2014 жж. кезеңінде инвестициялар көлемінің серпіні жыл сайынғы өсімнің оң қарқынына ие. 2014 ж. облыстың негізгі капиталына 122,2 млрд. теңге салынды, бұл 2012 ж. салыстырғанда 1,3 есе артық. Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі қайнар көзі кәсіпорындар-дың, ұйымдардың, халықтың меншікті қаражаттары болып табылады. Осы қайнар көздің инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 70% құрады (5 кесте).

5-кесте

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ долл.




Жылдар

Сыртқы сауда айналымы

Экспорт

Импорт

млн. АҚШ доллары

өткен жылға қарағанда%

млн. АҚШ доллары

өткен жылға қарағанда%

млн. АҚШ доллары

өткен жылға қарағанда%

2012



















2013



















2014



















Тауар айналымы құрылымында 2014 ж. экспорттық жеткізулер 66%, ал импорттық операцияларға 34% тиесілі. Облыстық экспорттың 90% төрт тауар тобына тиесілі: темір руда өнімі (65,8%), ұн-жарма өнеркәсібі өнімдері (12,3%), бидай наны (6,6%), асбест (3,4%) (6 кесте).

6 кесте

Қазақстан Республикасының жалпы экспорт көлемінде Қостанай облысының үлесі, млн. АҚШ долл.




Экспорт

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж. қарағанда 2011 ж.,%

Қазақстан Республикасының экспорты













Облыс экспорты













Қазақстан Республикасының жалпы экспорт көлемінде Қостанай облысының үлесі, %













жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау