Қонақ визасы бойынша жадынама
Kосмонавттар көшесі 62, Шұбар шағын ауданы 010000 Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы
Тел.: (+7 7172) 977 869, 977 878 Факс: (+7 7172) 97 78 50
Email:
nur-sultan-ob@bmeia.gv.at
bmeia.gv.at/nur-sultan
Қажетті құжаттар тізімі:
1.
Неміс немесе ағылшын тілдерінде (латын әріптерімен) толтырылған және өтініш
берушінің қолы қойылған өтініш – сауалнама
2.
Төлқұжатқа арналған екі жаңа түрлі түсті
фотосурет
(көлемі 3,5 х 4,5 см.)
3.
Шетелге шығу төлқұжаты (қолданылу мерзімі сұралатын визаның қолдану мерзімі
аяқталған соң 3 айдан кейін аяқталатын, кемінде 2 бос беті бар және соңғы 10 жыл
ішінде рәсімделген)
4.
Сапар кезінде тұратын мекен-жайы көрсетілген (шақырушының тікелей
nur-sultan-
ob@bmeia.gv.at
адресіне жіберген) шақыру қағазы НЕМЕСЕ қаржылық
мүмкіндіктер жеткілікті түрде дәлелденбеген жағдайда, АҒЫЛШЫН немесе НЕМІС
тілдерінде толтырылған немесе осы тілдерге аудармалары қоса тіркелген
электрондық кепілдеме (
elektronische Verpflichtungserklärung
– EVE
), мысалы,
Бельгия үшін
„Annex 3-bis“, Нидерландыға - „Bewijs van garantstelling en/of particuliere
logiesverstrekking/Proof of Sponsorship and/or private accommodation“, Венгрияға -
„Meghívólevél/Letter of invitation“, Словенияға „Garantno Pismo/Letter of Guarantee“,
Португалияға „Termo de Responsabilidade/Term of Responsability“ , Люксембургқа - “Declaration
the Prise en Charge/Formal obligation” нұсқалары
5.
Өз бетімен сапарға шығатын кәмелетке толмағандар үшін: ата-анасының /
қамқоршысының нотариалды куәландырылған келісім – өтініші
6.
Қажет болған жағдайда: Еңбек қатынастарының ұзақтығы, лауазымы, жалақысы,
демалыс уақыты көрсетілген жұмыс орнынан НЕМЕСЕ оқу орнынан алынған
анықтама НЕМЕСЕ
зейнеткерлікті растайтын құжат
7.
Қаржылық мүмкіндікті растайтын құжат (мысалы, банк шотынан үзінді, банктің растау
құжаты және т.б.). Қолда бар ақша есепке алынбайды
8.
Медициналық сақтандыру полисі (минималды сақтандыру сомасы - 30 000 евро,
сапар мерзіміне және барлық Шенген аймағына жарамды. Шенген аймағында
бірнеше рет болу барысында тек бірінші сапар кезеңіне жарамды)
9.
Көлік түрін растайтын құжат (мысалы, бару және қайту билетінің броны);
Ескерту:
Жекеленген жағдайларда ұшу билетінің сатып алынғандығын растау талап етілуі мүмкін
10.
Шетелге шығу құжатының жеке деректер көрсетілген беті мен Шенген визасы бар
беттерінің көшірмесі
11.
Консулдық алым қолма-қол ақшамен (теңгемен (Елшілікте белгіленген бағам
бойынша) немесе евромен) төленеді
Барлық құжаттардың түпнұсқаларын және олардың неміс немесе ағылшын тіліне
аудармаларын визаға өтініш беруші жеке өзі келіп тапсырады.
Елшілік жекеленген жағдайларда қосымша құжаттарды сұрату немесе сұхбаттасуға шақыру құқығын өзіне
қалдырады.
Ұлттық паспорттар, төлқұжаттар, Қазақстанда тұруға рұқсат қағаз, дипломатиялық және қызметтік құжаттар,
сондай-ақ туу туралы куәліктер жеке сәйкестендіру нөмірімен (ИИН)
қоса ұсынылуы тиіс
Өтініш жоспарланған сапардан кемінде 10 жұмыс күні бұрын берілуі тиіс.
Консулдық алым визаға байланысты барлық ресми актілерді рәсімдеуге қажетті бірден бір төлем болып
табылатынына назар аудару сұралады. Өтініш – сауалнамалар тегін беріледі. Виза берілмеген жағдайда
консулдық алымның төленген сомасы қайтарылмайды.
Берілген виза белгіленген елге кіруге толық кепілдік бермейді. Егер шекарадан өту кезінде елге кіргізуден бас
тартуға негіздер пайда болса, онда виза күшінің жойылуы және кіруге тыйым салынуы мүмкін.