Өміртіршілік қауіпсіздігі 1 Дисплейде жұмыс жасағанда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету



жүктеу 178,93 Kb.
бет3/10
Дата12.09.2020
өлшемі178,93 Kb.
#31397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Өміртіршілік қауіпсіздігі - Диас

Жұмыс жағдайы

Дұрыс жұмыс жағдайы бұлшық еттердің қатты асқынбауын болдырмауды, жақсы қанайналымын жəне дем алуын қамтамасыз етеді. Түзу отыру қажет (бүкіреймей) жəне креслоның арқасына арқа сүйеп отырған дұрыс. Бел бөлімінде арқаны артқа емес, керісінше, алдыға еңкейту керек.

Басты қалыпты ұстау үшін мойынның бұлшық еттері қысылмайтын жағдай табу керек. Ұсынылатын басты еңкейту бұрышы 20º-қа дейін. Бұл жағдайдамойын омыртқаларына жəне көзге жүк азырақ түседі.

5.1 сурет – Жобалауға арналған перифериялық бөліктерінің орналасуы

Модем, 2-монитор, 3-принтер, 4-жұмыс үстелінің беті, 5-клавиатура, 6-

«тышқан» типті манипулятор


Жұмыс креслосының сипаттамаларына көп көңіл бөлінеді. Отыратын беттің еденнен биіктігі 45-55см болғаны жөн. Орындық беті жұмсақ, алдыңғы ернеуі дөңгеленген, арқалығының көлбеулену бұрышы басқарылатын болуы керек (5.2-сурет).

Сол сияқты жобалау кезінде құжаттардың əр-түрлі жерде орналасуын қарастыру керек: бейнетерминалдың жанында, монитор мен клавиатура арасында т.с.с. Бейнетерминалдың бейне сапасы төмен болса, мысалы дірілдер болса, онда көзден құжатқа дейінгі қашықтыққа қарағанда (30 – 45 см), көзден экранға дейінгі қашықтықты үлкен қылу керек (70 см-дей). Ал егер бейне сапасы жоғары болса, көзден экранға, құжатқа жəне клавиатураға дейінгі қашықтықты бірдей етуге болады.



5.2 сурет – Дұрыс отырудың сандық көрсеткіштері


Компьютерде жұмыс істеу барысында мынандай ережелерді сақтау қажет:

  • дененің барлық мүшелерін оттегімен қамтамасыз ету үшін терең, еркін, ырғақты дем алу;

  • қолдар жəне иықтарды босаңсу қалпында ұстау – егер иықтар төмен түсірілген болса қолдарға қысым түспейді;

  • жиі кірпік қағу жəне алысқа қарау. Кірпік қағу тек қана ылғалдануға жəне көз айналасының тазаруына ғана емес, сондай-ақ бет, маңдай бұлшық еттерінің босаңсуына əкеледі (қастардың қимылынсыз). Қимылдың аздығы жəне көз бұлшық еттеріне түсетін қысым аккомадацияның бұзылуына себеп болуы мүмкін.

Дененің қандай да бір бөлігінің шаршауын сезінген кезде терең дем алып, ағзаның шаршаған бөлігін қатты қысымда ұстау керек, одан кейін дем алуды 3-5с-қа тоқтатып жəне дем шығаруды босаңсыту қажет, осыны бірнеше рет қайталауға болады.

Көздің шаршауын сезінген кезінде 2-3 минут бөлмеге қарау, көзқарасты əртүрлі заттарға бағыттау жəне алысқа қарау (терезеге).

Егер күрт əлсіздену байқалса, дисплей экранында діріл пайда болса (теңселу, тартылу, бұлыңғырлану), онда жетекшіге хабарлау қажет.

Компьютермен жұмыс істеу барысындағы еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары:



  1. Жеке электронды есептеу машиналарында (ЖЭЕМ) өз бетімен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, медициналық тексеруден өткен, еңбекті қорғау нұсқаулығын, компьютермен жұмыс істеу еңбегіңің қорғалу нұсқауларын білетін тұлғалар жіберіледі.

  2. ЖЭЕМ жəне ЖЭЕМ-ге кіретін басқа да құрылғылар да жұмыс істеу барысында жұмыскерге мынадай қауіпті жəне кері факторлар əсер етуі мүмкін:

    1. Электр тогы, сəулелену;

    2. Электронды құрылғылармен жұмыс істеу барысында көздің көруіне қысым жасау, əсіресе, экранның көзге қатысты орналасуын дұрыс пайдаланбаған жағдайда.

  3. Жарық беретін құрылғыларды бірқалыпты жарықпен қамтамасыз ету керек жəне олар көзге түсетін клавиатурадағы жəне пульттың басқа да бөліктеріндегі жарқырауларды, сондай-ақ дененің электронындағы көзге бағытталған оператордың болдырмауын қамтамасыз ету керек.

  4. Дисплейлер қабырғадан 1м-ден кем емес қашықтықта бір қатарда орналасуы керек, жұмыс орындарының арақашықтығы 1,5м-ден кем болмауы тиіс. Дисплей экрандарын бір-бірлеріне қарама-қарсы орналастыруға тыйым салынады.

  5. Дисплей экранының еңкею бұрышы вертикальға қатысты 10-15 градусты құрауы қажет. Ал, экранға дейінгі арақашықтық 400-500мм.

  6. Бөлмедегі жұмыс орнындағы тазалық пен тəртіпті сақтау қажет, жүйелі желдетіп отыру керек.

  7. Жұмыс барысында анықталған ақаулар туралы жетекшіге баяндап отыру қажет. Апат болған жағдайда, апаттық жағдай тоқтатылғанға дейін жұмыс орнын тастап шығу керек.

  8. Барлық қайғылы оқиғалар жайлы оны көрген куə немесе анықтаған жұмыскер немесе жапа шегуші міндетті түрде тікелей жетекшіге хабарлауы керек, сондай-ақ медициналық көмек көрсетуге шаралар көрсету қажет.

  9. Осы нұсқаулықты орындауға байланысты талаптарды орындамаған жетекшіге, сондай-ақ осы талаптардың бұзылуына жауапты тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сəйкес жауапқа тартылады [14].


жүктеу 178,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау