«Сұрақ-жауаппен қатынас»
Әр оқушыға сұрақ дайындап, сабақ уақытында параққа жазу керектігі туралы тапсырма беріледі.Содан соң осы парақтар бір оқушыдан екіншісіне кезекпен беріліп отырады.Сұраққа жауап бергісі келгендер жауапты алдыңғы оқушының жазған жауабының астына жазады.Егер сұраққа жауап бергісі келмесе, парақты жауапсыз келесі оқушыға береді.
«Сұрақтар шеңбері»
Бұл әдіс бойынша оқушылар кезекпен сұрақ қояды. Оқушылар төрт немесе бес адамнан шеңберлер құрады. Тақырып және ойлануға біршама уақыт беріңіз. Сосын талқылауды бастаңыздар, әр оқушы үш минут (немесе басқа уақыт ) үзбей сөйлейді. Бұл уақытта ешкімге еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейді. Барлығы айтарын айтып болғаннан кейін шағын топ үшін және ортақ талқылау үшін тақырыпты ашыңыз. Оқушы сөзін, өз ойымен емес алдында айтып кеткен оқушының айтқанымен құру керек, сондай-ақ олар жаңа идеялар келтірмеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |