Электрондық құжат – өзiндегi ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең.
E-gov порталы.
Компьютерге Java, NCALayer БҚ және ҚР ҰКО түпкі сертификаттарын орнатыңыз.
Java БҚ Java.com ресми сайтынан көшіріп алуға болады.
NCALayer БҚ ҚР ҰКО ресми сайтынан көшіріліп алынады. Орнату үдерісі интуитивтік түсінікті, бірақ қиыншылықтар туындаған жағдайда нұсқаулықты (PDF) пайдалануға болады.
Порталда тіркелу және авторизациялау үшін, сондай-ақ онлайн-қызметтерді алу үшін қажетті ЭЦҚ кілттерін алу.
ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) – бұл электрондық құжатқа қолы қойылған және мөрмен бекітілген қағаз жеткізгіштегі құжат сияқты заң күшін беру үшін пайдаланылатын өзі қойған қолының аналогы.
ЭЦҚ алуға өтінімді ҚР ҰКО сайтының арнайы бөлімі арқылы онлайн режимінде беруге болады. Өтінімді қауіпсіздік мақсатында дербес компьютерден беру ұсынылады.
Жеке тұлғадан онлайн-өтінімді беру.
Заңды тұлғадан онлайн-өтінімді беру;
Онлайн – өтінімді бергеннен кейін сізге оны растау үшін ХҚКО-ға бару қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен басып шығарылған өтінім болуы қажет. Тексергеннен кейін оператор растауды жасайды және сіз ЭЦҚ өз компьютеріңізге жүктеп, оған өз пароліңізді орната аласыз.
AUTH_RSA деп аталатын ЭЦК кілттердің RSA – дан айырмашылығы неде?
RSA электрондық құжатқа/сұрау салуға қол қоюға арналған, ал AUTH_RSA пайдаланушыны түпнұсқаға сәйкестендіруге, яғни кіруге/авторландыруға арналған.
ЭЦҚ қолданыс мерзімі 1 жыл, бірақ пайдаланушының ағымдағы ЭЦҚ мерзімі өтіп кетпей тұра, оны тағы бір жылға ұзартуға мүмкіндігі бар екендігін атап өтеміз. Мерзімін ұзарту бойынша нұсқаулықтар – жеке тұлғалар үшін, заңды тұлғалар үшін.
ЭЦҚ түрлі ақпарат жеткізгіштерінде сақтауға болады, бірақ бұл ретте ол бөтен қолға түспеуін жауапкершілікпен қадағалау қажет.
ЭЦҚ арқылы порталда тіркеліңіз. Тіркеу рәсімі интуитивтік түсінікті, бірақ сұрақтар туындаған жағдайда нұқсаулықты (PDF) пайдалануды ұсынамыз.
Тіркеу бетіне өтіңіз, пайдаланушының келісімімен танысыңыз және «ЭЦҚ-пен тіркеу» батырмасын басыңыз;
Парольді ойлап табыңыз және өз жеке e-mail көрсетіңіз. Пароль латын әліпбиінің жоғарғы және төменгі регистрдегі цифрлық және әріптік символдар комбинациясын қамтуы тиіс (кемінде 8 символ, бірақ 30 символдан артық емес);
Өз ЭЦҚ (RSA) таңдаңыз және тіркеуді растаңыз.
Тіркелуден кейін және ЭЦҚ болған кезде сіздің алдыңызда электрондық үкіметтің eGov.kz. порталының барлық мүмкіндіктері ашылады. Сіздің қарамағыңызда көптеген электрондық мемлекеттік қызметтер мен сервистер болады, сондай-ақ сіз мемлекеттік ақпараттық жүйелерде сақталатын дербес деректерді мониторингілеуге көмектесетін Жеке Кабинетке қол жеткізе аласыз.
Оның үстіне, ЭЦҚ Ашық үкімет порталдарында авторландыруға және Elicense.kz электрондық лицензиялау порталында тіркелуге мүмкіндік береді.
ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімі – 1 жыл тек файлдық жүйеге таратылады. Егер ЭЦҚ кілттерін жазу қорғалған тасымалдаушыларға жүргізілсе (Жеке куәлік, Kaztoken, Etoken, Akey, JaCarta) онда әрекет ету мерзімі 3 жыл болады.
Достарыңызбен бөлісу: |