Обложка, титул, редколлегия, выходные 7 том



жүктеу 84,76 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.12.2017
өлшемі84,76 Kb.
#5069


 

 

126 



тапсырмаларды 

орындау 


жылдамдықтарының 

өзара 


байланыс 

дəрежесі,                                   

2)  зияткерліктің  əр  түрлі  субтесттерінің  интеркорреляция  дəрежесі,  3)  зияткерліктің 

даму деңгейі. Біздің көзқарасымыз бойынша мұның мүмкін болатын себебі, бұл жаста 

зияткерліктің əр түрлі құрамдас бөдіктерінің тез əрі гетерогенді дамуы жүреді жəне бұл 

гетерогендік  қаншалықты  анық  байқалса,  ментальдік  жылдамдық  пен  зияткерлік 

соншалықты  ұқсас  емес,  сəйкесінше  олардың  арасындағы  байланыс  та  соншалықты 

төмен. Бірақ, ІІІ сыныпта оқитын оқушылардан алынған бұл нəтижелер басқа жастағы 

балалар  үшін  дұрыс  болмауы  мүмкін.  Сондықтан  белгілерді  дифференциялау 

жылдамдықтары мен зияткерліктің байланысы туралы толық бейне алу үшін мейлінше 

кең жас диапазондарында, əр түрлі кəсіби топтарды, жастар мен ересек адамдар тобын 

тарта  отырып  жəне  басқа  да  апробацияланған  зияткерлік  тесттерін  пайдалана  отырып 

одан əрі зерттеулер жүргізу керек. 

 

 



 

Əдебиет: 

1.

 



Веккер Л. М. Психические процессы: В 3 т. Т. 2. Л., 1976. 

2.

 



Холодная М.  А. Психологические механизмы  интеллектуальной одаренности // Вопр. психол. 

1993. № 1. С. 32-39. 

3.

 

Холодная М. А. Интегральные структуры понятийного мышления. Томск, 1983. 



4.

 

Sternberg  P.  J. Mechanisms  of  cognitive  development:  A  componential  approach  //  Sternberg  P.  J. 



(ed.) Mechanisms of cognitive development. N. Y., 1984. P. 163-186. 

5.

 



Carrol J. B., Maxwell S. E. Individual differences in cognitive abilities // Ann. Rev. of Psychol. 1979. 

V. 30. P. 603-640. 

6.

 

Eysenk H. J. (ed.) A model for intelligence. Introduction. N. Y., 1982. P. 1-10. 



7.

 

Cohn S. J., Carlson J. S., Jensen A. R. Speed information processing in academically gifted youths // 



Person. and Individ. Differences. 1985. V. 5. P. 621-629. 

8.

 



Hunt  E. Intelligence  as  an  information-processing  concept  //  Brit.  J.  of Psychol.  1980.  71.  Pt.  4.                

P. 449-474. 

9.

 

Keating  D.  P., Babbit B.  L. Individual  and  developmental  differences  in  cognitive-processing  of 



mental ability // Child Devel. 1978. V. 49. N 1. Р. 155-167. 

10.


 

Н.И. 


Чуприкова, 

Т.Д. 


Ратанова. 

Связь 


показателей 

интеллекта 

и 

когнитивной 



дифференцированности у младших школьников// Вопр. психол. 1993. № 2. С. 37-45. 

 

 



 

УДК 373. 2 (5қ) 

 

5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН 

ДАМЫТУДАҒЫ ТƏРБИЕШІНІҢ РӨЛІ 

 

Калилаева А.Т. 

(Ш.Уалиханов атындағы КМУ) 

 

 

 

Жылдан  жылға  балабақшалардың  саны  өсуі  баршаға  белгілі.  Сондықтан  мектеп 

жасына  дейінгі  балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  анықтап,  оларды  əрі  қарай 

дамыту үшін балабақшаның рөлі өте зор. Қай елде, қай заманда болсын бала тəрбиесіне 

ерекше  мəн  берілген.  Өйткені,  бала  жеке  адамның  емес,  ұлыс  пен  ұлттың  ертеңі. 

Ұрпақ-саналы  өмірдің  ең  басты  кепілі.  Ақыл-ой  тəрбиесінің  бұл  acпектісі  баланың 

ойлау  операциясының,  шығармашылық  процестерінің  жəне  қабілетінің  дамуына 

тікелей  байланысты.  Ол  туралы  Президент  Н.Назарбаев  Қазақстандықтарға  арналған 




 

 

127 



Жолдауында:  «Ғасырдағы  экономикалық  жəне  əлеуметтік  ұмтылыстағы  негізгі жетекші 

күш-  адамдар,  олардың  еркі,  жігері,  табандылығы,  білімі».  Олай  болса,  алға  қойылған 

мақсаттарды  орындау  үшін  еліміздегі  жастарымыздың  шығармашылық  əлеуетін  жан-

жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды [1]. 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде 

ең  алғашқы  рет  «Əр  баланың  жеке  қабілетіне  қарай  интеллектуалдық  дамуы,  жеке 

адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мəселелер енгізіп отырғаны белгілі [2]. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаев  Республика  білім  жəне  

ғылым   қызметкерлерінің  сөйлеген  сөзінде  білім  беру  ісін  реформалаудағы  

стратегиялық  міндеттердің  бірі  шығармашылық тұрғыдан ойлау білетін жеке тұлғаны 

қалыптастыру   мен   тəрбиелеу   екендігіне  баса  назар   аударылды.  Отанын  сүйе  білу 

сияқты  гумандық   сезімдерге   тəрбиелеу  қажеттігі  өзекті  мəселе  болып  отырғандығын 

ерекше  атап  өтті.  Гуманизациялаудың   түпкі   мақсаты  –  баланы   жан-жақты  

шығармашылық  тұлға  етіп  қалыптастыратын дамуға апару [3]. 

«Шығармашылық  -  тура  мағынасында  жаңалық  ашу  дегенді  білдіреді».  Ал 

С.Ожеговтың  сөздігінде  «Шығармашылық  -  материалды  жəне  мəдени  құндылықтар 

жасау» делінген [4]. 

5-6 


жас 

аралығындағы 

балалардың 

шығармашылық 

дарындылығын, 

шығармашылық  бағытта  дамыту  жəне  оны  тəрбиелеу    бүгінгі    таңдағы  көкейкесті 

мəселе  болып  келеді.  Қоғамдағы,  айналамыздағы  ортада  болып  жатқан  қарқынды 

өзгерістер  шығармашылық  қабілеті  бар,  қажетті  жағдайда  соны  əрі  айрықша  шешім 

қабылдай алатын жеке тұлғаның алдында үлкен талаптар қойылады.  

Əр  тəрбиешінің  алдындағы  сəулелі  мұрат  шəкіртіне  білім,  тəрбие  беріп  қана 

қоймай,  əр  баланың  «менін»  ашу.  Сол  «менді»  шығармашылық  тұлғаға  айналдыру 

басты мəселе. 

Бүгінгі  таңда  білім  саласының  алдында  дайын  білімді,  дағдыларды  меңгеретін, 

қайталайтын  ғана  емес,  шығармашылық  бағытта  жұмыс  істейтін,  тың  жаңалықтар 

ашатын,  біртума  ойлау  қабілетімен  ерекшеленетін  жеке  тұлға  қалыптастыру  міндеті 

тұр.  


Тəрбиешілердің балалармен шығармашылық жұмыс жасау үшін олардың ақыл-ой 

дамуын,  интеллектісін,  логикасын  жəне  баланың  тұлғалық  сапаларын  қалыптастыру 

мен  дамытудың  психологиялық  -  педагогикалық  қабілет  мүмкіндіктерін  зерттеп  білу 

керек. Тəрбиеші қызметі шеберлік тұрғысынан да балаларға өнеге болуы тиіс.  

Бала  қабілетінің  ашылуы  үшін  тəрбиеші  білімін  ұдайы  жетілдіріп,  кəсібі 

шеберлігін  шыңдауы  қажет.  Соған  қоса  бала  білімі  мен  қабілетіне  сеніммен  қарау, 

баланы  ақпарат,  жаңалықпен  қамтамасыз  етіп  отыру,  ата-анамен  тығыз  байланыс 

орнату жəне баланы өмірге бейімдеуде дəл, дұрыс бағыт беріп, жеке ерекшелігіне көңіл 

бөлінуі тиіс. 

Баланың  шығармашылығын  дамытатын  тəрбиеші  өзі  шығармашылықпен  жұмыс 

жасауы  керек,  яғни  тəрбиеші  балаларға  берген  тəрбиесіне  қарай  ғылыми  жобаларды 

жасаса  дұрыс  болар  еді.  Өйткені  тəрбиешілер  өте  көп  уақыт  балалармен  өткізіп, 

олардың өсуін, өзгеріп отырғандығын байқап отырады.  

Оқыта  отырып  баланың  қабілеттерін  дамыту  мəселесі  көрнекті  педагогтар             

Ш.А.  Амонашвили,  И.П.  Волков,  О.С.  Газман  еңбектерінде  қарастырылады.  Ал,              

В.В.  Давыдов:  «жеке  түлға  негізінде  шығармашылық  бастау  жатыр,  жеке  тұлғаның 

маңызы  оның  жасампаздыққа,  мұқтаждығына  жəне  қабілеттілігіне  байланысты»  деп 

есептеген. 

Б.Д.Эльконин 

шығармашылыққа 

мынадай 

анықтама 

береді: 

«Шығармашылық-бұл  ерекше  түрғыдағы  жасампаздық,  жаңадан  жасалған  нəрсе, 

бұрыңғы 

нəрселердің 

механикалық 

қайталануы 

емес, 

өзінің 


сонылығымен, 

біртумалығымен  ерекшеленетін  болса,  өзіні-өзі  куəландыратын,  дəлелдейтін  болса, 




 

 

128 



онда  бұл  нəрсені  туғызған  шығармашылық  акт  туралы  сөз  қозғауға  болады». 

Францияның  ағарту  ісінің  өкілі  К.А.  Гельвеций  адамдардың  барлығының  бірдей,  тең 

дəрежеде  болатындығын,  сол  себепті  кез  келген  баланы  талант  дəрежесіне  көтеруге 

болады дегенді уағыздап кеткен [5]. 

Баланың 

шығармашылық 

қабілетін 

дамыту 


мақсатында 

өткізілетін 

ұйымдастырылған оқу- іс əрекеті барысында жаңа технология элементтерін пайдалану 

тиімді. Бұл орайды баланы жалықтырып алмаудың жолдарына бала қабілетін ашуда тіл 

шеберлігіне көңіл бөлу, білімін қосымша əдебиеттермен толықтыру жəне жылы сөздер 

арқылы «сенің қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор деп, үнемі балаға шабыт беріп 

отыру керек. Сол арқылы баланың белгілі бір іске талпынысы пайда болады. 

Сабақ  оқу-тəрбие  үрдісінің  ең  басты,  маңызды  мəселе.  Əр  баламен  жеке  жұмыс 

балалардың  өз  бетінше  ізденуі  арқылы  жүзеге  асады.  Білім  негізі-сабақта  демекші, 

əрбір  сабақ  үлкен  дайындықпен,  жан-жақты  жұмыс  түрлерімен  ұштасып  жатады. 

Əсіресе,  əр  топтағы  тақырыптардың  мазмұнына  қарай,  жас  ерекшеліктеріне 

байланысты  дəстүрлі  емес  сабақ  түрлерін  өткізу  балалардың  белсенділігін,  пəнге 

қызығушылығын арттырады.  

Бала  мен  тəрбиеші  арасында  достық  қарым-қатынас  болмайынша,  бала  сеніміне 

қол жеткізу мүмкін емес деп ойлаймыз. Əдіс-тəсілдерді түрлендіріп пайдалану арқылы 

балаларды  шығармашылыққа  баулуға  болады.  Балалар  өз  бетінше  суретпен  жұмыс 

жасаған  кезде,  мəтіндерді  бөліктерге  бөліп,  талдау  жұмыстарын  жүргізген  кезде 

кітаппен  ғана  шектеліп  қоймай,  өз  жанынан  қоғамдағы  болып  жатқан  сан  алуан 

құбылыстарды да еркін айта алады. 

Баланың  ойында  не  бар,  ол  не  істей  алады,  жасы  өскен  сайын  ол  қалай  өзгеріп, 

нені  үйреніп  келеді  дегенді  анықтау,  оған  əсер  ететін  себептері  іздестіру  балалар 

психологиясының маңызды міндеті.  

5-6  жас  аралығындағы  балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  үшін  ең 

біріншіден  баланың  сол  дарындылықты  дамыту  үшін  дарындылық  мəселесін  зерттеу 

керек. Өйткені əр бір балада өзіне тəн ерекшеліктері болады. 

Баланың  басты  тəрбиесінде  ұшқын  тастау,  биікке  талпындыру,  қиялға  қанат 

қақтыру,  асқақ  арманға  баулу,  білімді  де  жан  –  жақты  болуына  көмек  жасау 

тəрбиешінің  міндеті.  Тəрбиеші  бұл  міндетті  ата  –  аналардың  көмегінсіз  жүзеге  асыру 

өте қиын. Сондықтан ата – аналармен ынтымақтастықты үзбеген жөн. Бұл балалардың 

сабақ үлгеріміне,  жан – жақты тəрбиеленуіне негіз болады.  

Дарынды да талантты балаларды іріктеу, оқыту жəне тəрбиелеу қазіргі кездегі білім 

берудің  ең  өзекті  мəселесі  болып  табылады.  Оны  шешу  үшін  əр  жастағы  балалардың 

дарындылығын 

көрсететін 

психодиагностиканың 

сенімді 


жəне 

тексерілген 

əдістемелерін білу керек. Мысалы, жаңашыл педагог И.П. Волков: «егер баланың жеке 

қасиеттерін  өте  жас  кезінен  анықтап,  дамытуға  жағдай  жасаса,  талант  қалыптастыру 

кез келген мамандық дайындау сияқты қатардағы шара» ,-дейді [5]. 

Шығармашылық  қабілеттер  мен  интеллектінің  айырмашылығын  байқаған  Л. 

Терстоун  болды.  Шығармашылық  шешім  мəселені  шешу  үстінде  емес,  дəл  назар 

аударғаннан кейін пайда болады деген.  

Дж.  Гилфорд  балалардың  дарындылық  қасиеттерін  анықтау  мақсатында 

креативтіліктің төрт, кейін алты параметрін көрсеткен:  

-

 

мəселені қою жəне байқау қабілеттілігі;  



-

 

көп идеялар табу қабілеттілігі;  



-

 

бейімділік қабілеттілік - əр түрлі идеяларды іске асыру;  



-

 

төтендік қабілеттілік – дəстүрден тыс жауап беру;  



-

 

нысанды бөлшектер қосып жетілдіру;  



-

 

мəселені шеше білу қабілеттілігі, яғни талдау қабілеттілігі.  




 

 

129 



Осы  теоретикалық  талдау  негізінде  Дж.  Гилфордтың  қабілеттерді  тестілеуде 

жасаған бағдарламасы (ARP) өнімді дивергенттіктің ерекшелігін көрсетеді.  

Баланың   дарындылығын  айқындау,  шығармашылығын  зерттеу,  анықтау,  белгілі 

бір бағыт-бағдарлама бойынша жұмыс жүргізуі қажет. 

Балаларға  жүргізілген  эксперименттерге  тоқталатын  болсақ,  балалардың 

шығармашылық қабілеттерін  əр түрлі зерттеу əдістерін  қолдандық. 

Тəжірибеден өткен «Аққу» мектеп-балабақшасындағы №10 «Балдаурен» топта 28 

бүлдіршін тəрбиеленді. Олардың 15 қыз жəне 13 ер балалар. Осы мерекелік іс –шаралар 

жүргізу барысында балалардың өте белсенді қатысқандарын аңғарып, тəрбиешілермен 

бірге    балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  үшін    түрлі  жұмыс  түрлерін 

жүргіздік. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін келесі 

əдістерді  балабақшада  қолдандық.  Сондағы  жүргізілген  методикалары  балаларға  өте 

қызықты жəне орындауға жеңіл болды. 

5-6 жас аралығындағы балалардың универсалдық қабілеттілікке В. Синельникова 

жəне    В.  Кудрявцева  диагностика  жасап,  «Бөлмедегі  күннің  көзі»  атты  методикасын 

жүргіздік. 

Тəрбиеші  балаға  осы  суретті  көрсете  отырып:  «Мен  саған  осы  суретті  беремін. 

Соны ықыласпен қарап ал жəне онда не салынғаннын туралы айт». 

Бала бұл суретте не салынғанын (үстел, орындық, күннін көзі т.б.) туралы айтады. 

Сонда  тəрбиеші  қайтадан  сұрақ  қояды:  «Дұрыс.  Бірақ  сенің  байқауы  бойынша 

күннің  көзі  бөлмеде  орналасып  тұр.  Бұндай  сурет  дұрыс  па,  əлде  суретші  қате  етіп 

салған  ба?  Сен  осы  суретте  не  өзгеруші  едің?»  деген  сұрақтарға  балалардан  жауап 

алдық. 


(Осы  суретті  өзгерту  үшін  балаға қарындаштың  керегі  емес,    тек  жай  ғана  түсіндіре 

алса  жеткілікті  болды).  Біз  өткізген  əдісті    5  баллмен  бағаладық.  Егер  бала  ештене 

өзгертпей,  сол  қалпында  қалады  десе  -  1  балл.    Егер  бала  жай  ғана  күннің  көзін  өшіретін 

болса-2  балл.  Егер  күннің  көзін  далада  салу  керек  дейтін  болса  -3  балл.    Егер  күннің 

көзіннің орнына электр шамды салуға болады десе - 4 балл. 

Ол  балалардың  шығармашылық  əрекетерін  дамытуда  басты  талап  жəне  осы 

жүргізілген əдісіне байланысты балалардың деңгейлерін анықтап, диаграмма құрдық.  

 

Диаграмма-1. 



0

10

20

30

40

50

60

ойлау

қиял

зейін

жоғары

орташа

төмен

 

Бұл диаграмма бойынша топтағы басым балалар орташа дарындылықты екендігін 



көрсетті. Бірақ осы əдістерді жиі жүргізілсе ғана жақсы жетістіктерге жетуге болады.  

Сонымен қоса балабақша тəрбиешілеріне В.С.Юркевич пен Э.А.Баранова ұсынған 

сауалнамалар  жүргізілді.  Сауалнама  7  сұрақтан  тұрады.Олар:  Қаншалықты  жиі  бала 

ойлау қабілетке байланыты іс əрекетпен айналысады, балаға жұмбақты ұсынған кезде, 

баланың  əрекеті,    оқыған  кезде  аяғына  дейін тындайды  ма,  т.б  сауалдар.  Саулнамалар 



 

 

130 



қолдану  арқылы  тəрбиешілердің  білімін  жəне  олар  балаларға  қандай  əрекетпен 

қарайтындығын анықталды. 

Қазіргі  замандағы  тəрбиешілер  қауымының  алдындағы  үлкен  мақсат:  өмірдің 

барлық  саласындағы  белсенді,  шығармашылық  іс —  əрекетіне  қабілетті,  еркін  жəне 

жан-жақты  жетілген  тұлға  тəрбиелеу.  Өмірдегі  сан  алуан  қиындықты  шеше  білу  тек 

шығармашыл  адамның  қолынан  келеді.  Шығармашыл  адамның  бойында  батылдық, 

еркіндік,  ұшқырлық,  сезімталдық  сияқты  қасиеттермен  қатар  ерекше  ой  қызметі, 

қайшылықтарды  түсіну,  заңдылықтарды  анықтау,  шығармашылыққа  деген  құштарлық 

болу керек. 

Баланың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  үшін  бірнеше  шарт  орындалу  тиіс. 

Олар: шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;  

 



жүйелі түрде шығармашылық əрекет жағдайында болуы;  

 



ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету; 

 



баланың шығармашылық қабілетіне жағдай туғызу . 

Баланың  шығармашылық  қабілетіне  жағдай  туғызу  дегеніміз —  баланы  ойлай 

білуге  үйрету  екені  сөзсіз.  Баланың  зейінін,  есін,  қиялын,  интеллектісін  дамыта 

отырып,  ойлау  қабілетін,  шығармашылық  іс-əрекетін  жоғары  деңгейде  көтеруге 

болады.  

Балабақшада баланың шығармашылық қабілетін арттыруда математика сабағында 

тəжіребие жүргізген болатынбыз. 

Зейінді дамытуға бірнеше шығармашылық тапсырмалар орындауға болады. 

1.

 

Цифрларды өсу ретімен тауып, атау.  



2.

 

Кему ретін атау.  



3.

 

Тақ жəне жұп сандарды өсу жəне кему ретімен атау.  



4.

 

Цифрларды кезектесіп санау. 1, 3, 5, 7…(жұптасып) 2, 4, 6, 8…  



5.

 

Топпен жұмыс істеу. 1–5 тура жəне кері сана. 6-10 санау. 



Осы  тапсырма  ең  қарапайым  болғандықтан,  ең  бірінші  етіп  жүргіздік.  Бұл 

тапсырманы  əр  бір  бала  талпыныспен  шешуге  тырысты.  Бірақ  көбінің  жауаптары 

дұрыс болған жоқ. 

Келесі  балалардың  байқағыштығын  дамытуға  арналған  тапсырма.  Мұнда, 

пішіндері  мен  орналасу  ыңғайына  қарай  артық  үш  фигураны  (басты)  табу.  Артық  үш 

фигураның оң құлағы үшбұрыш, ал сол құлағы «Сопақша» пішінді. (жауап 1, 6, 8 ).  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ал осы тапсырманы орындауға талпынған балалар саны көп болғанымен де, бірақ 

жауаптары онша дұрыс болмады. 

Келесі тапсырмадағы суретте барлығы неше үшбұрыш бар?  

Мақсаты:  үшбұрышты  басқа  фигуралар  арасынан  ажырата  жəне  тани  білуге 

үйрету. 


Осы тапсырма біршама күрделірек. Сол себептен балалардың көбі қатыспай, бірақ 

қатысқандар балалардың жауаптары оң болды. 




 

 

131 



Ойлан, тап. Мақсаты: балалардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын 

дамыта түсу. 

 

 

Осы  тапсырма  балалардың  ойлау  қабілетіне  байланысты.  Бұл  тапсырма  өте 



қызықты жəне күрделірек болып келді.   

Мына  фигураға  бір  кесінді  жүргізу  арқылы  бір  тік 

төртбұрыш,  бір  үшбұрыш  шығарып  алуға  болады.  Ол  үшін  қай 

нүктелерді қосу керек? 

Мақсаты:  геометриялық  фигураларды  ажырата  жəне  тани 

білуге үйрету. 

Логикасына байланысты да біршама сұрақтарды қойдық.  

Мысалы:  Екі  адам  2  сағат  шахмат  ойнайды.  Олардың  əрқайсысы  неше  сағат 

шахмат  ойнайды?  Мақсаты:  Балаларды  мəтіннің  логикалық  түйінін  түсіне  білуге 

үйрету. 


Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр. 

Мақсаты: балалардың жылдам есептеу  

дағдыларын дамыта түсу. 

Жалпы балалардың шығармашылығын дамытуда «Сын 

тұрғысынан  ойлау»  технологиясы  мен  «Дамыта  оқыту» 

технологиясын  тиімді  деп  есептейміз  жəне  сабақтарымызда 

жиі қолдану керек деген қорытындыға келдік. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  шығармашылықтың  алғашқы  сатысын  іс-

əрекет жəне ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау 

өрісі жəне еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды. 

Сондай  тапсырмалады  жүргізу  арқылы  балалардың  шығармашылық  əрекеттерін 

əрі  қарай  дамуына  мүмкіндіктер  туғызады.  Сол  себептен  сондай  тапсырмаларды  əр 

балабақшада  өткізілуі  жəне  сол  балабақшадағы  əр  бір  тəрбиеші  қалай  жүргізетіндігін 

білуі тиіс деген қорытындыға келдік. 

 

 

 

Əдебиет: 

1.

 



Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан – 2030» Жолдау  

2.

 



Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ЗРК «Білім туралы» Заңына; 

3.

 



Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Тілдерді  қолдану  мен  дамыту  бағдарламасы»  (1998 

жыл, 5 қазан)  

4.

 

Бала мен балабақша//Республикалық педагогикалық журнал №4, 2007 



5.

 

Мукутова Ж.К. /Педагогикалық шеберлік. Көкшетау.2011ж. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



жүктеу 84,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау